14/03/2013

Page 1

ДЕРЕК пен дəйек 112 700 000 000 Маңғыстаулық кеденшілер өткен жылы республика бюджетіне осынша теңге көлемде кіріс түсірді

№86 (28025) 14 НАУРЫЗ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл – Маңғыстау облыстық Кеден департаментіндегі əрбір қызметкердің əрқайсысы ел қоржынына 319,3 млн. теңге пайда келтірді деген сөз. Еліміз бойынша республикалық бюджетке кедендік төлемдерден түсетін кіріс 38-40 пайыз шамасында десек, бұл көрсеткіште Маңғыстау өңіріндегі кеденшілердің үлесі зор. Тоғыз жолдың торабында орналасқан аймақта сауда-саттық үшін көш-керуеннің тізбегі толастамайды. Талап əрбір нəрсенің заңды болуында. 2012 жылы Маңғыстау облыстық Кеден департаменті құқық қорғау саласы бойынша 31 қылмыстық, 529 əкімшілік іс қозғап, 27,7 млн. теңге айыппұл өндірді. Заңсыз тауар тасымалдаушылармен күресте 6,58 гр. героин, 179,152 гр. марихуана тəркіленді. 2013 жылды олар қылмыскерді құрықтаумен, заңсыз тауарларға тосқауыл болумен бастады.

Орныќты ой орындалады

Наурыз нақыштары

Сауытбек АБДРАХМАНОВ.

Маңғыстау облысы.

145 600 000

Облыстағы шалғай əрі мал шаруашылықты өңір – Ырғыз ауданының шаруалары биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша осыншама теңге несие алуды көздеуде. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Оның да реті бар. Ауылдықтар осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуде біраз тəжірибе жинап қалды. 2011 жылы Ырғыз ауданындағы «Айтбай», «Сер-Мак» жəне «МТС» шаруашылықтары «Сыбаға» бағдарламасы алғаш жұмыс істей бастағанның өзінде 20 миллион теңгеге 135 сиыр жəне 5 асыл тұқымды бұқа сатып алды. Өткен жылы жеті шаруашылық оның алдындағы жылғы қаржы көлемінен үш есе көп несие алып, аудандағы ірі қара санын осының есебінен 373 басқа көбейтті. Бағдарламаның тиімділігін сезінген ауылдықтар бұл бағыттағы жұмысты биыл да жалғастыруға ынталы болып отыр. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту. Несие қаржысы асыл тұқымды ірі қара санын арттыруға беріледі. Егер шаруа сиыр алғысы келсе, несие жеті жылға, ал асыл тұқымды бұқа сатып алса, екі жылға ұсынылады. Қандай жағдайда да несиенің жылдық өсімі 6 пайызды құрайды.

Ақтөбе облысы.

1 363 300

Биылғы жылдың 1 қаңтарында Қарағанды облысы тұрғындарының саны осынша адамды құрады. Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл былтырғы сəйкес мерзіммен салыстырғанда, жергілікті жұрт қатары 5200 адамға толыққандығын көрсетеді. Көбеюге табиғи өсімнің үлкен үлесі тиіп отыр. Өткен жылы аймақ бойынша 24 мың 597 нəресте дүниеге келіп, 15 мың 250 адам қайтыс болған. Бұған дейінгі уақытқа қарағанда, ішкі көші-қон жəне сырт жерлерге қоныс аудару төмендеген. Өңірге келіп қосылушылар 2012 жылы 10,7, ал кетушілер 6,4 пайызға азайған. Алыс-жақын шетел асушылар күрт кеміпті. Қарағанды жеріне жаңадан қоныстанғандар қатарын негізінен елдің оңтүстік өңірлері өкілдері құрап отыр. ҚАРАҒАНДЫ.

у с і р ґ К Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Бүгін – Маңғыстауда ерекше күн. Бұл күнді «Амал күні» деп ардақтап, асыға күтетін үлкенкіші маңғыстаулық тұрғындар айрықша шаттық құшағында. Жер дүние жаңарып, күн мен түн теңесетін жаңа жылдың басы – наурыз мейрамы алдымен Маңғыстаудан бастау алады. Наурыз айының 14-і күні таңмен таласа тұратын үлкен-кіші əуелі отбасында жадырай көрісіп, артынша көрші-көлем, ағайынтуысты аралайды. Ауылдағы жасы үлкен кісілерге арнайы барып көрісіп, батасын алады. Бұл – жылдан жылға аман-есен жеткен

қуаныштың, бір-біріне деген ыстық ықыластың күні. Тіршілік өзегі төрт түлік мал болғандықтан, бір жағы қыстың қытымырынан құтылған шаруашылыққа да қатысты. Негізінен көрісу күні Қазақстан ның бүкіл батыс өңірінде кездеседі. Əйтсе де, кешегі кеңестік кезеңнің қыспағында бі раз аймақтардың бұл дəстүрді ұмытып, тіпті, жоғалтып алғаны, тəуелсіздікпен бірге қайта табысып жатқаны мəлім. Көрісу Маңғыстауда тіні сетінемеген күйінде жылдан-жылға, ұрпақтан ұрпаққа тұрақты жалғасып келеді. Өлке тұрғындарының сөз саптауында Амал күні – негізгі даталардың бірі. Кез келген əңгіме арасында «амалдан

бұрын» немесе «амал күні ғой» деп өткен кезеңдерді еске алса, болашаққа болжамдаған игілікті істерін амал туысымен атқаруға ниетті. Көрісу күні əрбір адам қазақы ою-өрнекпен əшекейленген ұлттық киімдерін киюге тырысады. Əрбір үй есіктен кірген жанды ұлттық дəм-тағамдар сірескен дастарқанға шақырады. Қыс бойы көрісу күніне арнайы сақталған сүр еттердің де шығатыны осы күн. Оқалы шапанын қаусыра киген ер-азаматтар қол алысып, шашақты жаулығы келісті көрік беретін əйелдер жағы құшағын кең ашып, өзара төс түйістіре амандасады. (Соңы 3-бетте).

Көкейкесті

Жатбауыр əкелер, жылаєан жетімдер Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шаңырақ көтерген екен, бала-шағалы болған екен, əр ер азаматтың мерейлі пары зы отбасындағы жандарға қамқор болу ғой. Бұл ең қастерлі қасиет. Адалдық, адамшылық, ар лылық, ізгілік алдымен содан аңғарылатынын айтпай-ақ қояйық. Осылай болуы қалыпты үрдістей көрінгенімен өкінішке қарай, өмірде кереғар жағдай да баршылық. Мəселен, Қарағанды аймағы бойынша жыл сайын 12 мың жігіт пен қыз отасса, 4 мыңының жұбы ұзаққа жетпей үзіліп жатады. Мұның аса бір ауыр жағы, ерлі-зайыптылар арасындағы дау мен кикілжіңнің өздері өмірге əкелген перзенттерге кесапат-қиянат тигізуі дер едік. Əсіресе, балаларына басты асыраушы ретінде али мент төлеу белгіленген

АҚПАРАТТАР аєыны Атырау облысындағы Жаңа Мақатта жаңа бұрғылау жұмыстары басталып кетті. «Max Petroleum» компаниясы қолға алған ұңғыма 1138 метрге дейінгі тереңдікке баратын болады. Бұл Мақат ауданының қайта жандануының басы болуы мүмкін. Өскемен экологтары жылу жүйесінің «жасыл» технологияға көшуін қалайды. Осыған орай жылу-электр орталығына Үлбі өзеніне тасталатын судың энергиясын пайдалану ұсынылды. Оның екінші жолы ретінде кəсіпорынды газға көшіру қарастырылып отыр. Алматыда 14-16 наурызда халықаралық сəн көрмесі өтпекші. Central Asia Fashion ұйымдастыратын шара Орталық Азиядағы ең ірі көрме - «Атакент» орталығында

əкелердің осы міндеттерін орындаудан қашқақтап, жылдап көмек көрсетпеуі жанға ба тарлық жайт. Тым болмаса, еріксіз мойынсұндырылған жанашырлыққа иліге ме деп соны күтуден екі көздері төрт болған жалғызілікті ана мен жаутаңдаған жеткіншек тақсыретін олар білмейді емес, біледі. Бірақ, Абай күйінгендей, өз бойынан шыққан ұят болмаған соң не айтарсыз, қалай көндірерсіз. Дерек көздеріне қарағанда, былтыр облыста бұрыннан тіркелгені, қатар толтырғаны бар ажырасқандардың 22 мың 239ы алимент төлеп тұруға тиісті болған. Соның ішінде 9 мыңнан астамына осыған байланысты сот шешімін орындау үшін құжаттар жіберіліп, бақылауға алынған. 5 мыңға жуығының борыштары жұмыс орындарынан аударылса, 4341-і ерікті түр де төлеуге келіскен. Ал

қанат жаяды. Мұнда үш күн бойы семинарлар, тұсаукесерлер мен киім үлгілерінің көрсетілімдері жүреді. Қатысушылар арасында Италия, Испания, Германия, Франция, Ресей, Украина, Беларусь жəне Польша елдерінің өкілдері бар. Ақтөбеде «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша бес жоба мақұлданды. Бұлардың 4-уі көлік пен арнайы техника, 1-і жабдық сатып алумен байланысты. Жалпы, жыл басынан бері өңірлік үйлестіру кеңесінде 4,9 млрд. теңгенің 17 жобасы мақұлданып, 1,3 млрд. теңгенің субсидиясы үшін 19 келісімге қол қойылды. 31 наурыз күні 6 облыстық, 13 қалалық жəне 38 аудандық мəслихат депутаттарына сайлау болады. Сайлау науқаны барысында бұл орындарға 167 кандидат ұсынылған. Олардың 59-ын саяси партиялар, ал 108-і өзін-өзі ұсынған. Тіркеу нəтижесінде157 адам

ұдайы қашып-пысып, ұстатпауға дағдыланған 10 мыңдайынан алимент өндіру тым ұзаққа созылып келеді. Одан қасақана жалтарушылардың жалпы борышы 87 миллион теңгеден асады. Бұлар жылдар бойы жинақталған, əлі де қашан өтелері белгісіз берешек. Өзге емес, өз балаларының ешкімнен кем қалмай, замандастары қатарынан қалыспай, алаңсыз оқып, үлгілі тəрбиелеуіне сүйеу боларлық көмектің болмайтындығын қайтіп айтпассыз. Күнін əзер көріп жүргендер болса бір сəрі, шық бермес Шығайбайлардың арасында тұрақты жұмысы, тіпті, табысы мол кəсіпкерлер бары таңдандырады. Борышкерлер тізімінен бірнеше таныс, танымал есімдер кездеседі. Сенгісіздей болғанымен бұл нақты айғақ,бұлтартпас дəлел. Борыштары белден асқан сондайлардың 46-сы былтыр ақыры əкімшілік жауапкершілікке тартылса, 10-ы одан да ауырлау жаза қолдану қаупі төнгенде ғана «міндетінен» құтылуға мəжбүр болыпты. (Соңы 3-бетте).

барлық талаптарға сай деп танылды. Балқаш жылу-электр стансасы 2018 жылы іске қосылады. Бұл келешекте Екібастұз стансасының күші оңтүстік өңірлерге жетпей қалу қаупіне орай қолға алынбақ. Ал жаңа кəсіпорын іске қосылған кезде өңірде энергия тапшылығы болмайды. Каспий теңізінде кеме жүзетін арна салынады. Бұл теңізде жүктерді тасымалдау идеясынан туындап отыр. Осыған орай «ҚазМұнайГаз» ҰК еншілес компаниясы «ТеңізСервис» ЖШС мамандары Солтүстік Каспийдің оңтүстік-шығыс бөлігінде теңіз түбінде қашықтығы 50 шақырым жəне тереңдігі 5 метрлік арна жасау керектігін жеткізді. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

Кеше түстен кейін Ақордаға шақырған. Президенттің баспасөз хатшысы Дəурен Абаев газеттерде, телеарналарда таяуда көрсетілетін оқиғаларды хабарлаудың алдында əрқайсымыздың қолымызға бір-бір кітап ұстатты. Мəскеудің «Художественная литература» баспасынан шыққан «Когда мысль – материальна» деп аталатын жинақ екен. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың əлемнің аса ірі оқу орындары мен ғылыми орталықтарында оқыған дəрістері мен сөйлеген сөздерінің басын қосқан кітап. Құрастырушылар тобына Қайрат Келімбетов жетекшілік етіпті. Осы кітап Елбасы еңбектерінің арасынан ойып тұрып орын алатын, жөні бөлек жинақ болып көрінеді бізге. Жөні бөлек дейтініміздің жайы былай. Қызметке қарап құрметтеу деген өркениетті əлемде қалып бара жатқан əдет. «Бəрінен де сөз бастау қиын» екенін бабаларымыз айтып кеткен, əсіресе, білімнің жілігін шағып, ғылымның майын ішкен ғұламалардың алдында құрметтелу – ордалы ойың, сұңғыла сөзің болмаса орындалмайтын міндет. Өткен жылдың шілдесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Англияға сапарын газет бетінде көрсету үшін Лондонға жолымыз түскен. Тұманды Альбион астанасына небəрі екі күнге, негізінен Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысу, спортшыларымызға жігер беріп қайту үшін барған Президенттің қысқа бағдарламасының бір күні Кембридж университетіндегі кездесуге арналды. Бағасын білген адамға бұл – бөлекше құрмет. Сонда Нұрсұлтан Назарбаевтың посткеңестік кеңістік елдері арасынан Кембриджде сөз сөйлеу құрметіне ие болған тұңғыш Мемлекет басшысы екендігін жазғанбыз, құрылғанына сегіз жүз үш жыл толған, түлектерінің арасынан Нобель сыйлығының 88 лауреаты шыққан Кембридждің тарапынан ондай құрмет жалпы мемлекет басшыларына сирек көрсетілетінін айтқанбыз. Кембридж Орталық Азия форумының төрағасы, Кембридж-Қазақстан Орталығының директоры, Қазақстан дамуының Кембридж қорының Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі, профессор Сидхард Саксенаның Елбасы кітабына жазған алғысөзіне қарап отырсақ, біздің ол мəліметіміз де онша толық болмай шықты: Нұрсұлтан Назарбаев жалпы Еуразия құрлығынан сол оқу орнында сөйлеген алғашқы Мемлекет басшысы екен. «Біз кеше Президентіміздің бір сөзіне əуелде таңданыңқырап та қалдық. «Шынымды айтайын, мен толқып тұрмын», деді əңгімеге кірісерінде Нұрсұлтан Əбішұлы. Осы жолдардың авторы Қазақстан Республикасы Президентінің талай-талай сапарына журналист ретінде еріп жүрген, сонау Бразилия, Оңтүстік Африка Республикасы сияқты қияндағы елдерге дейін бірге барған, қаншама дүниелік дүбірлі жиындарда дүйім топта сөз сөйлегенін, небір король, президент, монархтармен кездесулерін көрген, бірақ еш жерде дəл кешегідей толқулы сəтін сезінбеген. Мұның өзі де Назарбаевтың білімнің бөлекше бағасын барынша білетіндігінің, ғылымның өзгеше қадірін қандайлық қастерлейтінінің келісті көрінісі дер едік. Бір жағынан, Елбасымыздың əлемнің ақыл-ой орталықтарының бірі саналатын Кембриджде сарабдал сөзімен, терең мəнді жауаптарымен кемел басшы ғана емес, көрнекті экономист ғалым ретінде де тамаша танылуына осы сөзге мұндайлық жауапты қарауы да себеп болғандай», деп жазыппыз Лондоннан жолданған «Кембриджде көрсетілген көкжиек» атты мақаламызда (2012 жылғы 27 шілде). Иə, журналистік іссапарларда Президентіміздің əлемнің беделді ғылыми орталықтарында сөз сөйлегеніне де талай рет куə болғанбыз. Алғаш рет 2001 жылы АҚШ-қа сапары кезінде сондағы Райс атындағы университетте сөйлеген сөзін тыңдаған едік. Кейінгі кезде көргендерімізден 2010 жылы Корей университетіндегі, 2011 жылы Вьетнам мемлекеттік университетіндегі, 2012 жылы Кембридж университетіндегі дəрістерін айта аламыз. Солардың бəрінде де Елбасымыз қандай аудиторияны болсын берік ой қисынымен, тұжырымдамалық толғаныстарымен тəнті еткен. Кітапқа Президенттің сонау 1994 жылғы 16 ақпанда Нью-Йорктегі Колумбия университетінде сөйлеген сөзінен бастап, 2012 жылғы 5 қыркүйекте Назарбаев Университетінде оқыған дəрісіне дейін қамтылған. Олардың арасында 1994 жылы Мəскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінің орны айрықша екені белгілі. ТМД кеңістігіндегі ықпалдастық сол тарихи сөзден кейін жаңа сипатқа ауысқан болатын. Елбасымыз шын мəнінде мүмкін емес дерліктей істерді жүзеге асыра алған, тарихта талай есесі кеткен туған елінің, арғы ғасырлардағы бодандықты қозғап, боздамағанның өзінде, осыдан небəрі ширек ғасыр ғана уақыт бұрын басқаруға Мəскеу көлденең көк аттыны жібере салатын елінің етектегі басын төрге шығарып берген адам деген ойды бұрын да айтқанбыз.

Нұрсұлтан Назарбаевтың адамзат тарихынан ойып тұрып орын алатын тұлғалар тобынан табылатыны қазірдің өзінде айдай əлемге айқын. Жиырма жылдың о жақ, бұ жағында қирандыдан, құландыдан мемлекет құру, қоғамды бір формациядан екінші формацияға ауыстыру, өтпелі кезеңдегі қиыншылықтардан есеңгірей жаздаған халықты тар жол, тайғақ кешуден аман-есен алып өту, елдің еңсесін көтеру, аяғынан тік тұрғызу, көп тілді, көп дінді елдің жұртын бір үйдің баласындай ұйытып ұстау, алыс та, жақын да, Батыс та, Шығыс та мойындайтын, санасатын, құрметтейтін елге айналдыру, сан түрлі себептерге байланысты бірнеше ғасыр бойында дүниежүзілік өркениеттен шеттетіліп қалған елді жер-жаһанға таныту, тіпті, ЕҚЫҰ тарихында тұңғыш рет азиялық мемлекет, тұңғыш рет ТМД мемлекеті, тұңғыш рет халқының негізгі бөлігі мұсылман дінін ұстанатын мемлекет, тұңғыш рет түркі тілдес ұлт ұйыстырып отырған мемлекет Еуропаға төбе би болатындай жағдайға жеткізу, сол аса беделді ұйымның он бір жылдан бері шақырылмай жүрген Саммитін өткізіп, 56 елдің қолын бір құжатқа қойдырту, əлемді жайлаған дағдарыстар тұсында елін қиыншылыққа ұрындырмау, қаржы қыспағында қалдырмау былай тұрсын, дəл сондай сын сағаттарда мемлекетті дамудың жаңа белесіне қайта-қайта алып шығу, дүние дидарындағы ең серпінді дамушы елдер бестігіне енгізу, бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу сияқты абыройлы міндетті, «Қазақстан-2030» Стратегиясында көзделген мерейлі мақсатты мерзімінен бұрын орындау, туған елінің ХХІ ғасырдың ортасына қарай əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуын көздеген жаңа Стратегия белгілеу, сол межеге қол жеткізудің нақты жолдарын айқындау сияқты жай ғана санамалай айтып өткеннің өзіне демің біте жаздайтын іргелі істердің тек еңбекқорлықпен, тек тəжірибемен, тек ұйымдастырушылық талантпен, тек отаншыл жүрекпен, тек елім деген, жерім деген перзенттік тілекпен атқарыла қалмайтыны анық. Осы жылдар ішінде халқының қамы үшін аттан түспей, түн қатырып, түс қашырып, ауыздықпен алысып жүрген Назарбаевтың дəйім алға қойған мақсатына жетуі ел дамуының ғылыми жолын қалай табамын деп жанын қинауының, сол үшін өмір бойы білім жинауының арқасы. «Оның сарқылмас қуаты – ішіндегі таныпбілуге деген қуаты таңдандырады», дейді академик В.А.Садовничий. Мəскеудің беделді баспасынан шыққан жаңа жинақ Назарбаев феноменінің басты сипаттарының бірі терең ойшылдығы екенін келісті көрсетіп береді. Сондықтан да біз бүгін кітапқа жазылған екі алғысөзді – М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің ректоры, академик, Ресей Ғылым академиясының вице-президенті В.А.Садовничийдің, Кембридж Орталық Азия форумының төрағасы, Кембридж-Қазақстан Орталығының директоры, Қазақстан дамуының Кембридж қорының Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі, профессор Сидхард Саксенаның кіріспе мақалаларын жедел аударып, оқырман назарына ұсынуды орынды көрдік. Бұл жинақ қазақ тілінде де жариялануы мүмкін. Сонда кітап аты қалай аударылар екен? Біздіңше, «Когда мысль – материальна» деген тіркестің қазақы ұғымға орайлысы – «Орнықты ой орындалады». Алдымен Сөз болған дегендей, бəрінен бұрын Ой керек. Біздің бүгінгі биігіміз, ең алдымен, елдік істердің жан-жақты ойластырылып барып қолға алынып жүргенінің арқасы.

Дүние жəне дағдарыс

Аумалы-тґкпелі əлем АҚШ дағдарыстың тағы бір толқынын күтіп отыр Дағдарыстың салдары əлемді əлі де біраз сарсаңға салар түрі бар. Мəселен, интернет иірімдеріндегі ақпаратқа сүйенсек, АҚШ экономикасы да қаржылық дағдарыстың құрығына түскен. Айталық, Roubini Global Economics-тің

жетекшісі, Американың экономист ғалымы Нуриэль Рубинидің айтуынша, АҚШ-тың келісілмеген фискальдық саясаты елдегі ІЖӨнің өсімін 1,5 пайызға дейін тежейтін көрінеді. Мұндай жағдайда бөлшек сауда мəселесі апатқа ұшырап, инвесторлар 2013 жылдың аяғындағы есеңгіреу ахуалына дайын болу керек. Нуриэль

Рубини мемлекеттік шығындарды қысқарту шараларынан шыға алмай қалған Еуропада жағдай мүлде қиын болатындығын алға тартады. Ол сондай-ақ, кəрі құрлықты шайқалтатын келесі «цунами» Италиядан бастау алатындығын айтыпты. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.