13062014

Page 1

Кеше Бурабайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Президентінің жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің жалпы отырысы өтті.

№115 (28339) 13 МАУСЫМ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

ТАРТЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫЌ АХУАЛ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫЅ НЕГІЗІ

Президент жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі ел экономикасы үшін маңызды мəселелерді қараумен келеді. Кешегі жалпы отырыс аясында елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар, сондайақ, индустрияландырудың екінші бесжылдығы (2015-2019 жылдарға арналған ИИДБ) шеңберінде инвестициялау жəне технологиялар трансферті мəселелері талқыланды. Бақберген АМАЛБЕК, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Шетелдік инвестициялар ды тарту – елдің жалпы экономикалық саясатының басымдықтарының бірі. Осы орайда, бүгін де Қазақстанды өңірлік инвес тициялық хаб ретінде қалыптастыру мақсатында барлық мүмкіндіктер жасалып, іс-шаралар атқарылуда. Мəселен, индустрияландырудың бірінші бесжылдығы кезеңінде БҰҰ Сауда жəне даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) бағалауы бойынша, Қазақстан шетелдік тікелей инвестицияларды тарту көлемі бойынша ТОП20 көшбасшы елдердің қатарына кіріп, өтпелі экономи калы елдер арасында екінші орынға тұрақтаған. ҮИИДМБ іске асыру

кезеңіне 2005 жылдан бері өңдеуші секторға барлық жалпы тікелей инвестициялардың 70 пайыздан астамы немесе 14 млрд. доллар тартылған. Қазіргі уақытта шетелдік инвесторлармен бірге 100ден астам жоба іске асырылуда. Шетел инвесторлары кеңесі Қазақстан Президентінің төрағалығымен жүзеге асырылатын кеңесші-консультативті орган болып табылады. Кеңес 1998 жылы елдегі инвестициялық қызмет пен инвестициялық ахуалды жақсартумен тікелей байланысты өзекті мəселелерді тиімді шешу үшін мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы тікелей үнқатысуды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Елдің инвестициялық сая сат ы мен э ко н о ми кал ық дамуының басты аспектілері бойынша Қазақстан Президенті мен

Үкіметінің қарауына ұсынымдар мен ұсыныстарды əзірлеу Кеңестің басты міндеті саналады. Бүгінде еліміз шетелдік инвестицияларды тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты келесі жылдан басталатын индустрияландырудың екінші бесжылдығы шеңберінде жалғастыруға ниеттеніп отыр. Бұл ретте əрбір басымдыққа ие сектор үшін трансұлттық компаниялар тартылады. Үкімет бұл бойынша 162 трансұлттық компанияны айқындады, оның ішінде 72 компания экономикаға тартылмақ. Ал Шетел инвесторлары кеңесінің өзі құрылған кезден бастап оның 26 пленарлық отырысы өткізілсе, оларда елдегі шетелдік инвестициялар үшін құқықтық ахуалды жақсарту, Қазақстанның сот жүйесін жетілдіру, салық салу мен шетелдік жұмыс күшін əкелу жүйесін оңтайландыру, еліміздің инвестициялық имиджін жақсарту мəселелері талқыланған. Шетел инвесторлары кеңесінің биылғы, яғни 27-ші отырысы «Шетел инвесторларының Қазақстан Республикасының екінші

Ассамблея аясындаєы əѕгіме Кеше Бакуде басталған түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы шаралары аясында қазақстандық парламентшілер делегациясының басшысы, Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының төрағасы Джемиль Чичекпен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Тараптар халықаралық бірлестіктер аясында етене ынтымақтастық пен өзара қолдаудың елдер арасындағы стратегиялық қатынаспен сəйкес келетінін алға тарта отырып, өзара іс-қимылды одан əрі күшейтудің жаңа қырларын сөз етті. Қабиболла Жақыпов Қазақстанның халықаралық бастамаларына, соның ішінде, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қолдау көрсеткені үшін Түркия

тарапына алғысын білдірді. Өз кезегінде Джемиль Чичек Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бағытының мойындалғандығын, ол біздің елдерімізді одан əрі қарқынды дамытуға ықпал ететінін айта келіп, Қазақстан – Түркия ынты мақтастығының тек екі ел ғана емес, бүкіл түркітілдес мемлекеттер үшін тиімділігінің зор екенін атап өтті. Ол Түркия келешекте де Қазақстанның халықаралық

бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді. Ал парламентаралық ынтымақ тастық жайын сөз еткенде Қабиболла Жақыпов өткен жылы Анкарада қол қойылған Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысы мен Қазақстан Парламенті Мəжілісі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол Түркияның ТүркПА төрағалығына жоғары баға бере келіп, алдағы уақытта да түркітілдес елдер арасындағы парламентаралық ықпалдастыққа қатысты əр салада түрлі шараларды өткізудің дəстүрге айналатынын жəне оны ұйымға мүше барлық мемлекеттердің қолдайтынын жеткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының Өкімі Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2014 жылғы 20 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.

Астана, Парламент Үйі, 2014 жылғы 12 маусым

№42

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қ.ЖАҚЫПОВ.

индустриялық-инновациялық бес жылдығын жүзеге асыруға қатысу мəселелері» тақырыбында өрбіді. Шетел инвесторлары кеңесінің жалпы отырысы басталмас бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелеріне қарата айтқан сөзінде: «Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші отырысы біздің еліміздің ғажайып жері, халқымыз «Қазақстан Швейцариясы» атап кеткен Бурабайда ұйымдастырылып отыр. Біз бұл жерде туристік саланы дамытуды көздеудеміз. Кеңес отырысының жұмысын бастамас бұрын мен сіздерге тағы да Қазақстанның мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болғанын жеткізгім келеді. Күні кеше ғана Қазақстанға Халықаралық көрмелер бюросының туы табыс етілді. Бұл – Қазақстанға деген сенімнің символы, халықаралық мəртебеге ие үлкен шараның Қазақстанда өтуіне байланысты елімізді бағалаудың бір айғағы», – деді Елбасы. Осылайша, Шетел инвесторлары кеңесінің отырысы

шетелдік инвесторлардың Қазақстан Республикасының ин дустриялық-инновациялық дамуының екінші бесжылдығын жүзеге асыруға қатысу мəселелеріне арналып, ЭКСПО-2017 тіркеу досьесін қорғауға байланысты берілген Халықаралық көрмелер бюросының туын қабылдау салтанатымен басталды. Ал Қазақстан Президенті өзінің сөзінде инвесторлармен тұрақты кездесу жақсы дəстүрге айналғанын, ал Кеңес өзін шетелдік бизнес үшін де, біздің еліміз үшін де ең маңызды тақырыптарда ашық диалог құрудың тиімді алаңы ретінде көрсеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін қазіргі өткізу нарықтарын кеңейтуге жəне ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін Еуразиялық экономикалық одақтың маңыздылығына тоқталды. Біздің елдеріміздің арасында тиімді экономикалық байланыстар орнату өңірде достық жəне тату көршілік қарым-қатынастарды жолға қоюға ықпал етеді. Кейбір елдерде ахуал тұрақсызданып, инвестициялық климат нашарлап

отырған кезде Қазақстанда экономикалық одақтың арқасында шетелдік инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Қазақстан экономикасына инвестиция салу Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығында жұмыс істеу үшін оңтайлы алаң болатынын атап өтті. Бірегей инвестициялық шарттар, ең төменгі салықтар жəне инвесторлар мен мемлекеттің өзара қарым-қатынастарының тұрақтылығы біздің елді Еуразиялық экономикалық одақтың алып нарығына кіретін «үздік» қақпа ретінде көрсетеді, деді Қазақстан Президенті. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығына тоқталған Мемлекет басшысы жаһандық экономикалық дағдарыспен байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, Қазақстан жаңа жұмыс орындарын ашып, экономиканың өңдеуші салаларына инвесторлар тарта алғанын атап өтті. Индустрияландыру картасы аясында 4 жылда жалпы сомасы 2,4 триллион теңгенің 651 жобасы іске

қосылды, 70 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Осы жобалардың əрбір жетіншісі тікелей шетелдік инвестициялардың көмегімен жүзеге асырылды, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті мұндай жобалардың қатарында «Альстом» компаниясы ұйымдастырған Астанадағы электровоздар өндірісін, «Рено», «Ниссан» жəне «Автоваз» компанияларымен бір лескен автоқұрамдауыштар өндірісінің толық циклды зауытының құрылысын атады. Мемлекет басшысы əлемдегі тұрақсыз экономикалық ахуалдың салдарынан шетелдік тікелей инвестициялар ағыны қысқарып жатқан жағдайда Қазақстан инвесторлар үшін тұрақты əрі сенімді серіктес болып отырғандығын айтты. Əлемдік дағдарыстарға қарамастан, біздің экономикамыз орнықты даму қарқынын жоғалтпады. Біз инвесторларды барлық жағынан қолдаймыз жəне қолдау шараларын үнемі жетілдіріп отырамыз, деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-3-беттерде).

 Жағымды жаңалық

Дəрігерлер їйге де кірді, кґлікке де мінді Шыєыс ґѕіріндегі медициналыќ мекемелерге 117 автокґлік сыйєа тартылды Биыл шығысқазақстандық дəрігерлер мемлекет тарапынан айрықша сыйға ие болып отыр. Адам өміріне араша түсіп жүретін ақ желеңді абзал жандардың төл мерекесі Семей шаһарында аталып өтіп, өңірдегі медициналық мекеме ұжымдарына 117 автокөліктің кілті тапсырылды. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Сəрсенбінің сəтінде Семей қаласының орталық алаңында, Қозыбағаров көшесі бойында түрлі-түсті лентамен көмкерілген жаңа автокөліктер, Абай театрының маңдайшасындағы баннер мен желбіреген жалаушалар, қызылды-жасылды шарлар медицина қызметкерлері күнінің маңызын арттыра, дəрігерлердің көңілін көтере түсті. Сахнада бір кездегі дала қосындары мен əскери госпитальдан бастап бүгінгі заманауи əмбебап медицина мекемесіне дейін көрініс тапқан театрландырылған қойылым көрсетілді. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.