Бїгінгі нґмірде:
№273 (28212) 12 ЖЕЛТОҚСАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Инновацияєа ерекше назар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ПремьерМинистрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ə.Исекешев министрліктің қазіргі қызметі мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кəсіпкерлердің Ұлттық палатасымен бірлесіп əзірленген ин дус трия лық-инновациялық даму бағдарламасының келе сі бесжылдық жоспарының тұ жырымдамасы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың соңында бағдарламаның алғашқы бесжылдығы аяқталып, алға қойылған барлық міндеттер орындалатынын айтты. Мемлекет басшысы екінші бесжылдық жоспар аясында инновацияға жəне мүлде жаңа тəсілдерге ерекше көңіл аударылатынын атап өтті.
Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі тұжырымдаманы əзірлеу барысында барлық өңірлер мен салалар бойынша кешенді зерттеулер жүргізілгені туралы хабарлады. Талдау қорытындысы бойынша əлеуметтік-экономикалық саясаттағы өзгерістерді қосқанда, бағдарламаны табысты іске асыру үшін қызметтің негізгі бағыттары анықталды. Сондайақ, мемлекеттік қолдау шаралары мен басымдығы бар секторлар тобы белгіленген.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Бїкіл тїркі əлемініѕ маќтанышы 2-бет Табысы зор, ырысы мол Оѕтїстік! 4-5-беттер Меніѕ жолым – Абай жолы 7-бет Ќалдыєайты ќатпарлары 10-бет
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «А» корпусыныѕ мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына ќойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13-бабының 5-тармағына сəйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №519 Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №19, 318-құжат). 3. Осы Жарлық қолданысқа енгізілгенге дейін «А» корпусы мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған адамдарды аталған резервтен «А» корпусы мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына тағайындаған кезде оларға «А» корпусы мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған кезде қолданылған арнайы біліктілік талаптары қолданылады деп белгіленсін. 4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 10 желтоқсан. № 708 ------------------------------------------(«А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын 9-беттен оқисыздар).
Мемлекет мерейі
Сїлеймен ДЕМИРЕЛ:
«Онымен теѕесетін ешкім жоќ» Самат МҰСА,
«Егемен Қазақстан».
Президент поштасынан
Батылдыќ кґрініс тапќан ќўжат
Мїмкіндік їшін айрыќша ризашылыќ
Қазақстан Президентінің атына жолдаған хатында Л.Лемпер Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауы – «Қазақстан-2050» Стратегиясымен зор қызығушылықпен танысып шыққанын айтады. Оның пікірінше, құжат Қазақстан үшін өмірлік маңызы бар жаңа сынқатерлер мен елеулі жетістіктер үйлесім тапқан көптеген қызықты жайттарды қамтиды. «Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағынан да, одан тысқары орналасқан басқа көп мемлекеттерден де жаңарған оптимистік рухымен ерекшеленеді. Сіздің сөзіңіз – батылдық көрініс тапқан құжаттама», деп жазады хат иесі. Л.Лемпер республиканың мойындалған халықаралық жетістігінің екі қайнар көзі – Қазақстан
Өз хатында авторлар «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Финляндияда ғылымипедагогикалық тағылымдамадан өтуге жасалған мүмкіндік үшін Мемлекет басшысына айрықша жылы лебізбен алғыстарын жет кізген. Мұғалімдер мен тағылымдамадан өтушілер əлемнің үздік педагогикалық инновациялық тəжірибелерін танып-білу оны еліміздің орта білім саласына енгізуге жəне бейімдеуге мүмкіндік беретінін атап өткен. «Біздің оқуымыз Финляндия Президентінің Астанаға 2013 жылғы сəуір айындағы ресми сапары барысында Сіз қол жеткізген уағдаластықтың арқасында мүмкін болды. Біздің ғылыми-педа гогикалық тағылымдамамыз
Қазақстан Президентінің атына Отто Бенеке атындағы қордың президенті Лотар-Теодор Лемперден хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Президентінің басшылығымен шебер жүзеге асырылған саяси басшылық пен азаматтардың үлкен елдің игілігі жолында пайдаланылып отырған жан-жақты қабілеттілігі деп санайды. «Стратегия Батыс Еуропаның тоқырауда қалып отырған көп елінен Қазақстанды жақсы жағынан ерекшелейді. Сіздің Жолдауыңыз Қазақстанды экономикалық, ғылыми жəне əлеуметтік прогресс биігіне көтеруге деген ұмтылыспен етене байланысты», делінген хатта. Хат соңында автор Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа білім беру саясаты өзін үлкен əсерге бөлегенін атап өткен. Осыған орай Л.Лемпер перспективалық идеяларды іске асыруға өз үлесін қосуға дайын екендігін білдірген.
Елбасының атына Қазақстанның зияткерлік жəне жалпы орта білім беретін мектептерінің мұғалімдері мен тағылымдамадан өтушілерінен хат келді.
Тарихи əділеттіліктіѕ аса маѕызды актісі
Мемлекет басшысының атына Қазақстан немістері қоғамдастығы Ақсақалдар кеңесі өкілдерінен хат келді.
Мемлекет басшысының атына жазған өз хатында В.Мутаниол, А.Граф, Г.Грот, В.Видлер Германияда тұратын 800 мың қазақстандық немістер атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстандық немістердің тарихи отанымен қайта қауышу үдерістеріне ерекше көңіл бөлгені үшін зор алғыс білдірген. «Бұл күллі əлемге халықтар арасындағы сенімнің жаңа саясаты туралы мəлім еткен батыл адамның жəне көреген лидердің қадамы болды. Бұл – тарихи əділеттілікті қалпына
келтірудің Сіздің қолыңызбен жасалған шын мəніндегі аса маңызды актісі, оны неміс халқы ешқашан ұмытпайды», деп жазады хат иелері. Ақсақалдар кеңесінің өкілдері осындай қолдаудың арқасында бүгінде Германиядағы жүз мыңдаған қазақстандық немістер Қазақстанның Еуропадағы достық елшілері рөлін атқарып отырғандығын атап өткен. Хат иелері шекара сыртында тұрып жатса да, өздері үшін туған өлкесіндей болып кеткен елдегі табыстар мен жетістіктерге зер сала
қадағалап отыратындықтарын жеткізген. «Экономика дамып, халықтың өсіпөркендеуі мен ел беделінің нығаюы жолында жаңа зор мақсаттар қойылып отырғанына қуаныштымыз. Бұл ретте республика бейбітшілік пен қауіпсіздік саясатын жүргізуде бұрынғысынша жетекші рөл атқара береді. Қазақстан мəдениетаралық келісім мен тағаттылықты қамтамасыз етуде, мультимəдениет əлемінің сын-қатерлерін еңсеруде елеулі табыстарға қол жеткізді», делінген хатта. Хат соңында Ақсақалдар кеңесінің өкілдері Қазақстан халқына игілік пен бақбереке, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық жəне сарқылмас күш-қуат тілеген.
Марокко ґкілімен маѕызды əѕгіме Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Нассер Буританы қабылдады. Ол осы елдің Кеңесшілер Палатасының Төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилланың жеке жолдауын жеткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Марокко Корольдігімен жан-жақты қатынастарды дамытуға ерекше маңыз береді.
Біз Марокконы Солтүстік Африка аймағындағы беделді мемлекет ретінде білеміз», деп атап өтті
«Болашақ» халықаралық бағдарла масының 20 жылдық мерейтойына орайлас келгені біз үшін екі есе мəртебе. Міне, 22 жыл еліміз Сіздің басшылығыңызбен алға нық қадам басып келеді. Қазақстаннан жырақта жүріп те біз өз Отанымыз үшін мақтанышты сезінеміз», делінген хатта. Хат иелері Қазақстанның жетістіктерін, əсіресе, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған білім саласындағы инновациялық жобаларды финляндиялық əріптестерінің жоғары бағалайтынын жеткізген. Хат соңында мұғалімдер мен тағылымдамадан өтушілер Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, ал елімізге бақ-береке тілеген.
Қ.Тоқаев. Төрағаның пікірінше, екі елдің тікелей парламентаралық байланыстар орнатуы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге жəне халықаралық аренадағы күшжігерді үйлестіруге ықпал ететін болады. Қ.Тоқаев Марокконы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды
жəне 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның ынтасын қолдайтынына сенім білдірді. Жүздесушілер, сондай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жəне Марокко Королі Мұхаммад VI-ның бастамалары тұрғысында дінаралық үнқатысуды дамыту жəне Ислам Ынтымақтастық Ұйымының аясында жəне өзара іс-қимыл мəселелерін талқылады.
Баға дегеннің өзі салыстырмалы нəрсе екені белгілі. Көп нəрсе бағаны кім бергеніне байланысты. Əлем саясатындағы аузы дуалы адамдардың бірі – Сүлеймен Демирел. Қазір жасы 90-ға аяқ басқан (1924 жылы туған), Түркияның премьерминистрі қызметіне 5 рет келген, 1993-2000 жылдарда ел президенті болған саясат көкжалы көпті көрген, кімнің кім екенін жақсы біледі. Сол Сүлеймен Демирел Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы тап осылай деді. «Онымен теңесетін ешкім жоқ» деген сөзін кеше, 11 желтоқсанда «Назарбаев орталығының» киноконцерттік залында тұсаукесері өткізілген «Түркі əлемінің тегеурінді тұлғасы» фильмінде айтты. С.Демирел Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі түркі дүниесіндегі алар орны кезіндегі Ататүрік қызметіндей болып отырғанына баса назар аударды. «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» акционерлік қоғамы жасап шығарған бұл фильм (идея авторлары – Махмұт Қасымбеков пен Дəурен Абаев) Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасының түркі əлеміндегі ықпалы мен орнын көрсетуге арналған. Тұсаукесер рəсіміне Түркияның, Қырғызстан мен Əзербайжанның Қазақстандағы елшіліктерінің өкілдері, Қазақстан Парламентінің депутаттары, Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық жəне үйлестіру агенттігінің (ТІКА) қызметкерлері, қоғам қайраткерлері қатысты. Тұсаукесер рəсімін кіріспе сөзбен Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков ашты. «Біз – тегіміз бір, түбіміз Көк Түрікке тірелетін бауырлас жұртпыз. Əлем тарихында айрықша із қалдырып, адамзат руханиятына баға жетпес асыл мұраларын қосқан ұлы өркениеттің мұрагерлеріміз. Бұл күнде өз алдына бірнеше мемлекет болсақ та, түркілік бірлігімізді нығайтуға ұмтылған тұлғаларымыз баршылық», дей келіп, Махмұт Базарқұлұлы бұл фильм түркі дүниесінде айрықша орны бар Қазақ елінің тегеурінді басшысы туралы туынды екенін қадап айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тəуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ Түркі əлемінің ынтымақтастығына
ерекше мəн беріп, барыс-келісті жеңілдетуге, сауда-экономикалық жəне рухани-əлеуметтік байланыстарды нығайтуға күш салды. Елбасымыздың түркі ынтымақтастығын тереңдетудегі еңбегін түркітілдес елдердің бүгінгі жəне бұрынғы мемлекет басшылары, қоғам қайраткерлері жоғары бағалап отыр. Фильм осыны көрсетеді. Махмұт Қасымбеков деректі лентаны түсіруге Түрік ынтымақтастық жəне үйлестіру агенттігі үлкен қолдау көрсеткенін атап көрсетіп, агенттіктің төраға орынбасары Мехмет Сүрея Ер мырзаға разылығын білдірді, қонаққа Елбасының қолтаңбасы жазылған «Қазақстан жолы» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасын кəдесый тарту етті. Мехмет Сүрея Ер өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі əлемінің тұтастығы жолында шын мəнінде аса ірі де игі іс атқарып отырғанын, Елбасының жетекшілігімен Қазақ елінің тəуелсіздік тарихында тамаша табыстарға жеткеніне бауырлас, ағайындас халықтар қуанышты екенін айтты. Мемлекет
жəне қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков деректі фильмді жасаушыларға ел мерейін асыратын туынды үшін алғысын білдірді. Газетіміздің бүгінгі нөмірінде «Түркі əлемінің тегеурінді тұлғасы» деректі фильмі туралы арнаулы мақала жарияланып отырғандықтан, бұл шағын хабарда лентада Татарстанның бұрынғы президенті Ментемир Шаймиев, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия президенті Абдолла Гүл, Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел, елдің премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған, Əзербайжан президенті Ильхам Алиев, Түркі кеңесінің бас хатшысы Халил Акынджы сияқты тұлғалар Елбасымыздың ерен тұлғасы жайында өте жоғары пікірлер білдіргенін айтумен шектелмекпіз. Фильм бүгін кешке «Қазақстан» жəне «Хабар» арналары арқылы көрсетіледі. Туынды жақын күндерде Түркия, Əзербайжан жəне Қырғызстан елдерінің телеарналары арқылы көрермендер назарына ұсынылады.