13052015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Имандылыќ – жїректіѕ нўры 6-бет «Мəскеу тїбінде біздіѕ батырларымыз жатыр...» 7-бет Батыстыѕ табаны тайєанап тўр 8-бет Таѕєажайып тастар 16-бет

№88 (28566) 13 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

БЎЛ – БАРШАМЫЗЄА ОРТАЌ ЖЕЅІС

Елбасы ќабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қ.Сұлтанов Мемлекет басшысына Мəжілістің заң шығару жұмысының бірқатар бағыттары жəне негізгі заң жобаларының қаралу барысы, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қ.Сұлтановты 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке жəне бұдан арғы жұмысына табыс тіледі.

Телефон арќылы сґйлесті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Х.Рухани Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы жеңісімен жəне қызметіне кірісуіне байланысты құттықтады. Əңгімелесу барысында екі мемлекет көшбасшылары Қазақстан-Иран серіктестігінің басымдығы бар бағыттарын талқылады. Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы саяси үнқатысу мен жемісті өзара іс-қи мылдың жоғары деңгейін атап өтті.

Бұдан бөлек, сауда-эко номи калық жəне инвестициялық ынтымақтастық аясын одан əрі кеңейту мəселелері жөнінде пікір алмасылды. Иран Президенті елдеріміздің арасындағы сан ғасырлық достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас алда да Қазақстан мен Иранның достас халықтарының мүддесіне игі қызмет ете беретініне сенім білдірді.

Президент поштасынан

Жарќын жеѕісімен ќўттыќтады Елбасыныѕ атына халыќаралыќ ўйымдардыѕ басшыларынан, біздіѕ еліміз бен шет мемлекеттердіѕ дипломатиялыќ, іскерлік топтары мен білім саласы ґкілдерінен, сондай-аќ, Ќазаќстанныѕ тїрлі ґѕірлеріндегі тўрєындардан ќўттыќтаулар келіп тїсуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Монако Князі II Альберден құттықтау жеделхаты келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

II Альбер Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. (Соңы 2-бетте).

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей астанасы – Мəскеуде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткен əскери парадқа қатысты. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған əскери парад əдеттегідей Ресейдің əйгілі Қызыл алаңында өтті. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Бұл күн төрткүл дүние назары осы айтулы оқиғада болды десек, артық айт қандығымыз емес шығар. Себебі, бұл шараның саяси, экономикалық маңызы зор, əсіресе, əскери күш-қуаты жағынан алғанда əлем елдері алдында бір ғана Ресей емес, бүкіл ТМД елдерінің шама-шарқын көрсететін ерекше оқиға болғандығы анық. Айтқандай-ақ, бұл парад бұрынғыдан өзгешерек. Əсіресе, ауқымдылығы, қамтымдылығы жағынан

мұндай шеру тарихта бұрын-соңды болмаған шығар. Əскери техникаларды айтпағанда, Қызыл алаңмен сап түзеп өткен жер қайыстырған жаяу əскердің өзі 16 мыңнан асты. Ал ел назарына ұсынылған 194 құрлықтық əскери техника, 143 əскери ұшақ жəне тікұшақтың кереметтігіне тамсанбағандар аз. 30-ға тарта мемлекеттің басшылары қатысқан шараға шартараптың қиыр-қиырынан шамамен 80 мыңдай адам келіпті. Парад майданда қаза болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. Иə, бұл соғыста миллиондаған

қарым-қатынасымызды нығайтамыз», – деген еді. Шынымен де, Жеңіс мерекесі – фашизмді талқандаған бұрынғы Кеңес өкіметі елдеріне ғана емес, бейбіт заманды қалайтын барлық азаматқа ортақ мейрам екенін паш етті. Негізінде, көлемі, қаталдығы, адам жəне материалдық шығыны жағынан Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды. Ол дүниежүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына əсер етті деседі. Соғыс қимылдары əлемнің 40 мемлекетінің аумағында жүрді. Тарихтың соңғы деректеріне сүйенсек, бұл алапатта 60 миллион адам қаза тапқан. Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 миллионға жуықтайды деп есептеледі. (Соңы 2-бетте).

Мереке аясындаєы екіжаќты кездесулер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мəскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, оны əрі қарай жандандыру мүмкіндіктері, сондай-ақ, түрлі салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мəселелері талқыланды. *** Əзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Əлиевпен кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция жəне көлік-транзит салаларындағы өзара ықпалдастықтың негізгі жайттары туралы сөз қозғалды. Мемлекет басшылары өңірлік жəне халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер жөнінде де пікір алмасты.

*** Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Венесуэла Боливариан Республикасының Президенті Николас Мадуро екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мəселелерін, сондай-ақ, осы байланыстарды кеңейтудің келешегін талқылады. *** Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржпен кездесу барысында саудаэкономика саласындағы екіжақты ықпалдастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі қарастырылды. Мемлекет басшылары халықаралық күн тəртібіндегі мейлінше

Ќазаќстан – Ресей:

Парламентаралыќ ынтымаќтастыќ жалєасады Кеше Омбыда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жетінші отырысы болды. Комиссия жұмысына Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов бастаған қазақстандық делегация қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Отырысты қазақстандық тараптан комиссияның тең төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов жəне комиссияның ресейлік тараптан тең төрағасы, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Ильяс Умаханов ашты. Отырысты аша келіп, Қ.Ищанов Ресей Федерациясының іргелес аймақтары мен Қазақстан облыстарының шекара маңындағы ынтымақтастығы орнықты экономикалық өсімді, халықтың əлауқатының жақсаруын, инвестицияның тартылуын, жұмыс орындарының

адам мерт болды. Миллиондаған адам мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамның тағдыры қасіретке душар болды. Ал қаза тапқандардың рухына тағзым ету – бүгінгі бейбіт өмірді еншілеген біздер үшін айрықша парыз. Бір минут үнсіздіктен соң Қызыл алаңнан Ұлы Отан соғысындағы əскерилердің формасын киген тарихи жауынгерлік топтар сап түзеп жүріп өтті. Бұл сəт осыдан 70 жыл бұрынғы жеңісті күнге қайта оралғандай əсер қалдырды. Қызыл алаңды қайыстырған əскер, жеңіс деп желбіреген жалаулар, «уралаған» əскер кім-кімнің де рухын көтергендей еді. Парадтың ашылуында сөйлеген сөзінде Ресей Президенті Владимир Путин: «Бұл жеңіс баршамызға ортақ. Мерекені тойлау арқылы біз достық

ашылуын, əлеуметтік жəне мəдени дамуды қамтамасыз етуде маңызды стратегиялық бағыт болып табылатынын атап өтті. «Осындай жан-жақты дамуға парламентаралық іс-қимыл оң ықпал етеді», – деп атап өтті Сенат Төрағасының орынбасары. Комиссия отырысы барысында Біртұтас экономикалық кеңістік аясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңындағы аймақтарын өркендету, Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы субъектілерінде қазақ жəне орыс тілдерін дамыту, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясында

«Инжиниринг қызметі жəне инжиниринг туралы», сондай-ақ, «Инженерлік іс туралы» үлгі заңнамалық актілерін əзірлеу, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған шараларға Қазақстан мен Ресей парламентшілерінің қатысуы туралы мəселелер қаралды. Комиссия отырысына сенаторлар С.Плотников, Ж.Нұрғалиев, М.Алтынбаев, С.Білəлов, С.Жақсыбеков, С.Ершов жəне М.Көбенов қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша айтылған пікірлерді есепке ала отырып, Комиссия Хаттама қабылдайтын болады. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссия Екі елдің заң шығару органдарының жоғарғы палаталары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім аясында қызмет етеді. Комиссияның кезекті сегізінші отырысын Қазақстанда өткізу жоспарланды.

өзекті мəселелер туралы пікір алмасты. *** Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Куба Республикасының Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастро екі елдің түрлі саладағы өзара ықпалдастығын нығайтудың негізгі аспектілерін қарастырды. *** Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен кездесуде саудаэкономикалық ынтымақтастықты əрі қарай дамытудың негізгі бағыттары, сондай-ақ, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдары талқыланды. Сонымен қатар, халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер жөнінде пікір алмасылды. ***

Чех Республикасының Президенті Милош Земанмен əңгімеде Чехия көшбасшысының Қазақстанға былтырғы сапары кезінде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы сөз болды. Екі мемлекеттің көшбасшылары қарымқатынастардың жүйелі даму сипатын атай келе, одан əрі кеңейе беретініне үміт білдірді. *** Оңтүстік Африка Республикасының Пре зиденті Джейкоб Зумамен кездесуде сая си жəне сауда-экономикалық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту мəселелері қарастырылды. Тараптар, сондай-ақ, бірқатар перспективалы салалар бойынша, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты кеңейтудің қажеттігін атап өтті.

Министрлік шеѕберіндегі арнайы жўмыс тобы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде жариялаған бес институттық реформасын жəне Қазақстан қоғамы мен мемлекетті əрі қарай жаңғыртуды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың тапсырмасымен министрліктің Жаңғырту жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылды. Арнайы жұмыс тобының негізгі мақсаты – мемлекетті жаңғыртуға қажетті шетелдік тəжірибені зерттеу. Топтың жұмысын жалпы үйлестіру министрдің бірінші орынбасары Рəпіл Жошыбаевқа жүктелді. Елбасы өз сөзінде атап өт кендей, қазіргі уақытта əлемдегі ахуал күрделене түсуде. Əлемдік нарықтарда қуат көздері мен металл бағаларының

құлдырауы экономикалық тəуекелдерді күрт ұлғайтып жіберді. Барлық дерлік мемлекеттер елеулі геосаяси жəне экономикалық сын-қатерлерді бастан өткеруде. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты Қазақстанның экономикалық тəуе келдерге қояр тосқауылы болды. Əлемнің бүкіл елдері алдында тұрған тəуекелдер мен жаһандық

сындардың жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстан Президенті сыртқы факторлардың мемлекет құрылысына ықпалының теріс сценарийіне жол бермеу, дамудың қол жеткізілген қарқынын сақтау, əлемнің 30 дамыған мемлекетіне қарай ілгерілеу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды жүзеге асыру Сыртқы істер министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Министрлік шетелдердегі өкілдіктеріне тиісті жұмыстарды ілгерілету туралы тапсырмалар берді. «Егемен-ақпарат».

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 21-22 МАМЫР 2015


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.