Бїгінгі нґмірде: ЎЛТ ЖОСПАРЫ – ЎЛЫ ЖОБА 8-9-беттер Босќындар мəселесі ушыєып барады 10-бет Ґр мінезі естен кетпес азамат 15-бет Бес єажайып сəйкестік 16-бет
№7 (28735) 14 ҚАҢТАР БЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ
ОРЫНДЫ ОЙ, ЎТЫМДЫ ЎСЫНЫС
Ќазаќстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарыныѕ Парламент Мəжілісі мен барлыќ деѕгейдегі мəслихаттар депутаттарыныѕ мерзімінен бўрын сайлауын ґткізу туралы бастама кґтерген
ЇНДЕУІ
Даєдарыста даєдарудыѕ реті жоќ
Парламенттегі партиялар фракцияларыныѕ ўстанымдары осындай Мəжіліс тарайды екен деген əңгіменің шыққанына да біраз болған-ды. Осы əңгіменің шындыққа айналатын кезі де алыс емес сияқты. Өйткені, кеше Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен жаңа жылдағы алғашқы өткен палатаның кезекті жалпы отырысының күн тəртібіне бірінші қаралу үшін осы мəселе енгізілді. Бұл Мəжіліс сайлауын жергілікті мəслихаттар сайлауымен қоса өткізу үшін қолайлы ұсыныс саналады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Бесінші сайланған Пар ламентті тарату жəне жаңа сайлауды тағайындау туралы Қазақстан Президентінің атына жолдан ған Үндеуді күн тəртібіне енгі зуді ұсынған Мəжіліс депутаты Нұрлан Əбдіровтің бұл ұсынысы əріптестері тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Бұған дейін Парламенттегі үш партия фракциясының мүшелері, тіпті, арнайы брифинг те өткізген-ді. «Мəжілісті тарату жəне мерзімінен бұрын Парламент сайлауын тағайындау туралы шешім қазіргідей аса күрделі əлемдік экономикалық жəне саяси жағдайда қиын. Алайда, Қазақстан ның бүгіні мен болашағы үшін тарихи маңызы зор шешім саналады», деді Н.Əбдіров. Сөйтті де депутат оның төрт себебін санамалап өтті. Біріншіден, қазіргі Парламент Президенттің Бес институттық реформасының басталуын қажетті заңнамалық базамен толық қамтамасыз етіп, өзінің тарихи миссиясын орындады. Қазір оларды
іс жүзіне асыру кезеңі басталды. «Бұл ретте Қазақстан халқының елімізді ауқымды жаңғырту мен дағдарысқа қарсы тиімді саясатты заңнамалық қамтамасыз етуге қай партияларға жаңа сенім мандатын беретінін айқындау айрықша маңызды. Сондықтан біз 2016 жылдың аяғында өз өкілеттігіміздің мерзімі аяқталуын күте алмаймыз жəне Мəжілісті таратып, Парламент пен барлық деңгейдегі мəслихаттардың жаңа сайлауын тағайындау жөнінде бастама көтереміз», деді өзінің сөзінде Нұрлан Мəжитұлы. Оның пайымынша, бұл қадам уақытты ұттырмай, іс жүзінде тұтас бір жылды жоғалтпай, дағдарысқа қарсы шаралар мен мемлекеттің қуатын арттыру жөніндегі жаңа реформаларды жүзеге асыруға қазірден кірісуге мүмкіндік береді. Екіншіден, төл тарихымыздың жауапты кезеңінде Мəжілістің жаңа сайлауы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жауапкершілігінің белгілі бір бөлігін өздеріне алуға даярлығын сан рет мəлім еткен партиялар үшін мемлекет құрылысының жаңа кезеңінде жаңа Парламентте
өзін тиімді көрсетудің тағы бір саяси мүмкіндігін беретіндігі ерекше аталды. Ал, үшіншіден, биліктің реформалар мен дағдарысқа қарсы шараларын барлық деңгейде үндестіру үшін Мəжіліс сайлауын жергілікті мəслихаттар сайлауымен қоса өткізу ұсынылып отыр. Бұл да əлемдік дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзақ мерзімге созбауға жəне сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын бюджет шығыстарын едəуір қысқартуға мүмкіндік береді. Төртіншіден, реформалар мен дағдарысқа қарсы саясатты тиімді жүргізу үшін биліктің мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғамның барлық тармақтары үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Осылай деген нұротандық депутаттың айтуынша, жаңа сайлаулар мемлекет пен қоғамды Ұлт Жоспарына жəне экономика мен елді дағдарыстан қорғау міндеттеріне жұмылуға мүмкіндік береді. Бұл – еліміздің барлық азаматтарын толғандыратын өте маңызды міндет. «Осы ретте біз мерзімінен бұрын сайлау күн тəртібіндегі өзекті мəселелерге қатысты қоғамдық мəміле мен келісімді нығайта түсетініне сенімдіміз. Осының барлығы ішкі саяси бірлік пен тұрақтылықты нығайтып, Елбасымыздың төңірегіне топтасуымыз үшін қажет. Бұл еліміз үшін аса маңызды сəт», деп қорытты сөзін Н.Əбдіров.
Кґѕіл айту жеделхаттарын жолдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Ыстамбұл қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті жарылыс туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен. «Бүгінде терроризм бүкіл адамзатқа үлкен қатер төндіріп отыр. Бұл зұлымдықты тек күш-жігер жұмылдыру арқылы ғана жеңуге болады. Қазақстан бейбіт өмір мен елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи сын-қатерлерге қарсы күрес жолында Түркиямен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туыстарына Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. * * *
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында болған террорлық акт салдарынан неміс азаматтарының қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Жеделхатта қайғылы оқиға туралы хабарды Елбасының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды жəне бүкіл халықаралық қоғамдастықтың оған қарсы күресін қолдайды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан А.Меркельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, бүкіл Германия халқына шын ниетпен көңіл айтты.
Сондай-ақ отырыста сөз алған «Халықтық коммунистер» партиясы (ҚКХП) фракциясының жетекшісі Владислав Косарев Үндеуді қолдайтындықтарын алға тартты. «Біз де бүгін фракцияда осы мəселені кеңінен талқыладық. Біздің партия Мəжілісті тарату мен мерзімінен бұрын сайлау өткізуді қолдайды. Өз ұстанымымды түсіндірейін, біріншіден, əлемде жаһандық бейберекетсіздіктің қаупі төніп тұр. Оның үстіне халықаралық қаржы, экономикалық дағдарыстың құрылымдық сипаты бар. Империалистік əлемдегі сілкіністер жаһандық экономиканың сипатына да, халықаралық қатынастарға да өз əсерін тигізуде», деді Владислав Борисович. Депутат бұл ретте дағдарыс кезеңінде алаңдамай жұмыс істеу ерекше маңызды екенін, сондықтан да халықтың өз таңдауы арқылы партияларға жауапкершілікті тағы да нақтылауын қалайтындықтарын ортаға салды. «Біз ұдайы халықтық қаражатты үнемді ұстауға шақырып келеміз. Сондықтан да Мəжіліс пен мəслихаттар сайлауларын біріктіріп өткізуді дұрыс санаймыз. Біз өз бəсекелестерімізбен сайлаушылардың дауысы үшін күреске түсуге əрқашанда дайынбыз! Сондықтан Елбасына жолданған тарихи Үндеуді толық қолдаймыз», деді В.Косарев. (Соңы 2-бетте).
Бүгінде жаһандық жүйелі дағдарыс əлемнің барлық елдерін, тіпті дамыған жетекші мемлекеттерді де қамтуда. Əлемдегі күрделі геоэкономикалық жəне геосаяси ахуал халықаралық шиеленістің артуымен, жаңа қақтығыс ошақтарының пайда болуымен, лаңкестік қауіп-қатердің күшеюімен қатар өрбуде. Қазақстан егемен ел ретінде дамып келе жатқан 25 жылдың ішінде əлемдік дағдарыстардың сынқатерлерімен сан мəрте бетпе-бет келді жəне біз олардың барлығына лайықты тойтарыс бере білдік. Тіпті, біз ондай кезеңдерді əрдайым дамудың жаңа сапалық деңгейіне шығудың мүмкіндігі ретінде пайдалана алдық. Сол себепті, біздің еліміз əрқашан, əрбір дағдарыстан жаңғырған, қуатты ел болып шығып келеді. Қазір де Қазақстанның жаңа жаһандық сынқатерлерді еңсеретін нақты жоспары бар. Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың саясатының арқасында еліміздің тек əлемдік дағдарысқа қарсы тұру жөнінде ғана емес, жаңа жаһандық нақты ахуал жағдайында дамуы туралы стратегиясы мен нақты «Ұлт Жоспары» бар. Бүгінгі уақыт – кейінге қалдырмайтын жедел шаралар уақыты. Осыған байланысты, қазірден бастап жаңа реформаларды жүзеге асыруға жедел кірісу үшін, сонымен бірге, дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін біз бесінші шақырылымдағы Мəжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жəне Парламентке жаңа сайлау тағайындау туралы бастама көтереміз. Біріншіден, қазіргі Мəжіліс «Ұлт Жоспарын» жүзеге асырудың заңнамалық негізін қалап, өзінің тарихи миссиясын орындады. Парламент 80-ге жуық заң қабылдады. Президенттің 5 институттық реформасының əрқайсысын жүзеге асырудың «жол картасы» жасалды. Ал қазір, жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, елімізді ауқымды жаңғыртуға жəне Президент реформаларын барлық бағыттар бойынша нақты жүзеге асыруға кіріскен сəтте партиялар
сайлаушылардың жаңа сенім мандатын алуы айрықша маңызды. Екіншіден, осынау жауапты сəтте дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін кең ауқымды қоғамдық бірігу қажет. Тек бірлік пен үйлесімді іс-əрекеттер ғана бізге жаңа экономикалық соққыларға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Үшіншіден, біздің реформаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-əрекеттерімізді барлық деңгейде үйлестіру үшін парламенттік сайлауды жергілікті мəслихаттар сайлауымен қоса өткізу қажет. Бұл дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзақ мерзімге созбауға жəне сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын бюджет шығыстарын біршама қысқартуға мүмкіндік береді. Осы айтылған ұстанымдарды негізге ала отырып, біз Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентінің бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісін мерзімінен бұрын тарату жəне Қазақстан Республикасының Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастамамен жүгінеміз. Қазіргі тарихи сəттің барша жауапкершілігін, мақсаттар мен міндеттердің ортақтығын сезіне отырып, бұл үндеуді үш парламенттік фракцияның барлығының депутаттары қабылдайды. Біз парламенттік аламанға қатысуға жəне мемлекеттік стратегия мен саясатты жүзеге асыру жауапкершілігінің бір бөлігін өзіне алуға дайын екендіктерін сан рет мəлім еткен барлық саяси партияларды адал жəне ашық күреске – жаңа сайлауға қатысуға үндейміз. Сонымен қатар, біз еліміздің барлық қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдарын, барша азаматтарды біздің бастамамызды қолдауға шақырамыз. Біз ел дамуының жаңа жəне жауапты кезеңіне аяқ бастық жəне онда бірлігіміз бен тұтастығымызды нығайта түсу арқылы ғана өз жетістіктерімізді қорғап, Отанымызды дамудың жаңа белестеріне шығара аламыз. Біздің Қазақстанымыз – біздің ортақ үйіміз! Біздің Отанымыз бір, тағдырымыз бір!
Елді елеѕ еткізген бастама Кеше елордада Парламент Мəжілісінің депутаттары Нұрлан Əбдіров, Ирина Аронова, Владислав Косарев, Азат Перуашев, Меруерт Қазбекова жəне Айқын Қоңыровтың қатысуымен брифинг өтті. Басқосуда Мəжілістің жасақталуына негіз болған «Нұр Отан», «Ақ жол» жəне Қазақстан коммунистік халық партиясының (ҚКХП) атынан сайланған бұл депутаттар Мəжілісті мерзімінен бұрын тарату туралы бастама көтерді. Сондай-ақ, жиында аталған партиялық үш фракцияның Парламент Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəслихат депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы Үндеуі жария етілді. Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
Жиында бірінші кезекте сөз алған депутат, «Нұр Отан»
партиясының Мəжілістегі фракциясының өкілі Нұрлан Əбдіров Парламент Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəслихат депу таттарының кезектен тыс сайлауын
өткізу туралы Үндеуінің мəтінін жария етті. Сондай-ақ, ол дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін кең ауқымды қоғам дық бірігу қажет екеніне тоқтала келіп, тек бірлік пен үйлесімді іс-əрекеттер ғана жаңа экономикалық соққыларға төтеп беруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Үндеуде айтылғандай, еліміздегі реформаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-əрекеттерімізді барлық деңгейде үйлестіру үшін Парламент сайлауын жергілікті мəслихаттар сайлауымен қоса өткізу қажет. (Соңы 3-бетте).
Ўсынысты ќолдаєан ќазаќстандыќтардыѕ ќатары ќалыѕ Кеше Парламент Мəжілісіндегі фракциялар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мерзімінен бұрын Мəжіліс жəне түрлі деңгейдегі мəслихаттар сайлауларын өткізу жөнінде Үндеу жолдаған еді. Парламент «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары мен басқа да ірі бағдарламалар мен жобаларды ойлағандай жүзеге асыруға қажетті тиісті заңдардың барлығын жаңа 2016 жылға дейін қабылдап үлгерген болатын. Үстіміздегі жылдан бастап ол заңдар қолданысқа енгізіліп, жұмыс істеуге кірісті. Сонымен, ел дамуында тарихи жаңа кезең басталды. Осы орайда, сырттағы қолайсыз жағдайлардың қысымы Қазақстанға əсері тиюі ықтимал қазіргі уақытта депутаттық
мандаттың мерзімі аяқталуын күткеннен гөрі, дағдарысқа қарсы тұру шараларын жүзеге асырып, мемлекетті одан əрі нығайта түсу үшін сайлауды мерзімінен бұрын өткізіп, халықты Ұлт Жоспарын жаңа сайланған кəсіби жағынан біліктілігі жоғары депутаттармен бірге орындауға жұмылдырудың пайдасы зор болмақ. Міне, сондықтан Парламент Мəжілісі депутаттарының бұл бастамасына бүкіл Қазақстан жұртшылығы жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Мұны бүгінгі нөмірдегі Үндеуге үнқосулар айқын аңғартады. ––––––––––––––– (Қазақстандықтардың Үндеуге жанжақты қолдау көрсеткен пікірлері газетіміздің 2-7 беттерінде жарияланып отыр).