АҚПАРАТТАР аєыны
№85 (28024) 13 НАУРЫЗ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Ќысќа мерзімді демалысќа шыќты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімді демалысқа шықты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кəсіпкерлікті қолдау, бизнестің жағдайын жақсарту жəне кедендік əкімшілендіруді жетілдіру мəселелері талқыланды.
Кəсіпкерлікті дамыту – экономикалыќ ґсім ґзегі
Толғандырар тақырып
Ќар ќатері
Алтай аймаєын алаѕдатуда Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
«Қазіргі күні елімізде кəсіпкерлікті дамытуға Елбасы ерекше көңіл бөліп отыр. Осы салаларда атқарылған іс-шаралар да аз емес. Рұқсат беретін құжаттардың санын 30 пайызға қысқарту, мемлекеттік органдардың тексеру функцияларын азайту жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын сараптап, пысықтау үшін жұмыс тобы құрылды», деп сөз бастаған Үкімет басшысы күн тəртібіндегі екінші мəселенің де маңыздылығына тоқталып өтті. Мемлекет басшысы кедендік органдардың жұмысын жетілдіру жөніндегі Үкіметтің ұсынысын қолдағанын айта келе, енді осы тапсырманы орындау үшін 15 наурызға дейін тиісті іс-шаралар жоспарын бекітулері қажеттігін, осыған орай осы отырыста ұсыныстарды талқылап, тиісті шешімдер қабылдайтындарын айтты. Бірінші мəселе жөнінде Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев баяндама жасады. Қ.Өскенбаев кəсіпкерлікті жан-жақты қолдау елімізді дамытудың стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылатындығын айта келіп, бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығына тоқталды. (Соңы 3-бетте).
Қарт Алтайда биыл қар қалың. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен жылмен салыстырғанда қар мөлшері өңірде екі-екі жарым, тіпті кей аудандарда үш есе қалың түскен. Шалғайда жатқан Үржар ауданында қар жылдағыдан екі жарым есе артық. Аудандық азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы Қайрат Рахымбековтің айтуынша, аудан əкімі Бауыржан Жанақовтың өзі бас болып, мекеме, кəсіпорындар жұмысшыларымен бірге сенбілікке шықты. Олар көшелердегі, тұрғын үйлердегі қалың қарды далаға шығарып жатыр. Бұл ауданда Егінсу су қоймасы бар, оған еріген қар суы құйыла бастады. Сондықтан, жағалауды бекіту жұмыстары да қолға алынды. Үржар ауданының əкімі Б.Жанақов облыстық əкімдікте Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың қатысуымен өткен жиында, əзірше, тасқынның алдын алуға 33 миллион теңге қаражат қажет деген еді, бұл көмек келіп түскен жоқ. Зырян ауданында да қар қалың, кісі бойынан бір жарым есе артық. 1993 жылғы қалың қардан биыл екі еседей артық, дейді аудан тұрғындары. Аудан əкімі Ермак Сəлімовпен хабарласқанымызда, тасқынға қызу дайындалып жатқандықтарын айтты. «Жергілікті бюджеттен 49 миллион теңге бөлінді. Техника жеткілікті. Өткен жылы Тұрғысын өзені жағалауын бекітуге қаржы бөлінген, биыл ТЖМ 28 миллион теңге қаржы бермек. 100
Баќылау барынша кїшейтілуі тиіс Кеше еліміздің Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырысты ашқан Мем ле кеттік хатшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы ретінде қарастырылатынын атап өтті. Ел Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында бұл құбылысқа қарсы күресті күшейту жəне жою қажеттігін ерекше атап көрсетті. Отырыста денсаулық сақтау саласы қаржыландыруды ең көп қажет ететін саланың бірі саналатыны, сол себепті оған жыл сайын едəуір мөлшерде бюджеттік қаражат бөлінетіні атап өтілді. Алайда, бүгінде оны тиімсіз пайдалану орын алуда, медициналық қызмет көрсетуде, дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етуде проблемалар бар. Сондай-ақ, комиссия жер қойнауын пайдалану мəселелеріне байланысты бірқатар проблемаларды қарастырды. Өйткені, республикалық бюджеттің негізгі кіріс бөлігі осы
саладағы салық түсімдері есебінен құралады. Сөз сөйлеушілер атап өткендей, сыбайлас жемқорлық фактілері пайда болуының негізгі себептері келісім-шарттарды жасау жəне рəсімдеу тəртібінің тым күрделілігінде болып табылады. Салықтар мен баж салығын төлеуден жалтаруға жол бермес үшін шикі мұнайды өндіруге, тасып əкетуге бақылауды жəне есеп жүргізуді қатайта түсу қажет. Отырыста еліміз Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Ə.Исекешевтің, Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекованың, Мұнай жəне газ министрі С.Мыңбаевтың, Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековтің, Бас Прокурор А.Дауылбаевтың есептері тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша, комиссия тарапынан мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.
Жасампаздық жемістері
метр жерге тас пен бетоннан бөген қою жұмыстары жүріп жатыр, дейді аудан əкімі Е.Сəлімов. Кеше өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Зырян ауданына келіп, тасқынға əзірлік жұмыстарымен танысты. (Соңы 3-бетте).
Мəссаған!
Жауапсыздыќ па, сауатсыздыќ па? Біздің елде мұндай сорақылық болады деп еш ойлаған емеспін. Мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің жауапсыздығы мен салғырттығынан қиналып жүрген жайым бар. Менің туған жылым 04.10.1959, жеке куəлігімді (№ 015260223) 2004 жылы, яғни 45 жасымда айырбастағанмын. Сонда ЖСН №491004400704 деп көрсетілді. Ал енді осы ЖСН нөмірім мен туған жылым сəйкес келмейді. Мынау қате ғой дегенімде ондағылар «ештеңе етпейді» деді. Осының салдарынан менің жұмыс орным, яғни аудандық орталықтандырылған кітапхана «компьютер сəйкессіздікті қабылдамай тұр» деп жалақымды бере алмай жəне тиісті қаржыны зейнетақы қорына аудара алмай отыр. Содан аудандық əділет басқармасының бастығының міндетін атқарушы Аягөз Бейсентайқызына барып жолықтым. Ол: «ЖСН-ді біздер қарамаймыз, онымен
Алаңдатарлық ахуал
Ќаламќас жўмысшылары талап ќойып отыр Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
«SUPER PHARM»-ныѕ сапалы бўйымдары
еліміздегі медициналыќ бір реттік киімкешектерге деген сўранысты толыќ ґтеп, шетелге де шыєарыла бастады Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
«SUPER PHARM» мен «СКФармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бірлесе отырып жұмыс істеуі
еліміздегі медициналық емдеусауықтыру мекемелеріне қажетті бір рет пайдаланылатын бұйымдарға деген сұранысты толық өтей бастады. (Соңы 3-бетте).
айналысатын Көші-қон полициясы», деді. Жазған құлда шаршау бар ма деп, Көші-қон полициясының капитаны Балуан Жайыновқа жолықтым. Ол кісі: «ЖСН түзелмейді, ЖСН қате болмайды, сіз басқа жеке куəлік алсаңыз да ЖСН сол қалпында қалады», деп маған мынадай үлгіде анықтама берді: «Дана гр.Ищанова Гульнар Музаппаровна 04.10.59 г.р.,удостоверение личности №015260223 от 27.12.2004 выдан МВД РК., ИИН-491004400704. Не соответствие первых шести символов ИИН дате рождения не является ошибкой. Согласно П.6 ст.9 Закона РК «О национальных реестрах идентификационных номеров» при повторной и последующей выдаче документов формирование нового индивидуального идентификационного номера не производится. Ст.инспектор ГМП Казталовского РОВД капитан полиции Жайынов Б.С».
Бозашы бойындағы Қаламқас кен орнында наразылық білдіргендердің басты талабы – жалақыны көтеру. Нақтырақ айтсақ, жұмыс істеуден бас тартып, жалақыны көтеруді сұрағандар кен орнына сервистік қызмет көрсететін «Oil Servise Company» ЖШС жұмыскерлері екен. Аталмыш ЖШС Қаламқасқа қызмет көрсететін ірі мекемелердің бірі. Ол мұнай жəне газ ұңғымаларын бұрғылау мен игеру, ұңғымаларға күрделі жəне жерасты жөндеу жүргізу, мұнай өндіру үрдісін технологиялық тұрғыда химияландыру, көлікпен қамтамасыз ету жəне өзге де қызметтер көрсетумен айналысады. Мұнай-газ ұңғымаларын игеру мен бұрғылау, күрделі, сондайақ жерасты жөндеулерін жүргізу үрдісінде отандық жəне шетелдік жаңа құрал-жабдықтарды, ғылыми жаңалықтарды пайдаланатын «Oil Servise Company» ЖШС Қаламқас кен
орнына ұңғымаларға күрделі жөндеу жүргізу саласында – 11, ұңғымаларға жерасты жөндеу жүргізу бөлімінде 15 бригаданы жұмылдырған. Екі салада 3000-ға жуық адам жұмыс жасап жүр. Наразылық орын алған күні компания басшылары, Маңғыстау облысы əкімдігі өкілдері мен құқық қорғау саласының жетекшілері Қаламқас кен орнына аттанып кеткен болатын. Түсіндіру, əңгімелесу шараларынан соң, бір күн ереуілдеген мұнайшылар өз жұмыстарына оралды. Қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Т.Бимағанбетов мұнайшылармен, кəсіподақ ұйымының белсенділерімен кездесуде. Маңғыстау облысы əкімінің кеңесшісі Е.Исмайыловтың айтуынша, олардың жалақысын көтеру биылғы жылдың сəуір айына жоспарланған. Сондықтан, жоспарда бар нəрсенің айқай-шусыз-ақ реттелетініне сенім бар. Маңғыстау облысы.
Бұл не сонда? Батыс Қазақстан облысына қарасты Қазталов ауданының мемлекеттік органдарының қызметкерлері заң білмей ме, əлде заңда шикілік бар ма? Өйткені, жоғарыдағылардың айтқандары дұрыс дейін десек, менің жұмыс істейтін мекемем «біз бұл анықтамамен жалақы бере алмаймыз, сондықтан міндетті түрде заң бойынша ЖСН-ді түзету керек» дейді. Ал полиция капитаны Б.Жайынов заң бойынша қате емес дейді. Кімге сенеміз? Кім дұрыс айтып, мемлекеттік мекемелер жіберген қатені түзете алады, сөйтіп, бұлар мені бір-біріне доп секілді қақпақылдай қағып, білместік ойындарын ойнауды қашан қояды? Кім көмек бере алады?
Гүлнəр ИЩАНОВА. Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Нұрсай ауылы.
Астанада индустриялықинновациялық жобалардың байқауы өтіп жатыр. Кеше басталған шараның негізгі мақсаты бизнес-инкубацияны іске асыру, сол арқылы жас фирмалардың дамып, бюджет қаржысымен ин новациялық бастамаларды іс жүзіне асыруларына көмек көрсету болып табылады. Елорданың 3 мыңнан астам медицина қызметкері ше телдерде біліктіліктерін көтеріп қайтты. Өткен жылы мұнда 4 105 медицина қызметкері біліктілікті жетілдіру курстарынан өткен еді. Бұл қаладағы маман медбикелердің жалпы санының 55 пайызын құрайды. Биыл еліміздің барлық облыстарында кəсіпкерлікті қолдау орталығы ашылады. Осыған орай үстіміздегі жылдың 1 мамырына қарай мобильдік жүйелерді іске қосу межеленіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар «Атамекен» одағымен бірлесе жүргізіледі. Павлодарда Иманжү сіпке арналған халықаралық кон ференция болады. Үсті міздегі жылғы 31 мамырда өтетін бұл шара белгілі тұлғаның туғанына 150 жыл толуына орайластырылған. «Қазіргі кезеңнің мəдени-тарихи дəстүріндегі Иманжүсіп» деген тақырыптағы ғылымитəжірибелік жиынды Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұйымдастырғалы отыр. Алматыда дəстүрлі «Театр көктемі – 2013» фестивалі басталатын күн жақын. Биылғы халықаралық театр күні қарсаңында басталатын байқау Қа зақстанның халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Камал Қармысовтың туғанына 100 жыл толуына арналады. Ал өнер бəйгесінде өткен жылғы наурыздан кейін сахнаға шыққан жаңа спектакльдер қойылып, сарапқа салынады. Алматы халықаралық əуежайында «Uni жылжымалы кітапхана» пайда болды. Жоба бастамашылары – АҚШтың Бас консулдығы мен С.Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы оны 15 наурызға дейін əуежайдың 2-қабатында өткізеді. Бұл өз рейсін күтіп отырған жолаушылардың кітап оқып, бос уақытын тиімді өткізулеріне жол ашады. Маңғыстау облысының Құрық ауылында əйелдерді қолдайтын алғашқы орталық іске қосылды. Мұнайлы түбектің Қарақия ауданына қарасты елді мекенде бой көтерген жаңа мекен «Ажар» деп аталады. Ол «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры негізінде пайда болды. Сыр бойында мүмкіндігі шектеулі əйел-кəсіпкерлерге нəсіптеріне орай сый-сияпаттар жасалды. Олар «Даму-Көмек» бағ дарламасы шеңберінде əлеуметтік жағдайларын жақсартуға мүм кіндік алды. Осы лай ша, үйлерінде киім тігетін 5 ісмер əйелге тігін мəшинесі, компьютерлік қызмет көрсететін 1 əйелге ноутбук тапсырылды. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
Күпті көңіл
Наразылыќ
акциясын ўйымдастырушы халыќшыл коммунистерді коммуналдыќ ќызмет тарифтерініѕ ґсуі алаѕдатып отыр Кеше елордадағы Шəкəрім Құдайбердіұлы мен Александр Пушкин көшелерінің қиылысындағы алаңда Қазақстан Коммунистік халық партиясы Астана қалалық комитетінің ұйымдастыруымен коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауына байланысты наразылық митингісі өтті. Оған елорда тұрғындарымен қатар, Парламент депутаттары, бірқатар саяси партиялар мен қаладағы коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің өкілдері қатысты.
Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Біз Астана қаласы əкімдігінің рұқсат етуімен наразылық митингісі өтетін алаңға ертерек барған едік. Ондағы мақсатымыз – акцияны ұйымдастырушылармен жəне оған
қатысатын қала тұрғындарымен аз-кем тілдесу болатын. Алғашқы жолыққан адамымыз Мəжіліс депутаты, Қазақстан Коммунистік халық партиясы орталық аппаратының хатшысы Жамбыл Ахметбеков болды. (Соңы 3-бетте).