Бүгінгі нөмірде: Әлеует әрекетпен әлденеді
3-бет
Соғысқа қазақтар қатыспаған ба? №106 (28045) 13 СƏУІР СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
4-бет
Дегдар
5-бет
Отандық ғылымда ілгерілеу бар Сөз сойыл
Басты байлық
Медицина: онлайн кґмек Астанадағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ пен Алматы қаласындағы «Педиатрия мен бала хирургиясы ғылыми орталығы» РМКМ мамандары «Саламатты Қазақстан» арнайы медициналық пойызының дəрігерлеріне онлайн-кеңес берді.
Қазіргі таңда адамдарды алаңдатып отырған басты проблеманың бірі – жол қауіпсіздігін сақтау, күн сайын қаптаған автокөліктердің астына жолаушылардың кенеттен түсіп кетпеуінің алдын алу. Үстіміздегі жылдың үш айында ғана ШҚО ІІД жол полициясы қызметкерлері көлік иелері тарапынан жіберілген 44625 тəртіп бұзушылықты тіркеген. 24 адам жол апатынан қаза тауып, 271 адам жарақат алған. Үш айға бұл аз емес. «Егемен Қазақстан» газетінің өңірдегі меншікті тілшісі Оңдасын Елубай Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы Петр Никифоровқа:
– Сіз бұған не дейсіз? – Жол-көлік оқиғаларының көбейіп келе жатқаны ойландырады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда адам өлімі 11,1 пайызға азайғанымен, жарақат алғандар 192-ден 271-ге көбейген. Көлік рөліне ішімдік ішіп алып отырған 953 адам, көліктің жылдамдығын арттырған 9246 адам əкімшілік жауапқа тартылды, айыппұл салынды. Алайда, біздің міндетіміз көлік иелерін жазалау емес, тəртіп бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау, əсіресе, балалардың жол жүру ережесін қатаң сақтауларын қадағалау болып табылады. Балалардың жол-көлік жарақаттарын алуының алдын алу мақсатында үстіміздегі жылдың 11-16 наурызы аралығында жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық білім беру мекемелерімен, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты қоғамдық бірлестіктері филиалдарымен, облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, басқа да азаматтық қоғам институттарымен, БАҚ-тармен бірлесіп, «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!» атты кең көлемді автожорық ұйымдастырдық. Иə, ата-аналар бірінші кезекте балаларының ертеңіне алаңдаушылық білдіріп, қауіпсіздік шаралары жайлы күн сайын құлақтарына құйып отырса, нұр үстіне нұр. Қала тұрғындары «Өзара түсіністік күні», «Жол қауіпсіздігі апталығы», «Жолдос көмекке асығады» атты шараларға да белсене араласып, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу жайлы кинофильмдерді тамашалады, парақшалар, кітапшалар, 2150 дана тиражбен шыққан 20 түрлі жадынамалармен танысты. Көрнекі үгіт-насихат материалдары «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы жəне облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен əзірленді. «Біз біргеміз!» атты облыстық слетте «Жол қозғалысының жас инспекторы» номинациясында жеңімпаз атанған Татьяна Ивченко ШҚО ІІД бастығы Рашид Жақыповтың қолынан сыйлық пен мақтау қағазын алды. Біздің басқарма қызметкерлері өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, адам өмірінің қауіпсіз болуы жолында ізденіспен еңбек ете бермек. ӨСКЕМЕН.
Бəрекелді! Ажары жылдан жылға айшықтанып келе жатқан ару Астана тағы да халықаралық биік беделге ие болды. Күні кеше бас қаламыз Бүкілəлемдік туристік қалалар федерациясына (WTCF) мүше болып кірді. Астана WTCF-тің құрамына кірген əлемнің 56-шы, ал кеңестік елдер арасындағы үшінші қала болып табылады.
Елордамыз Бүкілəлемдік туристік қалалар федерациясына Пекин мэрі Уонг Аншунгтің шақыруы бойынша мүше болып кіріп отыр. «WTCF төрағасы ретінде мен сіздің қаланы осы беделді ұйымның құрамына қуана ұсындым. Федерацияға қосыла отырып, сіздің қала ұйымдағы басқа қалалармен бірге сəтті тəжірибесімен, туризмді дамыту мүмкіндіктерімен бөлісетіндігіне сенімім зор», дейді Пекин мэрі, Федерация кеңесінің төрағасы Уонг Аншунг. Бүгінде WTCF құрамында Амстердам (Голландия), БуэносАйрес (Аргентина), Гонконг (Қытай), Дубай (БАƏ), Лондон (Ұлыбритания), Лос-Анджелес (АҚШ), Мəскеу (Ресей), Минск
(Беларусь), Рим (Италия), София (Болгария) жəне басқа əлемнің ірі де сəулетті мегаполистері бар. Енді осы беделді ұйымға Астана қаласы берік мүше болып енді. Астана WTCF ұсынған барлық негізгі талаптарға сай болып шықты. Елордамыз сəнді де салтанатты сəулетімен, туристік келбетімен үлкен əлеуетке ие. Бас қаламыздың дамыған инфрақұрылымы да халықаралық талаптар деңгейіне сай болып шықты. Қазір Астана əлемнің барлық елдері туристерінің назарын аударып, бұрын-соңды болмаған қызығушылығын туғызуда. «Егемен-ақпарат».
Интернет иірімдерінде
САЙТТА СҐЙЛЕЅІЗ! www.egemen.kz сіздіѕ пікіріѕізді кїтеді
Қандай бұқаралық ақпарат құралы да өзінде жарияланған материалға оқырман тарапынан қайтарым көбірек болғанын қалайды. Газет пен оқырман арасындағы мұндай етене байланыс бұрынырақта оқырмандар хаттарынан байқалатын. Ретіне қарай сол хаттардың бір бөлігі газетте жарияланып та тұратын. Тағы бірқатарының авторларына газет қызметкерлері жауап жазып жататын. Cуретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.
«Егемен-ақпарат».
Жол ќауіпсіздігі басты назарда
7-бет
Астана – халыќаралыќ ўйым мїшесі
Көмек Шығыс Қазақстан облысының 1 жасар тұрғыны Дениске көрсетілді. Сəби туа біткен аяқ маймақтығына душар болған. Мəселені шешу мақсатында Алматы қаласы Ақсай балалар ауруханасы ортопедия бөлімінің меңгерушісі Ислам Харамов пен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы ортопедия мен травматология бөлімінің меңгерушісі Болат Нағыманов сəбидің ата-анасы мен пойыз дəрігерлеріне ортақ кеңес берді. Онлайнконсилиумның шығарған шешімі – баласы мен анасына жоғарыда айтылған клиникалардың біріне емделуге шақыру. Біз баланың ауруын емдей аламыз, оған біз кəміл сенеміз, дейді Б.Нағыманов, біз мұндай мəселелермен жиі бетпе-бет келеміз. Жергілікті емханалар ем-домынан шипа ала алмаған адамдарды емдейміз. Өз басым медициналық пойыздардың рөлін өте жоғары бағалаймын. Өйткені, ол шалғай аудандардың халқына тиісті көмек көрсетуге мүмкіндік береді, дейді ол. Онлайн-кеңес тəулік бойы жүріп отырады. 2013 жылдың басынан телеконференция нəтижесінде 30 адам ем қабылдауларын қалалық ауруханаларда жалғастырып, сауығып шыққан. «Саламатты Қазақстан» консультативтікдиагностикалық пойызында емделушілерге онлайн кеңес беруге арналған телемедициналық кешен бар. Мамыр айының аяғына дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Денсаулық сақтау жəне Төтенше жағдайлар министрліктерінің «Денсаулық» жəне «Жəрдем» пойыздары да осындай кешендермен жабдықталмақ.
СІЗ не дейсіз?
6-бет
Алаңдарлық ахуал
«Жасыл Тараз» ба, «Масыл Тараз» ба? Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Тараз қаласындағы Дінмұхамед Қонаев көшесінің бойына орналасқан №10 жəне №12 көп қабатты үйлердің тұрғын дары «Жасыл Тараз» мекемесінің жұмысына наразы болып отыр. Өйткені, аталмыш мекеме жұмысшылары олардың үйлерінің қасындағы қоқыс төгетін жəшіктерге арналған тоқымдай жердің өзін тəртіпке келтіре алмауда. Қоқыс алаңқайын қоршап тұрған бетон қабырғалар да биік емес, сондықтан түрлі қалдықтар қасынан өткен тұрғындардың жиренішін туғызуда. Одан кейін «тобықтан келетін» қоқыстар мен жуынды-шайындыдан жəшіктерге жақындау да мүмкін емес екен.
Айтпақшы, тұрғындарды алаңдатқан қоқыс жəшіктеріне сол жердегі «Метроном», «Диван», «Биік» сияқты үлкен сауда маркеттерімен бірге «Бейбарыс» деп аталатын монша қызметшілері де, сондай-ақ, жеке тұрғын үйлердің иелері де қоқыс төгеді. Қысқасы, қала орталығындағы көрікті деген көшенің бойындағы №10 жəне №12 көпқабатты тұрғын үйлердің қасы «қоқыстар тауына» айналған. Ал оны тазалауға «Жасыл Тараз» деген мекеме басшыларының ұйымдастырушылық қабілеті жетпей отырған сияқты. Бүгінде қала тазалығына жауап беретін мекемеден үміт үзген тұрғындар өздерінше əрекет етіп, қоқыстарды тазалауға жеке адамдарды жалдай бастапты. Бірақ
олар да қоқыстарды тазалап үлгере алмағандықтан мұндай өнімсіз тірліктен бас тартқан. «Ең сорақысы, соңғы кезде қоқыс төгетін жəшіктердің қасынан өлген мысықтар мен иттердің денелері табылуда. Желді күндері қоқыстар аспанға ұшса, жəндіктердің өлексесінен шыққан иіс-қоңыстар тынысымызды тарылта бастайды», дейді тұрғындар. Өкінішке қарай, сауда маркеттері мен моншаның тазалығын «мұқият» тексеретін қалалық санитарлықэпи демиологиялық станса қызметкерлері бұл антисанитарияға келгенде түк көрмегендей болып отыр. Осындай бей-берекет тірлікке шыдамаған бір топ тұрғындар жақында «Жасыл Тараз» деген əпəдемі аты бар мекемені «Масыл Тараз» деген сайқымазақ атқа айналдырған басшының үстінен шағымданып, қала əкімі Бекболат Орынбековке хат жолдады. Іс енді жөнделетін шығар. ТАРАЗ.
Жаһандағы барлық байланыс жүйесін интернет желісі жаулап алған қазіргі заманда басылым мен оқырман арасындағы қарым-қатынастың атымен жаңа түрлері туындап, қалыптаса бастаған-ды. Соның ішінде ең көп тарағаны əрі барынша ілкімді түрі ретінде көрініп отырғаны – газеттер беттерінде жарық көрген материалдарға ой-пікір жазу. БАҚ тілінде олар əдетте «комментарий» («түсіндірме») деп аталады. Газетшілер оларды қысқартып «коммент» деп атайды. Ал біз оны «пікірлер» деп алғанды жөн көріп отырмыз. Міне, қазір қолдарыңызға ұстап отырған «Егемен Қазақстан» газетінің сайты да сіздерге байланыстың осы барынша жедел де тиімді түрін ұсына алады. Газеттің алғаш рет сайты ашылып, онда басылымда жарық көрген материалдардың бəрі орналаса бастаған тұсынан пайда болған бұл тəсіл қазір бірте-бірте кеңге қанат жайып, барған сайын қауырт қозғалысқа айналып келеді. Бүгінгі оқырманның көбі бұрынғысынша өзі ұнатқан (немесе ұнатпаған) мақаланы екшеп алып, онда көтерілген мəселеге
өзінің оқшау ойларын білдіру үшін отыра қалып, қолына қалам алып, хат жазып, оны соңынан үшкіл конвертке желімдеп салып, Астанаға қарай аттандатып жөнелтіп жатпайды. Олар сол оқыған мақалалары жөніндегі жеке көзқарастары мен ой-пікірлерін материал астында ашық тұрған кестеге жазып, бірден редакцияға қарай құстай ұшыра бастайды. Ал оқырман ойы сол сəтінде біздің сайтымызға келіп түсіп, бірер процедурасы жасалғаннан кейін əлгіндегі мақаланың соңынан орын алып жатады. Біз бұл жерде «бірер процедура» дегенде келген түсіндірмелерді көз жүгіртіп қарап шығуды айтамыз. Ал мəтінде елдің Конституциясына, мемлекет заңдарына қайшы келетін, ұлтаралық араздықты қоздыратын, ұлт бірлігіне сызат түсіретін, этикалық нормаларды бұзып, тасадан тұрып тас ататын, əлдекімдердің ар-намысына тиетін, əлдекімдерді сырттай ғайбаттап қаралайтын, былапыт сөздер араласып кеткен сөйлемдер мен тіркестер болмаса, олар көп кешікпей тиісті орнына барып қона қалады. (Соңы 8-бетте).
Толғандырар тақырып
Еѕбек даулары ушыќтырылмаса игі... Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Өмір жолы қилы-қилы болған соң бəрі ойлағандай болмауы белгілі. Мəселен, жұмыс берушілер мен жұмыс істеушілер арасында бірде басылып, бірде өршіп тұратын еңбек даулары адамзат қоғамындағы ескі қайшылықтардың ең үлкені əрі күрделісі болып келеді. Оның толқыны бізді де айналып өтпей, жиілеп соғуы жасырарлық жай емес. Соның ішінде өндіріс алыптары көбірек шоғырланған, əрқайсысының бір өзінде 50-60 мыңға тарта адам еңбек ететін компаниялар орын тепкен Қарағанды аймағында кейде аяқ астынан, кейде айлар асып, жылдарға созылып кететін еңбекақы, еңбек қауіпсіздігі, өндірістік мүгедектік, жұмыс ортасы жағдайына байланысты төлемдер мен жеңілдіктер жөнінде кикілжіңдер аз кездеспейді. Мұндайда жұртты елеңдеткен
жайлар əдетте «Арселор Миттал Теміртау» АҚ пен «Қазақмыс» корпорациясы жақтан дүңкілдеп, дүбірлеп жатады. Байқалатындай, өкінішке қарай, бұлардың бастапқыда-ақ беті қайтарылып, бірден шешімі
табылуына ниетті қадамдар сирек. Еңбеккерлер мүддесіне керісінше, тіксіне түсіп, дер кезінде елепескеруге жылы қабақ танытпау жұмыс берушінің қатып қалған қағидасындай болып, текетірес шегіне жеткенше сіреседі. Мысал
үшін «Арселор Миттал Теміртау» металлургтер мен шахтерлердің жалақыны көтеру туралы ұсыныстілектерін былтырғы жыл бойына созбұйдаға салып, ақырында митингілер, ескерту ереуілдерін өткізуге мəжбүр болу шараларына бармақтығы ғана компанияны еріксіз келісімге келтірсе, алайда, əлі де осындай мəселелерге өздігінен көне қоймайтындығы білінеді. Еске сала кетсек, 2011 жылдың күзінде металлургтердің «Қорғау» жəне көміршілердің «Жақтау» кəсіподақтары аталған алып əкімшілікпен ұжым мүшелеріне еңбекақыны 30 пайызға ұлғайтуға келісім жүргізуді ұсынғанмен аттай алты ай оған ешқандай елең болмады. Мəселе арнаулы жұмыс тобы мен облыстық үшжақты комиссияның мəжілістерінде бірнеше рет талқыланып, тиісті шешім қабылдау қарастырылуына қарамастан тағы біразға дейін үн қатылмады.
Дегенмен облыстық əкімдік пен салалық кəсіподақтардың жағдайды ушықтырмауға, еңбек адамының мүддесін қорғаудағы табанды талабы, ұжымдық шарт бойынша мүшелері құқын қорғау үшін сот төрелігіне жүгінуге баруы асаулықты басып, ұзақ уақыт мыңдаған еңбеккер көңілін күпті еткен жай түйіні шешілді əйтеуір. Мұның өзінде еңбекақыны өсіру 10 пайыздан аспады. Бұл да болса еңбеккерлер жеңісі делінгенмен, олардың өзге де мүдде-мұқтаждарына байланысты даулы мəселелердің бірқатары шешімін таппай қалып отыр. Осы орайда металлургиялық өндіріс пен көмір өндіруде жарақат алып, жабылған шахталарда еңбектен босап регресшілер тобына қосылушылардың жеңілдіктер мен өтемақыларды мерзімінде ала алмауы қашанға дейін созылары белгісіз. (Соңы 6-бетте).