14012014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№7 (28231) 14 ҚАҢТАР СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ќалыптасќан мемлекеттіѕ сыртќы саяси баєыты 2-бет Ажал артќан адамдар 5-бет Мəдиден тəбəрік, Əлмаєанбеттен əн алєан 6-бет Аймауытовтыѕ жазыєы не?.. 7-бет

Президенттіѕ жўмыс кестесі:

2013 ЖЫЛДЫЅ НЕГІЗГІ ЌОРЫТЫНДЫЛАРЫ Їкімет басшысын ќабылдады Кездесу барысында Премьер-Министр С.Ахметов Мемлекет басшысына еліміздің 2013 жылғы əлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер туралы баяндады, сондай-ақ индустриялықинновациялық бағдарламаның екінші кезеңін əзірлеу барысы жөнінде мəлімдеді. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындаудың нақты жолдарын əзірлеудің, сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақ тəрізді ірі жобалар айналасында өндірістік инфрақұрылымдар аясын ұлғайта отырып оларды одан əрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев энергетиканы дамытуға, маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға назар аударды. Бұл орайда, Мемлекет басшысы Үкіметтің аса

маңызды міндеттері азаматтардың əл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту жəне қазақстандықтардың əлеуметтік көңіл күйі жоғары болуын қамтамасыз ету болып қала беретініне тоқталды. Премьер-Министр 2013 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 6% болғанын, инвестиция көлемі 6,5%-ға, өнеркəсіп өндірісі 2,3%ға, құрылыс көлемі 3%-ға, жалпы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру 11,6%-ға ұлғайғанын

айтты. Бұған қоса, жұмыссыздық деңгейі – 5,2%, инфляция деңгейі 4,8% болды. Сондай-ақ, С.Ахметов индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың келесі кезеңі əзірленіп жатқандығын, онда экономиканың негізгі салаларын əртараптандыруға, кластерлерді дамытуға, сондай-ақ, технологиялар мен инновациялар трансфертіне ерекше назар аударылатынын айтты. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы болды. Сенат Төрағасы Президент Н.Ə.Назарбаевтың ұзақ мерзімді Стратегиясын дəйекті іске асыру мақсатында Парламент жоғарғы палатасы депутаттарының келісілген жəне жігерлі жұмыстарының маңызын атап өтті. қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасын да алды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитеті заңнамаға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мəселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Бюро мүшелері Сенаттың 16 қаңтарда болатын жаңа жылдағы алғашқы отырысының күн тəртібін де қарады. Атап айтқанда, сенаторлар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер күштерінің əуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің əуе кемесін басып алу (ұшырып əкету)

туралы ақпаратты алған кездегі ісқимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау жəне Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына əскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын қарауды жоспарлады. Одан басқа, Сенат заңнамаға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мəселелері бойынша түзетулерді қарайтын болады.

Сотталушылар азаймай отыр. Неге? Мəжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен кеше биылғы жылдың алғашқы Үкімет сағаты «Еліміздегі құқықтық тəртіптің жай-күйі жəне ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттары туралы» деген тақырыппен өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінде қаралатын мəселе өте маңызды екендігін тілге тиек еткен вице-спикер өткен жылы ішкі істер саласына қатысты 8 заң қабылданғанын жеткізді. Сондай-ақ, соңғы кезде ішкі істер жүйесінде реформа өтіп, бірқатар құрылымдық жəне функциялық өзгерістер болғандығы да айтылды. «Автокөлікті техникалық байқаудан өткізу жəне күзет қызметі саласы бəсекелестік ортаға берілді; халықты құжаттандыру, тіркеу жұмыстары жəне қылмыстықатқару жүйесі қайтарылды; көші-қон саласындағы көптеген функциялар жүктелді; жол жəне патрульдік полиция қызметтері реформаланды; қылмыстарды есепке алу жəне тіркеу тəртібі өзгерді, тағы басқалар», деді С.Дьяченко.

Бұдан кейін сөз баяндама жасау үшін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа берілді. Министр өз баяндамасында Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалау, еліміздегі криминалдық ахуалдың жай-күйі, аса ауыр қылмыстар мен ұрлықтың алдын алуға бағытталған бағдарламаның нəтижесі туралы айтып берді. Келтірілген мəліметтерге қарағанда, 2011 жылы полицияға 800 мыңға жуық қылмыс туралы арыз бен хабарлама келіп түскен болса, 2012 жылы оның көлемі 1,6 миллионға, ал былтыр 2 миллионға жетіпті. Азаматтар арызының 94 пайызы 3 күндік мерзімде қаралуы жүзеге асырылған. Керісінше, аса ауыр қылмыстар саны 15 пайызға (2394-ке дейін), кісі өлтіру 12 пайызға (1118-ге дейін), тонау 7 пайызға (18,8 мыңға дейін), ал қарақшылық 18 пайызға (1358-ге

Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ,

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы.

Кїн тəртібі бекітілді Бюрода Сенат комитеттеріне Мəжілісте мақұлданған заң жобалары бөлінді. Қаржы жəне бюджет комитетіне Бернде 1999 жылғы 21 қазанда қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Швейцария Федералдық кеңесі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға жəне хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Үкіметі мен Швейцария Федералдық кеңесі арасындағы хаттаманы ратификациялау заң жобасы берілді. Осы комитет Қазақстан мен Еуропа Қайта құру жəне даму банкі арасындағы ынтымақтастық пен қызметіне

2013 жыл – мақсаты Қазақстанның əлемнің анағұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосылуын қамтамасыз ету болып табылатын «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы жылы болды. Бұл мемлекеттік органдар мен ел Президенті Н.Ə.Назарбаевтың қызметінен нақты көрінді.

дейін) қысқарғаны ерекше аталды. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру жəне оған басшылық ету (52), бандитизм (1) фактілері бойынша 53 қылмыстық іс қозғалған. Бұл ретте ұйымдасқан криминалдық құрылымдардың 50-ден аса жетекшісі мен 230 қатысушысы жауапкершілікке тартылып, олардан көптеген қару мен есірткі тəркіленіп алынған. Тағы бір белгілі болғаны, экстремистік сипаттағы қылмыстар бойынша 28 қылмыстық іс қозғалып, Астана мен Атырау қалаларында 3 террористік топ əрекетінің жолы кесіліпті. Экстремистік сипаттағы ақпараттан тұратын 11,4 мың бірлік баспа өнімі, 1,2 мың бірлік электрондық тасымалдағыш жəне 13 бірлік компьютерлік техника тəркіленген. (Соңы 2-бетте).

Шетелдік сапарларды, өңірлерге жұмыс сапарларын, түрлі отырыстар мен мəжілістерді, халықаралық жəне республикалық фо румдардың жұмысына, конференциялар мен съездерге қатысу, шетел мемлекет жəне қоғам қайраткерлерін қабылдау, жұртшылық өкілдерімен жəне еңбек ұжымдарымен кездесу, өнеркəсіп кəсіпорындары мен əлеуметтік нысандарға баруды қоса алғанда, жыл бойы Президент Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен 700-ден астам хаттамалық іс-шара болып өтті. Мемлекет басшысы 16 мəжіліс өткізді, олардың ішінде Үкімет мүшелерінің, Президент Əкімшілігі басшылығының, орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өткен 13, басқарушылық «А» корпусы мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен өткен 1 жəне көшпелі 2 мəжіліс бар. Президенттің жанындағы консультативтіккеңесші органдардың желісі бойынша Н.Ə.Назарбаевтың төрағалығымен Шетел инвесторлары кеңесінің 1, Кəсіпкерлер кеңесінің 1, Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің 1, Мұнайгаз кеңесінің 1, сондай-ақ, Қауіпсіздік кеңесінің 2 отырысы болып өтті. Жыл бойы Президент Парламент палаталарының төрағаларымен жəне парламенттік фракциялардың жетекшілерімен ұдайы кездесе отырып, депутаттық корпуспен тұрақты негізде өзара бірлескен іс-əрекет жасады. Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен еліміздің 14 өңірінде болды. Екіжақты қарым-қатынастардың аясындағы 7 шетелдік сапарды, сондай-ақ 9 мемлекетаралық саммит пен 4 халықаралық форумды қоса алғанда, Елбасының қатысуымен 170-ке жуық кездесу мен халықаралық сипаттағы іс-шаралар болып өтті. Н.Ə.Назарбаев 14 баспасөз конференциясы мен брифингтер өткізіп, шетелдік жəне отандық жетекші БАҚ-қа 8 сұхбат берді. Жыл бойына Президент 6,8 мыңға жуық құжаттарды қарап, қол қойды, олардың қатарында 94 заң, 259 жарлық, 107 өкім, 19 мəжіліс хаттамалары, 2 439 қызметтік құжаттар, 3 640 талдамалық жəне ақпараттықанықтамалық материалдар, азаматтардың 232 арыз-шағымдары мен хаттары бар. Осы кезеңде Мемлекет басшысы барлығы 70 күн іссапарда болды, оның 23 күні шетелдерге, 47 күні Қазақстанның өңірлеріне арналды. * * * Ішкі саяси салада 2013 жыл «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдықтарына сəйкес, мемлекеттік басқару жүйесін сапалық қайта құрудың басы ретінде есте қалды. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мен əкімшілік реформа осы бағыттағы алғашқы ірі нақтылы қадамдар болды. 2013 жылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аясында орталық пен өңірлердің арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің аражігін ажырату жүзеге асырылып, жергілікті жерлерде əкімдердің

сайланбалылығы енгізілді жəне жергілікті өзін өзі басқарудың өкілеттіктері ұлғайтылды. Атап айтқанда, 67 мемлекеттік функция ауылдық деңгейге берілді. Ең алдымен, ауыл əкімдері салық жинау, жергілікті бюджетті қалыптастыру жəне оны тұрғындардың өздерінің қатысуымен проблемаларды шешуге бөлу құқығын алды. Тамыздың басында жергілікті билік органдарының басшыларын сайлау өткізілді, соның қорытындылары бойынша баламалы негізде ауылдық округтердің, кенттер мен аудандық маңызы бар қалалардың əкімдері сайланды, бұл барлық деңгейдегі əкімдер корпусының 91%-ын құрайды. Осымен бір мезгілде мемлекеттік қызмет жүйе сін одан əрі жетілдіруге жəне кəсіби мемлекеттік басқарушылар корпусын қалыптастыруға бағытталған əкімшілік реформа басталды. Осы мақсатта «А» жəне «Б» корпустары түрінде əкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымдарының қос деңгейлі құрылымы енгізілді. 2013 жылдың жазында өткізілген көпсатылы конкурстың қорытындылары бойынша «А» корпусына 940 адам іріктеліп алынды. Əкімшілік реформаның алғашқы нəтижелерін Мемлекет басшысы 17 қазанда «А» корпусы мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде қорытындылады. Тұтастай алғанда, жүргізілген реформа саяси мемлекеттік қызметкерлер санын 7,5 есе қысқартып, аудандар мен өңірлердегі қалалар əкімдерінің 30%-ын, сондай-ақ, орталық деңгейдегі атқарушы органдар басшылық құрамының 15%-ын жаңартуға алып келді. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру орайындағы маңызды бағыт құқықтық жүйені одан əрі жаңғырту болды. 30 қаңтарда құқық қорғау органдарының басшылығымен болған кеңесте Президент Стратегияны жүзеге асыру аясындағы құқық қорғау реформасының басымдықтарын айқындап берді. Бұл мəселе Негізгі заң мен Құқықтық реформа тұжырымдамасының ережелерін дамыту үшін жаңа редакцияда əзірленген Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу жəне Қылмыстықатқарушылық кодекстердің жобаларын қарауға арналып, Президенттің төрағалығымен өткен тамыздағы кеңесте өз жалғасын тапты. Құқық қорғау жүйесін жетілдірудің басым бағыттары туралы айта келе, Мемлекет басшысы аса маңыздылардың қатарында сыбайлас жемқорлықпен күресті атады. Жыл бойында аталған мəселелер бойынша Н.Ə.Назарбаев Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) төрағасы Р.Т.Түсіпбековті, Бас прокурор А.Қ.Дауылбаевты жəне Ішкі істер министрі Қ.Н.Қасымовты қабылдады. Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту міндетін Президент 20 қарашада болып өткен судьялардың VI съезінде судьялар корпусының алдына да қойды. Қабылданған іс-шаралар іс жүзінде сыбайлас жемқорлықпен күрестің жүйелік деңгейде күшейтілуінен көрінді. 2013 жылы орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың

тұтас бір жоғары лауазым иелеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясы арқылы жетекші азаматтық қоғам институттарының құжаттары да «Қазақстан-2050» Стратегиясының тұжырымы тұрғысынан түбегейлі қайта ойластырылды. Мəселен, сəуірде «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» ұранымен өткен Ассамблеяның ХХ мерейтойлық сессиясы жұмысының қорытындылары бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қабылданды. Қазандағы кезектен тыс ХV съезінде «Нұр Отан» партиясы өзінің жаңартылған Саяси доктринасын бекітті. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жылдың барлық елеулі қоғамдықсаяси іс-шараларының өзегі болғанын атап айтқан жөн. 25 сəуірде Н.Ə.Назарбаев ХІ Еуразиялық медиа-форумның жұмысына қатысты. Қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысындағы отандық медиа саласының дамуы жөніндегі өз көзқарастарымен бөлісті. Президент белгілеген тұжырымдардың «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасынан көрініс тапқаны белгілі. Жаңа кезеңдегі ұлттық қауіпсіздік мəселелерінің өзектілігі сəуірде жəне қыркүйекте Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырыстары күн тəртібінің басты арқауы болды. Отан қорғаушы күні қарсаңында 7 мың əскери қызметшінің, 400 жерүсті ұрыс техникасының, 80 ұшақ пен тікұшақтың қатысуымен Жамбыл облысындағы «Отар» полигонында осындай пішімде алғаш рет ұйымдастырылған Жауынгерлік əскери парад та осы арнада өткізілді. Парламенттің бесінші шақырылымының кезекті ІІІ сессиясының ашылуы барысындағы Президенттің қыркүйектегі депутаттық корпуспен кездесуі «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру қыры арқылы саяси, əлеуметтік-эконо микалық, құқықтық реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету мəселелеріне арналды. Оның негізі қалануының 20 жылдығына арналып 29 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары мен бітірушілерінің форумында да Н.Ə.Назарбаев мемлекеттің ұзақ мерзімдік дамуы мен жас ұрпақтың жауапкершілігі мəселелерін көтерді. 1,5 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен кездесу кезінде Президент телекөпір арқылы қазіргі кезде Лондонда, Вашингтонда жəне Шанхайда оқып жүрген стипендиаттармен сөйлесті. Өз сөзінде Елбасы «Болашақ» халықаралық бағдарламасын жүзеге асырудың 20 жыл ішіндегі мерзімаралық қорытындыларын шығарды жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру тұрғысынан оның жаңа міндеттерін айқындады. Жыл қорытындысын шығара отырып, Мемлекет басшысы Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы нəтижелерін талдап-таразылап, елдің бұдан былайғы ұзақ мерзімдік болашағын белгілеп берді.

(Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.