12092014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №178 (28401) 12 ҚЫРКҮЙЕК ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Əѕгіме арќауы – ынтымаќтастыќ

Кеше Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Тəжікстан астанасы – Душанбе қаласына келді. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан» – Душанбеден.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кешкісін Тəжік стан Президенті Эмомали Рах монмен кездесті. Кездесу бары сында екі ел басшылары екі жақты сауда-экономикалық, инвес тициялық жəне мəденигуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мəселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Тəжікстан Республикасы еліміздің маңызды серіктесі екенін жəне Қазақстан оған əрдайым жан-жақты қолдау көрсетуге əзір екенін айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшылары

екі елдің өңірлік жəне халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығы мəселелерін де қарастырып, халықаралық күн тəртібіндегі өзекті жайттарға қатысты да пікір алмасты. Қазіргі күннің өзінде Қазақстан Тəжікстанның ірі сауда серіктесіне, негізгі инвесторына айналып отыр. Атап айтқанда, биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында екі елдің тауар айналымы 325,5 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 244,1 млн., импорт 81,4 млн. доллар болды. Ал өткен жылдың қорытындысында тауар айналымы 564,4 млн. АҚШ долларын құраған еді. Сонымен қатар, Тəжікстан экономикасына

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен палатаның кезекті жалпы отырысы болып, онда күн тəртібіне енгізілген екі мəселе қаралды.

Сот жїйесін жетілдіру – уаќыт талабы Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Бірінші оқылымда қарауға ұсынылған екі заң жобасы да сот жүйесі мен судья мəртебесін арттыру, сот төрелігін іске асыруда төрешілдік рəсімдерді азайту мəселелерін қарастырып, бұрынғы конституциялық заңды жетілдіруге бағытталған екен. Екі заң жобасы бойынша да негізгі баяндаманы Жоғарғы Соттың Азаматтық жəне əкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Еліс Əбдіқадыров жасады. Сот жүйесін жетілдіру, судья мəртебесін арттыру мəселелері бүгінгі күні қоғамымызда күрделі мəселенің біріне айналып отырғаны белгілі. Сондықтан да бірінші болып ұсынылған заң жобасы судьялыққа кандидаттарды конкурс бойынша іріктеу, оларды таңдауда қоғам рөлін арттыру жəне т.б. мəселелерге бағытталған. Заң жобасында қарастырылған ерекше жəйттің бірі – он бес жыл қатарынан жұмыс істеген судьялардың «құрметті отставкаға» кетуі туралы екен. Мұндай мəртебе судьялардың зейнет жасына шыққандағы əлеуметтік жеңілдіктерінің сақталуына кепілдік береді. Алайда, ондай судьялар ұстаздық немесе ғылыми қызметтен басқа жұмыс атқаратын болса, жеңілдіктері мен əлеуметтік кепілдіктері алынып тасталады. Заң жобасын талқылауға сенаторлар белсене қатысты. Алғашқы болып сөйлеген Серік Ақылбай заң жобасының маңызды екенін атап өтті. Өз басы судьялық қызметті қатардағы судьялықтан Жоғарғы Сотқа дейін 20 жыл бойы атқарған ол бұл қызметтің қаншалықты ауыр екендігін əріптестеріне дəлелді түрде жеткізіп берді. Адам тағдырын шешу, соның ішінде бұрынғыдай өлім жазасын беру судьяға қаншалықты күшке түсіп, жүйке жұқартатынын басынан өткергендер ғана біледі. (Соңы 2-бетте).

салынған Қазақстанның инвестициясы бүгінде 125 млн. доллардан асты. Оған қоса, Тəжікстанда бүгіндері Қазақстан капиталының қатысуымен 40 шақты кəсіпорын жұмыс істеуде. Алдағы уақытта елдер өзара ынтымақтастықты одан əрі дамыта түсуді көздеп отыр. Қазақстан Президенті Тəжікстанға жұмыс сапары барысында басқа да бірқатар мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп күтілуде. Ал Елбасының Тəжікстанға бұл жолғы жұмыс сапары, жоғарыда айтқанымыздай, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мем лекеттер кеңесі отырысына қатысу мақсатында жасалып отыр. Ал кеңес отырысы негізінен бүгін өтеді. Оған ұйымға мү ше мемлекеттер басшы лары – Ресей Федерациясының Пре зиденті Владимир Путин, Қытай

Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Рес публикасының Президенті Ислам Каримов, Қырғыз Республика сының Президенті Алмазбек Атамбаев, Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ, ұйымға бақылаушы елдер мен əріптестік бойынша үнқатысу елдерінің жəне ірі халықаралық ұйымдардың делегациялары да қатысады. Еске салсақ, былтырғы жылдың дəл осы күні осындай жиын Қырғызстанның астанасы – Бішкекте өткен болатын. Сонда төрағалық тізгіні Тəжікстанға тапсырылған. Енді, міне, араға бір жыл салып ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Душанбеде бас қосып отыр. Жалпы, ШЫҰ-ға мүше елдер Мемлекет басшыларының кеңесі ұйымның ең жоғары органы болып табылады. Кеңес басымдықтарды

белгілеп, ұйым қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, оның ішкі құрылымы мен жұмыс істеуінің негізгі мəселелерін шешеді, басқа мемлекеттермен жəне халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын реттейді. Сонымен қатар, халықаралық өзекті мəселелерді қарастырады. Мемлекет басшыларының кеңесін ұйымдастырған елдің басшысы Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында төрағалық етеді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тəжікстан басшылары Шекара аймағындағы əскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім мен Шекара аймағындағы əскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімге қол қойғаннан кейін қалыптасқан «Шанхай бестігі» ұйымының негізінде құрылған.

Жаѕа регламент бекітілді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің жақында өткен кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдарда түрлі жиналыстардың шамадан тыс көп өткізілетінін, осының салдарынан қызметкерлер жұмыс уақытын тиімді пайдалана алмайтынын сынға алған еді. Елбасы осы жиында мемлекеттік қызметшінің жұмысына зиянын тигізетін мұндай келеңсіздіктерді реттеп, жолға қою жөнінде Президент Əкімшілігіне жəне Үкіметке арнайы тапсырма берді. Осы тапсырманың орындалуы туралы Президент Кеңсесінің Бастығы Махмұд ҚАСЫМБЕКОВ түсініктеме береді: Қазіргі кезде Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру жүріп жатыр. Күн тəртібінде мемлекеттік органдардағы көптеген мəжілістерді, отырыстарды,

кездесулерді қалай реттеу сияқты өзекті мəселе де тұр. Олардың саны көбіне-көп шектен шығып кетіп жатады. Шенеуніктер көбіне күні бойы дерлік бір отырыстан екінші отырысқа сабылумен жүреді. Əрине, олардың қажеттілігіне

Кґрмеге арналєан кеѕес Кеше Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағын таевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін ұйымдастыру жəне өткізуге орай бизнес тарту мəселелеріне арналған кеңес болып өтті, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен Кəсіпкерлердің ұлттық палатасының өкілдері қатысты. Кеңес барысында Ұлттық экономика министрлігінің Кəсіпкерлердің ұлттық палатасымен бірлесіп жасаған ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін ұйымдастыру жəне өткізу орайында бизнес тартуға арналған шаралардың жоспары қаралды. Талқылау қорытындылары бойынша Бақытжан Сағынтаев тиісті мемлекеттік органдар мен Астана қаласының əкімдігіне аталған жоспар шеңберінде жұмысты жалғастыруды тапсырды.

ешкім де күмəн келтірмейді. Алай да, бəрінің де ақылға қонымды шегі болуы тиіс. Алдағы уақытта осылай бола бермеуі үшін Мемлекет басшысы Президенттің, оның Əкімшілігі мен Үкіметтің жұмысының регламентін бекітті. Онда тек Президенттің, Премьер-Министрдің, Президент Əкімшілігі Басшысының деңгейіндегі ғана емес, сонымен бірге, министрліктер мен ведомстволар басшылығы да өткізетін мəжілістерінің күндері мен уақыты айқын көрсетілген. Мəселен, Президент Премьер-Министрді, сондай-ақ, Үкімет мүшелерін жеке-жеке айына екі рет қатаң белгілеген

Ол – қандай да бір елге қарсы бағытталған əскери блок немесе жабық альянс емес, ол кең көлемді халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған, құрамы кеңейтілуі ықтимал ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі кездегі негізгі мақсаттары өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау, экономикалық жəне гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бүгінде ШЫҰ-ға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан жəне Өзбекстан мемлекеттері мүше. ШЫҰ жанындағы бай қаушы мəртебесіне Моңғолия, Үндістан, Иран, Пəкістан жəне Ауғанстан елдері ие. Ал Беларусь пен Шри-Ланка жəне Түркия ШЫҰ-ға үнқатысу бойынша əріптес мəртебесіне ие мемлекеттер болып табылады.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

күндері қабылдап, тыңдайды. Облыстардың əкімдеріне қатысты да осындай тəртіп белгілеген. Бұдан басқа, Президенттің ел өңірлеріне жұмыс сапарларының кестесі де регламенттелген. Мемлекет басшысының Пар ламент палаталарының спикер лері мен депутаттарын қабылдау уақыттары белгіленді. Үкіметке келетін болсақ, ол өз отырыстарын апта сайын сейсенбі күндері өткізеді. Бұдан басқа, əр дүйсенбі сайын ПремьерМинистрде се лек торлық мəжілістер өткізу көзделген. Регламентте, Қауіпсіздік Кеңесін қоса алғанда, Президент пен Үкіметтің жанындағы консультативтікеңестік органдар отырыстарының кестесі де жазып көрсетілген.

Орталық мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты барлық мəселе бойынша да осылай. Қабылданып жатқан шаралардың нəти жесінде мəжілістер саны елеулі қысқарады, оларды өткі зудің нақты кестесі мен тəртібі белгіленген. Мұның өзі мемлекеттік аппараттың жүгін айтар лықтай жеңілдетіп, практикалық жұмыс үшін уақытты молайтады. Регламент басшылыққа алу үшін барлық орталық жəне жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жолданды. Жоспарланып отырған іс-шараларды үйлестіруді Мемлекет басшысының Əкімшілігі жүзеге асыратын болады. Регламенттің орындалуын бақылау Президенттің Кеңсесі мен Премьер-Министрдің Кеңсесіне жүктелген.

● Экспорт-импорт операциялары «бiр терезе» қағидасы бойынша жүргiзiледі. Ол 2015 жылдың соңына дейін осыған көшіріледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев мəлiмдедi. Оның айтуынша, 2017 жылы құрылыс саласындағы жобалықсметалық құжаттамалар мемлекеттiк сараптамасының 50 пайызы бəсекеге қабiлеттi нарыққа берiледi. Ал 2020 жылы бұл көрсеткiш 90 пайызға жетеді. ● «Азық-түлік корпорациясы» 3 сыныпты бидай тоннасын 35 мың теңгеден сатып алады. Коммерциялық ресурстарға алынатын астықтың қатарын, сондай-ақ, арпа дақылы да толтырады. Оның 2 сыныпты өнімі қосымша құн салығын төлейтіндер үшін 24 мың, төлемейтіндер үшін 23 280 теңге болып белгіленген. ● Астанада биыл 672 жас отбасы баспаналы болады. Елорда қалалық əкімдігінің сайтында жаңа пəтерлердің «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша іріктелген жастарға тиесілі екені айтылған. ● Семейде аула күні аталып өтті. Ол Отбасы күні мерекесінің аясында қанат жайды. Онда үздік отбасылары марапатталды. «Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм сезімі отбасынан басталады. Рухы мықты отбасыларынан отаншыл жастар шығады. Біз мəселенің осы жағына көңіл бөліп отырмыз», – деді облыс əкімі Бердібек Сапарбаев осыған орай. ● Қызылорда елді мекендерін газбен қамтамасыз етуге 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаевтың мəлімдеуінше, облыс орталығына қарасты Қызылжарма ауылдық округі мен Тасбөгет кенті толық газдандырылады. Тұтастай алғанда, 2014-2016 жылдары облыс тұрғындарының 70 пайызына газ жеткізіледі. ● Бірінші республикалық аламан бəйге жеңімпазы 10 млн. теңге алады. Бұл туралы кеше Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мəлім етті. Оның айтуынша, бəйге «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналады. Турнирге «Нұр Отан» партиясы жəне «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ қаржылай қолдау көрсетеді. ● Түркістанда сарқынды суды тазартатын станса іске қосылды. Заманауи су сорғы құралдары жəне су тазалау жабдықтарымен қамтылған бұл құрылым қала тарихында бұрын-соңды болмаған жоба ретінде бағаланып отыр. Жобаны жүзеге асыруға жалпы 5,4 млрд. теңге көлеміндегі қаржы жұмсалды. ● Енді Маңғыстау – Бейнеу жолаушылар пойызы күн сайын қатынайтын болды. Көлік 23 сағат 10 минутта жолға шығып, діттеген жеріне 8 сағат 25 минутта жетеді. Кері қарай да осы уақыттар өлшемі сақталады. ● Қостанай облысында 1,5 айға жететін мазут бар. Кеше облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов жылыту маусымына керекті отынның бұл түрінің қоры қазір 3,5 мың тонна екенін айтты. Ал энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мəліметі бойынша облыстың жылыту маусымына дайындығы 90-100 пайыз аралығында тұр. Хабарлар «ҚазАқпарат», BNews.kz, Altaynews.kz, alau.kz, egemen.kz агенттіктері, Астана, Қызылорда қалалары, Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдіктері сайттары деректері бойынша дайындалды.

Жемќорлыќќа ќарсы іс-ќимыл арта тїспек Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей назарда ұстауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үнемі жүргізіліп келеді. Бұл орайда түрлі мемлекеттік органдардың атсалысуымен қыруар жұмыстар атқарылғаны да белгілі. Соның ішінде сонау 2009 жылы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен елдегі 7 партияның басын біріктірген «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық демократиялық күштердің коалициясы құрылып, жемқорлыққа қарсы тың күресті бастады. 2010 жылы аталған кеңеске еліміздегі 16 үкіметтік емес ұйым кірді, олардың қатарында: Қазақстан кəсіподақтар Федерациясы,

«Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» жəне т.б. бар. Коалиция Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларындағы жəне Мемлекет басшысының басқа да бағдарламалық құжаттарындағы баяндалған, сондай-ақ, қоғамдағы өзекті мəселелерді шешуді өкілетті органдардың тиімді жүзеге асыруы үшін ұсыныстар əзірлеуге бағытталған. Міне, осыған орай кеше «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті. Бұл шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, сондай-ақ, Парламент Мəжілісінің депутаттары, елдегі саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, сарапшылар қатысты. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратеги я сындағы мақсаттарға қол жеткізудің басты шарты ретінде мемлекет пен барлық қоғамның жемқорлыққа қарсы күш-қайратын жұмылдыруды атап өткен болатын. Елбасы «Нұр Отан» партиясының XV съезінде: «Саяси көшбасшылықтағы түбегейлі мəселе – біздің ымырамызға көнбейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямыз», деген еді. Бұл орайда аталған отырысты ашып, жүргізген Бауыржан Байбек: «Қазақстан Республикасының

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстанның əлемнің ең дамыған 30 елдің қатарынан табылуын басты меже етіп белгіледі. Аза маттардың өмір тұрмысының сапасын озық мемлекеттердегі деңгейге жеткізуді көздейтін бұл мақсаттың жолындағы басты кедергінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Сондықтан да Елбасы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізуді мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығы ретінде атап көрсетті. Осы орайда елі мізде мемлекет тарапынан жем қорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді шаралардың іске асырылып жатқаны баршаға мəлім.

(Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.