14032015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Жаѕа сынтегеурін жəне əлеуметтік тиімділік 5-бет Таќтатас мўнайыныѕ жыры мен мўѕы 8-бет Киелі кесене сынаќ алаѕына айналмауы тиіс 10-бет

№49 (28527) 14 НАУРЫЗ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Қазақстан Республикасының Заңы Кеден одаєына мїше мемлекеттер болып табылмайтын, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастыєына ќатысушы мемлекеттермен ґзара саудадаєы техникалыќ кедергілерді жою туралы Кеден одаєына мїше мемлекеттердіѕ келісімін ратификациялау туралы 2012 жылы 17 желтоқсанда Мəскеуде жасалған Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімі ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 12 наурыз. №291-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Македония Республикасыныѕ Їкіметі арасындаєы Табысќа салынатын салыќтарєа ќатысты ќосарланєан салыќ салуды болдырмау жəне салыќ салудан жалтаруєа жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы 2012 жылғы 2 шілдеде Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 12 наурыз. №292-V ҚРЗ

● Сырт көз – сыншы

«Нўрсўлтан Назарбаев бїкіл əлем їшін кґп іс тындырды» Кеше Астанадағы «Пекин Палас» отелінің «Жібек жолы» залында Қазақстан қоғамы өкілдерімен достық рəуіште кездесу өткізген Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Чжан Ханхой өз сөзінде Елбасымыздың еңбегіне ерекше тоқтала келіп, ойын осылай түйіндеді. Бұл – көп жайды аңғартатын ірі сөз. Баға – салыстырмалы категория. Бағаның бағасы бағалаушысына байланысты. Бі реудің «керемет» дегенінен біреудің «тəуір» дегені бағалырақ болуы да мүмкін. Саясатта да, соның ішінде халықаралық саясатта да солай. Еларалық қарым-қатынастарда мемлекеттер басшыларының сөзі де, көзі де болып табылатын, əр пікірі екшеліп айтылатын елшілердің берер бағасының жөні бөлекше. Тақырыпқа шығарылған сөзді қай елдің елшісі айтса да салмақты. Ал оны бір жарым миллиардтай халқы бар, мемлекеттілігінің тарихының өзі бес мың жылға жуықтайтын ұлы Қытайдың елшісі айтса мұндай сөздің салмағы тіпті, арта түседі. Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекетқұрушы ретіндегі, өзі құрған елді талай сынақтан абыроймен алып өткен Елбасы ретіндегі еңбегі бөлек. Сонымен бірге, Қазақстан Президентінің 1991 жылғы аласапыран кезінде атымен ара-дара кетудің аз-ақ алдында, əрі-сəрі күйде тұрған кешегі кеңестік республикалар басшыларының басын Алматыда қостырып, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға бастамашы болғаны, сөйтіп, экономикалық интеграцияның сақталуына,

жаңа сипатқа ауысуына жол салғаны, Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары кеңесін құру мəселесін Біріккен Ұлттар Ұйымының биік мінберінен ұсынып, ақыр аяғында оның құрылуына, аз жылдың аясында алып құрлықтың қауіпсіздігін қамдайтын ірі ұйымға айналуына шешуші үлес қосқаны, өз елінің Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауына қол жеткізіп қана қоймай, оның он бір жыл бойы шақырылмай кеткен Саммитін ұйымдастырып, дағдарысқа ұшырауға айналған Ұйымның тың тынысын ашып бергені сияқты іргелі де игілікті істері шын мəнінде бүкіл əлем үшін тындырылған шаруалар. Ақыр аяғы күні кеше ғана Украинадағы атыстың тоқтатылып, жағаласып жатқан жақтардың бейбіт бəтуаға келуінде де төрт тарапты кездесудің идеясын ұсынған, ана жақпен де, мына жақпен де қайта-қайта кездесіп, қайтақайта сөйлесіп жүріп шиеленістің түйінін тарқатуға септескен біздің Елбасымыздың еңбегі ерен екені бүгінде баршаға белгілі. Қытай елшісінің сөзінің астарында осындай жайлар жатыр. Кездесуге қатысқан «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов Төтенше жəне өкілетті елші Чжан Ханхойға жан-жақты, толымды əңгімесі, еліміз, Елбасымыз туралы терең мəнді бағасы үшін ризалық білдіріп, алғыс айтты.

«Егемен-ақпарат».

● Бəрекелді!

Илья Ильин əлемніѕ 2014 жылєы еѕ їздік ауыр атлеті атанды

Кел, кґрісейік, аєайын!

Наурыз айы туысымен-ақ барша жұрт ерекше көңіл күйде, айрықша серпілісте болады. Қыстан шықтық деп бір қуанса, жаңа жыл деп жақсылықтар тілеп жадырайды. Ал табалдырықтан Ұлыстың ұлы күні келіп аттар 21 наурыз ғана емес, оның алдында бір апта бұрын 14 наурыздың да қазақтар үшін, соның ішінде Маңғыстау қазақтары үшін орны бөлек. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Наурыз мейрамының шығу төркіні, табиғатпен үндестігі жəне ескі жыл санау мен жұлдызшылар болжамына сай ерекшеліктері туралы айтылуда, бірақ бұл əлі де үлкен зерттеп-зерделеуді қажет ететін құбылыс. Шығу тарихы жағынан Исламға дейінгі кезең деп келетін Наурыз мейрамы – діни мейрам емес, табиғи мереке. Қалай болғанда да, ғасырлармен бірге жасап, халықтың жүрегіне орнығып, жадында жаңғырған өте өміршең мейрам. Наурыздың жаңа жыл, яғни жыл басы екендігін дəлелдеп жатудың қажеті жоқ, көрініп-ақ тұр – өмірге сəби əкелумен қатар, ағзасы жаңаратын ананың босанғанындай жер-дүние тұтас бусанып, қайтадан түлейді. Су ағып, жер гүлдеп, ағаштар бүр жарады, мал, жан-жануар төлдеп, тіршілік атаулы бір жаңарып қалады. Жаңа жыл дегеніміз

жыл санау бойынша бір жылдың аяқталып, екінші жылдың басталуы ғана емес, қоршаған ортаның дүр сілкініп, тағы бір жаңаруы да болса керек. Ал өмірі мал, жер шаруашылығына қатысты болған ата-бабаларымыз табиғаттың қас-қабағын аңдып, тілін біліп, етене сыралғы болып алғаны мəлім. Əрбір қылт еткен құбылыстан сыр аңдып, шаруашылығын соған қарай ыңғайлап, шық-шылау, жауын-шашын, боран, аптап – бəріне алдын ала дайындықпен келген. Сондықтан «наурыз айы туатын» 14

Кїн тəртібі ќаралды Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Халық қалаулыларының назарына мемлекеттің кəсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мəселелері бойынша заңнамалық жаңа енгізілімдер бірінші оқылымда ұсынылады. Сондай-ақ, депутаттар жалпы отырыста бірқатар ратификациялық заң жобаларын талқылайды. Олар: Қазақстан мен Тəжікстан жəне Қытай арасындағы азамат тық қорғаныс, төтен ше жағ дайлардың алдын алу жəне оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы

келісім, сонымен бірге, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау. Осы күні мəжілісмендерге «Жол жүрісі туралы» Заңға өзгерістер енгізу бойынша қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындау жəне «Өсімдіктер карантині туралы» заң жобасы бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылуда.

наурыз Ұлыстың ұлы күнінің табалдырығы, маңғыстаулықтарша айтқанда, «Амал күні». Маңғыстауда бұл күні барша қазақ көрісуге шығады. Ал көрісудің мəні – жаңа жылға аман-есен жетіп, жүздесіп, қол алысуда, екіншіден, бір-бірін арнайы іздеп барып амандасатын ағайын арасындағы сыйластықты жоғалтпауда, үшіншіден, үлкенге барып көрісуді міндет санаған жасы кішілердің сыпайылығын сұйылтпауда жатыр. (Соңы 10-бетте).

Тиісті ќўжат ќабылдады

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды. Онда президенттікке кандидат Қанат Сыбашұлы Турагелдиевтің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сəйкестігін белгілеу жəне оған өз кандидатурасын қолдап қолдар жинау үшін қол қою парақтарын беру туралы қаулы қабылданды, деп хабарлады ОСК-ның баспасөз қызметі. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, ретінде тіркеуден бас тарту туралы «Егемен Қазақстан». шешім қабылдады. Аталған үміткерге қатысты С о н д а й - а қ , О р т а л ы қ с а й - жүргізілген тексерудің нəтижелері лау комиссиясы Бахтияр Өксік- бойынша Орталық сайлау комиссиябай ұлы Естемесовтің Қазақ стан сы Бахтияр Естемесов Қазақстан Республикасының Конституция- Республикасының Президенттігіне сы мен «Қазақстан Респуб лика- кандидаттың мемлекеттік тілді сындағы сайлау туралы» Конс- еркін меңгергендігін анықтау титуциялық заңында Қазақ стан жөніндегі Лингвистикалық комисРеспубликасының Президенттігіне сияның 2015 жылғы 12 наурыздағы кандидаттарға қойылатын та- №13 қорытындысының негізінде лаптарға сəйкес келмеуіне байланы- мемлекеттік тілді еркін меңгермеген сты оны президенттікке кандидат деп белгіледі.

БАРШАҒА БІРДЕЙ ОСЫ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ: БЕС ХАЛЫҚТЫҚ РЕФОРМА САРАПШЫЛЫҚ ПІКІРЛЕР

САРАПШЫЛАРДЫҢ

САРАПШЫЛАРДЫҢ

96%-ы

97%-ы

бес халықтық реформаны ел өміріндегі маңызды оқиға санайды

бес халықтық реформа уақыт сын-қатерлеріне жауап береді деп есептейді

РЕФОРМАЛАРДЫҢ КӨКЕЙКЕСТІЛІГІ Күні кеше ғана дəл осындай жақсы жаңалық келіп жетті: Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық Илья Ильинді əлемнің 2014 жылғы ең үздік зілтеміршісі деп таныды. «Халықаралық ауыр атлетика федерациясының жыл сайынғы дəстүрлі дауыс беруі қорытындысында қазақстандық Илья Ильин мен ресейлік Татьяна Каширина əлемнің 2014 жылғы ең үздік ауыр атлеттері атанды. Олардың əрбірі өткен жылы Алматыда жалау желбіреткен жаһандық жарыста қаһармандық танытып, əлемнің бірқатар ғажайып рекордтарын жаңартты», – делінген осыған орай таратылған баспасөз парақшасында. Еске сала кетейік, біздің оңтүстік астанада 2014 жылғы қараша айында өткен біріншілікте Илья əлемнің төртінші мəрте чемпионы деген атаққа қол жеткізіп еді. Сол аламанда қазақстандық атлет өзі үшін жаңа категория

– 105 килоға дейінгі салмақта өнер көрсеткеніне қарамастан, негізгі бəсекелестерін айқын басымдықпен ұтты. Ол жұлқа көтеруде – 190, серпе көтеруде 242 кило салмақтарды бағындырып, əлем рекордына өзгеріс енгізді. Жалпы, чемпионатта Қазақстан құрамасы жалпы командалық үшінші орынға табан тіреді. Онда үш спортшымыз – алтын, екі спортшымыз күміс медальдарды жеңіп алды. Əлем чемпиондары қатарынан сондайақ, Зүлфия Чиншанло мен Жасұлан Қыдырбаев та көрінді. Ал күміс медаль Жазира Жаппарқұл мен Владимир Седовтың еншілеріне жазылды. Бұған дейін екі мəрте Олимпиада чемпионы атанып үлгерген Ильяның ендігі алға қойған мақсаты келесі, 2016 жылы Рио-де Жанейрода өтетін Ойындарда да алтын медальді жеңіп алу болып отыр. Руслан ИГІЛІК.

(10 балдық шкала бойынша):

ЗАМАНАУИ, КƏСІБИ ЖƏНЕ АВТОНОМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң дайындау жəне жемқорлықпен күрес туралы заңға түзетулер енгізу мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне өту мемлекеттік қызметшілерге біліктілігін жоғарылату талабы

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

судьяларға біліктілік талаптарын қатаңдату полицияға іріктеудің кəсіби жəне психологиялық жаңа жүйесін енгізу құқық қорғау органдарының мөлдірлігін қамтамасыз ету бойынша шаралар пакетін əзірлеу

ƏРТАРАПТАНДЫРУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ

жаңа кешенді бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу секторын дамыту ЕАЭО шеңберінде тариф саясатын жеңілдету туризмді дамытудың жаңа бағдарламасы Алматы қаласының арнайы мəртебесін бекіту

БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ҰЛТ

қазақстандық біртектілікті əрі қарай нығайту тілдердің үштұғырлылығын дамыту Мəңгілік Ел идеясы негізінде қоғамдық топтасу елдің барлық азаматтары үшін тиімді əлеуметтік лифтілер қамтамасыз ету

ТРАНСПАРЕНТТІ ЖƏНЕ ЕСЕП БЕРУШІ МЕМЛЕКЕТ

азаматтарды «ашық үкімет» тетігі көмегімен тарту арқылы шешім қабылдау үдерісінің мөлдірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік органдар басшыларының есептілігі тəжірибесін кеңейту азаматтық бюджеттендіруді енгізу

Сарапшылық сауалдама 11 наурызда «Демократия институтының» «Ғылыми-зерттеу ассоциациясы» ҚҚ-мен жүргізілген. Таңдау көлемі: 64 сарапшы. Мақсатты топтар: саясаттанушылар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
14032015 by Egemen - Issuu