24 саєат №156 (28380) 13 ТАМЫЗ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Əріптестікке мїдделілік танытты
Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Хидайат Абдул Хамидтен, Эстонияның Төтенше жəне өкілетті елшісі Яан Рейнхольдтен, Ливияның Төтенше жəне өкілетті елшісі Салим Абдурахман əл-Суейтиден, Иран Ислам Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилуден, сондайақ, Тəжікстанның жəне Канаданың Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшілері Назирмад Ализода мен Шон Стайлден сенім грамоталарын қабылдады.
Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Кездесуде сөз алған Мемле кет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының басталуымен
құттықтай келе, бұл – елдер арасындағы екіжақты жəне көпжақты өзара саяси-экономикалық байланыстардың жанда нуына ықпал ететініне сенім білдірді. «Қазақстан Тəжікстанға Орталық Азиядағы маңызды серіктес
ел ретінде қарайды. Біз бұл елдің негізгі инвесторына айналып отырмыз. Тəжік экономикасына салынған Қазақстанның инвестициясы 125 миллион АҚШ долларынан асты. Қазақ капиталының қатысуымен 40-қа жуық кəсіпорын жұмыс істейді. Соған қарамастан, өзара сауда көлемін ұлғайтып, ынтымақтастық аясын кеңейтуіміз қажет. Біз ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс, жеңіл, тамақ өнеркəсібіне қатысты екіжақты жобаларды іске асыруға мүдделіміз», деді ҚазақстанТəжікстан ықпалдастығына қатысты сөзінде Президент. Н.Назарбаев Иран Ислам Республикасымен арадағы дəстүрлі достық қарым-қатынас пен тиімді ынтымақтастықты да жоғары бағалайтынын жеткізді. «Біздің елдеріміздің саяси эко номи калық байланыстары жылдан-жылға артып келеді. Биыл іске қосу жоспарланған «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» жаңа теміржолы – соның айғағы. Бұл бағыт өңірдегі саудаэкономикалық ынтымақтастыққа серпін береді деп сенеміз», деді Елбасы. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалды тезірек реттеу – өңірдегі тыныштық, сауда-саттық үшін өте өзекті екенін атап өтті. «Алматыда араағайындық еткен «алтылық» пен Иран арасындағы келіссөздің екі раунды өткені белгілі. Біз осы арқылы жағдайдың реттелуіне өз үлесімізді қостық. Таяу уақытта баршаны қанағаттандыратын ұзақмерзімді келіссөздерге қол жеткізіледі деп ойлаймыз. (Соңы 2-бетте).
Ынтымаќтастыќ жайы сґз болды Мемлекет басшысы Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелері талқыланды. Қазақстан Президенті Түрікменстанның біздің елге жақын əрі бауырлас мемлекет екенін атап өтті. – Біз əрда йым сая си- эко но ми калық жақсы қарым-қатынаста болдық жəне оны əрі қарай жалғастыруға дайын быз. Қазір маңызды жоба – Қазақстаннан Түрікменстан мен Иран ар қылы Парсы шығана ғына шығатын теміржол құрылысын аяқтау күтіліп отыр. Ол аяқталысымен бүкіл өңірдегі сауда қатынастары мүлде жаңа
Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Байболұлы Бисенқұлов Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Белсенділік іске серпін Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қарағандыда бо лып, «Қазақмыс» корпороциясы» ЖШС құю-машина жасау зауыты еңбеккер лері жəне облыс жастар ұйым дары жетекшілерімен кездесті. Бұдан соң партияның облыстық филиалының кезектен тыс ХІХ конференциясына қатысты. Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Жоғарыда аталған өндіріс орнына бару кезінде іс-тынысы на баса назар аударылды. Ұжым мүшелері еңбектің ұйымдастырылуы, əлеуметтік мəсе лелердің шешілуі жайлы ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Аймақтағы бұл іргелі кəсіпорында ҮИИДМБ шеңберіндегі ауқымды
жоба саналатын «ҚазБелАЗ» ауыр салмақты жүк көліктерін құрастыру жүргізіледі. Мұнымен қоса 800-ге жуық адам еңбек ететін үлкен зауыт 3 мыңнан астам түрлі бұйымдар шығаруымен сырт жерлерге де өнімі өтімділігімен танымал. Еуразиялық экономи калық одақ шарты аясында Ресей Федерациясы, Беларусь (Соңы 2-бетте).
-----------------------------------------
Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Бїгінгі нґмірде:
Оймақтай ой
Таєайындау
деңгейге көтеріледі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде Р.Мередов Президент Гүрбангулы Бердымухамедовтің жылы лебізін жеткізді. Сондайақ «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржолы құрылысының барысы туралы əңгімелеп, оны іске қосудың əуелгі мерзімі жөнінде хабардар етті. Сонымен қатар, Р.Мередов сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, отын-энергетикалық жəне мəдени-гума нитарлық салалардағы екіжақты ісқимылдардың дамуын атап өтті.
7-бет
Адам – таңғажайып құбылыс. Шоқан УƏЛИХАНОВ.
Америкалық ұшақтар Ирактың солтүстігіндегі содырларға соққы жасап, барлау жүргізу жəне гуманитарлық көмек көрсету үшін күніне жүз рет ұшуларды жүзеге асырмақ. 9 тамызда америкалық ұшақтар күніне 90-ға жуық ұшулар жасаған. Олардың міндетіне барлау мəліметтерін жинау жəне сол аумақта патрульдік қызмет атқару кіретін көрінеді. 8 тамыздан бері əскери əуе күштері мен теңіз авиация сы содырларға 15 əуе соққысын жасаған. Үстіміздегі жылдың мамырынан тамыз айының басына дейін Жапонияда ауа райының шектен тыс ыстық болуынан 48 адам қаза тапқан. Небəрі осы аталған кезең ішінде елде 31135 рет ыстықтан соққы алу жағдайы тіркелген. Жапония төтенше қызметі таяудағы күндері температураның тағы көтерілетінін ескертіп, халыққа көбірек су ішіп, желдеткіштер мен ауа баптағыштар қолдануға кеңес беруде. Мадрид ауруханасында Либерияда Эбол безгегі вирусын жұқтырған алғашқы еуропалық – дін қыз меткері Мигель Пахарес қайтыс болды. Африкалық елде үкіметтік емес ұйымда жұмыс істеген 75 жастағы Пахарес Мадридке 7 тамыз күні жеткізілген көрінеді. Онымен бірге елге монах əйел Хулиана Бои да алдырылған, бірақ онда вирустың жоқ екені анықталып отыр. Қытай жағалау күзетінің 3 кораблі сейсенбі күні таңертең Шығыс-Қытай теңізіндегі даулы Сенкаку аралдары айдынына кірген. Бұл биылғы жылғы қытайлық кемелердің даулы аралдарға он екінші рет баруы болып табылады. Соңғы рет мұндай жағдай 6 тамыз күні тіркелген екен. Сенкаку аралдары Жапония мен Қытай арасындағы өткір аумақтық талас тудырып отырған аралдар қатарына жатады. Мексиканың солтүстік батысында шахтадан аққан улы химикаттар жергілікті өзендерді айтарлықтай ластаған. Жергілікті прокуратура өкілінің түсіндіруінше шахтадан аққан 40 мың текше метрдей күкірт қышқылы Сонора өзенінің сағасына жеткен көрінеді. Соның салдарынан өзен суы сарғылт түске боялып, соңы балықтар мен су ішуге келген жануарлардың өліміне апарып соқтырған. Мексика билігі су құбырындағы суларды пайдалануға уақытша тыйым салып отыр. АҚШ билігі дүйсенбі күні Ирактың солтүстігінде содырларға қарсы соғыс жүргізіп жатқан күрд топтарына қару-жарақ жеткізіп беруді бастады. Сонымен бірге, АҚШ президенті əкімшілігінің өкілдері таяу уақыттары күрдтерді қаруландыруға елдің қорғаныс министрлігін қосу туралы шешім қабылдануы мүмкін екендігін хабарлаған. Түріктің Гуманитарлық көмек қоры Израильдің Газа секторына блокада жасауына қарсы наразылық ретінде тағы бір акция жарияламақ ниетте. Қор дүйсенбі күні 12 елдің өкілдерінен тұратын Палестинаны қолдау коалициясы мүшелерінің Ыстамбұлда кездесіп, Газа жағалауына кемелер фло тилиясын аттан ды ру жөнінде шешім қабыл дағанын мəлімдеген. Аталмыш қор 2010 жылы да дəл осындай акцияға бастамашы болған еді. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді.
ШҰБАТ ПЕН ШУАҚ
5-бет
немесе Сарытауқұм серенадасы
Єарыш 4-бет
Ол – ел экономикасыныѕ еѕ ќымбат салаларыныѕ бірі
ѕ– ы т а з н а є «Жаса жаућар бґлігі» ѕ 14-бет жаныѕны