Бїгінгі нґмірде:
№49 (28273) 13 НАУРЫЗ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Балмўздаќты «вафель» стаканымен жеуді їйретті 3-бет Білім берекесі бірлікте 4-бет «Дала əуендерінен жаралєан елімніѕ келбетіне єашыќпын...» 5-бет Діни экстремизм 6-бет
● Оралмандар – Отан деп оралғандар
Істіѕ кґзін тапќанєа мїмкіндік мол Еліміздің шығыс өңірінде өмір сүріп жатқан қандастарымызға қанатты қамқорлық жасалып жатқанын жуырда жазған болатынбыз («Оңтүстікте халық көп, жер аз. Ал бізде жер көп, халық аз...», №31, 14.02.2014 ж.). Шынында, шыбық қадасаң көктей жөнелетін шұрайлы шығыс өңіріне қоныс аударған ағайындардың ахуалы жыл өткен сайын айтарлықтай алға басып келеді. Істің көзін тапқан, маңдайдың терін сүрткен жанға мұнда мүмкіндік мол.
Ќоєамдастыќ ќызметіне ќатысты ќабылдау Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысы Тайыр Мансұровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында ұйымның қазіргі қызметінің мəселелері, алдағы кезеңге арналған жоспарлар, сондай-ақ, Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің іске асырылу жайы талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттердің интеграциялық құрылымдар аясындағы көптарапты өзара ықпалдастығының негізін қамтамасыз ету бағытында
атқарылып жатқан жұмыстардың маңыз дылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті елдердің технологиялар мен бизнес саласындағы тиімді ынтымақтастығына септігін тигізетін интеграциялық институттар қызметінің жемісті нəтижелеріне назар аударды. Т.Мансұров ұйымның алдына қойылған міндеттердің іске асырылуы жəне ЕурАзЭҚ-қа мүше
мемлекеттер халықтарының мүдделері үшін экономикалық интеграцияға қол жеткізуге бағытталған жұмыстар туралы айтты. Бас хатшы Мемлекет басшысының бұдан 20 жыл бұрын М.Ломоносов атындағы Мəскеу мем лекеттік университетінде мемлекеттердің Еура зиялық одағын қалыптастыру ту ралы алғаш ұсынған бастамасы посткеңестік кеңістіктегі эконо микалық интеграцияға негіз қалағанын атап көрсетті.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Ашыќтыќ заѕсыз əрекеттердіѕ алдын алады Кеше палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мəжіліс бірінші оқылымда меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру жəне оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мəселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Жаңалықтар Азаматтық кодексінің тиісті актіні шығарған мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның кінəсіне қарамастан, заңсыз актілерді шығару салдарынан меншік иесіне
келтірілген шығындарды өтеу туралы 267-бабының редакциясын нақтылауды ұсынып отыр. Бұған қоса, заң жобасында нақты жылжымайтын мүлік объектісі бойынша ақпарат құқық иеленушінің келісімімен өзге де тұлғалардың сұрау салулары бойынша берілетін жəне құқық иеленушінің
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы А.Мұхамедиұлын Қазақстан Республикасының Мəдениет министрі қызметіне тағайындау туралы
Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Мəдениет министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 11 наурыз №766
Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ
1963 жылы туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты. Консерваторияны бітіргеннен кейін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінде мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1991-1994 жылдары республиканың Мəдениет министрлігінде маман, министрдің көмекшісі болып еңбек етті. «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің директоры, Республикалық ұланның Президенттік оркестрінің бастығы, Мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігінің Республикалық жəне халықаралық мəдени бағдарламалар дирекциясының бас директоры, «Қазақ əуендері» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқарды. Мəдениет жəне ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің бас инспекторы, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2008 жылғы сəуірден – Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры.
Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрі қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды; Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметінен босатылды.
келісімінсіз осындай ақпаратқа қолжетімділік алуға құқығы бар тұлғалардың түбе гейлі тобы айқындалатын нормалар көзделіп отыр. Сонымен қатар, заң жобасымен нотариалдық куəландырылған мəміле жасасқан жағдайда жылжымайтын мүлікке құқықты міндетті түрде электрондық тəртіппен мемлекеттік тіркеу белгіленеді. Осындай жəне де басқа жаңашылдықтарды Заңнама жəне сотқұқықтық реформа комитетінің мүшесі Мұхтар Тінікеев қосымша баяндамасында түсіндіріп өтті. (Соңы 2-бетте).
Жаѕа басшыны таныстырды Премьер-Министр Се рік Ахметов Мəдениет ми нис трлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Арыс танбек Мұхамедиұлын та ныстырды, деп хабарлады Пре мьер-Министрдің баспасөз қызметі. «Мемлекет басшысының Жар лығымен Арыстанбек Мұха медиұлы Мəдениет министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы сізге осынау жұмыстың маңызды саласын сеніп тапсырды. Президент көпұлтты Қазақстанның мəдениетіне, төзімділікті нығайтуға, ұлтаралық келісімге ай рықша көңіл бөледі», деген Үкімет басшысы Мəдениет министрлігінің жаңа басшысына жұмыста табыстар тіледі. Премьер-Министр, сондай-ақ, ведомствоның бұрынғы басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. М.Құл-Мұхаммедтің басшылығымен мəдениет жəне ақпарат саласында белгілі бір нəтижелерге қол жеткізілді, деген С.Ахметов «Сіз отандық мəдениет пен өнердің дамуына елеулі үлес қостыңыз», деп оның еңбегін атап өтті. Мемлекет басшысының Өкімімен М.Құл-Мұхаммедтің Президент кеңесшісі болып тағайындалғанын еске саламыз.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстанға қоныс аударған қандастарымыздың қарымды тіршілігі Өскеменде тұңғыш рет өткен облыстық отандастар форумында да аңғарылды. Айталық, отандастар арасында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы несие алып, кəсіп көзін ашып жатқандардың күннен-күнге көбейіп келе жатқаны қуантып отыр. Өткен жылы 68 оралман өз
ісін ашуға 155,4 млн. теңге алыпты. Олар қаржының басым бөлігін мал жəне егін шаруашылығын дамытуға жұмсаған. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының
орынбасары Сұлтанəлі Балғабаев отандастарымыздың жайлы тұрмыс кешіп, жақсы өмір сүруіне өңірде қолайлы жағдай жасалып отырғанын, облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың біліктілік танытып,
Кґрмеге дайындыќ жайы сґз болды Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті, деп хабарлады ҚР ПремьерМинистрінің баспасөз қызметі. Тараптар Қазақстан мен ХКБның Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде өзара іс-қимылы мəселелерін талқылады. Премьер-Министр көрменің алғашқы нысандары құрылысының басталу мерзімі туралы хабарлады. «Біз Мемлекет басшысына Көрменің сəулеттік жобасы тұ жырымдамасын ұсындық. Мамырда ЭКСПО-ның алғашқы нысандарының құрылысы басталады», – деді С.Ахметов.
Премьер-Министр көрмені өткізуді ұйымдастыру үшін барлық шарттардың, оның ішінде құқықтық жағдайлардың жасалғанын атап көрсетті. «Өткен жылдың аяғында көрменің инфрақұрылымдары мен нысандарын уақытында са лу үшін қажетті құқықтық ба за жасайтын, сондай-ақ, ЭКСПО-2017-ні өткізуге қатысты процедуралық жəне ұйымдастырушылық мəселелерді шешетін заң қабылданды. Бір сөзбен айтқанда, шешілмейтін
мəселе жоқ», – деп атап өтті Премьер-Министр. Өз кезегінде, ХКБ басшысы Қазақстанның осы жылғы маусымда көрменің ресми туын алу үшін барлық мүмкіндіктерінің барлығына сенім білдірді. «Қазақстанның қолына ресми ту маусым айында түседі, содан кейін ЭКСПО-2017-ге қаты сушы-елдерді шақыру бойынша бағдарламалар жүзеге асырыла бастайтынына сенімдімін», – деп сөзін түйіндеді В.Лоссерталес. ХКБ Бас хатшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол ЭКСПО2017-ге дайындық жайымен танысатын болады.
● Интеграция игілігі
Аќмола мен Гродно облыстары: екіжаќты байланыстар ныєаюда Меруерт ПАЛМАХАНОВА, журналист,
Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
Ынтымаќтастыќ ырысќа бастайды Өткен аптада Ақмола облысының əкімі Қосман Айтмұхаметов бастаған өңір делегациясы Беларусь Республикасының Гродно облысында үш күндік жұмыс сапарымен болды. Құрамында ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіп орындарының басшылары, жергілікті билік өкілдері бар ақмолалық ресми топ ынтымақты байла ныстағы əріптестерінің əр саладағы жұмыс тəжірибесімен танысты. Əсіресе, белорустық диқандар мен малшылар тіршілігіндегі соны тыныс, толымды табыс тетіктеріне, қолданыстағы үздік технологиялық қадамдарға ерекше ден қойылды. – Бүгінгі таңда Ақмола жəне Гродно облыстары ауыл шаруашылығын дамыту жағынан бір-біріне ұқсас өңірлер болып табылады. Кейбір бағыттар бойынша гроднендіктер бізден
ілгері тұр, мұның өзі біз үшін үлгі-өнеге, – деді алғаш қы əсерлерімен бөліскен делегация басшысы Қосман Айтмұхаметов. Белорустар бізге Гродно облысының фермаларында игерілген бірқатар технологиялармен танысуға қолайлы мүмкіндік туғызды. Ақмо лалық тарды сон дай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту, аграрлық қалашықтар салу тəжірибелері де қызықтырғаны анық. Гродно облысының губернаторы Владимир Кравцовпен жəне облыстық атқару коми тетінің төрағасы Сергей Шапиромен кездесу барысында Қосман Айтмұхаметов елімізде бюджеттік тұрғын үй құрылысын жүргізу бағдарламасы кең өріс ала түскендігін, осының нəтижесінде 2020 жылға дейін екі миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй алаңын пайдалануға беру көзделіп отырғандығын жеткізді. Ақмола облысы қазіргі таңда индустриялық секторға белсенді бетбұрыс жасауда. Туризм саласындағы кластерлік жүйенің де қайтарымы жоғары болмақ. Өңірде егіншілік
мəдениетін көтеру, мал шаруашылығын асылдандыру жұмыстарына басымдық беріл ген. Мем лек ет əлеуметтік бағ дар лама лар дың толықтай өтелуін бақылауда ұстап, қолдау шара ларын кеңітуде. Жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілі мекендейтін өңірдің жарасты тіршілігі, бауырмал ықыласы бүкіл жетістіктеріміздің тірегі саналады. Осының бəрі Бела русь Республикасымен ынтымақтастық байланыс үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Гродно облысының губернаторы Владимир Кравцов өз кезегінде аймақтың негізгі даму бағыттары, екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық байланыстар көкжиегі туралы баяндады. Адамдар жүрегін жылытатын кез келген қадамдарға қолдау білдірілетінін мəлімдеген ол нақты ұсыныстарын да ортаға салды. Мəселен, кездесу барысында Ақмола облысынан ай сайын 7-8 мың тонна бидай алып тұруға уағдаластық қадам жасады. (Соңы 3-бетте).
«А» КОРПУСЫНЫЅ МЕМЛЕКЕТТІК ƏКІМШІЛІК ЌЫЗМЕТІНІЅ КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарлайды. Хабарландырудың толық мəтіні 8-бетте жарияланып отыр.
форумды ұйымдастыруының өзі оралман ағайынның қолдаудан қалыс емес екенін аңғартатынын айтты. (Соңы 7-бетте).
АҚПАРАТТАР аєыны ● Үкіметтің резерві биыл 45 млрд. теңгеге көбейтіледі. Эконо мика жəне бюджеттік жоспарлау ми нистрі Ерболат Досаевтың айтуын ша, ол 2014 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері 6 206,1 млрд. теңге көлемінде немесе бекітілген 5 773,7 млрд. теңгелік бюджетпен салыстырғанда 431,7 млрд. теңгеге өсуімен айқындалған. ● Арқалық қаласында жолдарды қайта жасауға 170 млн. теңге бөлініп отыр. Қала əкімі Ғазиз Бекмұхамедовтің баяндауынша, республика моноқалалар тізіміне енген елді мекенде қазірге дейін «Алю минстрой» жəне «Тазарту-Арқалық» серіктестіктері 49,7 млн. теңгеге көшелердің табандарын ағымдағы жөндеуден өткізген. ● Қызылорда облыстық прокуратурасы 10 кəсіпорынның жалақы бойынша қарыздарын өтеуіне себепкер болды. Қаңтар жəне ақпан айларында прокурорлық əрекет ету шаралары барысында осы еңбек мекемелері 4311 қызметкерге 482,2 млн. теңге көлеміндегі жалақыларын қайтарды. Олардың арасында «Қызылорда Авто Транс» ЖШС, «Импреза С.п.А.» АҚ секілді ірі компаниялар бар. ● Оңтүстік өлкеде биыл да Наурыз мерекесі тоғыз күнге созылғалы отыр. Облыс əкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен қолға алынған той шаралары тағы атаулы күндер негізінде өтіп, жалпыхалықтық мерекенің мəн-мазмұнын ашуға қызмет етпекші. «Наурыз халқымыздың көнеден келе жатқан Наурызнама дəстүрін заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға бағытталады», – делінген баспасөз баянында. ● Белгілі кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың жаңа фильмі прокатқа шығады. Алдағы 20 наурыз күні тұсаукесері өткізілетін «Кемпір» атты бұл комедия Қайырғали жəне Күлпаш есімді қос қарияның өмірлерінен сыр шертеді. Режиссердің айтуынша, онда тұрпайы көріністер жоқ, оқиғалар түгелдей қазақы күлкіге құрылған. ● Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасын жаңа басшысы басқарады. Бұл тізгінді қолға алған 31 жастағы Арман Бердалин есімді саясаттанушы маман ең бек жолын бұқаралық ақпарат құралдарында бастап, тілдерді дамыту саласына ойысқан. Ал 2010 жылғы қыркүйектен М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық əмбебап кітапханасында директор болған. BNews.kz, Nur,kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.