Əлемді əлекке салған тұрақсыздық Шанхай ынтымақтастық ұйымының қажеттілігін одан сайын күшейтіп отыр. Бұл ретте ШЫҰ-ның рөлі мен беделін арттырып, оның басқа да халықаралық ұйымдармен байланысын бекіте түскен абзал.
№179 (28402) 13 ҚЫРКҮЙЕК СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Ўйым алдында ўлан-єайыр міндеттер тўр
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тəжікстан астанасы Душанбеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» – Душанбеден.
Кеңес отырысына ұйымға мүше Мемлекеттер басшыларының «төрт көзі түгел» жиналды. Атап айтқанда, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмон, сонымен қатар, ұйымға байқаушы елдерден Ауғанстан Президенті Хамид Карзай, Иран Президенті Хасан Рухани, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж жəне Үндістанның Сыртқы істер министрі Сушма Сварадж, Пəкістан Премьерминистрінің ұлттық қауіпсіздік жəне сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Сартадж Азиз келді. Ал Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов кеңес отырысына құрметті қонақ ретінде қатысты. Сондай-ақ, ШЫҰ-ға үнқатысу бойынша əріптес мəртебесіне ие мемлекеттер Түркия, Беларусь жəне Шри-Ланка елдерінен де бір топ делегация болды. Кешегі мақаламызда айтып өткеніміздей, Шанхай ынтымақтастық ұйымына бүгінге дейінгі бір жыл аралығында
Тəжі к стан Республикасы төраға лық етіп келді. Сол себепті де ұйым тəртібі бойынша кеңес отырысын Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмон жүргізіп отырды. Əдеттегідей, кеңес алдымен шағын құрамда өтті. Онда ұйымға мүше алты мемлекеттің басшылары ақылдаса келе, күн тəртібін белгіледі. Жылына бір рет ұйымдастырылатын аталмыш кеңес Шанхай ынтымақтастық ұйымының ең жоғары органы болып табылатындықтан, мұнда қара латын мəселелер кеңестің алдағы жылғы жұмысын нақтылап, ұйым қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды. Оның ішкі құрылымы мен жұмыс істеуінің негізгі мəселелерін шешеді, басқа мемлекеттермен жəне халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын реттейді. Сонымен қатар, халықаралық өзекті мəселелерді қарастырады. Шағын құрамдағы отырыс барысында Қазақстан Президенті əлемдегі тұрақсыз геосаяси жəне геоэкономикалық ахуал жағдайында Шанхай ынтымақтастық ұйымы үшін басымдығы бар міндет саналатын бірқатар өзекті мəселелерді айқындап берді. Қазақстан басшысы негізгі мəселе лердің бірі ретінде Шан хай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы шешілмеген шекара проблемаларын атады. Н.Назарбаев сенім
Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті Н.Ə.Назарбаевтыѕ ќазаќстандыќтарды Отбасы кїні мерекесімен ќўттыќтауы Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мəдениеттегі, əлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет жəне қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы руханиадамгершілік құндылықтары берік отбасылық дəстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Отбасы күні осы ұлағатты мұраларымызды нығайтып, жұбайлық өмірдің жауапкершілігі мен балаларға, аға буынға ұдайы қамқор болудың маңыздылығын жастардың жадына сіңіре бермек. «Қазақстан-2050» Стратегиясының ең басты мақсаты – əрбір қазақстандық отбасының əл-ауқатын арттыру. Бүгінгі таңда біздің ортақ табыстарымыздың арқасында əлеуметтік төлемдер артып, отандық білім берудің деңгейі өсіп келеді. Денсаулық сақтау саласына ең жаңа технологиялар енгізіліп, индустриялықинновациялық жобалар аясында барлық жерлерде жаңа жұмыс орындары ашылуда. Біздің ең басты жетістіктеріміздің бірі – жалпықазақстандық бірліктің теңдессіз институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының табысты жұмысы. 17 миллион қазақстандық – ортақ күш-жігерімен биік мақсаттарға ұмтылған біздің мемлекетіміздің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін біртұтас отбасы. Менің өкіміммен биыл тұңғыш рет «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізілуде. Еліміздің барлық өңірлерінде ең үздік отбасылар іріктелді. Олар барша отандастарымызға, бірінші кезекте, енді шаңырақ көтеретін жастарға шынайы үлгі-өнеге. Мереке күні əрбір қазақстандық отбасына зор денсаулық, берекебірлік пен ынтымақ тілеймін. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
шараларын нығайтуды жəне шекара ауданында қарулы күштерді қысқартуды қарастыратын ШЫҰ-ның Шанхай жəне Мəскеу келісімдері секілді базалық құжаттарының ережелерін сақтаудың айрықша маңыздылығына назар аударды. Нұрсұлтан Əбішұлы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ШЫҰ-ға мүше мемле кет тердің экономикалық ынтымақтастығының маңызды бағыттарының бірі саналатынын айтты. «Сарапшылардың болжауынша, 2050 жылға қарай Жер жүзінің халқы 9 миллиардқа жетеді. Сонымен бірге, таяу 10 жылда ауа райының өзгеруі салдарынан азық-түлік өндірісінің көлемі қысқарады. Мұндай беталыс Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін құру жəне соған сəйкес Ынтымақтастық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстанның бас тамасын талқылауды жаңғырту қа жеттігін көрсетеді», деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті су тапшылығы мəселесі өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке ықпал ететін салмақты проблема екендігіне тоқталды. Осыған байланысты Н.Назар баев Қазақстан ұсынып отырған Су комитетін құру осы мəселені шешу бағытындағы ынтымақтастықтың іс жүзіндегі тетігіне айналуы мүмкін екендігін айтты. Мемлекет басшысы отырысқа қатысушылардың назарын Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы тағы бірқатар мəселелерге аударды. Соның
ішінде ШЫҰ басымдықтарының жекелеген қатысушы-мемлекеттердің ұлттық мүдделерімен сəйкеспеуі салдарынан жүзеге асуы тежеліп отырған жобалар мен бастамаларды, сондай-ақ, бірқатар маңызды эко номикалық жобалардың ілгерілеуін қиындатып отырған қаржылық ресурстардың жоқтығын атады. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше Мемлекеттер басшылары шағын құрамдағы отырыс аяқталысымен кең құрамға ауысты. Онда кеңеске қатысып отырған барлық Мемлекеттер басшылары сөз сөйлеп, бірқатар халықаралық мəселелерді талқылады. ШЫҰ-ның негізгі мақсаттары өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау, экономикалық жəне гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту екені белгілі. Қазақстан Президенті кеңейтілген құрамдағы отырыста осы мəселелерді қамтыды. Елбасы халықаралық қоғам қазіргі күні қиын да беймаза күй кешіп отырғанын алға тарта келіп, соған орай жаһан жұрты алдында жаңа мəселелер, сынқатерлер туындағанын атап өтті. Ал бұл əлемді əлекке салған тұрақсыздық Шан хай ынты мақтастық ұйымының қажеттілігін одан сайын күшейтіп отыр. Бұл ретте ШЫҰ-ның рөлі мен беделін арттырып, оның басқа да халықаралық ұйымдармен байланысын бекіте түскен абзал. Осыны ескерген Елбасы Қазақстан ШЫҰ мен АӨСШК хатшылықтары арасындағы меморандумға қол қойылуын құптайтынын мəлімдеді.
Кеше Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, палатаның жалпы отырысының күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.
Кїн тəртібі наќтыланды Ол бойынша депутаттар адамдардың рұқ сатсыз болатын реадмиссиясы туралы қазақстандық – швейцариялық келісімді, сондай-ақ, Түркі Академиясын құру туралы келісімді ратификациялау мəселелерін қарастырады. Сонымен бірге, бейінді комитеттерге бірқатар жаңа заң жобалары, атап айтқанда, 1999 жылғы 2 ақпандағы тауарларды
(жұмыстарды) экспорттау жəне импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы қазақстандықбелорустық үкіметаралық хаттаманы ратификациялау туралы» жəне «Өсімдіктер карантині туралы» құжаттарға қатысты қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындау ұсынылады.
Оќырман назарына!
Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.
Одан əрі Мемлекет басшысы бүгінде ұйымның күн тəртібінде 2025 жылға дейінгі ШЫҰ-ны дамыту стратегиясын əзірлеу мəселесі тұрғанына тоқталды. «Стра тегияны қабылдау арқылы біз ұйымның нақты бағдары мен болашақтағы күшеюі перспективасын айқындайтын жаңа белесті еңсереміз», деді Елбасы. Қазақстан Президентінің атап өтуінше, бұл бағыттағы алғашқы қадам ШЫҰ-ға мүше мемлекет мəртебесін беру тəртібін бекіту мен өтініш беруші мемлекеттердің міндеттемелері туралы меморандум болмақ. Шанхай ынтымақтастық ұйымы – қандай да бір елге қарсы бағытталған əскери блок немесе жабық альянс емес, ол кең халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған құрамы кеңейтілуі мүмкін ашық ұйым. «ШЫҰ-ның дамуы оның негіз қалаушы ұстанымдары аясында жүргізілуі тиіс, оның бірі – ашықтық. Бүгінде екі мемлекет – Үндістан мен Пəкістан ресми түрде мүшелікке өту үшін өтінім берді», деді Мемлекет басшысы. Президент Нұрсұлтан Назар баев Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында баса назар аудару керек мəселелерге жеке-жеке тоқталды. Біріншіден, қауіпсіздік сала сындағы ынтымақтастықты тереңдету басым бағыттардың санатында қала бермек. Өңірлік террористік құрылымдарға қарсы күресті күшейте отырып, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес
саласындағы өзара іс-қимылды одан əрі нығайту маңызды. Бұл ретте ШЫҰға мүше мемлекеттердің шекаралық мəселелер жөніндегі ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы келісімге қол қою ды жеделдету керек. Бұл өз кезе гінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы шекаралар аумағында сенім шараларын нығайтуға септігін тигізетінін айтты. Мемлекет басшысы Тер роризмге қарсы өңірлік құрылым қызметін одан əрі жетілдіру үшін Астананың күш-жігер жұмылдыруға əзір екенін де атап өтті. Бұл үдеріс жан-жақты ойластырылуға жəне онда барлық тараптың мүддесі ескерілуге тиіс. Екіншіден, ШЫҰ Іскерлік кеңесі мен ШЫҰ Банкаралық бірлестігі жұмысын жандандыру қажеттігіне тоқталды. Ал бұл жұмыстардың тиімділігін бірлескен жобалардың пайда болуы, жүзеге асырылуы көрсетуі тиіс. Үшіншіден, ШЫҰ Энергетикалық клубының қалыптасуын айрықша атады. Бұл ретте, «Қазақстан Клубтың алғашқы төрағасы ретінде Жоғары деңгейдегі топ отырысын ұйым дастырды. Біз тараптарды биылғы қарашада Астанада өтетін «Жаңғыртылатын энергияны пайдалану жəне дамыту келешегі» атты конференцияға белсене қатысады деп үміттенеміз», деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-бетте).
Тиянаќты жўмыс – табыс кепілі Кеше Орталық коммуникация лар қызметінде Ақтөбе облысының əкі мі Архимед Мұхамбетов баспасөз мəслихатын өткізді. Ол өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндап, облыс өрлеудің барлық дерлік салалары бойынша алдыңғы лекте келе жатқанын жеткізді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Өткен жылдың қараша айында облыстың 9 айлық көрсеткіштерімен осы орталықта журналистерді таныстырғанын еске алған өңір басшысы, Ақтөбе былтырғы жылды өте жақсы қорытындылағанын тілге тиек етті. «Өңірлік жалпы өнім 4,6 пайызға өсті. Ал 2010
жылмен салыстырғанда 1 трлн. 173 млрд. теңгеден 1 трлн. 760 теңгеге дейін жетті. Нəти жесінде, тұрғындардың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі соңғы үш жылда 45 пайызға өсті. Мұның негізгі үлесі өнеркəсіп өндірісі болып табылады жəне бұл есепті кезеңде 1,4 есеге артып, бүгінгі күні 1 трлн. 300 млрд. теңгеге жетті», деді А.Мұхамбетов. Əйткенмен,
ағымдағы жыл Ақтөбе облысына оңайға соққан жоқ. Бұл ретте бірқатар елдердің көршілерге санкциясы аясында экономикаға əсер лердің болатынын атап өткен əкім, бұған қатысты алдын алу бойынша ықпал ететін шаралардың барлығы қабылданып жатқанын мəлім етті. Облыстың даму көрсеткіштері мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде газетіміздің айқарма бетінде берілетін болғандықтан, баспасөз мəслихатының сұрақжауапқа арналған екінші бөліміне ауысқанды жөн санадық. (Соңы 4-бетте). (Ақтөбе облысы туралы материалдар топтамасы газетіміздің 4-5 беттерінде беріліп отыр).
Бїгінгі нґмірде: Жекеменшік жетексіз кетіп барады 3-бет
ОТБАСЫ – ОТАННЫЅ ОШАЄЫ 6-бет
Əлемдік тəжірибе ескерілсе 7-бет