АҚПАРАТТАР аєыны №147 (28086) 13 МАУСЫМ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Ел тынысы: мың бір мысал
Бір ќиырдан... бір ќиыр!
Павлодардан Тїркістанєа пойыз ќатынай бастайтын болады
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Бұрындары облыс орталығындағы темір жол вокзалының басы Ресей жаққа баратын пойыздардың бағытын үздіксіз хабарлап жататын. Бұл күндері сол бір дауыстар келмеске кетті. Қазір вокзал басына барсаңыз Астана, Алматы, Семей, Дегелең, Қызылорда, Өскемен, Шар, Шымкент, Қарағанды, Таразға баратын пойыздарға отырғызу басталды... деген
хабарландырулар тынымсыз айтылып жатқанда, тыңдап тұра бергің келеді. Енді, міне, Павлодардан шығатын пойыз Түркістанға дейін барады. Жақсы жаңалықты естіген солтүстіктің жұрты жазғы демалыстарында оңтүстікті аралаймыз деп, билет алудың кезегінде тұр. Киелі жеріміз – қасиетті Түркістанға бару бір арман еді, пойыз бағытының ашылғаны тамаша жақсылық, дейді кезекте тұрғандардың бірі, зейнеткер, ардагер ұстаз Бағжамал Ағыман апайымыз.
Ал жұртшылықтың Түркістанға рухани мақсат жолындағы сапарға баруларына облыстық əкімдік пен «Сарыарқа компаниясы» серіктестігі арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумы себепкер болды. Облыс орталығындағы темір жол вокзалында жақында «Павлодар – Түркістан» бағытындағы пойыздың жолға шығуына арналған тұсаукесер рəсім өтті. Облыс əкімі Ерлан Арын жиналған барша жұртшылықты құттықтады. Күнара
Їздік єылыми жўмыстар Мемлекеттік сыйлыќты иеленеді Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің төрағалығымен ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылған жұмыстар бойынша комиссия жанындағы секция ұсынымдары мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысы қаралды. Əмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ, «Егемен Қазақстан».
Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үздік ғылыми жұмыстарға сыйлық тағайындау қажет тігін тапсырғанын атап өтіп, оның барлық талапқа сай болуы тиістігін қаперге ал ды. Сондай-ақ, секцияның ұсынымдары мен мемлекеттік
ғылыми-техникалық сараптама қорытындысы туралы комиссия хат шысы – Білім жəне ғылым вице-министрі М.Орынханов хабарлама жасады. Мұнан өзге, медициналық, биологиялық жəне ауыл шаруашылығы ғылымдары, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар, техникалық жəне географиялық ғылымдар, физика-математикалық ғылымдар жөніндегі ұсынымдар таныстырылды.
Сонымен бірге, отырыста комиссия сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстардың алдын ала іріктеуден өткен тізімін бекіту туралы шешім қабылдады. Ол кеңінен қоғамдық талқылау үшін «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінің таяудағы нөмірлерінде жарияланатын болып ұйғарылды. Секция жетекшілеріне екінші кезеңде комиссия отырысында айтылған ұсыныстарды, сондайақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы талқылауларды ескере отырып, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды қарастыру жəне одан əрі қарау үшін алдағы 10 тамызда қосымша материалдарды ұсыну тапсырылды.
Жанайқай
Таєы да... тґѕкерілді Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Журналистер жиі қолданатын жауыр мақал бар. «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды». Десек те, біздің дəл қазіргі жағдайымыз Жамал апайдан ары болмаса, бері емес. Неге? Бұрнағы күні Шиелі – Тайқоңыр тасжолының 113 шақырымында күкірт қышқылын тасып бара жатқан «Хова» автокөлігі төңкеріліп қалды. Соның салдарынан 34 тонна күкірт қышқылы төгіліп, 450 шаршы метр аумаққа шашылды. Көлік «Саяттранссервис» ЖШС-не тиесілі екен. Жыл басынан бері бұл орын алып отырған нешінші жағдай екенінен жаңылдық. Айтаайта аузымыз талды. Жазажаза саусағымызға сүйел пайда болды. Бірақ еш нəтиже жоқ. Осыдан бір ай бұрын ғана мына «Саяттранссервиске» қарасты бір көлік аударылған. Енді, міне,
30 күнге жетпейтін уақытта тағы біреуі төңкеріліп, ауаны ластап, экологиялық ахуалы онсыз да сын көтермейтін аймақты ластап жатыр. Көліктердің бірінен соң бірі аударылып, күкірт қышқылының қайта-қайта төгіліп жатқаны неліктен екенін түсіндіретін бір пенде жоқ. Сұрасаң, техникалық ақауға аудара салады. Сонда осындай улы затты таситын техникалардың жағдайын тексеретін бір орган жоқ па? Егер олардың көліктері техникалық талаптарға сəйкес келмесе, неге бұл іспен шұғылданады? Неліктен оларды аталған шаруадан шығарып тастамайды? Əлде «Қазатомөнеркəсіп» компаниясына бəрі бір ме? Экология жəне қоршаған ортаны қорғау министрлігінің адамдары қайда қарап отыр? Қоршаған ортаны ластаған мекемеге біз айтқан министрлік мынадай айыппұл салыпты,
жазаға тартыпты дегенді естісек, құлағымыз керең болсын. Санаға зіл батпан салмақ салатын сауалдарға мардымды жауап жоқ. Бұл не сонда? Ауа ластана берсін, сол ауамен тыныстаған халық уланса улансын деген пиғыл ма? Ай сайын күкірт қышқылын төгіп, жазаланбай жүре беретін «Саяттранссервис» сияқты мекемелер кімнің шікірасы? Бұл елде оларға тоқтау салатын ешкімнің болмағаны ма? Қараптан-қарап отырып қамығасың. Қолды бір-ақ сілтегің келеді. Бірақ күкірт қышқылын жұтып отырған жұрт есіңе түскенде, есіңнен адасқандай күй кешесің. Уланғаны үшін оларға ешкім ешқандай өтемақы төлеп жатқан жоқ. Төлемей-ақ қойсын, ең болмаса сол мекемелерге тоқтау салса ғой. Бүгінгі біздің арманның сиқы осы. Қайтесіз енді?.. Қызылорда облысы.
Бїгінгі нґмірде: Астана адымы 3-бет
Уыз жырєа ўйыєан ел 5-бет
Ќымыздыѕ бəсі сырадан неге тґмен? 6-бет
«Павлодар – Түркістан» бағытында жүретін жүрдек пойыз Астана, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларынан өтіп, қасиетті Түркістан жеріне 35 сағатта жетеді. Пойыздың сыртқы көрінісі қандай əсем болса, іші де таза əрі жайлы. Пойыз 12 вагоннан тұрады. Жайлы купе вагондардың бағасы 10 мың теңге болса, жалпы вагондардағы орындардың құны 6200 теңгені құрайды. Сөйтіп, алғашқы күні пойызбен Түркістан жеріне құрамында ардагерлер,
өнер адамдары, Ассамблея мүшелері, жастар бар барлығы 65 адам барып қайтты. Түркістан жеріндегі мəдени бағдарлама аясында олар Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне тағзым етті. Енді əрбір павлодарлық тұрғын киелі Түркістанға саяхат жасай алады. Павлодар облысы. ––––––––––––––––––
Суреттерді түсірген Валерий БУГАЕВ.
Президент Їндеуіндегі ўсыныстар депутаттар тарапынан ќолдау тапты Мəжілістің кешегі жалпы отырысында ел Президентінің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 11-бабы 1-тармағы бойынша қарсылығы қаралды. Оған Президент Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімов қатысып, заң жобасы бойынша сөз сөйледі. Мемлекет басшысы ұсынған жаңа редакцияны палата депутаттары, Мəжілістің парламенттік фракциялары бірауыздан қолдады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Парламент 2018 жылдан бастап əйелдердің зейнет жасын кезеңкезеңімен ерлермен теңестіруді көздейтін заңның 11-бабы 1-тармағы бойынша Президент қарсылығын еңсере алмады. Яғни,
Елбасының ұсынысы қолдау тапты. Енді заңдық құжат бірден М емл екет басш ысын ың қо л қоюына жіберілетін болады. Қаржы жəне бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсованың сөзіне қарағанда, егер палата Президент қарсылығына қарсы болса, онда заңдық құжат Сенатқа
жолданып, жоғары палатаның пікірі сұралатын еді. Президент бұған дейін Парламенттің қос палатасынан өткен заң жобасының нормасына қатысты өз қарсылығын білдірген болатын. Онда Елбасы əйелдердің зейнет жасын кезеңкезеңімен ұзартуды 2014 жылғы 1 қаңтардан емес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастауды ұсынғанды. Елбасының тапсырмасына сəйкес, бала күтімі демалысы кезінде жұмыс істеуші əйелдердің міндетті зейнеткерлік салымына мемлекет есебінен қосымша төлемақы қамтамасыз етілуі тиіс. Жəне де азаматтардың міндетті
«Саламатты Қазақстан» пойызы Қостанай облысы аудандарын аралап, тұрғындарды медициналық тексеруден өткізуде. Бірқатар азаматтардың ем алуына квоталар бөлінді. Енді денсаулық пойызы Қостаңай өңірінен Ақмола облысына бет алмақшы. Оралда Ресей күніне орай мерекелік концерт қойылды. Шара барысында көрші елдің жетістіктері мен қарым-қатынасы атап өтілді. Жалпы, Батыс Қазақстан облысы Ресейдің бес бірдей аймағымен шектеседі. Сондықтан əлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы мəселелерді бірлесіп атқаруға мүмкіндік жасалған. Астанада төрт айда 6919 сəби дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сəйкес кезеңі мен салыстырғанда, 15,9 пайызға артық. Елордаға көшіп келушілер саны артуы нəти жесінде осындай жоғары көрсеткіш қалыптасып отыр. Елімізде тікұшақ құрастыратын қазақстандықресейлік кəсіпорын салу жоспарлануда. Егер жоба сəтті жүзеге асырылса Ка-226Т əмбебап тікұшағы желді елемей, 8 мың метр биіктікке көтеріле алады екен. Əзірге жаңа кəсіпорын салу жөніндегі бизнес жоспар жан-жақты пысықталу үстінде. Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы спорт сарайы салынады. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында кəсіби велоклуб құру мəселесі қарастырылуда. Мұғалімдердің ең бекақысын төлеу жүйесі жаңартылады. Бұл іс ұстаздардың біліктілігіне байланысты жүзеге асырылғалы отыр.Олар арнайы курстан өтіп, білім деңгейінің қаншалықты екенін дəлелдеуі тиіс. Алматыда 12-15 маусым аралығында спорттық киім, құрал-жабдық көрмесі өткізіледі. Оған алыс-жақын шетелдерден 40-тан аса компания келеді деп күтілуде. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
10 пайыз зейнетақы аударымына жұмыс беруші есебінен қосымша 5 пайыз төлем енгізілетін болады. Жəне де міндетті кəсіби зейнетақы салымын кезең-кезеңімен тағы да 5 пайызға көбейту қарастырылатыны белгілі болып отыр. Бұл өз кезегінде айрықша жəне зиянды өндірістерде жұмыс істегендердің жағдайына оң əсерін беруі тиіс. Талқылау барысында Мəжілістегі парламенттік фракция өкілдері сөз алып, өз ұстанымдарын ортаға салды. Нұротандық депутат Нұртай Сабильянов Елбасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңды қайта талқылау үшін Парламентке қайтаруы ұтымды шешім болғандығын ерекше атады. (Соңы 4-бетте).
Жағымды жаңалық
Трансплантация
Алматыда еліміз бойынша тўѕєыш мамандандырылєан осындай бґлімше ашылды Естеріңізде болса, 2012 жылғы 12 қыркүйекте Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада тұңғыш рет бір уақытта бүйрек пен ұйқы безін ауыстыру операциясы жасалып, Қазақстан бүйрек пен ұйқы безіне трансплантация жасайтын əлемдегі төртінші ел атанған болатын. Бұған дейін медицинадағы мұндай үлкен жетістікке АҚШ, Оңтүстік Корея, Италия елдері ғана қол жеткізгенін ескерсек, аталмыш трансплантациялар өткізу – елімізде медицина саласының даму жағдайының интегралды көрсеткіші екенін атап айтуымыз керек. Міне, осындай күрделі операция жасалған қалалық ауруханада, кеше елімізде тұңғыш маманданған трансплантация бөлімшесі салтанатты түрде ашылды. Айтулы оқиғаға отандық медицина саласының корифейлері, республикалық ғылыми орталықтар, емдеу мекемелерінің басшылары, сондай-ақ медицина қауымдастығының өкілдері қатысып, ортақ қуанышымызды бөлісті. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
– Бүгін біз тек Алматы қалалық денсаулық сақтау саласында ғана емес, республика өміріндегі өте маңызды оқиғаның куəсі болып отырмыз, – деді тұсаукесер рəсімінде Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова. – Елбасымыз өзінің Жолдауында: «Бізге елге қажетті технологиялар трансферті жəне оларды пайдалану үшін білімді де білікті мамандар қажет» делінген болатын. Иə, қазіргі заманғы медицинаны трансплантациясыз елестету мүмкін
емес. Бүгінде мүшелерді ауыстыру адам өмірін сақтап қалудың бірден-бір жолы болып табылады. Əрі медицина қауымдастығы мүшелерді трансплантациялау ғасырдың бағыт-бағдары екенін мойындап отыр. Сондай-ақ, қаланың бас дəрігері Қазақстанда ең алғашқы до норлық бүйректі ауыстыру 1979 жылы 17 сəуірде, қазіргі А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында табысты өтіп, 1978 жылдан 500ден астам донорлық бүйрек жəне гетеротопикалық бауыр трансплантациясы жасалғанын, ал Қазақстанда 2009, 2010
жылдары жалпы саны 12, 2012 жылы 13 бүйрек, 2011 жылы алғаш рет бауыр, ал 2012 жылы жүрек алмастырылғанын тілге тиек ете кетті. Əрине, мүшелерді транс план тациялау – бұл өте жоғары маманданған операция бол ғандықтан, бұған дейін ол республикалық клиникалар деңгейінде жасалды. «Егер Денсау лық сақтау министрлігінің бұйрығымен қалалық клиникалар
арасынан тек №7 аурухана емдеу мекемелерінің арасындағы тізімге еніп, 2012 жылдан бүгінге дейін 28 бүйрекке туыстық трансплантация, оның бірі аралас – бүйрек пен ұйқы безіне жасалуы – оңтүстік астанадағы денсаулық сақтау саласының бүгінгі деңгейін көрсетсе керек», деп атап өтті Жанат Кəкімсейітқызы. (Соңы 10-бетте).