13122013

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№274 (28213) 13 ЖЕЛТОҚСАН ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

Сочиге баратын саѕлаќтар 2-бет Стратегия жəне жастар саясаты 3-бет «Табиєат тілін тануєа талпындым» 7-бет «Екі Кенен тумайды Алатауєа ексеѕ де...» 10-бет

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Ќазаќстан Республикасы Тўѕєыш Президентініѕ – Елбасыныѕ Мемлекеттік бейбітшілік жəне прогресс сыйлыєын беру туралы

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік жəне прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қаулы етемін: 1. Ядролық қаруға қарсы қозғалысты дамытуға жəне халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің кеңесшіуəкілі Олжас Омарұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2013 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік жəне прогресс сыйлығы берілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 5 желтоқсан. № 706

Əлеуметтік ќамсыздандыру əлеуетімізді арттыра ала ма?

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында алты мəселе қаралды. Бұл жолы депутаттар назарына əлеуметтік қамсыздандыру, мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық бекіту, атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру жəне өзге де маңызды мəселелерге құрылған заң жобалары ұсынылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен, «1997 жылғы 10 маусымдағы Жазасын əрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Əзербайжан Республикасы арасындағы шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Аталған заңдық құжат ратификациядан өткеннен кейін еліміздің Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасынан Шартты іске асыру мəселелері бойынша құзыретті орган болып айқындалады. Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркельдің мəліметіне қарағанда, қазіргі таңда Əзербайжан түрмелерінде 5 қазақстандық жазаларын өтеп жатса, Қазақстанда бас бостандығынан айырылған 47 əзербайжандық бар көрінеді. Сондықтан да, Хаттаманы ратификациялау адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары үшін қажет. Дауыс беру нəтижесінде заңдық құжат бірауыздан қабылданды. Бұдан кейін депутаттар «2009 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта құру жəне Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Оңтүстік – Батыс жол дəлізінің жобасы (Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дəлізі) №1 Қосымша келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады. Шымкент – Ташкент тас жолына қатысты заң жобасы

бойынша баяндаманы Көлік жəне коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев жасады. Министрдің айтуынша, еліміз аумағы бойынша дəліздің жалпы ұзындығы 2787 шақырымды құрайды. Соның ішінде 2452 шақырымы қайта жаңартылып жатыр. Аталған жобаны іске асыру үшін Халықаралық банк, Еуропа банкі, Ислам жəне Азия даму банкі, Жапония халықаралық агенттігі сияқты халықаралық қаржы институттары тартылған. 2011 жылы Ақтөбе облысында 215 шақырым, 2012 жылы Жамбыл жəне Қызылорда облыстарында 700 шақырым жол пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта дəліз дің 1854 шақырымында жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде ағымдағы жылы қалған 449 шақырымға жөндеу жұмыстары басталған. Министр жобаның аяқталуы 2015 жылға жоспарланғанын атай кетті. Ал Қосымша келісім Еуропа Қайта құру жəне Даму банкінің қолданыстағы 2009 жылғы 30 наурыздағы Қарыз туралы келісім шеңберіндегі үнемделген 54,5 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі қарыз беру мəселелерін қамтиды. Осы келісімді іске асыру көлік дəлізі өтетін өңірдің экономикалық дамуына, сондай-ақ, елдің көлік жүйесінің тиімділігі мен сенімділігінің артуына ықпал етеді. Бұл заң жобасы да депутаттар қолдауына ие болды. (Соңы 2-бетте).

Бекіген бюджетке ќаулы ќабылданды

Кеш е П р ем ьер -Мин и ст р С е р і к А х м е т о вт і ң төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2014-2016 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджетті жүзеге асыру туралы қаулы қабылданды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Алдағы үш жыл кезеңдегі республикалық бюджет туралы заңға Мемлекет басшысы желтоқсанның басында қол қойған болатын. Ал аталмыш қаулы сол заңның орындалуын жүзеге асырады. Қаулы жобасы туралы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндады. Министрдің мəліметінше, Бюджет кодексінің талаптарына сəйкес қалыптастырылған қаулы жобасында облыстар жəне Астана мен Алматы бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер мен несиелер сомаларын бөлу, қаражаттың бір бөлігін «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту дың жол картасы-2020» жəне «Моноқалаларды дамыту-2020» бағдарламалары бойынша бөлу, мемлекеттік органдарға берілген 2014 жылға арналған бюджеттің уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі жəне басқа да тапсырмалар ескерілген. Бұдан басқа, қаулы жобасында мемлекеттік міндеттер, басымдықты республикалық

бюджеттік инвестициялар, кейінге қалдыру шарттарымен республикалық бюджет жобасына енгізілген аса маңызды жəне жедел орындауды талап ететін міндеттер тізбесі көрсетілген. Құжатта, сондай-ақ, 2014 жылдың бюджетін мерзімінде орындауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарға тапсырмалар мазмұндалған. Үкімет басшысы ПремьерМинистр Кеңсесіне Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесе отырып, аталған қаулының жобасына қол қоюды даярлауды тапсырды. «Бұның алдында келісілгендей, бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері жыл соңына дейін 2014-2018 жылдарға арналған өздерінің барлық стратегиялық жоспарларын бекітуі қажет», деді С.Ахметов. Премьер-Министр, сонымен қатар, ағымдағы жылы Үкіметтің қорытынды отырысы 24 желтоқсанда өтетінін айта келе, 18 желтоқсанға дейін барлық мемлекеттік ор гандардың басшыларына жобалардың шешімін Үкіметтің отырысына енгізуді қамтамасыз етуді жүктеді.

Ўлтымыздыѕ ўйытќысы Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде дəстүрлі брифинг өтті. Шараның бұл жолғы басты тұлғасы – Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметов болды. Брифингті жүргізген Алтай Əбибуллаев өңірдің өркенді істері мен халқымыздың мақтанышына айналған ерекшеліктерін айта келіп, сөз кезегін аймақ басшысына берді.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Бұл жолғы брифингтің бұған дейінгі осындай шаралардан бір өзгешелігі болды. Шараның мақсатын таныстырған модератор қалыптасқан əдетті бұзып, тек қазақша сөйледі. Өз кезегінде облыс əкімі де баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады. Бұл игі бастамаға журналистер қауымының ешқайсысы тосырқаған жоқ. Өйткені, шараны бір тілде жүргізу – тілшілердің қат уақытын босқа ысырап қылма ғаны анық. Содан болар, орыс тілді журналистердің өзі бұл бастаманы құп көріп тұрғаны байқалды. Себебі, ол əріптестеріміздің де бəрі дерлік қазақ емес пе!? Демек, бəрі ана тілін бір кісідей жақсы ұғады. Оның дəлелін əріптестеріміздің баяндаманы толық түсініп, сол бойынша қойған сауалдарынан көруге болады. (Соңы 2-бетте).

ҐНЕГЕЛІ ҐМІРДІЅ КҐРКЕМ КЕСТЕСІ

Кеше бїкіл елімізде «Елбасы жолы» киноэпопеясыныѕ жалпыўлттыќ таныстырылымы болып ґтті

 Астана. 12 желтоқсан. Бейбітшілік жəне келісім сарайы.

Қарағанды -------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Кґрдік, кґѕіліміз толды Қабидолла СƏРЕКЕНОВ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, техника ғылымдарының докторы.

Шыны керек, Елбасының еңбек, өмір жолы туралы кең көлемді жаңа кинотуындының түсіріліп жатқанын естігенде, қалай шығар екен деген ой еріксіз көңіл елеңдеткен еді. Бұл өнер түрінің қырсырына он шалықты қанық болмағандықтан ба, заманымыздың заңғар тұлғасының жалындаған жастық шағынан қалыптаса бастаған, Абай ұлағатындағыдай, «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» біткен бейнесін сомдауға талап оңай көрінбегені рас. Осындай қатарынан оза танылған адаммен Днепродзержинск қаласындағы металлургтер даярлайтын училищеде бірге оқу, сыйластық жарастыру бақытын тағдыр маңдайымызға жазған біздерге өзіміз куə шындықты

Алтын параќ Қуаныш ОМАШЕВ, ардагер металлург.

Тұңғыш Президентіміздің үлкен жүректі азаматтарға тəн тамаша адамгершілік қасиеттері маған тағдыр Теміртауда табыстырған, Қарағанды политехникалық институтында қатарлас оқыған, металлургия комбинатында қолтықтаса еңбек еткен, жас отбасылық қуаныштарға ортақтас болған өрім шағымыздан етене таныс. Бір мен ғана емес, қиындығы да жетіп артылған сындарлы кезде суарылған сыйластық Алтынбек Асанов, Владимир Колбаса, Сатыбалды Ибрагимов, Владимир Кауц сынды замандастарыма

қаз-қалпында көру мүмкіндігі бір жағынан қуантқан да болатын. «Елбасы жолы» киноэпо пея сының Астанада өткен «Отты өзен» жəне «Темір тау» атты бөлімдері тұсаукесеріне үлкен толқыныспен баруым жасырарлық сыр емес. Кино өнерінің құдіреттілігі де сол ғой, бұдан ширек ғасыр бұрынғы дəурен шақ қайта айналып келгендей əдемі бір əсерді айтып жеткізу қиын. Болашақ Тұңғыш Президентіміздің ерте отыққан, ширыққан алғырлық, іскерлік, ұйымдастырушылық, қабілетқасиеттері біз көрген, көзде қалған нақты оқиғалар желісінде өрбітіліп, кестеленген көріністер, тұрмыстың ыстық-суығы, тіршіліктегі күйініш-сүйініш бəрі-бəрі Сауытбек Абдрахманов «Егемен Қазақстандағы» «Ер жолы – ел жолы» мақаласында жақсы байыптағандай өмір шындығы. Фильмде тартымды суреттелгендей, жолдастыққа адалдық, еңбектестерімен араласқұраластықтағы кішіпейілділік пен қарапайымдылық, ал іс бабында кім-кімге де биік талапшылдық бəрімізге үлгі болған тағылым. Мінеки, көріп, көңіл толғанда бұл фильмді айтулы туынды ретінде бағалауға тұрарлығын айта аламын. Барлық буынға өнегелік ғибраты өте мол, өмірдің өзінен алынып, көрермен көкірегін көркейтер мұндай көркем дүниелер түсіруге талпыныс құба-құп құбылыс дер едім. да ыстық екені күмəнсіз. Арада біраз жылдар өтсе де Елбасының біздерді ұмытпай, үлкен басын иіп, арадағы қарым-қатынасты үзбеуі биік мəдениеттіліктің үлгісі екені даусыз. Осынау фильмді тамашалау алдында əрқайсымыз жүрегіміздің түкпіріндегі оқиға-жағдаяттардың көрермен қауымға қалай жеткізілуі жөнінде əртүрлі ойларға тербелдік. Алғашқы көріністерден-ақ баурай бастады. Соңында тіптен ұнады. Елбасының жастық шағындағы бейнесімен қатар, өз бейнелерімізбен де қайта табысқандай болдық. Бұл киноэпопея еліміз мəдениеті шежіресінің бір алтын парағы дейтін деңгейде түсірілген екен. Теміртаулықтар өз ортасынан өскен, Арғын Жүнісов ағамыз «Біздің Президент – металлург!» деп арқалана айтатындай, Тұңғыш Президенттерін мақтаныш тұтады. Фильм бұл орынды мақтаныш екенін танытты. -------------------------------------------Топтаманың жалғасы 4-5-беттерде.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.