АҚПАРАТТАР аєыны №217 (28695) 12 ҚАРАША БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Маќсат – сыбайлас жемќорлыќ тəуекелдерін азайту
Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі кезекті жалпы отырысында сегіз мəселе қаралды. Бұл жолы депутаттар назарына салық салу жəне кедендік əкімшілендіру, көлік құралдары паспорты, мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ, спорттық-бұқаралық, мəдени ойынсауық іс-шараларын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелеріне құрылған заң жобалары ұсынылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Палата қарауына жіберілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу жəне кедендік əкімшілендіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген түзетулерге Мəжіліс депутаттары өз келісімдерін берді. Негізінен, заңдық құжат салықтық жəне кедендік əкімшілендіру тетіктерін жетілдіру арқылы кəсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыруды көздейді. Атап айтқанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрудың шекті мөлшерін 59,4 миллион теңгеден 6,4 миллионға дейін төмендету көрініс тапқан.
Бұдан басқа, тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке алу əдісімен төленетін нормалардың қолданылу мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту жəне жеке кəсіпкер ретінде тіркеу алымын төлеуді алып тастау да назардан тыс қалмаған. Сондайақ, геологиялық барлау жұмысы барысында жинақталып қалған қосылған құн салығын бес жылдың ішінде қайтару да бар. Бұл ретте Сенат заң жобасына 5 түзету енгізгенін айта кету керек. Мəжіліс депутаты Серік Оспанов бір түзету алкоголь өніміне коньяк, бренди, шарап пен шарап материалы, сыра жəне сыра сусынынан басқа акциздер мөлшерлемесін қайта қарау ұсынылғанын жеткізді. (Соңы 2-бетте).
Астана клубыныѕ алєашќы отырысы Кеше елордада Премьер-Министр Кəрім Мəсімовтің қатысуымен Еуразиялық ықпалдастықтың негізгі мəселелеріне арналған Астана клубының I отырысы болып өтті. Астана клубы Еуразия аймағының өзекті даму мəселелерін талқылауға арналған халықаралық пікірталас алаңы деп танылды. Клубтың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Əлемдік экономика жəне саясат институты. Клубтың əріптестері жетекші зерттеу орталықтары: Қытай қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясы, Германияның сыртқы саясат жөніндегі кеңесі, Ресейдің халықара лық істер жөніндегі кеңесі, Халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қоры. Астана клубының алғашқы отырысына АҚШ, Ресей, Еуропалық
кеңес, Қытай, Түркия, Иран жəне өзге де елдерден 50-ден астам экономика, саясат, халықаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшылар жиналды. Олар аймақтың дамуына ықпал ететін өзекті мəселелерді Ресей мен Батыс арасындағы дағдарыстың қандай қауіптер тудыратынын жəне қандай мүмкіндіктер əкелетінін, Қазақстан Батыс пен Шығыс арасындағы көпір бола ала ма деген мəселені, «Жібек жолы экономикалық белдеуі» атты жаңа инфрақұрылымдық жоба дамудың қандай мүмкіндіктерін ашатынын, көлік дəлізінің бəсекелестігі қандай жолға апаратынын талқылады. (Соңы 2-бетте).
● Серпінділік стратегиясы
Алматыда «Инновация апталыєы» басталды
Осы аптада Алматыда отандық «Инновация апталығы» басталды. Аталмыш апталық Инвестициялар жəне даму министрлігінің Алматыда басталып, Астана қаласында халықаралық инновациялық форуммен аяқталатын бірқатар маңызды оқиғалары санатынан орын алады. Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Қазіргідей қаржылық ахуал құбылып тұрған заманда Қазақстан да келешегі бар жобаларға инвестиция тартудың ерекше мүмкіндіктерін іздеуде. Сол себепті, еліміздің экономикасы кəсіпқой мамандардың, жас оқымыстылардың, өнертапқыштар мен инноваторлардың, инженерлер мен рационализаторлардың тұрақты ағылуына мүдделі. Осыған орай, «Инновациялық апталықтың» ашылуында Алматы əкімі Бауыржан Байбек «Мемлекет басшысының Бес институттық реформасы жаңа адами капиталды, алға жылжудың жаңа институттарын өмірге əкеледі. Осы ретте Алматының əлеуеті өте зор, бұл – біздің тəуелсіздігіміз қалыптасқан, кəсіпкерлер шоғырланған, жаңа шығармашылық қауым мен жастар қаласы», – деді. Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев отандық
инновациялық кластерді қалыптастыруда Алматының маңызды рөл атқаратындығын ерекше айта келе, «Инновация апталығының Алматыда бастау алуы тегін емес. Еліміздегі стартапердің 90 пайызы осы қалада жұмыс істейді, мұнда барлық жағдайлар жасалған», – деді. Сонымен, Алматыдағы ҚазақБритан техникалық университетінде басталған апталық «Болашақтың энергиясы – Road to EXPO» тақырыбын арқау етуде. Шара барысында бұған дейін Қазақстан бойынша келешегі бар 200 стартап жобаның арасынан 90 жоба іріктеліп алынғаны айтылды. Осы басқосуда жоба авторлары Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев, Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек жəне жергілікті жоғары оқу орындарының белсенді жастары алдында өз жобаларын таныстырып, қойылған сауалдарға жауап берді.
● Өмірдің өзегі – өндіріс
Басты кґрсеткіш – бəсекеге ќабілеттілік Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Бүгінде еліміз бейне-бір алып құрылыс алаңына айналғандай күй кешеміз. Республикамыздың қай қиырына барсаңыз да жаңадан бой көтерген нысандар мен ғимараттардың маңайындағы қарбалас қимылдарға көзіңіз түседі. Осыған қарап енді келген нағыз дағдарыстың өзі де өңірлердегі құрылыс қарқынын тежей алмағанын көреміз. Сөз жоқ, мұндай іркіліссіз ырғақ құрылыс индустриясының да көштен қалып қоймауын талап етеді. Өйткені, бүгінгі заманғы құрылысқа қажетті материалдар жетіспесе немесе оның өндірісі баяуласа – бұл тұтастай саланың шідерлі аттай бөгеліп қалуына əкеліп соқтырады. Осы орайда Орал қаласындағы металл жəне темір-бетон құрылғыларын шығаратын «Гидромаш-Орион» ЖШС ұжымының өнімдеріне сұраныс қашанда жоғары екенін айтқан жөн. Өз атауынан көрініп тұрғандай, аталған отандық кəсіпорын республиканың батыстағы өңірлерін темір-бетон бұйымдармен қамтып келеді. Бұл өнімдер бүгінде жол мен өнеркəсіп ошақтарында жəне азаматтық құрылыстың барлық жүйелерінде қолданылады. Мұндағы өнім түрлері мейлінше сан-алуан. Сұраныстарға қарай шығарылатын көлемдері əртүрлі тауарлы бетондар, нысандардың іргетасы мен қабырғасына қажетті блоктар, плиталар мен ұстатқышқосқыш құрылғылар жəне арнайы
● Оймақтай ой Білмеген айып емес, білсем деп ізденбеген айып. Мəшһүр Жүсіп КӨПЕЙҰЛЫ.
Оќырман назарына!
Заман талабына орай жаңар ған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.
(Соңы 2-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Алаштыѕ айдарлы азаматы 3-бет
СЕРПІЛІС 4-бет
Ќўрлыќтар ќиындыќтар ќыспаєында 6-бет
жолдар мен аэродром плиталары зауыттың басты бренді десе де артық емес. Бүгінгі заманғы құрылыс индустриясы компанияларына қойылатын талап та, сұраныс та жоғары. Ең бастысы, қазіргідей күрделі кезеңде бір де бір кəсіпорын томаға-тұйық, өзімен өзі оқшау түрде өндірістен кейін көтере алмайды.
● Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасы аясында 217 нысан сатылды. Оның 11-і республикалық, ал 100-і коммуналдық меншік болса, əлеуметтік кəсіпкерлік корпорация бойынша – 59 жəне холдингтер бойынша 47 нысан саудаланды. ● Елімізде ауыл шаруашылығының ішкі жалпы өнімі 9 ай ішінде 2 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сəйкес мерзіміндегі көрсеткішінен 3,1 пайызға артық. Сондай-ақ, ұйымдасқан шаруашылықтарда мал басының саны да арта түсті. ● Биыл Алматы – Өскемен автожолының 115 ша қы рымы пайдалануға беріледі. Жолды жөндеуге жеті отандық мердігерлік ұйым, 1362 бірлік жол-құрылыс техникасы жəне 30 мыңға жуық адам тартылды. ● Астанадағы Жұмыспен қамту орталығында бос орындар жəрмеңкесі өтеді. Оған елорданың 25 жұмыс берушісі қатысып, 200 жұмыс орны ұсынылады. ● Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында мақта түсімі рекордтық көрсеткішке жетті. Бүгінге дейін бұл өлкеде 32 мың 325 тонна ақ алтын жиналыпты. Мақташылар орташа есеппен алқаптың əр гектарынан 27 центнер өнім алған. ● Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылға қарай екі концессиялық аурухана салынбақ. Оның бірі Өскемен қаласындағы көпсалалы ауруха на болса, екіншісі, Семей қаласындағы балалар ауруханасы. ● Ақтөбенің индустриялық аймағында мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Индустриялық аймақтың аумағында 10-ға жуық ірі жəне орташа зауыт, 30-дан астам шағын зауыт орналастырылады. ● Петропавлдағы ауыр машина жасау зауыты өндірісті жаңғыртып жатыр. Кəсіпорын соңғы бірнеше жылда шамамен 150 қондырғы сатып алып, іске қосты. Сондай-ақ, зауыт өз өнімін Ресейге экспорттауды қолға алды. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
(Соңы 3-бетте).
Терроризммен кїрес мəселесі талќыланды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Сочи қаласында өткен Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының (ПХҚ) Орталық жəне Шығыс Еуропа, Орталық Азия мемлекеттеріне арналған 7-ші аймақтық конференциясына қатысты. Дүниежүзінің 34 мем лекетінен жиналған 200 қатысу шының жəне 9 мемлекеттік орган мен ұйым өкіл дерінің басын қосқан форумда терроризмге жəне зорлық-зомбылық
экстремизмге қарсы күрес мəселелері талқыланды. Жиынның ашылу рəсімінде Ресей Федерациясының Бас про куроры Юрий Чайка жəне Прокурорлардың халықаралық
қауымдастығының Президенті Герхард Ярош сөз сөйледі. Ретімен жалғасын тапқан тал қылау барысында терроризм мен жəне зорлық-зом былық экстремизммен байланысты қылмыстарға қар сы іс-қимыл бой ын ша халық аралық ынтымақтас тық тың, соның ішінде, істі тергеу мен сотта тал қылаудың, сондай-ақ, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың
● Заманмен үндес заңғар басылым
Əдеттегідей аќылшы боларына сенемін Ақиқатқа бет бұрған, демократияға қол созған əрбір азамат ең алымен өз ойын, жеке пікірін газет, яки бұқаралық ақпарат құралдары арқылы білдірігісі келеді. Атам заманнан солай. Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанның» осы бағыттағы сөзінің салмағы, үнінің жариялылығы əрқашан да байқалады. Сондықтан да, Бас газетіміз – кең-байтақ республикамыздың жаһан көшіндегі əрбір жеңісті қадамы мен жетістіктерінің, жаңаға ұмтылыстары мен іркілістерінің, жалпы, тыныс-тіршілігінің барометрі. Күнделікті уақыт тауып парақтамасам да, «Егеменнің» сайтына көз жүгіртіп тұрамын. Бірақ, менің жеке құжаттар сақтайтын архивімде ең көп газет «Егемен Қазақстан» екенін баса айтқым келеді. Ғарышқа ұшқан алғашқы күннен бастап «Егеменнің» бетінен түспегенім сол мұрағаттардан белгілі екенін жəне еске сала кетпесем болмас! Көптеген кездесулер мен салтанатты шақыруларда, əсіресе, орта жастан асқан азаматтар маған «Сіз қазақ тілінде қандай
жақсы сөйлейсіз?!» деп мадақтап жатса, кейбір тілекшілерім «Сіз алғашқы кезде қазақша дұрыс сөйлей алмайтынсыз...» деген назын да жасырмайды. Мені ыңғайсыздандыратыны да осындай сауалдар. Біз қазақ болып туып, өз елімізде қазақ болып өмір сүре жүріп қалайша ана тілінде сөйлемеуге дəтіміз барады? Біз ұлт емеспіз бе? Бір дəуірде Жер-жаһанның талай-талай бұрышына бабаларымыз əмірін жүргізген жауынгер халықтың бүгінгі ұрпағы емеспіз бе? Біздің сан ғасырлардан шұрайын бұзбай сақталып келе жатқан
сүйікті ана тіліміз бар емес пе? Рас, елге оралғанда кəсіби үзілістің зардабын тарттым. Қазақ журналистері (оның ішінде «Егеменнің» тілшілері бар) өзімсіне жақын тартып менің түсінбей тұрғаныма қарамастан сұрақтарын төпелеп қойып, қазақша айтқан жартылай жауабыма төбелері көкке жеткендей қуана қанағаттанып жатқанын талай байқадым. Ана тіліне деген құрметім одан сайын артты. Міне, қазақ газеттерімен, оның ішінде «Егеменмен» етене жақын бауыр басып кеткенім сол күндерден басталады. Журналистің сұрағын түсініп, оған дұрыс жауап беру үшін мен Абайдың əндерін жаттап айтудың аздық етерін сонда сездім. Белгілі қаламгер Əбекеңнің (Кекілбаев) кітабын сыйлағаны əлі есімде. Құр сыйламаған шығар деп, намыстанып оқуға кірістім... Қиналғанымды жасырмаймын. Мұқағали Мақатаевтың эмоциялы ойлы өлеңдерін тез түсінетін едім. Сөйте жүріп өзім де «қазақшаны» бір кісідей меңгеріп алдым. Газет сұхбаттарына түзету енгізе бастағанымда журналистер өздері таңданған кездер де болған.
өзекті мə селелері сөз болды. Форум аясында А.Дауылбаев Армения, Əзербайжан, Беларусь, Бразилия, Босния жəне Герцеговина, Венгрия, Қыр ғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Сербия, Сауд Арабиясы, Тəжікстан, Чехия, Иран, Куба, Оңтүстік Африка елдерінің бас прокурорларымен, сондай-ақ, ПХҚ басшылығымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Ол – біздің құрметті жазушы, ақындарымыздың, журна листеріміздің арқасы. Тұңғыш қазақ ғарышкерінің ғарыш көгіне көтерілгеніне де ширек ғасырға таяп қалыпты. Осы жылдар ішінде менің есімде қалғаны – өзге басылымдар ұмытып жатқан күннің өзінде де «Егемен Қазақстан» əркез 2 қазан – қазақтың тұңғыш ғарышкері ғарышқа ұшқан күнді еш ұмытқан емес. Оны... мен де ұмытқан емеспін! Батыр ініміз Айдын Айымбетовтің ғарышқа дайындық сəтінен күні бүгінге дейінгі əрбір қадамын «Егеменнен» көз жазбай оқып отырдым. Ғарышкерлер туралы мақалаларға республикамыздың əр бұрышынан үн қосқан азаматтарымыздың жылы лебіздерімен де таныстым. Қазақ ақын халық қой. Ішкі буырқанған сезімін өлең арқылы білдіріп жатады. Ғарышкерлерге арнаған өлеңдерді де оқып, түсініп жаным сүйсінеді. Еліміздің өркендеуі мен халқымыздың бүгінгі дағдарыстан қи налмай шығуына «Егемен Қазақстанның» əдеттегідей ақылшы болатынына сенемін. Тоқтар ƏУБƏКІРОВ, Тұңғыш қазақ ғарышкері, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры.
АСТАНА.