Ќазаќстан Президенті – Ќырєызстанда
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына сапармен келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
№211 (28150) 13 ҚЫРКҮЙЕК ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Сапар барысында Қазақстан Президентінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысуы, сондай-ақ, шет мемлекеттер көшбасшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізуі жоспарланған.
Кеѕес аясындаєы кездесулер
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевтың Иранға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралды. Тараптар сауда-экономика, көліккоммуникация жəне инвестиция салаларындағы
екіжақты ынтымақтастықты жандандырудың келешегі туралы сөйлесті. – Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы жағдайдың шешілуіне бұдан кейін де белсене қатысуға дайын. Сонымен қатар, біз көлік-коммуникация саласындағы өзара іс-қимылымызды дамытуға, атап айтқанда, темір жол тасымалын жүзеге асыруға мүдделіміз. Біздің елдеріміздің ортақ игілігі – Каспий теңізі, ол достық пен ынтымақтастық теңізі болуға тиіс. Оның құқықтық мəртебесін анықтау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет,
ал сарапшылар бұл бағыттағы қызметін одан əрі жүзеге асыруы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті өңірде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге барлық елдер мүдделі екенін атап өтті. Хасан Рухани Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің ұлықтау рəсіміне қатысқаны үшін алғысын айтып, Қазақстанның Иран үшін достас ел, өте маңызды серіктес болып саналатынына тоқталды. – Бізде өзара ынтымақтастықтың
Ґзге елдер їшін їлгі Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы С.Лавровтың Қазақстанға сапарына ықылас білдіріп, елдеріміз
арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. – Қазақстан мен Ресей жоғары
Ќауіпсіздіктіѕ алдын алу мəселесі ќаралды
Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінде террорға қарсы орталық мүшелерінің екінші кеңейтілген отырысы болып өтті. Жиынға салалық ведомство жəне бейнежелі арқылы аймақтардағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары қатысты. Əмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ, «Егемен Қазақстан».
Отырыста Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Əбіқаев күн тəртібіне қойылған терроризм қаупінің таралуына себеп болатын бірқатар факторларды атап өтті. Бұдан біршама жыл бұрын біз терроризмді жекелеген елдер арқылы білетін болсақ, қазір оның ұғымының өзі бүкіл əлемге кең тарап үлгерді. Нақты айтар болсам, экстремистік жəне қылмыстық, соның қатарында қарулы топтарды жою бойынша арнайы, жиі түрде бірлескен ондаған операциялар əлденеше рет табысты өткізілді. Дегенмен,
дəл қазіргі кезеңде азаматтардың діни сауатын ашу өте маңызды болып отыр. Ол үшін əуелі жас ұрпаққа білім дəнін егетін балалар бақшасындағы тəрбие мəселесіне зейін қоюымыз қажет. Шетелден діни сауатын ашып келетін мамандарымыздың біліктілігіне де зерттеу жүргізген артықтық етпейді. Өйткені, өмір көрінісінен анық аңғарылғандай, басқа діннің жетегіне еріп кетіп жатқандардың 80 пайызы жұмыссыз жүрген жастар. Сондықтан біз жəне жергілікті атқарушы билік бұл тұрғыдағы мəселеге сергек қарауымыз тиіс, деді Н.Əбіқаев. (Соңы 2-бетте).
деңгейде қарым-қатынас жасап келеді. Бұған елдеріміздің сыртқы істер министрліктері
мен елшіліктерінің қосқан үлесі зор. Біздің екіжақты ынтымақтастығымыз өзге елдер үшін үлгі бола алады деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Ресей Сыртқы істер министрін G20 саммитінің сəтті өтуімен құттықтап, осынау ауқымды іс-шараның сапалы ұйымдастырылғанын атап өтті. С.Лавров Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен жүргізілген келіссөздер, онда екіжақты ынтымақтастықты одан əрі тереңдету мəселелері қаралғаны, соның ішінде мемлекеттер басшылары кездесуіне дайындық жөнінде нақты қадамдар белгіленгені туралы хабардар етті. Бұған қоса, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аспектілері мен халықаралық күн тəртібіндегі мəселелер талқыланды. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Мəселенің мəнісі
Жайлы тўрмыстыѕ аќысы да сайлы
Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев жылжымайтын мүлікке салынатын салықты арттыру жағдайға пара-пар жəне дер кезіндегі шара деп есептейді. «Бұл бүгінгі ахуалға жауап беретін нағыз пара-пар шара» деп атап көрсетті министр. Бұл туралы осы министрліктің баспасөз қызметі хабар таратты. Жылқыбай белгілеген бағасы бойынша да ЖАҒЫПАРҰЛЫ, Орынбор көшесінде орналасқан «Егемен Қазақстан». пəтер екіншісіне қарағанда жарты миллион теңгеге қымбат Өз сөзінде Е.Досаев Астана бағаланады. Ал рыноктық баға қаласының екі аумағында бойынша пəтерлер құнының орналасқан көлемі 45 шар- айыр машылығы бұдан да шы метр екі пəтерді мысалға жоғары. Соған қарамастан, келтіреді. «Олардың біреуі бұл екі пəтерге төленетін Республика даңғылындағы ескі салықтардың айырмасы болмакөп қабатты үйде орналасса, шы ғана. Мəселен, Республика екіншісі Орынбор көшесіндегі даңғылындағы пəтер иесі 2237 жаңадан салынған ғимаратта теңге салық төлесе, Орынбор қоныс тепкен. Бұл пəтерлердің көшесіндегі пəтер иесі 2918 бағасының əртүрлі болуы заңды теңге салық төлейді. құбылыс. Тіпті, жылжымайтын (Соңы 2-бетте). мүлікті тіркейтін орталықтың
орасан əлеуеті бар. Бізге тек екіжақты сауда-экономикалық байланысты ғана емес, елдеріміздің мəдениет саласындағы өзара ісқимылын да дамыту өте маңызды, – деді Иран Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани өңірлік қауіпсіздік пен халықаралық күн тəртібіндегі мəселелерді де талқылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу аясында Тəжікстан
Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Əңгімелесу барысында мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екі елдің өңірлік жəне халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы мəселелерін қарастырды. Сонымен қатар, тараптар өңірлік қауіпсіздік ахуалы жөнінде пікір алмасты.
Мамандар даярлауда сапа ќажет
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Əлихан Байменовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Ə.Байме нов Мемлекет басшысына агенттіктің алдағы қызметі нің негізгі бағыттары мен халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары баға алған мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің қалыптасқан аспектілері туралы баяндады. Қазақстан Президенті мемлекеттік қызметті реформалаудың негізгі кезеңдерінің бірі «А» корпусын жəне тиісті сапалы кадрлар резервін жасақтау екенін атап өтті. – Осы орайда мемлекеттік қызметшілерді даярлау жəне біліктілігін арттыру мəселелеріне назар аудару қажет. Облыстарда оның қызметіне жеткілікті қадағалау жасамайтын жергілікті əкімдіктерге бағыныстағы
мемлекеттік қызметшілерді оқытудың өңірлік орталықтары бар. Назар аударуды талап ететін тағы бір бағыт – мемлекеттік қызметшілерді шетелдерде оқыту жəне біліктілігін арттыру. Қажетті білім қоры, дайындықтары бар адамдарды жіберудің орнына ол жаққа көбінесе ағылшын тілін білмейтіндер жіберіледі. Осының салдарынан олар материалды игере алмайды жəне тиісті тəжірибе жинақтай алмайды. Бұл мақсаттарға бюджеттен 170 млн. теңге бөлінген, ал нəтиже жоқ, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев тиісті мамандықтар бойынша даярлауда сапаның қажеттігін атап өтті. (Соңы 2-бетте).
ХАБАРЛАНДЫРУ
Жоғары Сот Кеңесі Жоғары Сот Кеңесінің Регламентіне 2013 жылғы 10 қыркүйекте біліктілік емтиханды сəтті тапсырудың шектік мəнін 3-тен 4-баллға дейін көтеруді көздейтін өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.
АҚПАРАТТАР аєыны Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры биыл 13 млрд. теңге бөледі. Бұл қаражат ауыл кəсіпкерлеріне шағын несие ретінде ұсынылады. Қазірге дейін оның 8,3 млрд. теңгесі 4 мыңнан астам адамға берілді. Жылдың соңына дейін оған тағы 200ге жуық кəсіпкер қол жеткізеді. Назарбаев Университеті студенттерінің саны 2 мыңнан асты. Биыл білім ордасы дайындық бағдарламасына 536 тыңдаушыны, бакалавриат бағдарламасына 48 студентті, магистратура мен докторантураға 126 студентті қабылдады. Үстіміздегі жылы Қазақстан мен Ресейдің ортақ 11 жобасы іске қосылады. Бұл туралы кеше Астанада өткен баспасөз мəслихатында РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мəлім етті. Аталған
ТАҒАЙЫНДАУ
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Дастан Шериазданұлы Елеу кенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне; Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Бақытжан Ордабаев Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Айгүл Мұхаметкəрімқызы Мұхаметкəрім Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды.
ХРОНИКА
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қазақстан Республикасының Ұлыбритания жəне Солтүс тік Ирландия Құрама Король дігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Қайрат Қуатұлы Əбусейітов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі міндетін қоса атқарудан; Алтай Болтайханұлы Зейнелғабдин өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды.
жобалардың барлығы Қазақстан мен Ресейдің 20132015 жылға арналған бірлескен іс-шаралар туралы жоспарына енген. Астана қаласындағы халық саны 795 мың адамнан асты. Биылғы жылдың 7 айында мұнда 12634 бала өмірге келді. Өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 4,74-тен 4,28-ге азайды. Бүгін Өскеменнің туған күні кең көлемде атап өтіледі. Шара барысында облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасы бойынша осы өңірдің белгілі азаматтары Александр Протазанов пен Ахат Күленовтің ескерткіштері ашылады. Ал мерекелік концертке Бибігүл Төлегенова, Майра Ілиясова бастаған қазақ əн өнерінің жұлдыздары қатысады. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.