АҚПАРАТТАР аєыны №244 (28467) 12 ЖЕЛТОҚСАН ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
Телефон арќылы сґйлесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ўйым алдындаєы міндеттер талќыланды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Н.Бордюжа Қазақстан Президентіне Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Мəскеуде өтетін кезекті сессиясына дайындық барысы туралы баяндады. Сонымен қатар, кездесуде Ұйымға мүше барлық мемлекеттер бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлер мен қауіптер жəне ахуалдың өрістеуіне ықпалын
тигізер теріс үрдістерді азайту үшін қабылдануы қажет шаралар талқыланды. Мемлекет басшысы өңірдегі жағдайдың қарқынды өзгеруіне байланысты ҰҚШҰ алдына қойылуы мүмкін міндеттерге назар аударды. – Ауғанстаннан коалиция күштерінің шығарылуы күтілуде, «Ислам мемлекетімен» байланысты
Уаќытша болу мерзімі – 30 кїн Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Беларусьпен арада азаматтардың барыс-келіс, Халықаралық Қайта құру жəне Даму банкі арасындағы қарыз, Салық істері бойынша өзара көмек, энергия үнемдеу мен тұрғын үй қатынастары мəселелеріне қатысты заң жобалары қаралды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Күн тəртібінің алғашқы мəселесі «Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь
Рес пуб ликасының аумағында жəне Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тəртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы сенаторлар тарапынан қолдауға ие болды.
жаңа қатерлер пайда болуда. Мұндай жағдайда Ұйым ахуалды игеретін, болжайтын, қажетті ұжымдық шараларды қабылдау жөнінде ұсыныстар əзірлейтін талдамалық орталыққа айналуы тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Н.Бордюжа ҰҚШҰ қызметінің биылғы қорытындылары туралы əңгімелеп, əскери ынтымақтастық саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Келісім Қазақстан мен Беларусь азаматтарының тараптар аумағына кірген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде құзыретті органдарда тіркелмей болуын қарастырады. Уақытша болу мерзімі сол мемлекеттің аумағына кірген кездегі шекара қызметі қойған белгісі бар көшіқон картасымен расталып, мемлекетке кірген күннен бастап есептеледі. Ал болу мерзімі отыз күннен асып кеткен жағдайда сол елдің заңнамасына сəйкес, құзыретті органдарға тіркелуге міндетті. Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев заң жобасын қабылдау Қазақстан азаматтарының Беларусьте болуын жеңілдетіп, сауда-экономикалық, инвестициялық климатты жақсартады деген ойын алға тартты. Сондай-ақ, Мəжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру жəне Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ирригациялық жəне дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы) ратификациялау туралы» заң жобасы да депу тат тар дың қолдауына ие болды. Заң жобасын қабылдау арқылы Ирри гациялық жəне дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаны жүзеге асыру көзделген. (Соңы 4-бетте).
Елшімен екіжаќты əѕгіме Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Нгуен Ван Хоамен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Қабиболла Жақыпов Вьетнам Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды серіктесі болып табылатынына жəне екіжақты қарым-қатынасты өркендетуге зор мүмкіндіктің бар екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, сұхбаттастар Кеден одағы мен Вьетнам арасында Еркін сауда аймағын қалыптастырудың маңызын атап өтті. Тараптардың көзқарасы бойынша,
ол екі ел арасындағы тауар айналы мын ұлғайтуға жол ашатын болады. Вьетнам елшісі Қазақстан «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының арқасында бүгінгі заманның барлық сын-қатерлеріне қарсы тұра алатынына сенімділігін білдірді жəне алдағы уақытта елімізге табыс тіледі. Ал Мəжіліс Төрағасы дипломатқа Президенттің
«Қазақстан-2050» Стратегиясын заңнамалық қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Өз кезегінде дипломат парла мент шілердің Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық қатынастарды дамытудың құқықтық негізін жасау жолындағы еңбектерін жоғары бағалады. Кездесу қорытындысында Нгуен Ван Хоа Мəжіліс Төрағасына Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының Төрағасы Нгуен Шинь Хунганың еліне ресми сапармен шақыруын табыстады.
Бїгінгі нґмірде: Тамырын тереѕнен тартќан Тəуелсіздік 2-3-беттер
СƏРУАР 5-бет
Зайырлы мемлекет – саналы таѕдау 6-бет
Əңгіме барысында Қазақстанның Халықаралық олимпиада комитетімен ынты мақтас тығының қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды. Т.Бах қазақстандық олимпиадашылардың соңғы жылдардағы табыстарының көрсеткіші болып отырған еліміздегі спортты дамыту шараларына жоғары баға берді. Алматының 2011 жылғы Азия ойындарын жəне өзге де халықаралық спорттық шараларды ұйымдастырудағы оң тəжірибесі атап өтілді. Мемлекет басшысы Халықаралық олимпиада комитетінің 7-9 желтоқсанда Монакода өткен 127-сессиясының табысты қорытындыларына ризашылығын білдірді.
Таєайындау Мемлекет басшысының Өкімімен Наталья Павловна Калашникова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
● Президент поштасынан
Алматы чемпионаты – еѕ табысты турнир
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ауыр атлетикадан əлем чемпионатының табысты өтуіне байланысты Халықаралық ауыр атлетика феде рация сының (IWF) президенті Тамаш Аяннан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Автор өзінің хатында Алматыда өткен чемпионат осы жарыс түрінің тарихындағы ең табысты турнир болғанын атап өткен. Соған орай ол Мемлекет басшысына, Үкімет мүшелеріне жəне спорт қайраткерлеріне аталған жарысты лайықты деңгейде ұйымдастыруға айрықша көңіл бөлінгені үшін ризашылығын білдіреді. IWF президенті, сондай-ақ, Қазақстан атлеттері жоғары нəтижелерге қол жеткізгенін айта отырып, жалпы бұл турнир нəтижелері бүкіл əлемде зор резонанс тудырғанына тоқталады. Сонымен қатар, хатта Алматыда Халықаралық ауыр атлетика федерациясының жыл сайынғы конгресі өткені, оның барысында Федерацияның 109 жылдық тарихында маңызды мəнге ие болған шешімдер қабылданғаны айтылады. Соңында Т.Аян ауыр атлетикадан əлем чемпионаты 2022 жылғы Қысқы Олимпия ойындарын өткізу үшін Алматының кандидатурасын ілгерілетуге септігін тигізгеніне назар аударған.
Сапар сəтті ґтті Үстіміздегі жылғы 9-10 желтоқсан аралығында Сыртқы істер министрінің бі рінші орынбасары – ЭКСПО-2017нің ко миссары Рəпіл Жошыбаевтың жетекшілігімен Қазақстан делегациясының Италия Республикасына жəне Ватикан мемлекетіне жұмыс сапары болып өтті.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Сапар барысында Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Лапо Пистелли жəне Мəдениет мұрасы жəне туризм министрі Дарио Франческинилермен екіжақты кездесулер өткізілді. Италияның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасарымен болған əңгіме кезінде ол əлемдік экономикада орын алған келеңсіз жағдайларға қарамастан екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастың қарқынды дамуын атап өтті. ЭКСПО-2017 комиссары Қазақстан Президенті Н.Назар баевтың атынан шақыру-хаттың түпнұсқасын табыс етті. Сонымен бірге, жүздесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесіне италиялық компаниялардың жəне Милан қаласында өтетін ЭКСПО-2015 көрмесіне Қазақстанның қатысуы жайлы мəселелер тілге тиек етілді. (Соңы 4-бетте).
Оймақтай ой Жақсы іс көп жасайды. Жүсіп БАЛАСАҒҰН.
Ўќсас ўстанымдар ўжымдыќ ќауіпсіздікті ныєайтады
Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесті, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Кездесу барысында ҰҚШҰ жауапкершілігі аясындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, əскери жəне саяси ынтымақтастықтың қазіргі жəне перспективалық
мəселелері бойынша пікір алмасылды. Қорғаныс министрі Ұжымдық жедел ден қою күштерін одан əрі дамытудың маңызын атап
● «Қазақстанның Даму банкі» АҚ өңдеу өнеркəсібі жобаларына 50 млрд. теңге бөлетін болды. Қаржы институтының мəліме тінше, көрсетілген сома Ұлттық банкпен бірлескен іс-əрекеттер жоспары аясында Ұлттық қордан беріледі. Бұл бағдарламаға 13 екінші деңгейлі банк қатысады. ● Елімізде мұнай жəне газ конденсаты өндірісі 18 млн.-нан астам тоннаны құрады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ хабарлағандай, газ тасымалы 86,6 млн. текше метрге, ал мұнай жөнелту көлемі 51,147 млн. тоннаға жеткен. ● Астананың 2015 жылға арналған бюджеті қабылданды. Қала əкімі Əділбек Жақсыбековтің сөзіне қарағанда, 2015 жылы елордада 200-ден астам жобаны іске асыру мақсатында мемлекеттік бюджеттен 170 млрд. теңгеден артық қаржы қарастырылған. ● Шымкентте 9 қабатты 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оңтүстік Қазақстан облыстық əкімдігінің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, бұл үйлерге 270 отбасы жайғасқан. Оларға пəтерлердің кілттерін облыс əкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов табыстады. Баспаналы болғандардың санатында Ұлы Отан соғысының 12 ардагері, 132 жетім жəне атаанасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 126 «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» арқылы несие алған жас отбасылар бар. ● Батыс Қазақстанда өңірдегі ең ірі сауда орталы ғы ашылды. Зеленов ауда ны Мичурин ауылында бой көтерген «Дина» гипермаркетінің ашылуы салтанатына облыс əкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. Жеке кəсіпкер Асхат Қабиев бұл жобаға 1,8 млрд. теңге жұмсағанын жеткізді. Мұнда қазір 360 адам еңбек етіп жатыр. ● Ақмола облысында кə сіпкер ауылдың дамуына 180 млн. теңгеден астам қаржы салды. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметі Есіл ауданындағы «Заречный» ЖШС соңғы 3 жылдың ішінде əлеуметтік салаға 180 млн. теңгеден астам ақша бөлгенін мəлім етті. Сондайақ, серіктестік 364 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. ● Павлодарда мамандандырылған ХҚО қатарға қосылды. Мұнда халыққа «Бір терезе» қағидаты бойынша жүргізу куəлігін беру, автокөлікті тіркеу жəне қайта тіркеу қызметтері ұсынылады. Орталықтың тұсаукесер рəсімінде облыс əкімі Қанат Бозымбаев болды. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.
өтіп, ағымдағы жылғы тамыз айында Қазақстанда өткен «Өзара іс-қимыл – 2014» кешенді оқужаттығуына жоғары баға берді. Тараптар, сондай-ақ, 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мəскеуде өте тін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің күн тəртібін талқылады. Новороссийскіде өтіп жатқан РФ ҚК əуе десанты əскерлері басшылық құ рамының жедел жиынында ҰҚШҰ Біріккен штабы лауазым ды адамдарының құрамында Қазақстан өкілдері де қатысуда.