14032014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

Рухани ґрлеу ґрісі

№50 (28274) 14 НАУРЫЗ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

2-бет

Ысырап болєан адал ас Академик

5-бет

6-бет

Айдындаєы їміт желкендері

12-бет

● Өңір өмірі

Шамшыраќ Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Бүгінгі күннің бір талабы – өндіріс орнын ашып, табыс табумен қатар кəсіпкерлеріміз өздері өндірген отандық өнім сапасын арттырып, ел мерейін үстем ету. «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында Алматы облысы, Жамбыл ауданының кəсіпкерлері осы үдеден шығып, аталған ауданның жағрафиялық орналасу ыңғайлығын ұтымды пайдалана білуде. Нақтылай түссек, дəл іргесіндегі, яғни еліміздегі ең ірі мегополис – Алматы қаласындағы сауда орындарына шығарып сату үшін электр жарығын беретін сан алуан лампаларды екі тарапқа да тиімді бағамен тұтастай өткізу жолын инвесторларына дəлелдеп, ірі мөлшерде қаражат тарта білді. Сөйтіп, Түркияның «Teksan Aydinlatma Dis Ticaret Ltd Sirketi» компаниясының əлемге танымал 5000 түрлі электр жарығын беретін лампаларының 174 түрі Жетісу жерінде өндіріліп, рынокқа шығарылған еді. Енді Жамбыл ауданының əкімі Махаббат Бигелдиевтің қамқорлығымен өндіріс орнының жер телімі кеңейтіліп, заңнама шеңберінде əрекет еткен зауыт электр жары ғын бе ретін лампалардың 1000 түрін шығаруға мүмкіндік алды. Жалпы, жетісулық зау ыт өнімі сапалылығымен бір ге үнемшілдігімен һəм заманауилығымен, жарықтығымен ерекшеленеді. Тағы бір айта кетер ақ парат, əлемдік деңгейде

жоғары жетістікке жеткен компанияның филиалы болып ел заң намасына сəйкес Алматы облысы, Жамбыл аудандық əділет департаментінде «Тексан Қазақстан Инвест» ЖШС 2011 жылдың 20 қазанында заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжат алған. Бұл анықтама да біраз жайтты аңғартса керек. «Махаббат Бигелдиев Жамбыл ауданына əкім болып тағайындалған бір жылдан астам уақыттан бері тұрғындармен

АҚПАРАТТАР аєыны ● Елімізде зейнетақыны көбейтуге 40 млрд. теңге жұмсалады. Бұл 1 сəуірден бастап 1,9 млн. адам зейнетақысының 12 пайызға артуына мүмкіндік береді. Еңбек жəне əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, жекелеген санаттардағы арнаулы мемлекеттік жəрдемақылар мен Семей полигонында зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы да осынша мөлшерге ұлғаяды. ● Қазақстан мен Жапония арасында тікелей əуе қатынасы ашылуы мүмкін. Мұны Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Жапония Сыртқы істер министрінің орынбасары Синсукэ Сугиямамен кездесуден кейін мəлімдеді. ● Ертіс өзенінің Өскемен қаласындағы Жібек маталар шағын ауданы тұсындағы арнасына салынған көпір күрделі жөндеуден өткізіледі. Бұл үшін қала бюджетінен 6 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. ● Ал Қызылордада Сырдария өзенінің үстіне 6 млрд. теңгеге тағы бір көпір салынады. Қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаевтың айтуынша, бұл Сыр бойындағы бас шаһардың дарияның екі жағалауына бөлініп орналасуының басы болмақ. ● Атырау кəсіпкерлері Ресей нарығына шыға бастады. Кедендік одақ аясында түрлі шекаралық рəсімдеулердің алынып тасталуы екі ел кəсіпкерлеріне тиімді болып отыр. Бір ғана Астрахань облысының өзінде қазақстандық инвестициямен 20-ға жуық компания жемісті еңбек етіп жатыр. ● Қарағандыда заңсыз тексерістерге қарсы штаб құрылды. Кəсіпкерлер бұл жаңашылдықты қадағалаушы органдар өкілдерімен кездесуде білді. Бастама көтерген прокурорлар қаладағы сауда үйлерінің бірінде жылжымалы кеңес орталығын ұйымдастырды. ● Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданындағы Қасқасу шатқалында биыл тау шаңғысы курортының құрылысы басталады. Бұл жаңалық облыс əкімі Асқар Мырзахметовтің Сочи Олимпиадасына қатысқан фристайлшыларды қабылдауы кезінде айтылды. Кездесу соңында аймақ басшысы спортшылар мен олардың жаттықтырушысына ақшалай сый лық тапсырса, қала əкімі Дар хан Сатыбалды Олимпиадада жақ сы өнер көрсеткен Жанбота Алдабергеноваға «Daewoo Matiz» автокөлігінің кілтін табыс етті. ● Қостанайда спорт-сауықтыру кешені ашылды. Осылайша соңғы 4 жылда облыс орталығында төртінші нысан қатарға қосылды. Оны салуға 750 млн. теңге жұмсалған. Ғимараттың жалпы аумағы 4250 шаршы метрді құрайды. BNews.kz, Nur,kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.

бірлесе бірқатар шаруаның басын қайтардық деуге негіз бар. Осыған дейін өндіріс орнында

135 адам жұмыс істесе енді өн діріс орнын кеңейтіп соған орай қосымша тартылатын

инвестиция көлемін өсіріп 200 адамды тұрақты жұ мыс пен қамтамасыз етеміз. Ең төменгі айлық жалақы 45000 теңге болады. Тəжірибелері толысып, еңбек сапасын арттырған жұмысшыға елу-алпыс мың теңгеге дейін айлық жалақы төленетіні өз алдына. Зауытқа көрші ауылдардан қатынап ең бек ететін жұмысшыларға арнайы автобус бөлінген. Бар лығы жұмыс киімімен толық қамтылып, тəулігіне екі рет тегін тамақтандыру да зауыт есебінен өтелуде», деді «Тексан Қазақстан Инвест» ЖШС бас директорының орынбасары Жөкен Аятаев. «Жалпы, электр жарығын беретін лампаларды шығаратын зауытымызға қажетті темір Қарағандыдан арнайы өлшемдер бойынша кесіліп жеткізілсе, құд ды бұршақ іспетті желім өнімдері Тайваньнан əкелінеді. Екі жарым жылдан бері өндіріс орнында қажеттіліктің барлығын өтеп тұрған құрал-жабдықтар Жа пония, Германия, Түркия мем лекеттерінен алынып, орнатылды. Бұл қондырғыларды басқаруды қазақстандық жұмыскерлерге жан-жақтылы үйрету үшін шетелден келісімшарт бойынша 4 маман келген еді. Бүгінде олар 20 адамды жұмыс барысында оқытып та, үйретіп те өз орындарына дайындауда. Міне, сол 20 маман көкейлеріне түйіп-білгендерін өзге жұмысшыларға біртіндеп үйретуде. Шетелден əкелінген сапалы құралдармен бұршақ іспетті түйіршіктелген түрінде қапқа салынып жеткізілетін желімдерді балқытып, қажетті қалыпқа сай өлшеп құйып, сан алуан мөлшердегі темірлерге бекітіп 174 түрлі электр жарығын беретін шамдар шығарудамыз.

Мемлекеттік мекеме міндеті салмаќты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мəселелері туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлы ғымен «Назарбаев орталығы» көпфункциялы ғылыми-талдамалық жəне гуманитарлықағартушылық мемлекеттік мекемесі арқауында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесін құру қарастырылады. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мем лекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке кітапханасы мен жеке мұ ра ғатының жұмысын қамтамасыз ету, Қазақстанның қалыптасу жəне даму тарихын зерттеу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті – Елбасының идеялары мен бастамаларын ел ішінде жəне шетелдерде ғылымитал дамалық жəне ақпараттықимидждік ілгерілету мақсатында құрылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бірқатар тапсырма, соның ішінде Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөнінде тапсырма берілді. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы М.Б.Қа сым бековке «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры міндетін атқару жүктелді.

Саннан сапаєа ґтетін кез жетті

Депутаттар ішкі істер органдарына осындай талап ќойып отыр Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында сыртқы барлау жəне ішкі істер органдары мəселелері бойынша өзгерістерді көздейтін заң жобалары қаралды. Сондай-ақ, Конституциялық Кеңес мүшесі қызметіне тағайындау жүзеге асты.

(Соңы 9-бетте).

Республикалыќ комиссияныѕ отырысы

Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының міндетін уақытша атқарушы Кəрім Мəсімовтің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыс барысында Қазақстан Президентінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан əрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. 2014 жылдан бастап магистратурада оқу жəне тағылымдамадан өту үшін шет тілін білудің қажетті бастапқы деңгейі IELTS 9.0 балдан – 3.0-ден 4.0. балға дейін, ал резидентурада, докторантурада

оқуға – 5.0 балға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу жөніндегі барлық санаттағы үміткерлерге ең төменгі талаптар арттырылды. ҚазТест жүйесі бойынша ең төменгі деңгей – 150 балдан 85-ке дейінгі балды құрады. Оқу жəне тілдік курстардан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі қайта қаралды. 2014 жылы тізім 17 университетпен

толықтырылып, 8-і алынып тасталды. Шетелде тағылымдамадан өту орнына қойылатын талаптардың өлшемі бекітілді. Атап айтқанда, тағылымдамалар тек қана жетекші шетелдік жоғары оқу орындары мен олардың жанындағы медициналық мекемелердің базасында, сондай-ақ, əлемге танымал өңірлік ғылыми-зерттеу орталықтарында, компаниялар мен салалық ұйымдарда жүзеге асырылатын болады. Бұған қоса, стипендиядан айыруға жəне Комиссияға келіп түскен өтініштерді қарауға байланысты мəселелер қаралды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінде бірінші тұрған мəселе – палата Төрағасының ұсынысымен Анар Жайылғанованы Конституциялық Кеңес мүшесі қызметіне тағайындау мəселесі Сенат депутаттары тарапынан қолдау тапты. Бұл ретте Анар Нұралықызының өз еңбек жолын 1991 жылы Қазақстан Ғылым академиясында кіші ғылыми қызметкерліктен бастағандығын айта кеткен жөн. Ал 2008 жылғы наурызда Конституциялық Кеңес

мүшесі болып тағайындалса, биылғы тағайындауды да аталған кандидатураның жұмысына тағы да сенім білдіргендік деп түсінген жөн. Бұдан кейін заң жобалары талқыға түсті. Алдымен депутаттар назарына ұсынылған сыртқы барлау мəселелері бойынша өзгерістерді көздейтін заң жобасы бірауыздан қабылданды. Негізгі мақсат сыртқы барлау субъектілерінің қызметін реттей тін заңнаманы жетілдіру болып табылады. (Соңы 2-бетте).

● Мүмкіндігі шектеулілер мүмкіндігі

«Мїгедекпiн деп масыл болєым келмейдi» Түркiстан қаласының тұрғыны Еркiн Шалтанды алғаш көргенiмiзде аянышпен қарадық. Тағдырдың басқа салғанына көндiгiп, қоларбада отырған жiгiт ағасының жарасымды киiмiне қарап, ешкiмге қол жайып жүрмегенiне бiр жағы қуандық. Түркiстан қаласында өткен тойлардың бiрiндегi бұл кездесуiмiзде Еркiнмен емен-жарқын əңгiмелесудiң сəтi түспедi. Арада үш жыл уақыт өткенде Еркiндi Кентау қаласында жолықтырдым. Əрiптестерiмен бiрге жас өнерпаздарды жинап, қалалық мəдениет үйiнде қайырымдылық концертiн өткiзбекшi екен. Екi аяқтың қозғалыссыз қалғанына, қоларбаға таңылғанына қарамай Еркiн қоғамдық жұмыстарға белсене араласып кетiптi. Уақыт тауып сұхбаттастық. Еркiн Түркiстан қаласына қарасты Майдамтал ауылының тумасы. 1978 жылы дүниеге келген ол ауылдағы мектепте бiлiм алды. Əскерге барып, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келген. Шаруа отбасынан шыққан жiгiт туған жерiне оралған соң əке-шешесiне көмектеседi. Шөп жинайды, қой өсiрiп, егiншiлiкпен айналысады.

Бəрi де тамаша болатын. Тек 2000 жылғы оқиға оны екi аяқтан айырды. Көлiкке шөп артып жатқанда арқан үзiлiп кетiп Еркiн үш метр биiктiктен құлайды. Дəрiгерлер бұл оқыс оқиғадан зардап шеккен оның жұлыны езiлгенiн айтты. Содан бастап жарымжан атанып, жүре алмай қалды. – «Басқа салған баспақшыл» дейдi ғой. Сол кезде 22 жаста едiм. Екi-үш жылдай қатты «дағдарыста» жүрдiм. Қоғамға қосыла алмадым. Көшеге шықсам адамдар мүсiркей қарайтындай намыстанатынмын. Менен басқа мұндай күйдегi адам жоқтай көрiнетiн. Қоларбаға отырсам қайыршы болып қаламын ба деп қорықтым. Үйде жатып небiр жайттарды ой елегiнен өткiздiм. Ағайын-туыстарыма рахмет, келiп көмектесiп тұрды. Ем

қабылдауға Алматы қаласына бардым. Сол жақта Меруерт есiмдi қызбен таныстым. Өте бiлiмдi, Алматы қаласында қоғамдық жұмыстар атқарады екен. Көп нəрсенi үйреттi. Психологиялық

тұрғыдан көмектестi. Тағдырдың бұйыртып тұрғаны болуы керек, ауруханада профессорлармен жəне өзге де бiлiмдi кiсiлермен бiрге ем қабылдадым. Кеңестерiн тыңдадым. Бiлмегенiмдi сұрадым. Олармен

сөйлесе отырып өмiр сүруге деген құлшынысым артты. Сөйтiп көп ойландым. Төсекке таңылып жатқаныма 5-6 жыл болған. Iнiлерiм көмектесiп тұрды. Соларға масыл болдым. «Неге мен оларды қинаймын, мұның не жатыс» деген шешiмге келдiм. Алдымен өзiм күнелте алатынымды ата-анама, туысқандарыма дəлелдеуiм керек болды. Қиын болса да 2006 жылы жеке пəтерге шықтым. Əке-шешем ренжiсе де, уайымдаса да бөлек тұруға бекiндiм. Қанша қарсы болғандарына қарамай «сiздерге масыл болмаймын» дедiм. Өзөзiме сенiп, Шымкент, Алматы қалаларына қоғамдық көлiкпен бiр өзiм барып келе беретiн болдым. Кейiннен ата-анамның да, туыстарымның да маған деген сенiмi күшейдi. Қазiр барлығы рахметiн айтып жатыр. Кезiнде туыстарым, iнiлерiм маған көмектессе, қазiр мен қолымнан келгенше оларға жəрдемдесемiн, – дейдi Еркiн Керiмбайұлы. (Соңы 9-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.