12102013

Page 1

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қазақстандықтардың екі-үш буыны орындауға тиісті маңызды міндет. Əлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына ену жолы оңай емес, осыны əркім түсінуі керек.

№232 (28171) 12 ҚАЗАН СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

МАЅЫЗДЫ МІНДЕТТЕР ОЙДАЄЫДАЙ ОРЫНДАЛСЫН

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы болды. Онда Үкіметтің биылғы жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары тыңдалды. Жақсыбай САМРАТ, Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».

Премьер-Министр Серік Ахметов еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуы жəне Үкімет жұмысының негізгі нəтижелері туралы баяндады. «Биылғы жылы Үкімет өз жұмысында Сіздің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауыңызда айтылған негізгі міндеттерді іске асыруға басымдық берді. Бірінші кезекте экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету мен жаңа жұмыс орындарын ашуға айрықша көңіл бөлінді. Сіздің тапсырмаңыз бойынша дағдарысқа қарсы дер кезінде қабылданған шаралардың нəтижесінде еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуында оң үрдіс сақталуда», деп бастады сөзін Үкімет басшысы. Бүгінде əлем экономикасы жаһандық дағдарыстың жағымсыз əсерлерінен əлі толық айыға алған жоқ. Еуропа одағындағы экономикалық ре цессия, АҚШ-тағы фискалдық құлдырау тəуекелдері, сонымен қатар, Қытай мен Ресей экономикасының баяулауы аясындағы жалғасып келе жатқан əлемдік экономикадағы тұрақсыздық жағдайы – осының бəрі Қазақстан экономикасына да өз əсерін тигізері айқын. Бұл ретте Қазақстан Үкіметі кешенді жоспарларды жүзеге асыра оты рып, атқарылған ауқымды жұмыстардың арқасында ғана тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізері анық. Осыған орай, еліміз ағымдағы жылы Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру аясында бес бағытқа басымдық берген екен. Премьер-Министр С.Ахметов осы бағыттарға жеке-жеке тоқталды. Біріншіден, экономиканы əртараптандыру арқылы орнықты əрі ұзақ мерзімді экономикалық өсімді сақтау. Бұл бағытта ағымдағы жылы мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жалғасты. Индустрияландыру картасы аясында бірінші жартыжылдықта 34 жоба іске қосылды. Ондағы инвестиция 72 млрд. теңгені құрап, 2300 шамасында тұрақты жұмыс орындары құрылды. Басымдық берілген екінші бағыт – əлеуметтік жаңғырту жəне еңбек өнімділігі. Бұл ретте «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын ерекше атап өтуге болады. Үшінші басым бағыт – тиімді өңірлік даму. Бұған орай Үкімет шағын қалаларды дамыту бағдарламасын əзірледі. Оған жалпы саны 1 млн. тұрғынды қамтитын 41 қала енді. Сондай-ақ, ауылдарды қайта дамыту картасы мақұлданды. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 303 сумен қамту жəне су тарату жобасы іске асырылатын болады. Төртінші басым бағыт – мемлекеттік басқару. Бұл бағытта мемлекеттік сыңайлы

сектор субъек тілерін үйлестірудің алғашқы кезеңі аяқталды жəне мемлекеттікпен қатысты, жеке секторға беруге жататын ұйымдар тізімі анықталды. Бесінші басым бағыт – өңірлік ықпалдастық, ішкі экономикалық ынтымақтастықты жетілдіру. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөнінде келіссөздер жүргізуі аяқталуға жақын екенін де айта кеткен жөн. Үкімет басшысы сондай-ақ, қолға алынған шаралардың нəтижесінде еліміздің əлеуметтікэкономикалық даму үдерісі жақсара түскенін атап өтті. «Алдын-ала беріліп отырған бағаға сəйкес, қаңтар-қыркүйек аралығындағы елдің ішкі жалпы өнімі 5,7 пайызға артты. Жыл қорытындылары бойынша 6 пайыз деңгейінде өсім болады деп күтілуде. Инфляция жылдық көрсеткіште алғанда 5,4 пайызға төмендеді. Негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 7,9 пайызға артты. Еліміздің халықаралық резервтері 90 млрд. АҚШ долларынан астам көрсеткішті құрады. Жұмыссыздық 5,2 пайыз деңгейінде, халықтың жан басына шаққандағы номиналдық табыс көлемі 8 айдың ішінде 9,2 пайызға артты», деді С.Ахметов. Президент Үкімет басшысы Серік Ахметовтің, Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешевтің, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың, Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімовтің, Павлодар

облысының əкімі Ерлан Арынның жəне Атырау облысының əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің есептерін тыңдағаннан кейін отырыс жұмысын қорытындылады. ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ БІРҚАЛЫПТЫ Дүние жүзіндегі, сондай-ақ көрші мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстың теріс ықпалы бізге де кесірін тигізуде. Солай бола тұрса да Қазақстан экономикасының дамуы бірқалыпты, тұрақты деп айтуға болады, деп бастады Елбасы өзінің сөзін. Үкімет осы қалыппен жұмыс істегелі бір жыл болды. Бұл жыл «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың алғашқы жылы болып отыр. Стратегияның ең негізгі мақсаты – экономикасы барынша дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенін білесіздер. Үкімет соған сəйкес еңбек етті деп айта аламыз, сондықтан биылғы атқарған жұмыстарыңызға рахмет айтамыз. Барлық аймақтар да, министрліктер де, жалпы Үкімет те біршама тындырымды еңбек етіп жатыр. Қазақстан Президенті өз сөзінде Үкімет қызметінің басым бағыттары мен оның алдында тұрған нақты міндеттерге тоқталып өтумен қатар, мемлекеттік органдар жұмысына бағасын бере келіп, бірқатар кемшіліктер мен əлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқарудағы олқылықтарды көрсетіп берді. Қолымыз жетпей немесе қателіктен жіберген кемшіліктеріміз де көп, дей келіп Елбасы бірқатар

сын-пікірлерін жəне алда тұрған міндеттер туралы айтып өтті. БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ БАҒДАРЫ ҚАНДАЙ? Ең алдымен біз қабылданған бағдарламалардың орындалу барысына тоқталуымыз керек, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біз халыққа қабылданған бағдарламалардың бəрі пайдалы екенін, оның орындалуына қажетті ресурстардың бөлінетіндігін айтып отырамыз. Барлық бағдарламалар да еліміз үшін маңызды. Бірақ перманентті дағдарыс жағдайында бізге ресурстарымызды үнемдеуге тура келеді. Сондықтан біз кейбір нысандарды, кейбір кейінге қалдыруға болатын бағдарламаларды қаржыландыруды тоқтатамыз. Осыдан əрі Елбасы қаржыландыруды тоқтату тетіктеріне тоқталды. Мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша бюджеттік саясатты оңтайландыру қажет. Үкімет ең алдымен бюджетті жоспарлау мен орындау сапасын жақсартуға назар аударуы керек. Атап айтқанда, үш жылдық бюджет жобасы əкімдермен тиісті деңгейде келісілмеген, бұл бюджеттік бағдарламалардың теңгерімсіздігіне əкеліп соғуы мүмкін. Бюджет тиісті аймақтармен келісіліп жасалуы керек. Əрине, аймақтар көрпені өзіне қарай көлемдірек тартуға тырысады. Бірақ Үкімет олардың талап-тілегінің қажеттілікке қаншалықты жақын екенін анықтауы керек. Бюджеттің сапасыз орындалып жəне толықтай игерілмеуі қалыпты жайға айналып отыр.

Ќайырым мен ќанаєат мейрамы

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Директорлар Кеңесі Delloitte с и п а т т а ғ ы к е м ш і л і к т е р д е компаниясы холдингтің тапсы- анықталды. Олардың арасында рысымен жүргізген 10 еншілес берілген несиелер мен инвестикомпанияның ағымдағы қаржылық циялар, түйткілді активтер сынахуалын диагностикалау қоры- ды өткен жылдардан қордаланып тындыларын қарастырды. Жетіс- қалған мəселелер бар. тіктермен қатар, əрбір компания ның жұ мысындағы жүйелі «Егемен-ақпарат».

Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтыѕ Ќўрбан айт мейрамына орай Ќазаќстан халќына арнаєан ќўттыќтауы

негіздерін нығайтатын, өзгеге өнеге болатын ізгі ниет пен игі əрекеттен көрініс табады. Діннің басты мұраты – қоғамның биік рухани мəдениетін қалыптастыру. Қазақстан халқының басым бөлігін құрайтын мұсылман жамағаты мемлекетіміздегі бірлік пен ынтымақтың бекем бола түсуіне айтарлықтай үлесін қосуда. Еліміздегі түрлі дін өкілдерінің өзара татулығы əлемге үлгі көрсетіп отырғаны қуантады. Халқымыз өз рухани болмысын сақтап, ерікжігерін арттыра отырып, одан əрі өркендеу жолына қадам баса береді деп кəміл сенемін. Алла тағала барлық дұға-тілектеріңізді қабыл етсін! Құрбан айт мүбəрак болсын! Барша қазақстандықтарға береке-бірлік, бейбіт өмір, əр шаңыраққа игілік пен амандық тілеймін!

Ќўрбан айт ќўтты болсын, аєайын! Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті отандастар! Баршамызды қуаныш-шаттыққа бөлейтін, құт-берекелі, мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айтқа аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын! Əлемнің əр түкпірін мекендеген мұсылмандар бұл күні Жаратушы Иеміздің разылығы үшін құрбан шалып, Алланың мейірім-шапағатына бөленуге тырысады. Адам осындай ізгі амалы арқылы Раббысына жақындай түседі. Ал «құрбан» сөзі «жақын

болу», «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Бұл күні қажылыққа аттанған мұсылман бауырларымыз, отандастарымыз жүздерін Қағбаға қаратып, Арафат тауында еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігін тілеп, екі дүниенің бақытын сұрап, Жаратқанға жалбарына дұға жасайды. Тəуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті, асыл дініміздің жанашыры Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Құрбан айт мейрамын Қазақ стан жұртшылығы үшін демалыс күні деп жариялады. Бұл – ұлық мерекені халықтық деңгейде атап өтуге, көпұлтты Отанымызды мекен еткен халықтар достығы мен бірлігін нығайта түсуге

септігін тигізіп келеді. Ең бастысы, біз мұны дəстүрлі дініміз Исламға көрсетілген құрмет деп білеміз. Құрбан айтты атап өтудің мəні мен мағынасы зор. Алланы бір, пайғамбарды хақ деп білген мұсылмандар мешіттерімізде айт намазын оқып, дұға жасап, бір-бірін мерекемен құттықтап, мəре-сəре болғаннан кейін құрбандық шалады. Бұл – ағайын арасын жақындата түсетін күн. Араздасқан адамдар татуласып, өзара кешірім жасап, туысқандық байланысты күшейтуге итермелейтін ұлық мейрам. Құрбан айт – отбасы құндылығын арттыратын мереке. Ата-анаға, Құдай

(Соңы 2-бетте).

Холдинг жўмысы ќаралды

 15 қазан – Құрбан айт мерекесі

Қымбатты отандастар! Баршаңызды айтулы мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани ұлы құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күндері көпшілік жұрт құрбандық шалып, бірбіріне тек жақсылық тілейді. Береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Ол жетім-жесірді жебеу, мұқтажға қолұшын беру сияқты гуманистік дəстүрлерді нығайтуға қомақты үлес қосады. Ата-бабаларымыз осы асыл үрдістерді ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді. Еліміз азаттық алғалы бері ата дініміз нағыз өркендеудің жолына түсті. Дін өз руханилық

Алдын-ала болжамға қарағанда, игерілмеген қаражат көлемі бүгінгі күні 150 млрд. теңгеге жетіпті. Бюджеттік жобалардың дəстүрге айналған қымбаттауларына қарсы əрекеттер жасау керек. 2012 жылы жобалық бағалардың қымбаттауы 40 млрд. теңге болған еді. Ал биылғы жылы ол əлден-ақ 60 млрд. теңгеге жетіп отыр. Осыдан əрі Президент жобалық-сметалық құжаттарды дайындау ісін күмəнді бизнеске айналдырудың жолдары бар екенін айтты. Нұрсұлтан Əбішұлы ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа нақты тапсырма беріп, осындай күмəнді фирмалардың қызметінен бас тартып, оларға ақша аударуды тоқтатуды талап етті. Одан əрі Елбасы құрылысты жүргізетін мердігерді табу ісіндегі жымқыру жолдарын да біліп отырғанын жеткізді. Алдымен конкурсқа түскен 2 мердігердің жеңілгені сотқа береді, ол процесс аяқталғанша ешқандай жұмыс жүрмейді, одан əрі келесі конкурс болып, бұл жолы да алғашқы оқиға қайталанып, ақыр соңында «өздерінің» ақша бөлісетін «бір көз» атты мердігері ғана қалады. Мұндай істерді қарайтын судьяларды да сыбайлас жемқорлардың арасында жүр деп санауға болады, деді ол. Сондықтан да үлкен мердігерлерді табу ісіне облыстың бірінші басшылары жауапты болсын, ал біз оларды түрлі, орынсыз шағымдардан қорғауымыз керек. Тендерді комиссияның көзінше ұтып алған мердігерге тиісуге ешкімнің де хақы жоқ. Мердігерлерді анықтауда түрлі сарсаңға салудың кесірінен бағдарламалар да орындалмайды, бөлінген қаражат та игерілмей жатады, нысандардың жобалық құны да артады, дей келіп, осы келеңсіздіктерді жоюды Премьер-Министрге тапсырды. Одан əрі Қаржы министрі Б.Жəмішевке қаржылық тексерубақылаушылардың жеткілікті дəрежеде жұмыс істемей, осындай істегі жымқыруларды əшкере қылмайтындығы үшін ескерту жасады. Облыс əкімдерінің де мұндай істерді біліп тұрса да қазір ештеңе айтпай, тыныш отырғандығын сынап өтті. – Қуаты да, көлемі де бірдей екі нысанның бағасы екі түрлі болатынына неге шүбə келтірмейсіңдер? – деді Президент. – Мəселен, Ақмола облысында 1200 орындық мектеп дəл сондай 900 орындық мектептен 219 млн. теңгеге арзанға түскен. Ақтөбе облысында бір жылда салынған екеуі де дəл бірдей екі мектептің құндарындағы айырмашылық 130 млн. теңге болған. Атырау облысындағы бірдей емхана құрылысына жұмсалған шығын құнының айырмашылығы 400 миллион теңгеден асқан. Елбасы осындай фактілерді айта келіп, тиісті облыстардың əкімдерін орындарынан тұрғызып, жеткілікті дəрежеде бақылау жасамағандары үшін ескертулер жасады. Сендердің міндеттерің бюджеттің, елдің ақшасының ұрланбауын бақылау емес пе, мен сендерді бұрынғыдай астықты, етті, сүтті қанша бересің деп тоқпақтап жатқаным жоқ қой, деген қатаң сөздерін айта келіп, қаржы полициясы, қаржы бақылау жəне т.б. бақылаушы органдардың осындайларды тексеруін талап етті.

Дінаралық үнқатысу сөз болды

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми Астана жəне Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті. Əңгіме барысында дінаралық толеранттықты, бейбітшілік пен үнқатысу мен өзара ынты мақ- келісімді ны ғайтудағы белсенді тастықты ілгерілету туралы сөз бол- қызметі үшін ризашылығын білдірді. ды. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер Кездесу барысында Митрополит лидерлері съезі Хатшылығының Александр барша мұсылмандарды қорытындылары талқыланды. келе жатқан Құрбан айт мерекеСъезд Хатшылығының Бас- сімен құттықтады, деп хабарлады шысы ретінде Қ.Мəми православ Парламент Сенатының баспасөз діни қайраткерлеріне қоғамдағы қызметі.

қосқан жарымызға, бала-шағамызға арнайы сыйлық беру, жаңа киім əперу – мейрамның сəнін келтіріп, мəнін арттырады. Қадірменді ағайын, бауырлар! Алла тағала шынайы ниеттеріңізді, ізгі амалдарыңызды жəне шалған құрбандықтарыңызды қайырымен қабыл еткей! Жаратушы Иеміз баршамызға екі дүниенің бақытын нəсіп етіп, жүзімізді жарық еткей! Еліміздің мерейі үстем, тəуелсіздігіміз тұғырлы əрі тыныштығы мəңгілік болғай! Бейбіт өмірді мұрат тұтқан мұсылман қауымының ұлық мерекесі құтты болсын, ағайын! Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Бюро отырысы өтті

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мəжіліс Бюросында жалпы отырыста қаралатын мəселелер белгіленді. Палата салалық комитеттер- б о й ы н ш а ө з г е р і с т е р м е н ге жаңа заң жобалары бойын- толықтырулар енгізу туралы заң ша қорытынды əзірлеу мезгілін жобалары да өзінше бір топ болды. Палата қоржынына түскен заң нақтылауға бір топ заң жобасын тапсырды. Оның ішінде «Қазақ- жобалары қатарында меншік құстан Республикасының кейбір қығын қорғауды күшейту, шартконституциялық заңдарына өзге- тық міндеттемелерді қорғауды рістер енгізу туралы» Консти- кепілдендіру жəне оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату, туциялық заңның жобасы бар. Қазақстан Республикасы Қыл- қылмыстық іс жүргізу заңнамасын мыстық, Қылмыстық іс жүргізу, жетілдіру, сонымен қатар, əлеуметтік Қылмыстық-атқару кодексінің қамсыздандыру мəселелеріне түзету енгізу туралы құжаттар бар. жəне де қылмыстық-процессуалдық заңнаманы жетілдіру мəселелері «Егемен-ақпарат».


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
12102013 by Egemen - Issuu