12112013

Page 1

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында өткен Қазақстан – Ресей X аймақаралық форумына қатысты. Биылғы мерейтойлық басқосуға екі елдің экономикалық ынтымақтастығын жандандыру жайы өзек болды.

№251 (28190) 12 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Аймаќаралыќ ынтымаќтастыќтыѕ биік асулары

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» – Екатеринбургтен.

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің Свердловск облысы губернаторының резиденциясында өткен Қазақстан – Ресей X аймақаралық форумы қос мемлекет басшыларының екіжақты кездесуімен басталды. Владимир Путин Ресейдің аумағы Қазақстанмен шектесіп жатқандықтан, форумның өтуіне Екатеринбург қаласының тегіннен-тегін таңдалып алынбағанын жеткізді. Бүгінде қос мемлекеттің өңірлері арасындағы байланыстар жақсы жолға қойылған. Өңірлер өкілдері бұл бағытта белсенді жұмыстар атқаруда. Біздің елдерімізге ортақ тиімді жобалар да көп. Кеден одағы аясында жаңа пішінге сəйкес, өзара тауар айналымы көрсеткіші айтарлықтай деңгейде өскенін атап өтуге болады. Мəселен, Ресейден Қазақстанға келетін тауар көлемі Қазақстаннан Ресейге жеткізілетін тауардан гөрі анағұрлым көп, деді В.Путин. Алайда, Ресей Президентінің бұл сөзіне Нұрсұлтан Назарбаев: «Ендеше, біздікілер басқаша айтып жүр», деп қалды. Бұл орайда, В.Путин: Яғни, бүгінде біздің елдеріміз арасында, міне, осындай үрдіс байқалуда. Бірақ, мұндай жағдай бізді қорқытып отырған жоқ. Мүмкін, түптің түбінде біз белгілі бір теңгерімділік жағдайына қол жеткізерміз. Сондықтан, біз бүгін Сізді көріп отырғанымызға

қуаныштымыз. Біздердің арамызда тиімді əрі мағыналы пікір алмасу орнайтынына сенім білдіремін, деді Владимир Владимирович. Ресей Президенті, сондайақ, өз сөзінде екі ел арасындағы инвестиция көлемі де өсіп отырғанын атап өтті. Өткен жылы Ресейден Қазақстанға құйылған инвестиция көлемі шамамен 1 млрд. долларды құрады. Ал Қазақстаннан Ресейге келген инвестиция көлемі шамамен 1 млрд. 700 млн. долларды құрады, деді В.Путин бұл орайда. Н.Назарбаев екіжақты ынтымақтастық мəселелерінің өзекті тұстарын талқылауға мүмкіндік берілгені үшін алғысын білдірді. Қазақстан басшысы аймақаралық ынтымақтастықтың орнағанына 10 жыл толғанын, бұл мерзім аралығында көптеген жұмыстардың басы қайырылғанын атап өтті. Біз биыл 10-шы мерейтойлық форумға жиналып отырмыз. Əрине, 10 жыл ішінде біраз жұмыс атқарылды. Бұл Кеден одағының құрылуына негіз болды. Енді біз ықпалдастықтың келесі деңгейіне өту бағытында жұмыстар атқарудамыз. Соңғы уақытта бірлескен кəсіпорындар құру, шекаралас аймақтар, облыстар арасындағы сауда айналымы артуда, деді Елбасы өз сөзінде. Қазақстан басшысының айтуынша, екі ел арасындағы сауда айналымының 70 пайызы шекаралас өңірлердің еншісіне тиіп отыр. Біз Ресейдің өнеркəсіптік секторының жүрегі – Екатеринбург қаласында кездесіп отырмыз. Бұл – біз үшін жақын

өңір. Себебі, бұл аймақпен бізді тарихи тамырластық байланыстырады. Қазіргі таңда индустрияландыру бағытында жұмыстар жүріп жатқандықтан, бұл өңірдің экономикалық байланыстарды нығайтуға зор мүмкіншілігі бар. Өйткені, бұл өңірдің Қазақстанға минералды шикізаттарды, ферроқорытпаларды, бокситтерді жеткізудегі əлеуеті зор. Сіз дұрыс атап өткендей, соңғы уақытта өзара инвестиция көлемі артты, экспорт-импорт мөлшері ұлғайды. Жалпы алғанда, өңіраралық байланыстардың тамырына қан жүгіріп, жанданып келеді. Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік, болашақта құрылатын Экономикалық одақ өңірлераралық ынтымақтастық үшін бұдан да зор мүмкіндіктер ашады деп ойлаймыз, деді Н.Назарбаев. Екіжақты кездесуден кейін қос мемлекеттің X аймақаралық форумы аясында өңірлер басшылары мен əкімшіліктері арасында бірқатар келіссөздерге қол жеткізілді. Яғни, алдағы уақытта 5 шекаралас облыс өзара сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық жəне білім-ғылым салаларындағы ынтымақтастықты жандандырмақ. Мəселен, еліміздің Қарағанды облысының əкімі Б.Əбдішев пен Ресей Федерациясы Свердловск облысының губернаторы Е.Куйвашев Қарағанды облысы əкімдігі мен Свердловск облысы үкіметі арасындағы сауда- экономикалық, ғылыми-техникалық жəне гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімді рəсімдеді. Дəл осындай құжатқа

Қостанай облысының əкімі Н.Сəдуақасов пен Свердловск облысының губернаторы Е.Куйвашев қол қойды. Ал Атырау облысының əкімі Б.Ізмұхамбетов пен Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин шекаралас аймақтардың сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық жəне мəдени ынтымақтастық туралы келісімін бекітті. Қазақстан мен Ресей өңірлерінің өкілдері арнайы құжаттарға қол қойғаннан кейін Қазақстан – Ресей X аймақаралық форумының пленарлық отырысы ұйымдастырылып, оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, сондай-ақ, шекаралық аймақтардың, ірі өндірістік кəсіпорындардың, ғылыми-зерттеу институттарының, ұлттық компаниялар мен холдингтердің басшылары, министрлер, инновациялық технологиялар саласының сарапшылары қатысты. X аймақаралық форумның пленарлық отырысын ашқан Ресей Президенті В.Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастық мəселесі өзекті болғандықтан, 2003 жылдан бері осындай мазмұндағы форум өткізіліп келе жатқанын атап өтті. Бұл форум өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда Ресейдің 93 субъектісінің 76сы Қазақстанның барлық 14 облысымен, Астана жəне Алматы қалаларымен экономикалық ынтымақтастыққа қол жеткізген. Бүгінгі күнге дейін түрлі

 Бəрекелді!

«Шахтер» – Ќазаќстан Кубогыныѕ иегері

Үстіміздегі жылғы 10 қараша күні Астанада ғы «Астана-Арена» спорт кешенінде Қарағандының «Шахтер» жəне Тараздың «Тараз» командалары ара сында футболдан Қа зақстанның 2013 жылғы Кубогы үшін финалдық ойын болып өтті. Онда 1:0 есебімен жеңіске жеткен кен шілер командасы Кубокқа қол жеткізді. Қа рағандылықтарға бұл жүлдені матчты ар найы келіп көрген Мемлекет басшысы Нұр сұлтан Назарбаев табыс етті.

«Шахтер» кездесудің басынан бірден шабуылға шықты. Команданың бұл матчтан көп үміт күтетіні бас жаттықтырушы Виктор Кумыковтың ұстанған тактикасынан байқалды. Ол еліміздің чемпионатында өз шəкірттерінің жүлделі орындардан көріне алмайтыны белгілі бола бастаған кезде бар күш-жігерді бірден Еуропа футбол алаңдарындағы шайқастарға аударып жіберді. (Соңы 14-бетте).

салалар бойынша 200-ге тарта өңіраралық келісімдерге қол қойылған, деді В.Путин. Сондай ақ, ол Қазақстанның Ресейдің көптеген өңірлерінің жетекші əріптесіне айналғанын, оларға Челябі, Свердловск, Орынбор облыстарын жатқызуға болатынын атап өтті. Қазіргі таңда бұл субъектілердің қазақстандық серіктестерімен арадағы тауар айналымы 2 млрд. доллардан асып жығылады. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына айтарлықтай оң ықпал етуде. Соңғы он жылдың ішінде екіжақты сауда айналымы 4 есеге дейін өсті. Екі ел арасындағы инвестициялық əріптестік те жақсы жолға қойылған. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткішке сəйкес, Қазақстанға Ресейден 1 млрд. доллар мөлшерінде инвестиция құйылған. Бұл инвестиция көлемінің өткен жылдың дəл осы мерзімімен салыстырғанда 40 пайызға артқанын көрсетеді. Алдағы уақытта екі елдің экономикалық мүмкіндіктері аясын одан əрі кеңейтіп, оның тетіктерін дамыта түсу үшін жаңа инвестициялық пішінге сəйкес, аймақаралық жəне шекаралық байланыстарды тиімді түрде жолға қойып келеміз. Мен бұл ретте, 2015 жылы құрылатын Еуразиялық экономикалық одақты меңзеп отырмын. Биылғы форумның басты тақырыбы осы контекске сəйкес таңдап алынды. Ол – аймақтардың өнеркəсіптік кооперацияларын дамыту. Бүгінде Ресей, Қазақстан жəне Беларусь еркін тауар айналымын, еркін қызмет

көрсету тетіктерін, еркін капитал мен жұмыс күші қозғалысын қамтамасыз етіп келеді. Енді біз өнеркəсіптік бағыттағы əріптестік аясында алға жылжып отыруымыз керек. Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясында жүзеге асырылған жұмыстар өзара тиімді кооперациялардың дамуына тосқауыл қоятын көптеген кедергілердің алынып тасталуына септігін тигізді. Бүгінде Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы тауар айналымы қаңтар жəне тамыз айлары аралығында 2 пайызға артты, деді В.Путин. Сондай-ақ, Ресей Президенті ресейлік-қазақстандық бірлескен кəсіпорындардың саны тұрақты өсіп жатқанына тоқталды. Олардың саны қазірдің өзінде бес мыңнан асып жығылады. Бұл кəсіпорындар іс жүзінде барлық басты салаларда – шикізатты өндіріп, өңдеуден бастап ақпараттық салаларға дейін жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 9 айында қырықтан астам бизнес делегациялар сапарлары жүзеге асып, 55 мамандандырылған көрме ұйымдастырылды, деді В.Путин бұл турасында. Ресей Президенті, сонымен қатар, Қазақстанда құрылған перспективалы жобалар ретінде ресейлік тікұшақтарды құрастыру жəне сервистік қызмет көрсету, аталған тікұшақтармен Алматының құтқару қызметін жабдықтау өндірісін атады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Н.Ж.Қаппаровты Қазақстан Республикасының Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі қызметіне тағайындау туралы

Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров Қазақстан Республикасының Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 11 қараша. №685

(Соңы 2-бетте). ТАҒАЙЫНДАУ Мемлекет басшысының Өкімімен Анатолий Григорьевич Дерновой Қазақстан Республикасының Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

(«Демократия институты» ассоциациясы жүргізген əлеуметтік зерттеулердің деректерін 3-беттен оқисыздар).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
12112013 by Egemen - Issuu