Бїгінгі нґмірде:
№222 (28445) 13 ҚАРАША БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Даналыќ, мейірімділік жəне сыйластыќ 2-бет Ќаржыєа толыќќанды баќылау орнатпай, тəуелсіз болу мїмкін емес 7-бет Азия атлеттері айбындарын асырып тўр 8-бет Ќаныш Сəтбаев 10-бет
Ел тынысы: мың бір мысал
Ґте ќиын жолда бəсекелестер болмайды
Кентау трансформатор зауыты əлемдік нарыќќа жол ашты Жақында «Кентау трансформатор зауыты» акционерлік қоғамында «Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде электр жабдықтарын өндіруді дамыту келешегі» тақырыбында Ұлттық кəсіпкерлер палатасының қолдауымен халықаралық конференция өтті. Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Байланыстар барлыќ баєытта дамиды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның Премьерминистрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция жəне энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды. Мемлекет басшысы елдеріміз арасындағы қарым-қатынас өзара тиімді дəстүрлі серіктестіктің негізінде дамып келе жатқанын айтты. – Қазақстан Грузиямен
əрдайым жақсы қатынаста болды. Біздің екіжақты байланыстарымыз тəуелсіздік жылдары қарқынды дамыды. Біз Грузиямен ынтымақтастықты барлық бағытта – саясатта да, экономикада да бұдан əрі нығайта беруге дайынбыз, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде Грузия Премьерминистрі Қазақстанға екі елдің
өзара ықпалдастығын арттыру жəне кеңейту үшін келгенін айтты. – Бұл – менің Сіздің елге Премьер-министр ретінде келген алғашқы ресми сапарым. Қазақстан бізге дос əрі өте жақын мемлекет болып саналады. Қазақстанға, оның халқына біздің елде əрдайым айрықша ілтипатпен қарайды. Мен эконо микалық, саяси жəне сауда қарым-қатынастарымыз алдағы уақытта да тереңдей береді деп үміттенемін, – деді И.Гарибашвили.
Консерватория – маѕызы жоєары музыкалыќ оќу ордасы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жəния Əубəкірованы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ж.Əубəкірова кездесу барысында Елбасына кон сер ва торияның қазіргі қызметі мен
алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев
Мемлекет басшысына ўсыныстар ќаралды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
консерваторияның биыл айтулы датаны – 70 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқанын, осы уақыт ішінде оның елдегі жетекші музыкалық оқу орны ретіндегі маңызын сақтап қалғандығын атап өтті. Қазақстан Президенті түрлі мəдениет мекемелері шығармашылық кадрларды сапалы дайындауды жалғастыруы қажеттігіне назар аударды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Мемлекет басшысына музыкалық білім беру мен жалпы мəдениетті дамыту мəселелеріне ұдайы көңіл бөлетіндігі үшін алғысын айтты. Ж.Əубəкірова, сондай-ақ, консерватория жүзеге асырып жатқан жобалар туралы əңгімелеп, оқу орны шəкірттерінің түрлі халықаралық байқаулардағы жетістіктерін жəне оларға деген сұраныстың бар екенін атап өтті.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Комиссия отырысында азаматтарды Қазақстан Рес публикасы мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөнінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен, Мемлекет басшысына ұсынылатын ұсыныстар қаралды. Қалыптасқан дəстүр бойынша мемлекеттік наградалармен марапаттау рəсімі Тəуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.
Форумға Түркия, Ресей, Қырғыз стан, Тəжікстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттерден арнайы шақырылған, Кентау трансформатор зауытымен тонның ішкі бауындай араласып жатқан мамандар қатысты. Жиынды ОҚО кəсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов жүргізіп отырды. Алғашқы болып сөз алған Ин вестициялар жəне даму министрлігінің индустриялық даму жəне өнеркəсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев еліміздегі импорт, экспорт жағдайына қысқаша талдау жасады. Инвестициялық ахуалды жақсартудың жолдары тынбай іздестіріліп жатқандығына, өндіруші кəсіпорындарға мемлекет тарапынан салық мəселесіндегі жеңілдіктерге айрықша тоқталды. Бұл іс-шара «Alagеum Electric» электр техникалық холдингтік компаниясының құрамына кіретін «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-тың 55 жылдығына орай өткізілді. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының соңы. Оңтайсыз жекешелендіруден тек Қазақстан емес, кешегі КСРО-дай алып
мемлекеттің уығын құраған ірі кəсіпорындар шалғымен орған құрақтай баудай түсіп, жаппай жабылып жатқан кезі. Тікелей Мəскеуге қараған Кентау трансформатор зауытының жағдайы да мүшкіл. КСРО Ауыр машина жасау министрлігі 300-ге тарта зауыт, кəсіпорын басшыларын жинап алып, «енді бізде хал жоқ, өз күндеріңді өздерің көріңдер», деп ноқталарын мойнына түріп қоя берген. (Соңы 8-бетте).
Съезге шаќыру табыс етілген кездесу
Мароккоға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев Марокко Королі Мохаммед VI-ның арнаулы уəкілі, кеңсе басшысы Омар Азиманмен Фес қаласындағы резиденциясында кездесті.
Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев түрлі діндер арасын дағы толеранттылық пен өзара құрмет рухын ілгерілету жө ніндегі Марокко Королінің күш-жігерін жоғары бағалай отырып, 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көш бас шы ларының V съезіне əзірлік туралы хабардар етті. «Астана фо румына Мохаммед VI-ның өзінің қатысуы съездің идеяларын ілгерілетуге
Оймақтай ой Адамды табиғат жаратқанымен, оны өсіріп, тəрбиелейтін – қоғам. Виссарион БЕЛИНСКИЙ.
маңызды үлес қосып, əлемдік мəдениеттер мен діндерді жақындастырудың жаһандық үдерістерінде Ма рокконың беделі мен рөлін нығайтуға жəрдемдеседі», – деді Қ.То қаев. Ол Король Мохаммед VI-ға Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Астана қаласында бо латын V съезге ша қы руын жеткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Кеше Үкімет басшысы Кəрім Мəсімов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесу өткізді, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.
Ынтымаќтастыќ ахуалы талќыланды Кездесу барысында К.Мəсімов пен И.Гарибашвили екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық жəне транзиттіккөліктік ынтымақтастықты дамыту мəселелерінің кең ауқымын талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Үкіметтер басшылары бірлескен баспасөз мəслихатын өткізді. «Бiз сауда-экономикалық ынтымақтастықты үдетудің қажеттiлiгi туралы ортақ пiкiрге келдiк. Бiздiң мемлекеттерiмiз арасында өзара сауданы
кеңейтуде пайдаланылмаған резервтер бар. Көлiк, байланыс, агроөнеркəсіптік кешен, туризм жəне тағы басқа экономика ның болашағы мол бағыттары бойынша байланысымызды жандандыруға мүдделiмiз», деді К.Мəсімов. Қазақстан Үкіметінің басшысы күн тəртібінің басты мəселесі елдерімізді байланыстыратын транзиттік-көліктік дəліздерді кеңейту болғанын басып айтты. (Соңы 7-бетте).
Халыќаралыќ ќўжаттар ќабылданды Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының мəн-маңызы ашып көрсетілді. Спикер өз сөзінде жаңа экономикалық саясатқа негізделген «Нұрлы Жол» Жолдауының тарихи маңызын ерекше атады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Жалпы, отырыс барысында Төрағаның ұсынысымен депутаттар екі мəрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің қазасына көңіл білдіріп, батырды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. «Мəжіліс депутаттары, депутаттық корпус атынан біз батырдың туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдағанбыз. Əрине, екі мəрте Кеңес Одағы Батырының қазасы біз үшін орны толмас өкініш», деді Қ.Жақыпов. Алдымен депутаттар назарына «Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы
арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасының аумағында жəне Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Рес публикасының аумағында болу тəртібі туралы келісімді ратифика ция лау туралы» заң жобасы ұсынылды. Аталған келісімге 2013 жылдың 4 қазанында қол қойылса, ол Қазақстан мен Беларусь азаматтарының тараптар аумағында өздері кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде құзыретті органдарда міндетті түрде тіркелмес тен болуының оңайлатылған тəрті бін белгілейді.
Азаматтардың уақытша болу мерзімі сол мемлекеттің аумағына кірген кездегі шекара қызметі қойған белгісі бар көші-қон картасымен расталып, мемлекетке кірген күннен бастап есептеледі. Егер болу мерзімі отыз күннен асып кеткен жағдайда, сол елдің заңнамасына сəйкес, құзыретті органдарға тіркелуге міндетті. Сөз реті келгенде еліміздің Ресеймен де осындай келісім жасағанын айта кету керек. Бұл өз кезегінде еңбекші көшіп-қонушылардың жүріп-тұрулары үшін барлық кедергілерді жоюға ықпал етеді деп күтілуде. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың сөзіне қарағанда, заң жобасын қабылдау Қазақстан азаматтарының Беларусьте болуын жеңілдетіп, сауда-экономикалық, инвес тициялық ахуалды жақсартады. Заң жобасы палата тарапынан қолдау тапты. (Соңы 7-бетте).