13072013

Page 1

ЖАҢА... ...балабаќшалар ашылды Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Қазығұрт ауданының əкімдігі екі ауылдың бүлдіршіндерін үлкен қуанышқа бөледі. Өткен аптада осы аудандағы Рабат жəне Сынтас ауылдарында балабақшалар ашылды. Қазығұрт тауының етегінде жалпағынан жатқан Рабат ауылындағы бұл балабақша 100 бүлдіршінге арналған. Мектепке дейінгі мекеменің қазығы былтыр қағылған болатын. Құрылысқа аудандық бюджеттен 164 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Соның арқасында енді ауыл бүлдіршіндері таңның атысы кештің батысына дейін үйде қамалып отырмай, осында тəрбиеленетін болды. Ауылдағы бұл жаңалыққа, əсіресе, əжелер мен аналар қатты қуануда. Бұл, əрине, бір жағы ауыл келіндерінің жұмыс істеп, еңбекке араласуына да мол мүмкіндік береді. Ал Сынтас елді мекеніндегі балабақшада ауылдың 50 кішкентай ұл-қызы тəрбие алмақ. Бұл балабақша ғимараты да аудандық бюджет есебінен бой көтеріп отыр. Бұл бір жағы Елбасы тапсырмасына сай «Балапан» бағдарламасының аймақта нəтижелі іске асып жатқандығының жарқын дəлелі екені анық.

№170 (28109) 13 ШІЛДЕ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Мемлекет мерейі

Біз – 17 миллионбыз!

Жақында ғана 11 миллионыншы қазақтың киелі Қазығұрттың баурайында дүниеге келгені туралы қуанышты хабар ұлтымыздың мерейін бір көтеріп тастаған еді. Енді міне, еліміздің 17 миллионыншы

тұрғыны тағы да Оңтүстікте, нақтырақ айтқанда сансыз баптар елі Сайрамда тіркелді. Яғни, ұлысымыздың ұйытқысы саналатын өңірдің демографиялық мəртебесі тағы бір дəлелденді.

...автоматтандырылєан ќондырєы Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан» .

ТАЛДЫҚОРҒАН.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Қазығұрттағы 11 миллионыншы қазақ – Мұхтар атты мықтыны дүниеге алып келген Шолпан мектепте ағылшын тілі пəнінің мұғалімі, ал əкесі Мəлік жеке шаруамен шұғылданып жүрген азамат еді. Елдің Сайрамдағы 17 миллионыншы тұрғыны Алтынбектің анасы Гүлмира да осы пəннің мұғалімі, əкесі Мұрат та жеке шаруамен айналысады екен. Екі жақтың да жастары шамалас, отыздан енді асқан жұптар. «Бұл қуанышты хабарды өзіміз кеше ғана естідік. Тіпті, бұлай болады деп ойлаған емеспіз. Əйтпесе, кішкентайым мамыр айының 16-ында дүниеге келген. Ең бастысы балаларымыз аман, бақытты болсын»,– дейді жүзі қуаныштан бал-бұл жанған Гүлмира Арысбекқызы. Осы сөзге «əумин» дегендей анасының құшағында жатқан періште Алтынбек те уілдеп, дыбысын

АҚПАРАТТАР аєыны  Биылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы 52 144,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл - былтырғы жылдың осы мезгілінен 12,3 пайызға артық. Есепті мерзімде сондай-ақ, көтерме сауда көлемі 6070,6 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы сəйкес кезеңге қарағанда 12,5 пайызға артқан.  Жыл басынан республика прокурорлары заңды бұзудың 243 мыңнан астам факті сін анықтады. Бұл туралы кеше Астанада бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысына арналған Бас прокуратураның алқа мəжілісінде Асхат Дауылбаев мəлім етті. Айтуынша, мемлекет пайдасына 30 млрд. теңгеден астам шығынның орны толтырылып, 15 млрд. теңгеге мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалған.  Темекі ХХІ ғасырда 1 млрд. адамның түбіне жетеді. Мұ ны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Жаһандық шылым эпидемиясы» атты баяндамасына сілте ме жасаған Muslim.kz сайты хабарлады.  Оңтүстік Қазақстанда биыл бақша дақылдарынан рекордтық өнім алынғалы тұр. Өңір диқандары маусым айы басталғалы бері 300 мың тонна қарбыз бен қауын жинады. Осы кезеңде өткен жылғыдан 112 тонна артық өнім жинаған олар жыл соңына дейін оның мөлшері 1 млн. тоннадан

асырылады деп отыр.  Павлодарда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 10 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Қала əкімінің айтуынша, екінші жартыжылдықта облыс орталығында жинақ жүйесі бойынша 4 көп қабатты үй жəне 3 жалдамалы үй пайдалануға берілмек.  Қызылорда қаласында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 142 млн. теңге таратылды. Бұл бағдарлама басталған 2011 жылы 12 адамға шағын несие берілсе, биылғы жылдың 6 айында ол 70 адамды қамтыған. Қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев тиісті сала басшыларына тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырды.  Жайық өзеніне 2 млн. дана бекіре тұқымдас балықтардың жас шабақтары жіберілді. Биыл Жайық-Каспий бассейніне 7 млн. данадан аса қортпа, бекіре жəне шоқыр балықтарының жас шабақтарын жіберу жоспарлануда.  Көлік сақшылары жыл басынан бері 3 тоннадан аса есірткі заттарын тəркіледі. Бұлардың 12 килосы героин болып шықты. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды жəне Павлодар облыстарының өңіраралық интеграция форумы ел экономикасын арттырып қана қоймай, серпінді жобалардың қанат жаюына ықпалын тигізбек. Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Өскеменде жұма күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды жəне Павлодар облыстары өңіраралық интеграция форумы басталды. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті жанындағы технопарктың атшаптырым көрме залында төрт облыстың өнеркəсіп орындары шығаратын тауарлар көрмесі ұйымдастырылды. ПремьерМинистр Серік Ахметов бастаған топ көрме орналасқан залға келді. Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаев төрт облыстың интеграцияны дамыту жөніндегі бастамасының Қазақстан экономикасын өркендетуге ерекше үлес қосатыны жайлы айтып берді. Технопарктың кіреберісінде «Азия Авто» көлік зауыты, Семейдегі «ДЭУ» автобус зауытының өнімдері мен ауыр салмақты техника түрлері қойылса, іште «Қазақмыс», «Казцинк», «Өскемен титан-магний комбинаты», Павлодар облысының Екібастұз қаласында шығарылатын вагондар макеті, Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» ұлттық компаниясы АҚ-тың тауарлары, Алматы облысындағы «Жетісу» əлеуметтік кəсіпорнының өнімдері, ауыл шаруашылығы тауарлары, түсті металлургияның ірі кəсіпорындары шығаратын тауарлар түрі қойылған. Көрмеден ойға түйген бір мəселе, ірі кəсіпорындар қасынан аймақаралық қарым-қатынасты дамыту арқылы шағын жəне орта кəсіпкерлікті өркендетуге болады екен. «Қазақмыс» корпорациясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мысалға алайық. Аталмыш кəсіпорын еліміздің үш облысында өнімдер шығарумен айналысады. Сондықтан олардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынасы бар екені түсінікті жағдай. Корпорация соңғы екі жылда тауарларды сатып алуға деген көзқарасын түбегейлі өзгертті. Өткен жылы тауар сатып алу 48,1 пайызға арта түскен. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында «Қазақмыс» 201 мекемені тапсырыспен қамтамасыз ету жөнінде келісімге қол қойды. Оның ішінде

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы.

Талдықорғандағы «ТАТЭК» АҚ «Электр жүйелерін жаңарту» бойынша инвес тициялық бағдарламаға сəйкес, «SANAU» электр қуатының автоматтандырылған коммер циялық есептеу жүйесін ЭАКЕЖ жекеменшік секторға енгізу бойынша бұрнағы жылы бастаған жұмысын қайта жаңғыртты. ЭАКЕЖ мына мəселелерді шешуге көмектеседі: бақылаушылар əр үйге ай сайын барып көрсеткіштерді жазып жүрмейді; тұрғындардың электр қуатын пайдаланғандығы жайлы ақпарат белгілі жүйе арқылы деректемелер негізінде тиісті орынға түсіп тұрады; есеп айырысу үшін көрсеткіштерді жазып алу процесі уақтылы жəне нақты да анық жасалады; интернет жəне интернет-банкинг арқылы төлем жасауға мүмкіншілік туғызады. Егер тұтынушы пайдаланған электр қуатының ақысын төлемеген жағдайда, бұл жүйе электр қуатының берілуін шектеуге немесе мүлдем өшіріп тастауға мүмкіншілік береді. Ал, электр қуатын ұрлаған жағдайда немесе есеп құралының жұмысына тосқауыл қойылып, кедергілер жасалса, деректеме негізіне автоматтандырылған түрде дабыл қағылады.

Ќуатты аймаќтар – ќуатты Ќазаќстан

бір шығарып қойды. Алтынбектің туған үш ағасы бар. Нұрбек, Жəнібек жəне Асылбектің үлкені 11 жаста, кішісі 5-те екен. Бəрі атасы Есқара мен əжесі Зəбираның қолында өсіп, бауырында еркелеп, тəрбиесін көрген, үлкен өнегелі отбасы. Таскен ауылы Сайрам ауданы аумағына жатады дегені болмаса, облыс орталығына тиіп тұр. Сондықтан мұнда барлық тұрмыстық жағдай жасалған. Ел мерейін асырған алтындай ұл Алтынбек Есқаратегіне облыс басшылығы бір тұлпар мінгізді. Жəне кішкентай балаға қажетті жабдықтарды тарту етті. Лайым, сəби ат жалын тартып өсіп, елі үшін туған азамат болсын! Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы. ----------------------------------------

Суретті түсірген Қайсар ШЕРІМ.

39-ы отандық өнімдер. «Алдағы уақытта корпорация өнімдерін өзімізде пайдаланып, шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыта берсек ұтатынымыз анық», деді өңір басшысы. Бұдан кейін «Алматы, Қарағанды, Павлодар жəне Шығыс Қазақстан облыстарының интеграциясын дамыту жөніндегі өңіраралық ынтымақтастық» атты форумның пленарлық мəжілісі басталды. Оны Премьер-Министр Серік Ахметов ашты. – Біз сіздерді бүгінгі аса маңызды форумның басталуымен құттықтаймыз, деді Се рік Нығметұлы. – Форум жұ мы сына вице премьер-министр, министрлер, Сенат жəне Мə жі ліс депутаттары, орталық жəне жергі лікті атқарушы органдардың, ірі кəсіпорындар мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілері, шағын жəне орта кəсіпкерлік саласының өкілдері қатысып отыр. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымды екі бағытта ұсынды. Олар ұлттық экономиканы ғаламдық ортаға ықпалдастыру болса, екіншіден ел ішіндегі аймақтарға жылжу. Аймақтар ықпалдасуы ел экономикасын дамытудың негізі болуы тиіс. Оның алғашқы қадамы 2011-2012 жылдары жүзеге аса бастады. Елбасы тапсырмасы бойынша аймақтарды дамыту, шағын қалаларды өркендету, «бизнестің жол картасы», жұмыспен қамту бағдарламалары жүзеге асып, оң нəтиже бере бастады. Оның үстіне биыл Мемлекет басшысының жарлығымен Өңірлік даму министрлігінің құрылғанын білесіздер. Демек, алға қарай батыл қадам жасай беру керек. Премьер-Министр өз сөзінде соңғы кезде интеграциялық үдерістердің дамуы айқын көріне бастағанын тілге тиек етті. Төрт облыстың интеграциясын дамыту арқылы біз экономикалық даму деңгейін сəйкестендіруді аймақтағы өндіріс орындары шығаратын өнімдерді бірлесіп пайдаға жаратуды, экономикадағы жəне басқа да орын алған проблемаларды жоюды қамтамасыз етіп, облыстар экономикасының өркендеуіне қол жеткіземіз. (Соңы 3-бетте).

 Өңір өмірі

Аќќайыѕдар алќабында Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Астық өсірген диқаншыларға да, төрт түліктен табын-табын төл өргізген малшыларға да жаз аса жайлы тиген сыңайлы. Мамыражай маусым жер-дүниені жасыл желекке бөлеп, шіліңгір шілде жаңбырын, ыстығын аямай төгіп, елдің молшылық жылы болғай деген тілеуі оңғарылғандай. Қызылжар өңірінде кең қанат жайған жауапты науқанның бірі – мал азығын əзірлеу жұмыстарына жұмыла кіріскен 100-ден астам бригадалардың шалғы сырылы күн сайын үдей түсуде. Сырттай тамашалаған жанға кең дала төсі бейне бір еңбек симфониясына ұласқандай əсер береді. Алдағы қыста 370 мыңдай бас ірі қара, 125 мың бас жылқы, 448 мың бас қой-ешкі қолға қарайтынын ескерсек, осынау қоғамдық мал үшін сапалы жемшөп қорын дайындау оңай шаруа емес. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына қарағанда, 570 мың гектар жердің шөбі шабылып, жарты миллион тоннаға жуық өнім алынған. Мамлют ауданы қажетті ірі сабақты азықтың 85 пайызын мал қораларына жеткізіп алса,

одан Есіл, Тайынша аудандары да қалысар емес. Мамлют ауданындағы «Мəмбетов жəне К» командиттік серіктестігі егіншілікпен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. Қазір оның қарамағында асыл тұқымды 450 ірі қара малы, 300 жылқысы бар. Бас директор Еркебұлан Мəмбетовпен сөйлескенімізде биылғы жаздың жанға да малға да жайлы болып тұрғанын, шөптің өте бітік шыққанын, оны жинауға 3 бригаданың ұйымшылдықпен кіріскенін, осынша шетелдік шөп комбайнының атсалысып жүргенін жеткізді. 1500 гектар жерге егілген көпжылдық шөпке екі мəрте шалғы салу жоспарланған. «Отан» орденінің иегері Арыстан Жүнісов жетекшілік ететін бригада тапсырманы еңсеріп тастапты. Хамит Қантаев, Елубай Серғалиев секілді майталман механизаторлардың қимылы ерен. Аққайың ауданына қарасты «Леонов» шаруа қожалығының да қарқыны тегеурінді. Валерий Таница басқаратын бригада 400 тонна табиғи шөп дайындап үлгіріпті. 700 гектар көпжылдық, 500 гектар біржылдық шөптің шығымдылығы жоғары.

Есіл ауданы Покровка ауылдық округінің жеке шаруашылықтары да жаздың əр күнін тиімді пайдалануды мақсат еткен. Солардың бірі – Қайырбек Қожасов жетекшілік ететін «Бай Еңбек» ЖШС орманды алқапты еңсеріп, кең жазықтың шүйгін шөбіне шалғы түсірген. Роторлы

шалғы тіркеген тракторлар желмен жарысқандай жүйткиді. Шөп шабу, оны тасу, мал қораларына жеткізу еш кідіріссіз атқарылуда. Адамның белінен келетін көк балауса исі танау қытықтайды. Əсіресе, ерке Есілдің қос қапталы тұнып тұр. Биылғы қардың қалыңдығы,

көктем ылғалының молдығы теріскей өңірдің де ырысын, дəулетін тасытып, ен байлыққа кенелткелі отыр. Солтүстік Қазақстан облысы. ------------------------------

Суретті түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.