АҚПАРАТТАР аєыны №153 (28631) 13 ТАМЫЗ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Ќазаќ-ќырєыз шекарасындаєы кедендік баќылау алынды Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруіне байланысты қазақ-қырғыз шекарасы учаскелеріндегі кедендік бақылауды алу рəсіміне қатысты. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» Ыстықкөлден.
Салтанатты рəсім басталмас бұрын Президенттер Ыстықкөл жағасындағы мəдени орталық – «Рух-Ордода» екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында екі мемлекеттің көшбасшылары еуразиялық ықпалдастық мəселе лерін жəне Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне байланысты өзара ісқимылдың, сондай-ақ, оған ЕАЭО аясында қолдау көрсетудің жаңа жағдайларын талқылады. Сонымен қатар, екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен оның инвес тиция, өнеркəсіп, жол құрылысы, туризм жəне басқа салалардағы перспективалары қарастырылды. Мемлекет басшысы қазаққырғыз қарым-қатынасы əрдайым жоғары деңгейде екенін, Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі қазірдің өзінде 1 миллиард доллардан асатын тауар айналымын одан əрі жандандыра түсуге жағдай туғызатынын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, кедендік шекараларды ашу екіжақты экономикалық қатынастарға оң ықпал етіп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері, сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздік мəселелері жəне халықаралық күн тəртібіндегі өзекті
дїниеге келді
Қалалық перинаталдық орталықта биылғы жылдың 21 шілдесінде төртінші рет үшем, 5 тамызда тұңғыш рет жарық дүние есігін ашқан төртем ата-аналарының көз қуанышына айналды. Бүгінде сəбилердің денсаулығы жақсы. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Бір айта кетерлігі, жақсылық хабарға шөліркеп жүрген Алматыдағы барлық БАҚ өкілдері бұл жолы тайлы-таяғымен қалмай келіпті. Бір-бірлерін құттықтап, перзентхана қызметкерлеріне бауы берік болсын айтып жатыр. Осы қуаныштың үстіне Алматы қаласы əкімінің орынбасары, орталықты бірнеше жыл басқарған, мыңдаған баланың кіндік шешесі, алтын қолды
хирург Зəуреш Аманжолова мен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова да қосылып, төртем жəне үшемді дүниеге əкелген аналарды көруге асықтық. Жап-жас, əп-əдемі сүйкімді екі қазақтың қызының көп балалардың анасы атанғанына қуанып, əрі таңғалыстық. – Бүгін қаламызда ерекше тарихи күн, үлкен оқиға. Өйткені, ылғи төртем туыла бермейді. Бұдан 5 жыл бұрын Алматыдағы республикалық ана мен бала
денсаулығын қорғау орталығында осындай оқиға болған. Бірақ, ол жасанды ұрықтандыру (ЭКО) жолымен еді. Бұл жолғы төртем физиологиялық жағдаймен болып отыр. Біз бірден хабарлап, сүйінші сұрауға асықпадық. Қазір нəрестелер интенсивті палатадан шықты. Қазақтың басына бас қосып, санын ұлғайтып, демографиямызға үлес қосып жатқан екі қызымызға ризамыз. Балалардың дені сау болсын. Амандық болса төртемнің анасы «Алтын алқа» белгісін алады, – деді Алматы қаласы əкімдігінің атынан кішкентайларға сыйлық тапсырған Зəуреш Жұманəліқызы. Оның айтуынша, былтыр Алматы қаласында 7 үшем дүниеге келсе, биылғы жарты жылдың ішінде 4 үшем туған. Жалпы, Алматы бойынша жылына 42-43 мың бала дүниеге келеді. Ал əрбір 9-шы қазақстандық Алматыда туылып, əр 8-ші қазақстандық қаламызда емделеді екен. Жас аналарға 2 медбикеден бөлінеді. Ал пəтер мəселесі отбасылардың материалдық жағдайы тексеріліп барып қарастырылмақ. Адам ұрпағымен мың жасайды деген. Үш ұл өсіріп отырған Баян мен Қанаттың отбасы бірден бір ұл жəне үш қыз баламен толығып, мəре-сəре қуанышты күй кешуде. Бірден төрт баланың анасы атанған төртеммен анасы 35 жастағы Баян Абдуллина шақалақтарды жеті ай бойы көтеріп жеткізу қиын болғанын, бірақ табиғат өзі салған түйінін, өзі шешкенін айтып, журналистерге сұхбат берді. (Соңы 5-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Мəңгі жасыл Малайзия 5-бет
Ақ сүттен ақбұлақ ағады 9-бет
(Соңы 2-бетте).
Оќырман назарына!
Көбеймесек көсегеміз көгермес
Алматыда бір їшем, бір тґртем
жайттар жөнінде де пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қырғызстан Алмазбек Атамбаевтың басшылығымен орнықты даму қарқынын көрсетіп отырғанына назар аударды. Ал Қырғызстан Президенті Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші рөлін атай отырып, сапарлап келгені жəне жемісті ынтымақтастық үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Екіжақты кездесуден соң Президенттер бірден сол «РухОрдо» мəдени орталығының алаңына қарай беттеді. Бұл жерде ашық аспан астында үлкен экран құрылып, Қазақстан Рес публикасының «Қордай» жəне Қырғыз Республикасының «Ақжол» кедендік бекеттері тікелей эфирде байланысқа дайын тұрған болатын. Экранның арғы жағында шекара қызметкерлерімен бірге, Қазақстан Премьер-Ми нис трінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстан Үкіметінің басшысы Темір Сариев Президенттердің кедендік бақылауды алып тастауға берер бұйрығын күтіп тұрды. Айтпақшы, атап өту керек, тікелей эфир «ҚазСат 2» спутниктік желісі арқы лы «Қазақстан» ұлттық арнасы жəне «Хабар» телеарналарының жылжымалы түсірілім камералары көмегімен жүзеге асты.
Сирек сурет 10-бет
Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.
Астананың 2015-2016 жылғы жылыту маусымына дайындығы 59 пайызды құрайды. Қалалық энергетика басқармасының хабарлауынша, бүгінде «Астана-Энергия» АҚ дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Ол бұл жұмыстарды жылыту маусымының басына дейін аяқтауды межелеп отыр. Шымкентте 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қолға алынды. «Көліктік-логистикалық аймағы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры Сұңғат Абдуллаев осы мақсатта 92 гектар жер телімі бөлінгенін айтты. Құрылыс жұмыстары келер жылы толық аяқталуға тиіс. Атырау облысы, Индербор кентінде үш қабатты екі 60 пəтерлі үй пайдалануға берілді. Облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, таяу уақытта өңірдегі елді мекендерде тағы осындай 7 үй салынады. Сол үшін облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Павлодар облысынан Түркия мен Беларусь елдеріне қалайы өнімдері табысты экспортталуда. Облыстық индустриялықинно вациялық даму басқармасының мəліметіне сүйенсек, өткен жылы өңірден алысжақын шетелдерге 340,4 млн. АҚШ долларының өнімі тасымалданған. Ал биылғы бес айда бұл көрсеткіш 155,2 млн. теңгені құрады. Шығыс Қазақстанда екі ірі инновациялық жоба технологиялық даму агенттігінің сынынан сүрінбей өтті. Нəтижесінде, жоба авторларының əрқайсысы 5 млн. теңге көлеміндегі грантқа ие болды. Агенттік өкілдерінің айтулары бойынша, жыл басынан бері 120-дан астам адам инновациялық грант алу бойынша өтініш жолдаған. Ақтөбеде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 9 кəсіпкер өз ісін бастады. Олардың арасында мемлекеттен 3 млн. теңгеге дейін несие алғандары да бар. Солардың бірі – Гүлжанат Айжанова есімді кəсіпкер тігін шеберханасын ашып алған. Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында құны 30 млн. теңгеден асатын 13 жер телімі мемлекетке қайтарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы бұл жердің жалпы аумағы 4,5 мыңнан астам гектарды құрайды. Солтүстік Қазақстанда ағаш өңдеу қалдықтарынан пеллет-брикет өндіретін зауыт ашылды. Заманауи технологиямен жабдықталған кəсіпорын сағатына 700 кг экологиялық таза «қатты отын» өндіреді. Ал айына 100 тоннаға дейін брикет дайындауға мүмкіндігі бар. Зауыт басшысы Сермухамет Ахмутдинов əзірге 12 адамның жұмысқа қабылданғанын жеткізді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
Өңір өмірі
Ќўрылысы ќарќынды Ќызылорда Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Соңғы жылдары Қызылорда облысы үлкен құрылыс алаңына айналғандай. Аймақтың қай бұ ры шына барсаңыз да, жаңа нысандардың салынып жатқанын көресіз. Осының өзінен-ақ елдің экономикалық жағдайының артқанын, əлеуметтің əлеуеті өскенін байқауға болатындай. Мысалы, бір ғана биылдың өзінде Қызылорда облысында 83 нысан пайдалануға берілмек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артық. Бұл турасында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев былай дейді. «Облыстың жаңа келбетін қалыптастыратын өндіріс орындарын салуда қарқын бар. Атап айтар болсақ, Шыны зауытының құрылысы басталып, тиісті 33 миллиард теңге қаржы бөлініп, жобаның барлық мəселесі толығымен шешілді. Сондай-ақ, Қызылорданың сол жағалауын игеру барысында Азия Даму Банкімен 174 миллиард теңге қаржы бөлу туралы келісімдер жасалуда». Қызылорда облысы құрылыс салу қарқыны бойынша республикада алдыңғы қатарға шықты. Бүгінде білім беру саласы
бойынша 24 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін оның 20-сы ел игілігіне беріледі. Сонымен қатар, осы жылы жетім балаларға қамқорлық жасау мақсатында «Балалар ауылы» пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау саласы бойынша 6 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 3-уі жыл соңында ашылады. Мəдениет саласы бойынша биыл 7 ауылдық клуб, кітапхана жəне мұражайдың құрылысы жүргізілуде. Спорт саласына келсек, жыл соңына дейін ипподромның жəне Бокс орталығының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, қаладағы Ғ.Мұратбаев атындағы стадион ның қосалқы алаңы қайта жаңғыртылады. Бұған қоса, биыл Илья Ильин атындағы ауыр атлетика халықаралық орталығы мен 3 000 орындық жабық футбол манежінің құрылысы басталады. Айта кету керек, тұрғын үй құрылысы өткен жылмен салыстыр ғанда 4 есеге артып отыр. Жақында 300 отбасы қоныс тойын тойлап, 6 тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 2090 пəтерлік 41 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қызылорда облысы.