13122014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №245 (28468) 13 ЖЕЛТОҚСАН СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Компания ќызметініѕ негізгі баєыттары талќыланды

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы əрі бас атқарушы директоры Лакшми Митталды қа былдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы Монако Князін қызы Габриэлла мен ұлы Жактың өмірге келуімен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев ІІ

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы «Арселор Миттал» жұмысының оң нəтижелеріне тоқталды. – Жалпы, компания шы ғаратын өнімдерге деген бағаның көтерілуі нəтижесінде көр сеткіштердің жақсаруы, табыстың көбеюі байқалуда. Негізгі стратегиялық мін дет бұрын ғы сынша болат өнді рісін 6 миллион тоннаға дейін ұл ғайту болып қала бермек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті, сондайақ, компанияда жұмыспен қамтылған еңбеккерлерді əлеуметтік тұрғыдан қолайлы жағдай лармен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды. – Қазір ең басты нəрсе – өндірісте жұмыс істейтіндердің əлеуметтік көңіл-күйі. Менің теміртаулық металлургтермен жəне қара ғандылық кеншілермен

Қаулы етемiн: 1.Қазақстан Республикасының əлеуметтікгуманитарлық дам уындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мəдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ ректоры Мұсақожаева Айман Қожабекқызына берілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Альберге жəне зайыбы Шарленге бақ-береке, ал нəрестелерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр жəне бақыт тіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Ќазаќстанныѕ Еѕбек Ері» атаєын беру туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 5 желтоқсан. № 974

қарым-қатынасым ерекше. Сондықтан, жұмыс орындары қысқарып, жалақы төленбей жатса, олар тікелей маған хабарласады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Л.Миттал компания инвестицияларды еселеу арқылы өндірісті дамытуды жалғастырып жатқанын айтты. – Əлемдік экономикадағы

Ќўрмет грамотасымен марапатталды

Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі күні қарсаңында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткерлерімен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайтуға, ұлттық заңнама жүйесін жетілдіруге жəне қазақстандық парламентаризмді дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Əділ Ахметов, Оралбай Əбдікəрімов, Өмірбек Байгелди, Тілеухан Қаб драх манов, Əбіш Кекілбаев, Кенжеғали Сағадиев, Сергей Терещенко, Сағынбек Тұрсынов, Равиль Шырдабаев, Зинаида Федотова жəне Сейілбек Шаухамановты Қазақстан Рес публикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапаттады. Сенат Төрағасы марапатқа ие болған жандардың тəуелсіз Қазақстанның өмірінде ерекше орын алатынын айта келіп, Қазақ стан мемлекеттілігін нығайтуға ықпал еткен тарихи шешімдерді қабылдауға олардың қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Монако Князі II Альберді егіз балалы болуымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

«Сіздердің белсенді азаматтық көзқарастарыңыз, аса маңызды қоғамдық жобаларды іске асыруға, жеткіншек ұрпақты отаншылдыққа тəрбиелеу үдерістеріне нəтижелі қатысуларыңыз жəне сіздердің жастарға көмек қолын созуға шынайы ұмтылыстарыңыз зор құрметке лайық», – деді Сенат Төрағасы. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол» Жолдауын талқылады. «Құжатта қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде жаһан дық дағдарыстан шығудың дəйекті жоспары мазмұндалған. Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттің дағда рысқа қарсы шараларына халықаралық қаржы институттары да, беделді сарапшы топтары да жіті назар аударып отыр», – деп атап өтті Сенат Төрағасы.

тұрақсыздыққа қарамастан, «АрселорМиттал Теміртау» қызметі соңғы 4 жылда ұдайы кеңейіп отырды. Біз жылына орта есеппен 350 миллионнан 400 миллион долларға дейін инвестиция салдық. Домна пештері мен орталық зауыт тағы өндірісті жақсартып, аясын кеңейту жұмыстарын жалғас тырдық,

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Кеше Үкімет үйінде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың төрағалығымен Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Ўлттыќ комиссия

Жолдау жїгін кґтерісуге дайын Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік хатшы Ұлттық комиссияның 2015 жылғы жұмысы Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарының аясында жүргізілетінін атап өтті. Ұлттық комиссияның алдында Жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру шеңберіндегі барлық инфра құрылымдық жобаларға əйелдерді тарту бойынша маңызды міндет тұр. Бұл ең əуелі əйелдер кəсіпкерлігін дамыту, қыз-келіншектердің елдің əлеуметтік жаңғыруына жанжақты қатысуына қатысты болмақ. «Мемлекет басшысы таяуда «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа арна ған Жолдауында жаһандық деңгейдегі қатерлердің алдын-алуға бағытталған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдықтағы мақсаттарына сəйкес,

ЕЛБАСЫ, «НЎРЛЫ ЖОЛ», МƏЅГІЛІК ЕЛ: ЌАЗАЌСТАН БОЛАШАЄЫНЫЅ ШЕШУШІ ЇШТАЄАНЫ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арқа сында Қазақстан қоғамы «Мəңгілік Ел» – жалпы ұлттық идеясына топтасқан əлемдегі бірден-бір мемлекетке айналды. Тəуелсіздік күнінің 22 жыл дығына арналған салтанатты жиналыста Мемлекет басшысы Қазақстанның баға жетпейтін 7 игіліктеріне негізделген «Мəңгілік Елдің» бірлікке бастайтын идеяларын белгілеп берді. – Қазақстанның Тəуелсіздігі жəне Астана. Біздің қоғамымыздағы жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік жəне келісім. Зайырлы қоғам жəне жоғары руханият. Индустрияландыру жəне инновацияға негізделген экономикалық өсім. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Мəдениет, тарих жəне тіл бірлігі. Ұлттық қауіпсіздік жəне біздің еліміздің жалпыəлемдік жəне өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуы. Егер Қазақстанның жетістіктерін қысқаша түсіндіретін болсақ, онда ол үш жетістіктің бірлігі – тұрақтылық, бейбітшілік жəне келісім болады. Бүгінде, əлем кезекті жаһандық экономикалық дағдарыс толқынының табалдырығында тұрған

– деді компания басшысы. Соңында компанияның ел экономикасындағы маңыз ды рөлі мен оның индус трия лықинновациялық даму бағ дарламасының екінші бесжылдығына қатысуының қажеттігі атап өтілді.

кезде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы дер кездегі қадам болып табылды. Жаңа Экономикалық Саясаты – бұл əлемдік дағдарыстардың «қақпандарын» болжаудың жəне одан өтудің ұтымды механизмдері, ол алдағы жылдарға арналған стратегиялық жоспар. Дағдарысқа қарсы барлық шаралар жүзеге асырылып, жаһандық қадамдардың тапшылығы көріне бастаған жағдайда қазақстандық Көшбасшы тағы да тиімді шешім тапты. Жақында Брисбенде болып өткен G20 Саммиті өзінің дағдарысқа қарсы шараларында іс-жүзінде Қазақстан Президентінің соңынан ергеніне біз куə болдық. Тəуелсіздіктің 23 жылдығы қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетте белгілі қоғам қай раткерлерінің, ғалымдардың кез десуі болып өтті. Редакция осы кездесуге қаты су шылардың пі кір лерін оқырмандар назарына ұсынады.

(Соңы 2-3-беттерде).

инфрақұрылымдарды дамытуды көздейтін жаңа эконо микалық саясат бастамасын өмірге енгізді. Жолдауда белгіленген бағыттар бойынша іскерлік белсенділікті арттыруға, халықты жұмыспен қамтуға, оның əлеуметтік ахуалын жақсартуға арналған нақты шаралар жүзеге асырылатын болады. Атап айтсақ, баспананы тікелей, делдалдарсыз жəне несиеге барынша төмен ұсыну, апатты мектептер мен үш ауысымды оқыту проблемаларын шешу жəне басқа да мəселелерді шешу арқылы біз отбасының жəне өскелең ұрпақтың сапалы өмірін қамтамасыз ете аламыз», деді Г.Əбдіқалықова. Мемлекеттік хатшы Жолдаудың негізгі ережелеріне сəйкес, əйелдерді барлық инфрақұ рылымдық жобаларға тарту, олардың еңбекке тартылу деңгейін арттыру міндеті тұрғанын да атап өтті. (Соңы 4-бетте).

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ќазаќстан Республикасы Тўѕєыш Президентініѕ – Елбасыныѕ Мемлекеттік бейбітшілік жəне прогресс сыйлыєын беру туралы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік жəне прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес Қаулы етемін: 1. Сəулет өнерін дамытуға, бейбітшілікті жəне халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін сəулетші Норман Фостерге 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік жəне прогресс сыйлығы берілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 12 желтоқсан. № 978

Наградаларыѕыз ќўтты болсын, отандастар! Еліміздің Тəуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі жəне белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында мəдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, əскери қызметшілер, спортшылар, соғыс жəне еңбек ардагерлері бар. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын əлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мəдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Қ.Мұсақожаеваға берілді. «Отан» орденімен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.С.Павлов, Қарағанды облысының «Шахтерское» ЖШС директоры Г.Г.Прокоп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаев, І дəрежелі «Барыс» орденімен – «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС президенті В.С.Ким жəне «Спорттық жекпе-жек пен күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» ЗТБ төрағасы Т.А.Құлыбаев, (Соңы 4-бетте).

● Бірінші жарты жылдықта АҚШ-тан тартылған инвестиция көлемі 2,3 млрд. долларды құрады. Бұл – өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Вашингтонға жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болғандай, негізгі инвестициялар өндіруші өнеркəсіп, жылжымайтын мүлік нарығы мен іскерлік қызметтерге, сонымен қатар қаржы секторына бағытталған. ● «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ жеңілдіктері бар дисконттық карталар енгізді. Компанияның баспасөз қызметі атап көрсеткендей, «Жолау шылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» пойыздарының жолаушылары үшін 20 пайыздық жеңілдіктер қарастырылған жеке дисконт карталарын шығарды. Оларды теміржол вокзалдарының кассаларынан алуға болады. ● Астанада 36 жаңа автобус жолға шықты. Бұлар №9 жəне №10 бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қала əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл соңына дейін елорда көшелерінде тағы да 21 жаңа автобус қатарға қосылады. ● Алматы облысы Талғар ауданында жаңа дəрігерлік амбулатория ашылды. «Қызылту» ауылында бой көтерген бұл мекеме «100 мектеп, 100 аурухана» жəне «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларының шеңберінде салынды. Онда 6 дəрігер, 23 медбике жұмыс істейді. ● Өскеменде «Азия Авто» зауыты Skoda-ның жаңа модельдерін шығара бастады. Компания өкілдерінің сөзі не қарағанда, елімізде Skoda көлігіне деген сұраныс өскен. 2014 жылдың қаңта ры нан қазанына дейінгі аралықта олардың сатылымы 43 пайызға көбейген. ● Ақтөбеде кəсіпкерлердің көптеген жобала рына мемлекеттік қолдау көрсетілді. «Даму» кəсіпкерлікті қолдау қоры аймақтық филиалының директоры Жеделбек Мұрзағалеевтің айтуынша, биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде ақтөбелік кəсіпкерлердің 138 жобасына 6,8 млрд. теңге көлеміндегі несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға көмек берілген. ● Қызылорда облысындағы Ақсай мұнай-газ кен орны іске қосылды. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов мəлім еткендей, 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Ақсайдағы 2Р санатты мұнай қоры 1,5 млн. тонна, ал газ қоры – 1 626 млн. текше метр. Мұнда өндірілген мұнай ҚГМ компаниясының қазіргі бағыттары бойынша сатылады, ал газ мемлекет белгілеген бағада ішкі нарыққа жөнелтіледі. ● Павлодар облысында жаңа кен байыту фабрикасының тұсауы кесілді. Облыс əкімі Қанат Бозымбаев бұл кəсіпорынды салуға 2,7 млрд. теңге жұмсалғанын мəлімдеді. Оның өнімдері еліміздің қажеттілігін өтеумен қатар, сыртқы нарыққа да экспортталады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.