13022014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Кґкейге ќонады Галицкое-Бґрілі арасы... №30 (28254) 13 АҚПАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Дїрлігуге негіз жоќ

4-бет

5-бет Жастар бетке алып ќаланы, ауыл «ќартайып» барады 6-бет Бəйге тґрінде бəсеке кїшейді 10-бет

 Өмірдің өзегі – өндіріс

Битум зауыты... Бұл біздің елімізді өзгеден бұйым сұрау тəуелділігінен құтқарып, өз қажетімізді өзіміз өтей бастауымыздың белгісі. Жуырда, яғни өткен жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысы алдында телекөпір арқылы іске қосылған зауыт қазір алғашқы өнімдерін бере бастады.

ЌАРЌЫН Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ПремьерМинистр Серік Ахметовті жəне Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. – Қазақстан валютасының бағамын өзгерту туралы шешім қарапайым азаматтарға жағымсыз əсерін тигізбеуге тиіс. Енді бағаның жасанды түрде көтерілмеуін қадағалап, валюта айырбастау пункттеріндегі алыпсатарлықтың жолын кесу ерекше маңызды. Барлық деңгейдегі əкімдер осыны бақылап, ал тиісті мемлекеттік органдар ұдайы мониторинг жүргізуге жəне қалыптасқан экономикалық жағдайда алыпсатарлықпен айналысқандарға қатысты лицензиясынан айыруға дейінгі ең қатаң шараларды қабылдауға тиіс. Қазіргі уақытта ұлттық валюта бағамының шегі белгіленген деңгейде болып, экономикамыздың игілігіне қызмет етуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлттық банк төрағасы алты ай бойы əлемдік экономика ахуалына жəне теңгенің өзге елдердің валюталарына қатынасын талдау жөнінде жұмыс жүргізілгенін атап өтті. – 2009 жылы ақпанда қол

жеткізілген əлеуетіміздің арқасында экономикамыздың бəсекеге қабілеттілігі артты. Біз жақсы нəтижелерге жеттік, бірақ 20122013 жылдары əлеуетіміз біртіндеп азайды, өйткені, өзге дамушы елдердің валюталары Америка долларына қатынасы жөнінен əлсіреді. Бүгінде көптеген инвесторлар дамушы нарықтардан кетіп жатыр. Шетелдік капитал дамыған нарықтарға ауысуда. Біз Түркия, Бразилия, Ресей елдеріндегі ахуалдың үлкен өзгеріске түскенін кө ріп отырмыз. Жалпы, бұл – биыл ғы үрдіс. Сонымен қатар, Ресей рубліне қатысты да айқын емес тұстар бар. Орталық банк рубльдің еркін қозғалысын білдір етін инфляциялық шектеуге көшкенін жариялағандықтан, біз ресейлік валютаның бағамы 1 долларға шаққанда 35 рубльге жеткенін көріп отырмыз. Бұл тұстағы жағдай əлі де толық айқын емес, – деді Қ.Келімбетов. Сондай-ақ, Ұлттық банк төр ағасы төлем балансындағы өзгерістерді атап көрсетті. 2013 жылы ағымдағы есеп-шот

Ќайрат КЕЛІМБЕТОВ:

Теѕге тґмендегенімен, экономика кґтеріледі

Кеше Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов журналистермен кездесіп, теңге бағамына түзету енгізу шарасына қатысты түсініктеме берді. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Біз мұндай шараға не үшін бардық? Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы мəселені тағы бір түсіндіріп өткім келеді. Өйткені, бұл оқиғаның əлеуметтік-экономикалық жағдай

үшін маңызы зор. Осыған байланысты осы мəселе туралы жекелеген топтардың əңгіме қыздыратындығы белгілі, деген Ұлттық банк басшысы өз сөзін əуелі Ұлттық банктің шұғылданатын негізгі қызметі жөнінде қысқаша түсініктеме беруден бастады. Оның ұлттық валютаның бағамына

сальдосы оң деңгейде болғанымен, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда төрт есеге төмендеген. – Бізде импорт экспорттан жылдам өсуде. Импорттың мұндай тез өсу қарқынын болдырмау үшін 1 долларға шаққанда 145-155 көлемінде болған теңгенің бұрынғы шегі өзін-өзі сарқығандықтан, біздің тарапымыздан валюта бағамына түзетулер енгізілді. Бүгінде біз бағамның 20%-ға өзгеруі жəне долларға шаққандағы теңгенің көрсеткіші 3 теңге төңірегіндегі ауытқумен 185 болуына қол жеткізу – таяу ортамерзімді перспективада Қазақстан экономикасына қажетті, теңбе-тең жəне бəсекеге қабілетті валюта бағамы деп санаймыз. Сондықтан Ұлттық банк басқармасы тиісті шешім қабылдады, біз оны дер кезінде жасалды деп есептейміз. Бұрынғы бағамды ұстап тұру үшін біз маусым-тамызда ұлттық резервтен 2,7 млрд. доллар, ал қаңтарда – 2,2 млрд. доллар саттық. Мұндай бағытта жағдайдың бақылаудан шығып кетуі мүмкін еді. (Соңы 2-бетте). ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

жауап беретіндігін, сондықтан оны үнемі қадағалап отыратындығын жеткізді. Теңге бағамына қатысты айтатын болсақ, жалпы қалыптасқан тəртіп бойынша ұлттық валюталардың қозғалысының бірнеше түрі болатын көрінеді. Олар – еркін қозғалыс, басқарылатын қозғалыс жəне белгіленген баға бағамы. Біздің түсінігімізше, Қазақстанда теңгенің бағамы басқару жағдайында, яғни белгілі бір бағамдық аралықта қозғалып келген. Осы жағдайға орай Қайрат Келімбетов 2009 жылдан бергі 5 жылдың ішінде біздегі теңге бағамы 1 долларға 145-155 теңге аралығында қозғалып келгендігін жеткізді. (Соңы 2-бетте).

 Еңбегімен еленген

От кґсеген азамат

ENRС тобының құрамына кіретін кəсіпорында əулетімен болат балқытушы болып келе жатқан Баймолдиндердің бүгінгі ұрпағымен танысудың сəті түсті. Соның бірі – осы зауытта 29 жыл жұмыс жасап, №1 пештің айтулы балқытушысына айналған, жұмысшыдан бригадирдің дəрежесіне көтерілген Марат Баймолдин. Өзі елуге келіп қалдым дегенмен, еңбек шынықтырған азамат қажырлы, сөзі байсалды.

– Өзім қалада өстім, – деп бастады əңгімесін Марат, – Ақтөбенің мəдени ағарту училищесін бітірдім. Режиссерлік мамандық алдым. Сөйте тұра, мен де əке жолымен балқытушы болып кеттім. Бізді «Баймолдиндер» десе, бұл зауытта, тіпті қара металлургия саласында бəрі біледі. Өйткені, осында əкем Беркін жұмыс істеді балқытушы болып. Əкемнің туған інісі Төлеу Баймолдин осы зауыттың бірінші цехында балқытушы болып, Қазақ КСРының еңбек сіңірген металлургі

атанған, жаңалық ашып, Мемлекеттік сыйлыққа ие болған адам. Шешем Əзима, жеңгелерім Мəлика, Бейбіт зауыттың қойма шаруашылығында жұмыс істеді. Қазір апам Сара сол салада жұмыс атқарады. Төлеу ағамның баласы Мұрат балқытушы болып жүр. Менің ұлым Еркін де еңбек жолын балқытушылықтан бастап, бес жылдан соң басқа жұмысқа ауыс ты. Өндірістен қол үзбей оқып, кеденнің оқуын бітіріп еді, қазір Жайсаңда қызметте. Мараттың əңгімесінен

түйгеніміз, Баймолдиндер əулетінің ер-азаматтары түгел балқытушылық кəсіпті қалаған да, əйелдер жағы қойма шаруашылықтарында қызмет атқарып отырған. Уақыт өте келе, солардың əрқайсысы өз балаларын зауытқа жұмысқа тартқан. Беркін ақсақалдың отбасымен қатар, оның інісі Төлеудің де барлық қарындастары, апалары осы жерден кəсіп тапқан. (Соңы 5-бетте).

Ақтау пластикалық масса зауытына жол битумдары өнді рі сі – 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жемісі. Зауыт жұмысы жоғары сапалы жол битумдарын өндіру үшін тиімді болып табылатын «Қаражанбас» кен орнынан жылына 1 млн.тонна мұнай өңдеуге негізделген. Мұнайдан өндірілген тотыққан битум Қазақстанның барлық жолклиматтық аймақтарына төзімді келеді. Екі түрлі маркалы тотыққан битум өндірісінің көлемі жылына 406 мың тоннаны құрамақ. Ақтау битум зауытында дайындалатын полимерлімодификацияланған жол битумы Қазақстанда бұрын өндірілмеген, сол себепті жол құрылысында қолданылмаған инновациялық жол материалы болып табылады. Ыстық пен суыққа төзімді, жолдың жарамдылық мерзімін ұзартып, олардың жөндеу шығындарын айтарлықтай азайтатын аталмыш бұйымның жылына 120 мың тоннасын шығару жоспарланған. Битум сапасының жоғалмауы үшін өнім өндірушілер жол битумдарын бір жолғы полимерлі көліктік ыдыстың екі түріне – биг-бэги (1000 кг) жəне қаптарға (40 кг) бөлшектеп орауды қолға алып отыр. Өлшеніп оралған салқын битумды қолдану тек материалдың бастапқы физика-химиялық

көрсеткіштерін сақтауға ғана емес, сонымен бірге, үлкен көлемді битум қоймаларында битумдарды балқымалы түрде ұстаудағы шығындардың азаюы есебінен асфальт-бетон зауыттарында үнемділікке қол жеткізеді. Бүгінге дейін 5 мың тоннадан астам битум мен 7 мың тоннадан астам вакуумдық газойль дайындап үлгерген зауыттың болашақта

 Жолдау жауапкершілігі

Жаѕа табыстардыѕ жарќын бастауы

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған мемлекетімізді дамытудың басым бағыттары Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Оңтүстік Қазақстан облысында өткен кездесулерінде əңгіме өзегіне айналды. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Кентау трансформатор зауытының өнімі бүгінде экономиканың түрлі салаларында: электр энергетикасы, металлургия, маши на жасау, көлік, мұнай-газ кешені, тұрғын үй-коммуналдық секторларында кеңінен пайдаланылады. Заманға сай жоғары технологиялы құралдарды пайдалану арқасында шығарылған өнім сапалы əрі сенімді болып отыр. Н.Нығматулин зауыт жұмысшыларына Президент Жолдауы ның негізгі бағыттары

туралы кеңінен əңгіме етіп, барлық қазақстандықтардың басты мақсаты – Елбасы жүктеген тарихи міндеттерді жүзеге асыруға белсене араласу екенін қадап айтты. Мəжіліс Төрағасы аймақтың жалпы индустриялық əлеуетіне тоқтала келіп, аталған зауыттың жоғары технологияларды пайдалануға, өндірісті жаңғыртуға бағытталғанын тілге тиек етті. Айталық, 2013 жылы өндірістік өнім 552 миллиард теңгені құрады, бұл – 2012 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға жоғары. (Соңы 4-бетте).

өз өнімділік аясын кеңейте түсу межесі бар. Сəуір айында толық қуатына еніп жұмыс жүргізуді жоспарлап отырған өндіріс орны 286 адамды жұмыспен қамтыған. Қытайлық əріптестерінен үйрену арқылы өндірісті тиімді жүргізу бағытында тəжірибе жетілдірген мамандар жұмысқа тың күшпен кіріскен. Алдымен өңірдің, еліміздің ішкі қажеттілігін

қамтамасыз етіп, кейін сырт елдерге экспортқа шығарылатын жол битумы шағын болса да ел экономикасына оң əсер ететін өндіріс көздерінің бірі болады деп күтілуде. Маңғыстау облысы. ---------------------------------------Суреттерді түсірген С.МАЙЕМЕРОВ.

Қазақстан Республикасының Заңы

2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мəскеуде жасалған хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 11 ақпан. №171-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы ынтымақтастық пен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметіне қатысты келісімді ратификациялау туралы

2013 жылғы 11 мамырда Ыстамбұлда жасалған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкі арасындағы ынтымақтастық пен Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметіне қатысты келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 11 ақпан. №172-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

1999 жылғы 21 қазанда Бернде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

1999 жылғы 21 қазанда Бернде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға жəне Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы 2010 жылғы 3 қыркүйекте Астанада жасалған хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 11 ақпан. №173-V ҚРЗ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.