13112013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№252 (28191) 13 ҚАРАША СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ґзара ыќпалдастыќ орайындаєы əѕгіме

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Конфе де рациясы Кантондар ке ңесі нің президенті Филиппо Ломбардиді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты парламентаралық қарым-қатынастар, сондай-ақ, жаңа технология, энергетика салаларындағы ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық жайы талқыланды. Мемлекет басшысы бұл Ф.Лом бардидің Қазақстанға алғашқы сапары екенін, оған елеулі маңыз беріліп отырғанын жеткізді. – Біз бұдан жиырма жыл бұрын Швейцариямен дипло матиялық қарым-қатынас орнаттық. Елдеріміз арасында жақсы сауда-экономикалық ынтымақтастық орныққан, өзара инвестиция артуда. Бізде екіжақты өзара ықпалдастықтың жағымды қарқынын жалғастыруға деген мүдделілік бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға қомақты үлес қосатын парламентаралық бай ла ныс тардың маңыздылығын атап көрсетті. Швейцарияның Кантондар кеңесі президенті тек саяси жəне сауда-экономикалық өзара ықпалдастықты ғана

Қ.Тоқаев Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси жəне экономикалық əріптесі ретінде Швейцарияның рөлін атап өтті. Екі ел де қазіргі замандағы жаһандық мəселелерге көзқарастары ұқсас жəне көптарапты құрылымдар аясында өзара табысты іс-қимылды жүзеге асырып келеді. Кездесу барысында тараптар парламентаралық өзара ынтымақ мəселелеріне ерекше назар аударды. Қараша айының соңында Бернде «ШвейцарияҚазақстан» парламентаралық тобының алғашқы отырысы болады. Қ.Тоқаевтың пікірінше, «жасыл экономика», жаңартылатын

Елбасы. Ел Тəуелсіздігі. Ел бірлігі

Серікбай НҰРҒИСАЕВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

дамытып қоймай, өзге де салалардағы ынтымақтастықты жандандырудың маңызды екеніне тоқталды. – Біз басты тақырыбы болашақтың энергиясы болатын

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясы Кантондар кеңесінің президенті Филиппо Ломбардимен кездесті. «Егемен Қазақстан».

 Тəуелсіздік талаптары

Елбасы мен ел Тəуелсіздігі жəне ел бірлігі – біртұтас ұғым. Тəуелсіздік алу жəне қоғамға сай, өзге мемлекеттермен терезесі тең, заманауи өнеркəсібі бар, халқының əл-ауқаты жоғары, білімділігі мен мəдениеті қалыптасқан тұрғындары бар, саясиэкономикалық дамуы тұрақты, əлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі бола алатындай мемлекет құру, алға қойған мақсаттарын орындай білу – мəртебелі де салмағы ауыр іс жəне ол өте жауапкершілігі жоғары міндет. Сондай аса ауыр да абыройлы жауапкершілікті мойнына ала білген адам – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев.

Ортаќ мїдде аясындаєы кездесу Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

Екі мектеп құрылысы. Екі түрлі есеп 3-бет Төрт тілді меңгерген Оксфорд түлегі 4-бет Өзгенікін де ұлықтайық, өзімізді де ұмытпайық 5-бет Телім бөлудегі теперіш 10-бет

энергетика, сыбайлас жемқорлықпен, трансұлттық қылмыстармен күрес, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша заң шығаруда топтың қызметі тəжірибе алмасуға ықпал ететін болады. Екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайтуда, жүздесушілердің пікірінше, Қазақстан-Швейцария Іскерлер кеңесі мен Қазақстан-Швейцария Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының маңызды орны бар. 2012 жылы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда көлемі 5,2 миллиард долларды құрады. Сол күні Ф.Ломбарди Қазақстан Парламенті Сенатының

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Оңтүстік Африка Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы

Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында қаулы етемін: 1. Претория қаласында (Оңтүстік Африка Республикасы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 11 қараша. № 687

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Вьетнам Социалистік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында қаулы етемін: 1. Ханой қаласында (Вьетнам Социалистік Республикасы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 11 қараша. № 688

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қолдау көрсететінімізді жəне Қазақстанның барлық саладағы, соның ішінде экономикадағы, өңірде тұрақтылық пен бейбітшілікті депутаттары алдында сөз сөйледі. Мəртебелі мейман Астананың даму қарқыны жөніндегі əсерлерімен бөлісе отырып, оны «Дала Манхэттені» деп атады. Астаналарды көшіру тарихындағы осындай саяси, əлеуметтік жəне экономикалық орнықты əрі зор табыстарды қамтамасыз етуге қол жеткізгені некен-саяқ... Мен осындай тамаша жобаны жүзеге асыру үшін дана əрі саяси шешім қабылдау қажет болғанын аңғарып отырмын. Бүгінгі Астана сіздердің елдеріңіздің кейінгі жиырма жылдағы тəуелсіз мемлекет ретінде жедел дамуын паш етеді, деді Кантондар кеңесінің президенті. Ф.Ломбарди Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі арта түскенін атап өтіп, елдің аймақтық жəне əлемдік деңгейде қуатты əрі сенімді əріптес екенін жеткізді. Елдердің арасына көпір салудағы Астана өзінің əлеуетімен Швейцарияның халықаралық аренадағы рөлін көрсететін Женевамен ұқсастығы бар, деді ол. (Соңы 4-бетте).

қолдаудағы жетістіктеріне деген ілтипатымызды білдіргіміз келеді. Бұған қоса, Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етті, ал Швейцария бұл ұйым жетекшілігін 2014 жылы

қолға алады, сондықтан біз үшін Қазақстанның тəжірибесі пайдалы болмақ, – деді Ф.Ломбарди.

--------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ынтымаќтастыќтыѕ болашаєы зор

Қазақстан Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Швейцария Конфедерациясы Парламенті Кантондар кеңесiнiң президенті Филиппо Ломбарди екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мəселелерін талқылады.

Атап айтатын болсақ, халықаралық парламенттік ұйымдар аясында қос ел парламенттерінің өзара іс-қимылын нығайту, заңнамалық салада тəжірибе алмасу, сондай-ақ, ынтымақтастық жөніндегі топтар арасындағы байланыстарды ынталандыру мəселелері сөз болды. Нұрлан Нығматулин Мəжіліс жұмысының басым бағыттарына тоқтала келіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын заңнамалық қамтамасыз ету жолында атқарылып жатқан істерге баса назар аударды. Қазақстан үшін аталған мемлекеттің индустриялық-инновациялық даму саласындағы

тəжірибесі ерекше қызығушылық тудырады. Ф.Ломбарди өз кезегінде ха лықтар арасындағы өзара ынтымақтастықты жəне жалпы бейбітшілікті нығайтуға ықпал ететіндіктен, екі ел дің парламентаралық байланысының маңызы зор екендігін атап өтті. Тараптар барлық сала бойынша Қазақстан-Швейцария өзара қарым-қатынасының деңгейін жоғары бағалай келіп, осы ықпалдастықты одан əрі нығайту екі мемлекет басшыларының да етене байланысына өзіндік əсер ететінін тілге тиек етті. (Соңы 4-бетте).

Өткен ғасырдың соңында Қазақстан сияқты азаттық аңсаған елдерде тəуелсіздіктің таңы атты! Бұл кезеңде жаһандық саясат өзгеріп, əлем картасы жаңа тəуелсіз мемлекеттермен толықты, заман да, геосаясат та өзгерген болатын. Əлемдік қоғамдастық өзгерді, заманауи технология жəне əлемдік қарым-қатынастар жаңа бір деңгейге көтеріліп кеткен еді. Соның ішінде өз орнымызды айқындау, елді қиындыққа ұрындырмау, тоқырауға ұшыратпай, өз жолын таба білу айрықша тұлға ғана жүзеге асыра алатын ұлы іс болатын. 1991 жылы 16 желтоқсанда, Тəуелсіздікті жариялаған күннен бастап, ұлы мемлекеттік істерді жүзеге асыру кезеңі басталды. Сол

сəттен Қазақстан Тəуелсіздігін əлем елдері мойындады. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіріп, біздің жеріміздің, шекарамыздың біртұтастығын мəлімдеді. Туымызды, Елтаңбамызды, Əнұранымызды қабылдап, өзіміздің төл теңгемізді шығарып, ал ел алдында экономикамызды аяғынан тік тұрғызу міндеті тұрды. Бейбіт мақсаттағы əскеріміз бен шекарашыларымыз бар. Тəуелсіздік қазығын нығайту жолындағы сол бір ауқымды істерді ақылмен, көрегендікпен жоғары деңгейде шешу қажеттілігі туды. Тəуелсіз елдің басқару жүйесін қалыптастыру, ол үшін президенттік басқару жүйесін енгізу, қос палаталы Парламенттің жұмысын жолға қою қажеттігі туындады. Жəне көппартиялық жүйенің қалыптасуына жағдай жасалды. Мұның бəріне еліміз ретретімен қадам жасады. (Соңы 2-бетте).

Наќты тапсырмадан тиісті нəтиже кїтіледі

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында биылғы жылдың астық жинау науқаны қорытындыланды. Сондай-ақ, Елбасының кеңейтілген отырыстағы тапсырмаларына сəйкес жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері талқыланды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің айтуынша, қазіргі таңда елімізде 15,6 млн. гектардан астам алқаптың астығы жиналған. Бұл астық жинау алқабының 99,3 пайызын құрайды. Сөйтіп, бүгінде оның əр гектарынан 13,3 центнер түсімділікпен бастапқы салмағында 20,8 млн. тонна астық бастырылды. Жүгеріні қосқанда енді 114,6 мың гектар дəнді дақылды жинау қалып отыр. Астық жинау кезінде солтүстік өңірде жиі жауын-шашын болғандықтан, Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыстар əлі де жалғасуда, оған қоса биыл астықты өңдеу жəне кептіру бойынша жұмыс көлемі

артқан. «Егін жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу үшін Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Көктемгі егіс жəне егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға «КазАгро» холдингі бюджеттік несие қаражатынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 53,2 млрд. теңге бөлді. Бұдан басқа, саланы қолдауға 39 млрд. теңге шамасында субсидия бөлінді», деді министр. Ауыл шаруашылығы тауарлары өндірушілерді жанар-жағармай материалдарымен жəне өзге де материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету мəселелері шешілген. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.