13092015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№175 (28653) 13 ҚЫРКҮЙЕК ЖЕКСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Єарышќа ќазаќ байраєы тігілді 2-бет Бірліктіѕ кґрінісі 3-бет Татулыќ символына айналєан той 5-бет Ќазаќ хандыєы жəдігерлері ел ризыєына айналды 6-7-беттер

Халыќтыѕ ќадір тўтќан бар асылы – Астанада кґз тартты жарасымы

550 жылдыѕ бїгінгі биігі

Елбасы ќазаќ єарышкерін əуежайдан ќарсы алды Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Астанадағы «Қазақ елі» монументі алдындағы этноауылда болып, елорда тұрғындарымен жəне қала қонақтарымен əңгімелесті. Сондай-ақ, барша Қазақстанның халқын мерекемен құттықтап, игілік пен бақ-береке тіледі. Биыл қазақ жұртын, қа зақстандықтарды қанаттандырған айтулы оқиғалар легі Отанымызда аз емес. Олардың екеуін ерекше бөліп айтар болсақ, бірі – тəуелсіз

елдің түп тамырын түгендеуге жол ашқан Қазақ хандығының 550 жылдығы болса, екіншісі – ақиық Айдын Айымбетовтің ғарышты бағындырып, кіндік

қаны тамған киелі топырағына табан тигізіп, еліміздің еңсесін биіктеткен еді. Ұлы Дала ұрпақтарының рухын көтеріп, өткен бабалар жолын танып-білуге арналған басты мəдени шараға келер болсақ, ол елорда төрі саналатын «Қазақ елі» монументі алдындағы этноауылда үш күн бойы жалғасын тауып, халықтың ерекше ілтипатына бөленуі болды. Онда арғы-бергі

кезеңдерді, елі мен жерін қорғаған хас батырларды, ақылды би, алымды азаматтарды бейнелеген көріністер – ұлтымыздың қадірқасиетін көз алдымыздан өткізді. Осындай төрт құбыламызды түгендеген игілікті іске Отанымыздың барлық өңірлері дерлік атсалысқанын айтуға тиістіміз. –––––––––––––– Тақырыптың жалғасын 4-5-беттерден оқисыздар.

«Мерейлі отбасы» – ўрпаќќа ґнеге Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен қолға алынған дəстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өз мəресіне жетті. Байқаудың бас жүлдесін маңғыстаулық Құлсариевтер отбасы иеленді. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, Жолдыбай БАЗАР,

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана əуежайында «Союз ТМА-16М» экипажының мүшелерімен – кеме командирі Геннадий Падалка, бортинженерлер Андреас Могенсен жəне Айдын Айымбетовпен кездесті. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Дəл осы күні Астана халқының Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап жатуы бұл оқиғаға тарихи жəне мерекелік сипат беріп тұрды. Ғарышкерлерді қарсы алуға олардың туған-туыстарымен қатар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Астанадағы «Ғарышкер» арнаулы мектебінің оқушылары, Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласының қызметкерлері, Ресейдің Қазақстандағы елшісі жəне бұқаралықақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Айта кету керек, осы оқиғаның алдында ішінде қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, Ресей ғарышкері Геннадий Падалка жəне Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавы даниялық Андреас Могенсен бар ғарыш кораблінен бөлініп шыққан капсула Қарағанды облысындағы Жезқазған жеріне келіп сəтті қонған болатын. Бұл оқиға Жезқазған қаласының оңтүстік шығысындағы 146 шақырымдық қашықтықта Астана уақыты бойынша 12 қыркүйек күнгі таңғы 6 сағат 51 минутта тіркелген еді. Ғарышкерлерді арнайы

дайындалған топ күтіп алды. Соның ішінде қазақстандық журналистер сапарға арнайы жарақтандырылған Toyota Fortuner жəне Toyota Hilux автокөліктерімен оқиға орнына жетті. Бұл оқиғаны қазақстандық журналистермен қатар, ресейлік жəне халықаралық БАҚ өкілдері сол сəтінде əлемге таратып жатты. Арнайы мамандар үш ғарышкерді де капсуладан шы ғарып алды. Дəрігерлердің мəлімдеуінше, олардың қан қысымдары қалыпты жұмыс істеп тұрды. Ғарышкерлерге шай жəне апорт алмалары берілді. «Өзімді жақсы сезінемін. Өзіме жүктелген жоспарлы тапсырмаларымды орындадым. Тағы да ұшуға əзірмін», деген еді қазақстандық ғарышкер журналистерге берген алғашқы сұхбатында. Айдын Айымбетовтің ғарышқа Қазақстан Туын алып ұшқандығын атап өту керек. Ол оны аман-есен Жерге жеткізді. Капсуладан шығарып алғаннан кейін ғарышкерлер өздерін Жерге жеткізген аппарат бүйіріне қолдарын қойды. Онан кейін 2 сағаттық медициналық тексеруден өткізілді. Айдын Айымбетов Қазақстан Туын алып суретке түсті. Мұнан кейін ғарышкерлер

Астанаға Елбасымен кездесуге аттанған еді. Ғарышкерлерді Жезқазған жерінде алғашқы күтіп алушылар қатарында оның ұлы 17 жастағы Əмір де болды. Ол елордадағы №53 мектептің 11-сыныбында оқиды екен. Ал Астана əуежайында жұртшылық өкілдері ғарышкерлер келер алдында шеру құрып, ерекше қуанышты көңіл күймен күтіп тұрды. Аман-есен Жерге оралған халықаралық ғарыш экипажының өкілдері өздерін осында жеткізген тікұшақтан түскен соң, арнайы автобус оларды өздерін асыға күткен халықтың алдына алып келді. Елбасы ғарышкерлерді дəл осы арада, жұртшылық алдында қарсы алып, əуежайға бастап кірді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы экипаж мүшелерін аманесен оралуымен жəне Халықаралық ғарыш стансасындағы маңызды миссияларының аяқталуымен құттықтады. – Біз ұшу барысын бақылап, əрқайсыңыз үшін алаңдап отырдық. Əрине, қазақстандықтар ел тарихындағы үшінші ғарышкер болған Айдын Айымбетовтің тілеуін тіледі. Оның əлемдегі алғашқы жəне ірі ғарыш айлағы – Байқоңыр құрылысының басталғанына 60 жыл толғанда ғарышқа ұшуы да айшықты оқиға, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-бетте).

«Егемен Қазақстан».

Кеше, яғни 12 қыркүйек күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында жұртшылық жылы қабылдап, қызу қолдау білдіріп келе жатқан «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Еліміздің он төрт облысы мен Астана жəне Алматы қалалары қамтыған бұл ірі мəдени-танымдық конкурстың қорытынды жиынына Мемлекеттік хатшы – Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Əбдіқалықова қатысты. Ол жиынның ашылу рəсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Отбасы күніне» орай Қазақстан халқына арнаған құттықтау сөзін оқып берді. «Қымбатты қазақстандықтар, құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Баршаңызды менің Жарлығыма сəйкес қыркүйек айының 2-ші жексенбісінде аталып

Еѕ бірінші Айдынныѕ анасы телефон шалып ќўттыќтады...

Ќазаќтан шыќќан тўѕєыш єарышкер, Кеѕес Одаєыныѕ Батыры, Ќазаќстанныѕ Халыќ Ќаћарманы, авиация генерал-майоры Тоќтар ƏУБƏКІРОВПЕН əѕгіме өтілетін «Отбасы күнімен» шын жүректен құттықтаймын! «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының мəресі осы айтулы күнге орайластырылған. Əрбір шаңырақтағы береке, түптеп келгенде, тұтас елдің берекесі. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен мейірімділік сияқты асыл

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Əбдел Əзиз Əл Саудқа Мекке қаласының «Əл-Харам» мешітінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Мемлекет басшысы көптеген адам қаза тауып, жарақат алған қайғылы оқиға туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев жеке өзінің жəне Қазақстан халқының атынан жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты, сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

қасиеттер отбасы арқылы дариды. Менің бастамаммен қолға алынған «Мерейлі отбасы» конкурсы қысқа мерзім ішінде жалпыхалықтық байқауға айналғанын ризашылықпен атап өтемін. (Соңы 3-бетте).

Оќырман назарына!

«Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

– Тоқтар аға, уақыт қандай тез еді, кеше ғана «Егеменге» (21.07.2015) сұхбатыңызда Айдын бауырыңызға ақ батаңызды беріп едіңіз, міне, ізіңізді басқан қазақ қыраны аман-есен Жерге оралды. Қуаныш құтты болсын! – Айтқаның келсін, əумин... Ол саған кеше ғана болып көрінген шығар, мен үшін əрбір күн, əрбір сағат санаулы болғанын айтуға тиістімін. Бұл жəй ғана сапар емес, ғарышқа барып қайту адамзат əлемінде екінің біріне бұйырмайды. Оның жүгі өте ауыр. Айдын Айымбетов мойнындағы бар тапсырма мен міндетін ойдағыдай орындап, туған жерге абыроймен оралғанына шын жүректен қуаныштымын. Газеттің барлық оқырманын қуаныштарымен құттықтаймын! – Ендеше, Айдын ғарышта жүргенде байланысқа шыққан да шығарсыз? – Əрине... бір рет емес. – Əлеуметтік желілер арқылы ма? – Жоқ. Кəдімгі мобильді телефонмен. – Қойыңызшы. Ғарышпен мобильді телефон арқылы ма? Құпия болмаса нөмерін айтыңызшы. – ...Оны не істемексің?! Сендегі қалта телефон қанша қуатты болса да оған жарамайды, мендегімен +28 нөмірін терсем, жетіп жатыр! (Күлді). – Тамаша, рахмет аға! Айдын Айымбетовтен

басқа көз алдыңызда ержеткен «Союз ТМА -18 М» кемесінің командирі Сергей Волковпен де сұхбаттасқан шығарсыз? – Дұрыс айтасың, тек қана олар емес... Сергей Волков секілді ғарышта үшінші рет сапарда жүрген белгілі Олег Дмитриевич Кононенкомен де сөйлестім. Ол қазір ХҒС-да қызметін жалғап жатыр. Ол жігіттің де мені жақын тартатын жайы бар еді. Əкесімен қызметтес болғанымды жақсы біледі. Өз ісіне берілген нағыз маман əріптесім Тынық мұхитында сынақ кезінде апатқа ұшырап, мəңгілік сапарға кеткен... – Сынақшы-ұшқыш кезіңіз еске түскен екен ғой. Рекордшы Падалкамен ше? – Əрине, сөйлестім. Ол қазақ жеріне біздің Айдын Айымбетовпен бірге оралды ғой! Шын мəнінде рекорд жасады. 57 жастағы Геннадий Падалка ғарыштағы бесінші сапарынан оралды. Бес рет ұшып, ғарышта барлығы 878 тəулік болды. Бұған дейін ғарышта ең ұзақ болған «аңыз адам» – КСРО-ның кезінде ұшып, Тəуелсіз Ресейдің №1 Батыры атағын алған Сергей Крикалевтен 75 күн асып түсті («Мир» стансасында Тоқтар ағамен бірге болған – авт.) (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.