24 саєат №6 (28734) 13 ҚАҢТАР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ
Таєайындау
Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Сапарұлы Өсіпов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Республикалыќ бюджет жобасын əзірлеу ережелерін бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ 2009 жылєы 26 тамыздаєы № 861 Жарлыєына ґзгерістер енгізу туралы Қаулы етемін: 1. «Республикалық бюджет жобасын əзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын əзірлеу қағидаларында: 10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға жəне мемлекеттікжекешелік əріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»; 14-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган жетекшілік ететін саладағы (аядағы) мақсаттарға қол жеткізу жəне оларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нəтижелерін ескере отырып: 1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарға, елдің əлеуметтікэкономикалық даму болжамына сəйкестігі, нысаналы индикаторларды таңдаудың жəне оларға қол жеткізу дəрежесінің дұрыстығы тұрғысынан; 2) нəтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалардың нəтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нəтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізушілік дəрежесі тұрғысынан бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарайды.»; үшінші бөліктің 1) жəне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет жəне өзге де заңнамасына, əлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға жəне стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына жəне бюджеттік бағдарламалар жобаларына сəйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ əрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады; 2) стратегиялық жоспарлар əзірлейтін бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық жоспарының мақсаттарымен жəне нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;»; 21-тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, республикалық бюджеттік бағдарламалар əкімшілері бойынша мыналарды: алдыңғы жылғы қол жеткізілген нəтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын; ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын; жағдайды жақсарту жəне проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын; бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нəтижелерінің сипаттамасын; бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нəтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.». 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президентi Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 11 қаңтар. № 166
Оќырман назарына!
Отандастарымыз Елбасы Н.Назарбаевтыѕ «Ўлт Жоспары – ќазаќстандыќ арманєа бастайтын жол» атты жаѕа еѕбегін ќызу ќолдауда Елбасы Н.Ə.Назарбаев тарапынан «Нұр Отан» партиясына бес институттық реформаны жүзеге асыруда үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Осыған орай, кеше аталған саяси құрылымның баспасөз орталығында партияның идеологиялық мəселелер жөніндегі хатшысы Фархад Қуанғанов жəне партия Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Құрманғали арнайы брифинг өткізді.
Баршаєа ортаќ жауапкершілік Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Б.Құрманғали өз сөзінде Елбасының əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін мемлекетті нығайтуға бағытталған бес институттық реформаны айқындап бергендігін тілге тиек етті. «Осы реформаларды кезең-кезеңімен іске асыру арқылы бүгінгі жаһандық күрделі экономикалық ахуалдың елімізге тигізер əсерін мейлінше жұмсартып, өзіндік
даму жолын қалыптастыруды көздейді. Осыған орай, Мемлекет басшысы жуырда жария еткен «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған жол картасы деп айтсақ орынды. Онда бес институттық реформаны практикалық тұрғыдан жүзеге асыру тетіктерін ашатын бағытбағдар десек те болады», деді Б.Құрманғали. Жалпы, биылғы жылға
арналған бес институттық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асуы барысын мониторингтеу жəне түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша өткізілген баспасөз брифингінде партияда бес бағыт бойынша жұмыс тобы құрылғандығына ерекше назар аударылды. Оның құрамына партия Орталық аппаратының қызметкерлері, партияның Парламенттегі фракция мүшелері, орталық мемлекеттік органдар
басшылығы, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері жəне қоғам белсенділері кіріп отыр. Олардың негізгі мақсаты мемлекетті кəсібилендіру, құқық қорғау мен заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру мен эко номикалық өсімге қол жеткізу, ұлттық бірлікті сақтау, транспарентті жəне есеп беретін мемлекетті құру сияқты мəселелер бойынша жұмыс жүргізетін болады. (Соңы 2-бетте).
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫҢ «ҰЛТ ЖОСПАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА БАСТАЙТЫН ЖОЛ» МАҚАЛАСЫ САРАПШЫЛАРҒА САУАЛДАМАНЫҢ НƏТИЖЕЛЕРІ
96,5%
95,3%
сарапшылар Мемлекет басшысының салықтық жəне кедендік жүйелерді интеграциялау туралы ұсынысын толықтай қолдайды
БЮРОКРАТТЫҚ ШЫҒЫНСЫЗ ЭКОНОМИКАҒА ҚАДАМ БАСУ
97%
сарапшылар 2017 жылдан бастап кірістер мен шығыстарға салықтық есептерді міндетті енгізу бойынша қолданыстағы салық режімдерін оңтайландыруды белсенді қолдайды
сарапшылар ҚҚС-тың орнына сатуға салық салуды енгізуді дұрыс деп есептейді
сарапшылар салықтық жəне кедендік əкімшілік іс жүргізуді жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін оңтайлы жағдайлар қалыптасып отыр деп санайды
сарапшылар Елбасы белгілеген институттық реформалардың Үшінші бағытын жүзеге асыру шеңберінде қарастырылған индустриялық жəне экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жаңғыртулар кешенін мақұлдайды
98,2%
92,4%
96,5%
98,2%
сарапшылар Мемлекет басшысының транзакциялық шығындарды ұдайы қысқарту экономикалық дамудың ұзақ мерзімді басымдығы болуы тиіс деген мəлімдемесін толықтай қолдайды
98,8%
сарапшылар Мемлекет басшысының салық режімдерін оңтайландыру көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді деген пікірімен толықтай келіседі
сарапшылар табыстар мен мүлікті жалпыға ортақ декларациялауға кезең-кезеңімен көшу туралы бастамамен толықтай келіседі
Сарапшылардың
97,6%-ы
бизнес-омбудсмен институтын дамыту туралы бастамаға толықтай қолдау білдіреді
Əлеуметтік сарапшылық сауалдаманы 2016 жылдың 7-12 қаңтары аралығында Еуразиялық интеграция институты жүргізді. Сауалдамаға 137 сарапшы (мемлекеттік органдар қызметкерлері, жетекші қазақстандық ЖОО-лардың экономика профессорлары, ірі компаниялардың экономистері, орта бизнес өкілдері, т.б.) қатысты.
Оймақтай ой Сөздің ең ұлысы – тарих. Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ.
Бүгінгі нөмірде:
Ақша... ақша... ақша...
Елім деген ердіѕ ерен ерліктері
11-бет
ЗАМАН ЖӘНЕ ЗАМАНДАС
8-бет
Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.
Жўмыр жїрек жўлќынбасын
ЕМШІ 13-бет
10-бет
Сондай-ақ, Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Қазақстан Президенті қақтығыс түйінін тарқату жəне Украина мен Ресей арасындағы шиеленісті шешу ісінде мəмілеге келуге шақырды. Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.
6-бет
Украина Президенті Қа зақстанға өзінің ресми сапары кезіндегі жылы шырайлы қабылдау жəне келіссөздер үшін алғыс айтты. Мемлекеттер басшылары сауданың баламалы жолдарын пайдаланудың жаңа жағдайындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелері мен перспективаларын талқылады.
ТƏУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА – ТЕРЕЅ ТОЛЄАМ
КОНСУЛ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
7-бет
Телефон арќылы сґйлесті
Түркияның аса ірі мегаполисі – Ыстамбұл қаласындағы тарихи саналатын СұлтанАхмет алаңында жарылыс болды. Төтенше оқиға салдарынан 10 адам қаза тауып, 15-і жараланды. Лаңкестік туралы мəселе қарастырылуда. Ирактың Əл-Мукдадия қаласындағы қосарланған жарылыстан кем дегенде 20 адам көз жұмса, 50-і түрлі деңгейде дене жарақатын алды. Аталған қала ел астанасы – Бағдад қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан. Ал жарылыстарды жанкештілер жасапты. Ирак астанасы – Бағдад қаласының оңтүстікшығысында жарылғыш қойылған көлік жарылды. Жергілікті дəрігерлер мен полицейлердің айтуларынша, 7 адам қаза тауып, 15-і жараланған. Халықаралық коалиция күштері «Ислам мемлекеті» делінетін террорлық ұйымның Мосул қаласындағы ақша қоймасын жойды. Кейбір мəліметтерге сүйенсек, миллиондаған доллар жермен-жексен етілген. Испанияда елдің королі Филипп IV-тің қарындасы Кристина мен оның жұбайы Иньяки Урдангаринге қатыс ты сот ісі басталды. Бұл король отбасы үстінен қыл мыстық іс қозғалған Испания тарихындағы алғашқы оқиға болып табылады. Ерлі-зайыптыларға алаяқтықпен айналысты деген айып тағылған. Солтүстік Кореяда АҚШ-тың пайдасына жансыздықпен айналысты деген күдікпен америкалық азамат Ким Донг Чул тұтқындалды. Ол 2013 жылдан бастап Оңтүстік Кореяның тапсырысымен құпия əскери материалдар мен фотосуреттер жинастырыпты. Германия канцлері Ангела Меркель Еуропаның босқындар ағынын бақылауға қауқарсыз болып шыққанын мəлімдеді. Оның сөзіне қара ғанда, Еуропада əлі күнге дейін босқындарды бақылаудың белгілі бір тетігі жоқ. Қытай билігі отбасындағы бала санына шектеу қоюды кем дегенде 2045 жылға дейін сақтамақ. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау жəне отбасын жоспарлау мəселелері жөніндегі ұлттық комиссия директорының орынбасары Ван Пэйань мəлімдеді. Ресей президенті В.Путиннің пікірінше, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін НАТО-ның жетекші мүшелері өздерінің жеке-дара үстемдігінен толық қанағат алуға ұмтылып отыр. «Альянстың бүгінгі кейбір іс-əрекеті осыны меңзейді», дейді Ресей басшысы. Белгісіз біреулер Герма нияның Кельн қаласында Пəкістан мен Сириядан шыққан 6 босқынға шабуыл жасаған. Мұның жаңа жыл түніндегі босқындар əрекетіне наразылық белгісі екені күмəнсіз. Air France авиакомпаниясының ұшағы шассиінен адам мүрдесі табылды. «Боинг-777» ұшағы Париждің Орли əуежайына Бразилияның Сан-Пауло қаласынан келіп қонған болатын. Енді мəйіттің кім екені тексерілуде. Оқиғаның басқа мəн-жайы нақтыланбайды.
Аттың жайын айтамын, білгеннен соң... 14-бет