13052014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№92 (28316) 13 МАМЫР СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Қазақстан Республикасының Заңы

Ел тынысы: мың бір мысал

АЛЫС АУДАН АЙШЫЌТАРЫ

Сарыаєаштыѕ сакурасы 4-бет Зердесі зерек зиялы 5-бет Мамандыќќа баулу – басты борышымыз 8-бет «Ойдене» деген ґнер бар 12-бет

Ќазаќстан Республикасы мен Ґзбекстан Республикасы арасындаєы стратегиялыќ əріптестік туралы шартты ратификациялау туралы

2013 жылғы 14 маусымда Ташкентте жасалған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық əріптестік туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 мамыр. №201-V ҚРЗ

Президент поштасынан

Бўл – батыл да сенімді іс-ќимыл нəтижесі

Қазақстан Президентінің атына Оңтүстік Калифорния университетінің мемлекеттік басқару құрметті профессоры Честер Ньюландтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Облыс орталығынан шалғай жатқан Ақжар ауданының тұрғындары «Қазақстан-2050» Стратегиясының талаптарын орындау жолында зор қажыр-қайратпен, үлкен ұйымшылдықпен еңбек етіп жатқанын осы жолғы іссапарымызда көз жеткізіп қайттық. Əкімдік қызметке кіріскеніне бір жылға таяп қалған Мұхит Тұрысбековпен екеуара əңгіме атқарылған жұмыстар төңірегінде өрбіп, одан əрі алдағы биік межелерді іске асыру жайына ойысты. Ол Елбасының əлеуметтікэкономикалық дамудың ең өткір мəселелеріне қатысты нақты міндеттер қоюына байланысты

халықтың өмір сапасын, тұрмысын көтеруге бағытталған кешенді шаралар түзілгенін, басты назар атқарушы органдардың жұмыла еңбек етуіне аударылып отырғанын атап өтті. Мұхит Сексенбайұлының айтуынша, аудан экономикасындағы жалпы өнімнің 80 пайызын ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Осы сала елді мекендердің жақсарып, əлеуметтік инфра құры лымдардың өркендеуі мен халық табысының артуына əсер ететін басты көрсеткіш саналады. Сол себепті, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды іскерлікпен əрі тиімді пайдалана отырып, жоғары көрсеткіштерге жету жолдары тынбай қарастырылып келеді.

– Былтыр 12 миллиард 963 миллион теңгенің ауыл ша руашылық өнімдері өндірілгенін ескерсек, егіншілік пен ата кəсіпке басымдық беру басты бағдарымыз болып қала береді. Мем лекет басшысының етті мал шаруашылығын дамыту тап сыр масын жүзеге асы руға бағыт талған үкіметтік бағдарламаларға белсене қатысу нəтиже сінде соңғы үш жылда мал шаруашылығында тұрақты өсім байқалып отыр. 12 шаруашылық 117 миллион теңгеге 1500-ге жуық ірі қара малын сатып алса, 514-ін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы, 864-ін өз қаражаттары есебінен игеру мүмкіндігіне ие болды. Бір қуантарлығы, мал

Əлем жəне Қазақстан

Ауќымды ґѕірлік жəне жаћандыќ ќауіпсіздікке жаѕа ќадам Ерлан ЫДЫРЫСОВ,

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

Халықаралық қауіпсіздікті нығайту Қазақстан сыртқы саясатының аса маңызды басымдықтары ның бірі болып табылады. Аймақтық жəне жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша дəйекті жұмыс жасай отырып, əділетті жəне демократиялық əлемдік тəртіпті орнатуға сүбелі үлес қоса отырып, Қазақстан Прези денті Н.Назарбаевтың бітімгершілік бастамаларын ілгерілете отырып, Сыртқы істер министрлігі өзінің ең маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанның егемендігін, ау мақ тық тұтастығын, ұлттық қауіпсіздігін жəне қорғаныс қабілетін нығайтуды жүзеге асырып келеді.

АҚПАРАТТАР аєыны ● Кеден одағы құрылғалы Қазақстанда автомобиль өндірісі 24 есеге өсті. Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бəкеновтің айтуынша, осы аралықта шет елдерге аккумулятор экспорттау 1,7 есеге, конденсатор шығару 1,3 есеге өскен. «Бұл Үкіметтің интеграциялық үр діс аясында өткізіп отырған оқиғаларымен де байланысты», – деді ол. ● 2017 жылғы Универсиаданың нысандары белгіленген мер зімде тапсырылуы тиіс. Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов кеше оңтүстік мегаполистің инфрақұрылымына қосылатын құрылыстарды көру барысында осындай тапсырма берді. ● Астанада 15 мамырда Есілдегі кеме жүзу маусымы ашылады. Қазір осыны қамтамасыз ететін кəсіпорын флотында 8 кеме

Осы бағыттағы маңызды жаңа қадам үстіміздегі жылғы 6 мамырда БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пəтерінде ядролық «бестік» өкілдері – АҚШ, Қытай, Ресей, Франция жəне Ұлыбританияның Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың (ОАЯҚТШ) Хаттамасына қол қоюы болып табылды. Осы арқылы аталған аймақтың заң жүзінде құрылуына жаңа маңызды қадам жасалды, ал мойындалған бес ядролық держава Шарттың қатысушылары болып табылатын бес елге қарсы ядролық қаруды қолданбауға кепілдік берді. Бұл жəйт көпжақты дипломатияның ядролық қарусыздану жəне таратпау саласындағы айтарлықтай жетістігі болып табылады, сондай-ақ, аймақтық жəне жаһандық қауіпсіздікті нығайтуда

қызмет көрсетуге сақадай-сай дайын тұр. Бұған қоса, өзен бойында «Кенесары» жəне «Рэдиссон» деп аталатын 2 айлақ құрылған. ● Шымкентте автомобиль шығаратын зауыт салуға ниет жасалды. Мұндай мəмі леге Кореяда өткен Оңтүстік Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері көрмесінде қол жетті. Форумда түстік өлкенің «ЖилСтройИндустрия» ЖШС мен кореялық «Seolim Trading» компаниясы арасында «Daewoo» автокөліктерін шығаратын кəсіпорын ашу жөніндегі келісімге қол қойылды. ● Өскеменде қазақ тілі мен əдебиеті пəнінен халықаралық олимпиада өтті. КСРО Мемле кеттік сыйлығының лауреаты, академик Қанипа Бітібаева атындағы білім сайысына Қазақстан аймақтарынан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай жəне Ресей мемлекеттерінен келген 9-10 сынып оқушылары қатысып, қазақ тілінен білім жарыстырды.

шын мəнінде аса зор маңызға ие. Ядролық қарусыздану жəне таратпау саласында халықаралық деңгейде мойындалған көшбасшы ретінде Қазақстан Хаттамаға қол қоюда маңызды рөл атқарды. Үстіміздегі жылғы наурыз айында Гаагада өткен Ядролық қауіпсіздік туралы саммитте сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздіктің жалғыз ғана кепілі болып табылатын жалпыға ортақ ядролық қарусыздануға шақырып, «Біз «ядролық бестік» мемлекеттерінің Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың қатысушы елдеріне қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін хаттамаға тез арада қол қоятындығына үміт артамыз», деп мəлімдеген еді. (Соңы 2-бетте).

● Қызылорда облысының Қазалы ауданында апатты жағдайда тұрған 7 мектеп ғимараттары жаңартылады. Мұның жайын бұрнағы күні өңірде өткен актив жиналысына қатысқан облыс əкімі Қырымбек Көшербаев тарқатып айтты. Білім ғимараттары келер жылдың соңына дейін салынады. Аймақ басшысының айтуынша, олардағы жарық мəселесін шешуге облыстық бюджеттен 182 млн. теңге қарастырылады. ● Ақмола облысының Атба сар қаласында тасқыннан зар дап шеккен тұрғындарға жаңа үйлер салынып жатыр. Сарапшы ұйымдардың шешімдері бойынша 45 пəтерден тұратын 4 үй салу жоспарланды. Сол сияқты медицина колледжінің бұрынғы жатақханасы күрделі жөндеуден өткізіліп, 29 бөлмесі зардап шеккендерге берілмекші. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.

шаруашылығына республикалық бюджеттен берілетін субсидия мөл шері артып келеді. Өткен жылы тұқым жаңарту бойынша 42 шаруа қожалығы 2356 басқа 32,9 миллион теңге, жемазықты арзандату мақсатына 6,9 миллион теңге демеуқаржы алды. Жемшөп əзірлеумен айналысушылар үшін бір гектарға 1,5 мың теңге суб сидия бөлінсе, енді 9 мың теңгеге дейін көтерілді, дей келіп, М.Тұрысбеков дамыған 30 елдің қатарына қосылудың бірінші ке зеңінде экономикамыздың дəстүрлі салаларының қарқынды өсімін қамтамасыз етіп, қуат ты индустриялық өңдеуші сек тор құру қағидатына орай жаңа кəсіпорындар мен шаруашылықтар ашу межеленіп

отырғанына тоқталды. Биыл өнеркəсіп саласы бойынша 200 миллион теңгенің 6 жобасы іске асы рылады. «Ақжар Инвест» ЖШС сыртқы қаптауға арналған өр нектастар мен габродиорит шығаруды діттесе, қиыршықтас өндіру мен өңдеу саласына 5 компания жұмылатын болады. «Керей жер», «Шаймерденов», «Бекболатов», «Нұрғожин» секілді шаруашылықтар мал фермалары құрылысын салумен айналысады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Талшық ауылының жолдарын жөндеуге 20 миллион теңге, елді мекендерді абаттандыруға 16 миллион 565 мың теңге қарастырылған. (Соңы 7-бетте).

Елбасыныѕ апталыќ кестесі Қазақстан Президенті 1920 мамырда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруы бойынша Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қытай компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді. 21 мамырда Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысады деп жоспарланған. Онда тұрақтылық пен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мəселелері қарастырылады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Таєайындау Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Жарылқасынұлы Əбдірайым Қазақстан Республикасы Əділет министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Жағымды жаңалық

Өз хатында профессор Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жетістіктеріне, оның өңірлік əрі жаһандық көшбасшы ретіндегі 1992 жылдан бергі орнықты дамуына тоқталған. Ч.Ньюланд тəуелсіздіктің бастапқы жылдарында жүргізілген өзгерістерді іске асыру кезіндегі батылдықты ерекше атап өткен. «Зейнеткерлер мен өзге де көпшілік көмекке аса мұқтаж болған қиын кезеңдегі Сіз бен біздің аз уақыт қана кездескеніміз есімде. Сіз халықтың атынан олардың күнкөрісіне ғана емес, Қазақстанның жарқын болашағына кепілдік бере отырып, сенімді əрекет еттіңіз. Астананың қалыптасуының алғашқы кездеріндегі көптеген қиындықтар да ойға оралады, қазір бұл сол кезде көптеген сын-қатерлер қарсаңында тұрған елдің ең бір көреген шешімі ретінде мойындалып отыр», – деп жазады автор.

Ќарапайым халыќќа ќамќорлыќтыѕ кґрінісі

Елбасының атына Қарағанды облысындағы Жезқазған, Сəтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының жұртшылығы өкілдерінен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өздерінің хатында авторлар өңірді дамыту мəселелеріне əрдайым көңіл бөлініп, өзекті жайттарға қатысты уақытылы шаралар қабылданып отыратыны үшін ризашылықтарын білдірген. Олар Жезқазған, Сəтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын əлеуметтікэкономикалық дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылуынан үлкен үміт күтетіндіктерін айтады. Бұл орайда хат авторлары осы жоспардың мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту қажеттігі туралы өз өтініштерінің назардан тыс қалмай, бөлінген қаржы көлемі бір жарым есе ұлғайтылғанын атап өткен. «Бізді «Жезқазған – Қызылорда», «Жезқазған – Арқалық» автомобиль жолдарын салу жəне дамыту туралы шешім қуантады. Сіздің жеке бастамаңыз бойынша қолға алынған «Жезқазған – Бейнеу» теміржол құрылысының басталғаны да біздің өңір үшін

БАССЕЙН Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Өскеменде халықаралық заманауи талаптарға сай жабық бассейн кешені жексенбі күні есігін айқара ашты. Салтанатты ашылу рəсіміне Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықова бастаған үкіметтік делегация мен Парламент депутаттары қатысты. Суға жүзу бассейні бес блоктан тұрады. Ең негізгісінде аумағы 1050 шаршы метрді құрайтын алып бассейн бар. Көкпеңбек айдыны кішігірім көлдей болып көз тартып тұрған мұндай бассейн облыс орталығында тұңғыш рет пайдалануға беріліп отыр. Хауыз суының ең таяз тұсы 1,8 метр болса, терең жері 4 метрден асады. (Соңы 2-бетте).

Профессор қабылданған «Қазақ стан-2050» Стратегиясы елдің одан əрі орнықты дамуын қамтамасыз етеді деген пі кі рін білдіреді. Сондай-ақ, ол Қазақстанның бүгінде конституциялық институттардың нығаюы, заңның үстемдігі саласында көш басынан көрінуін жалғастырып отырғанын айтады. Ч.Ньюланд саяси лауазымға тағайындалатындар санының қысқартылуы, «А» басқарушылар корпусының құрылуы жəне Мемлекет басшы сының басшылығымен мемле кеттік қызметтің кең ауқымда кəсібилендірілуі маңызды жетістіктер екеніне назар аударған. Хатының соңында автор Қазақстанға əлемдегі жаһандық сынқатерлер жағдайында атқарып отырған айрықша рөлі үшін ризашылық, сондай-ақ, еліміздің одан əрі қарай қарқынды дамуына деген сенім білдіреді.

өте маңызды деп есептейміз. Біздің өтінішіміз бойынша аталған теміржол құрылысының жобасына бірқатар оң өзгерістер енгізгеніңізді біз қуана қабылдадық. Бұл ісіңіз Сіздің қарапайым халыққа деген шынайы қамқорлығыңызды тағы бір мəрте дəлелдей түсті», – делінген хатта. Жұртшылық өкілдері «Қазақмыс» корпорациясының барлық жұмысшыларды еңбекақыларын сақтай отырып, жөндеу жұмыстарына ауыстыру туралы шешімінің де маңыздылығын айтады. «Бұл шешім біздің өңір жұртын жігерлендіріп, корпорация кəсіпорындары болашақта өзінің жұмысын жалғастыра береді деген үмітімізді оятты», – делінген хатта. Хат соңында авторлар Мемлекет басшысына мықты денсаулық жəне табыс тілеп, оның бастамаларын əрдайым қолдауға дайын екендіктеріне сендіреді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
13052014 by Egemen - Issuu