12092015

Page 1

Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Іс-шараға Əзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Əлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері Исмет Йылмаз, Түрікменстан Үкіметінің вицепремьері Сапардұрды Тойлиев, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, спорт, мəдениет жəне өнер қайраткерлері қатысты. Салтанатты жиынға қатысушылар алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

№174 (28652) 12 ҚЫРКҮЙЕК СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Біз – Ўлы Дала ўрпаќтарымыз Тїркі əлемі ыќпалдастыєы жолындаєы маѕызды ќадам Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ Ќазаќ хандыєыныѕ 550 жылдыєына арналєан салтанатты жиналыста сґйлеген сґзі Құрметті ханымдар мен мырзалар! Мəртебелі меймандар! Қазақ хандығының 550 жылдығына жиналған барша қауымды бүгінгі торқалы тоймен шын жүректен құттықтаймын! Бүкіл əлемді дағдарыс жайлап, дамыған елдердің өздері үлкен экономикалық күйзеліске ұшыраған мынау алмағайып заманда алыс-жақын ағайынның басын қосып, Қазақ хандығының 550 жылдық ұлан-асыр тойын өткізудің өзінің ерекше себептері бар. Бүгінгі той, ең алдымен, батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету жəне тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін өткізіліп отыр. Кеңес Одағы заманында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алды. Сондықтан, жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды. Оның үстіне Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен

даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. Өз ішімізден шыққан оларды жамандағыштар құрметке бөленді. Елімізде ханның, не батырдың ескерткіші тұрмақ, олардың атында білім мен мəдениет нысандары, керек десеңіз, жалғыз-жарым көше де болған жоқ. Қазақ хандарының аты атала қалған жағдайда оларға үстем тап өкілі ретінде келеңсіз баға беріліп, қисынсыз айып тағылды. Бұл туралы ақын Ғафу Қайырбеков кезінде: «Басқаның патшасының бəрі жақсы. Неліктен біздің хандар жаман болған?» деп ашына жазған болатын. Ұлт жадының тамырына балта шабуға арналған осындай сұрқай саясаттың небəрі ширек ғасыр бұрын орын алғанына сенудің өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шындығы дəл осындай болатын. Тəуелсіздік қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Алматы мен Астанада, облыс орталықтары мен ірі елді мекендерде Керей мен Жəнібек, Абылай мен

Əбілқайыр сияқты əйгілі хандарымыздың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың еңселі ескерткіштері бой көтеріп, олардың есімдері елді мекендерге, жоғары оқу орындары мен мектептерге берілді. Бабалардың ерлік пен күреске толы өнегелі өмір жолдары жайлы том-том ғылыми еңбектер мен əдеби шығармалар жазылды. Тəуелсіздікпен бірге оралып, ұрпағына ұлан-ғайыр қоныс қалдырған батыр бабаларымыздың биік рухы қазақтардың, əсіресе, жаңа буынның арасында аса зор патриоттық өрлеу туғызып, ұлт тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатты. Қазақ, Жұбан ақын айтқандай, «мың өліп, мың тірілген» халық. Бірлігі жарасқанда даңқы асып, билікке таласқанда берекесі қашқан. Баршаға белгілі, байырғы бабаларымыз бөрілі байрақ ұстап, Байкалдан Балқанға дейінгі алқапты еркін жайлаған. Көгімізде желбіреген алтын Күн астында қыраны қалықтаған Туымыз мемлекеттілігіміздің үзілмей жалғасып жатқандығының айғағы. (Соңы 2-бетте).

Қазақстан Президенті кездесу барысында И.Əлиевке сапармен келіп, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысқаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Əзербайжанның бауырлас халықтарын сан ғасырлар бойғы достық қатынастар байланыстыратынын атап өтті. – Біздің өзара қарым-қатынасымыз бір-бірімізге деген сенімді айғақтайды. Менің ойымша, Қазақстанға сіздің əрбір сапарыңыз – елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бір кезеңі. Бүгінде əлемдік экономика күрделі уақытты бастан өткеруде, алайда, осындай жағдайдың өзінде біздің елдеріміз

сауда-экономикалық салада тың байланыс көздерін жан-жақты іздестіру үстінде, – деді Қазақстан басшысы. Əзербайжан Президенті бауырлас Қазақстанға əрдайым зор ықыласпен келетінін айта отырып, екіжақты қарым-қатынастар өзара толық түсіністікке негізделгенін атап өтті. И.Əлиев, сондай-ақ, барша Қазақстан халқын Қазақ ханды ғы ның 550 жылдығымен құттықтады. – Бүгінгі сөзіңіз, Қазақстанның тарихи өткені мен қазіргі дамуына жасаған талдауыңыз елдің жеткен табыстарының ұлттық жəне тарихи тамыры өте тереңде жатқанын тағы бір мəрте көрсетіп берді, – деді Əзербайжан Президенті.

Түркі кеңесінің БҰҰ жəне ИЫҰ жанындағы бақылаушы мəртебесін алуы ұйымға мүше елдердің ортақ мүддесіне сай келетінін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев түркі əлеміне бүгінде жаһандағы түрлі геосаяси жəне геоэкономикалық өзгерістер ықпалын тигізіп отырғанын атап өтті. – Біз Сирияда, Ливияда жəне Ирак та тезірек бейбітшілік пен тұрақтылық орнауына мүдделіміз, Палестина мен Израиль арасындағы ахуалдың реттелуін жақтаймыз. Ауғанстандағы ахуалдың тек бейбіт түрде қалпына келтірілуін қолдаймыз, – деді Қазақстан Президенті. Бұл ретте, Мемлекет басшысы террористік, экстремистік жəне сепаратистік қауіп-қатерлерді сейілту бағытында бірлесе күшжігер жұмсаудың маңыздылығына назар аударды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Д.Н. Назарбаеваны Ќазаќстан Республикасы ПремьерМинистрініѕ орынбасары ќызметіне таєайындау туралы

А.Б.Мўхамбетовті Ќостанай облысыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы

Дариға Нұрсұлтанқызы НАЗАРБАЕВА

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бесінші саммиті аясында Əзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Əлиевпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Саммит ақпарат саласындағы ынтымақтастықты дамыту тақырыбына арналды. Іс-шара барысында Əзербайжан Президенті И.Əлиев, Қырғызстан Президенті А.Атамбаев, Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының спикері И.Йылмаз, Түрікменстан үкіметінің вице-премьері С.Тойлиев жəне Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Р.Гасанов баяндама жасады. Қазақстан Президенті өз сөзінде Астанада өтіп жатқан мерейтой лық бесінші саммит түркі əлемі ықпалдастығы жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Түркі академиясы əзірлеген Түркі əлемінің интеграциясы тұжырымдамасын қабылдау мəселесін жеделдету қажеттігіне тоқталды. Қазақстан Президенті болашақта

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 қыркүйек. № 90

Бауырлас екі халыќты достыќ байланыстырады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бесінші саммитіне қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

1963 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қа зақ мемлекеттік университетін бітірген. Саяси ғылымдар докторы, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежелері бар. Журналистика академиясының академигі, Телевизия жəне радио халықаралық академиясының академигі. Мəскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіргеннен кейін «Бөбек» қайырымдылық балалар қорының вице-президенті болып жұмыс істеді. «Қазақстанның телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының вицепрезиденті – «Хабар» Ұлттық телевизиялық ақпарат агенттігінің директоры, «Хабар» агенттігі» РМК бас директоры лауазымдарында қызмет атқарды. 1998-2004 жылдары «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының президенті, директорлар кеңесінің төрайымы болды. «Асар» партиясын басқарды. Парламент Мəжілісі үшінші шақырылымының депутаты болып сайланды. 2007 жылғы маусымнан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының директоры қызметін атқарады. Соңғы кезде – Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты, Мəжіліс Төрағасының орынбасары.

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов Қостанай облысының əкімі болып тағайындалсын, ол Ақтөбе облысының əкімі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 қыркүйек. № 88

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Б.М.Сапарбаевты Аќтґбе облысыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы Бердібек Мəшбекұлы Сапарбаев Ақтөбе облысының əкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 қыркүйек. № 89

Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралы Мұстафаұлы Сəдуақасов Қостанай облысының əкімі қызметінен босатылды.

ҐНЕРМЕН ҐРІЛГЕН ТАРИХ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Барыс» мұз айдыны сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған мерекелік қойылымды тамашалады. Іс-шараға, сондайақ, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бесінші саммитіне келген Əзербайжан Президенті И.Əлиев, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері И.Йылмаз, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Р.Гасанов қатысты. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

«Қазақстанның тəуелсіздігі деген – өте қасиетті ұғым. Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. Оны

сақтау – бəріміздің парызымыз. Керей мен Жəнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады» деген Елбасының «Тарих толқынында» атты кітабы – театрландырылған

мерекелік шараның негізгі арқауына айналды. «Барыс» мұз айдыны сарайында ине шаншар жер жоқ, иін тірескен халықтың бар зейіні театрландырылған көрініс өтетін орталық алаңға ауған. Тəубе,

хандығымыздың 550 жылдығын тойлаудамыз, елдігімізді ертеңге апарар ұрпағымыздың санасы азат, тəуелсіздік таңы буырқандырып қанды ойнатқан рухымыз биік, осының бəріне мың шүкір деген аға буынның да, бойларындағы жастық қуаттарын бүгінгі тойдан алған əсер ерекше тасытып түлеткен жастардың да жүздері жарқын, алдағы қойылымнан əлдебір жан тебірентер тағылым мен тарихтың қатпарларын көз алдыңа əкелетін қойылым күтіп алабұртқан, əлдилі сезім билеген сəтті сағат. (Соңы 6-бетте).

Сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мəселесіне тоқтала келіп, Қазақстан Президенті Қытай, Ресей, Еуропа, Таяу Шығыс, Кавказ жəне Орталық Азия экономикалық жəне коммуникациялық желілерін жалғайтын құрлықаралық транзиттік көпірге айналу үшін Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің барлық мүмкіндігі бар екенін айтты. – Каспий теңізінің транзиттік əлеуеті мен өткізу қабілетін арттыру қажет. Мультимодальді Еуразия трансқұрлықтық көлік дəлізін құру мəселесі өте өзекті болып саналады. Сонымен бірге, аяқталуға таяған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік магистралі Еуразия кеңістігіндегі басты транзиттік арнаға айналатынына сенімдімін. Бұл – «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының басты басымдығының бірі, – деді Қазақстан басшысы. (Соңы 3-бетте).

Мерейлі отбасы – мемлекеттіѕ мерейі Гүлшара ƏБДІҚАЛЫҚОВА,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

Б ағ зы дəуірлерден əрбір қоғамның темірқазығы мен діңгегі саналатын отбасы институтының халқымыздың өміріндегі əлеуметтік рөлі мен асыл құндылығы ерекше. Ғасырлар бойы «Отан – отбасынан басталады» деген ұғым қазақ қоғамында бұлжымас тұжырым ретінде тамырын тереңдетіп, Ұлы Дала елінің мызғымас əлеуметтік тұғырнамасына айналды. Сондықтан, отбасылық əулеттің негізгі тіректері – қарияны қадірлеу мен əкені құрметтеу, ананы ардақтау жəне балаға жастайынан тəлімді тəрбие беру ұлтымыздың ұлағат мектебі жəне өнегелік салты ретінде бекіген. Ұрпағының бойына ұлттың салиқалы салт-санасын сіңіріп, ұлын имандылыққа, қызын инабаттылыққа тəрбиелеген, ақ адал еңбегімен ел-жұртқа еленген отбасы қашанда берекелі шаңырақ ретінде өз ауыл-аймағында ерекше беделге ие болған. Яғни, ірі дала философтарының бірі Бұқар жыраудың «Ақтың үйі – ақ мешіт» деген сөзінің астарында терең ақиқат жатыр. Мұндай көшелі отбасының үйіне арнайы түсіп, ақ дастарқанынан дəм тату үлкен құрмет саналғаны белгілі. (Соңы 9-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.