14042015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ырыс алды – ынтымаќ

5-бет

Майданда маздаєан махаббат 7-бет Ќаржы саласындаєы ќаќтыєыс 8-бет Ќызыл алаѕдаєы парад 12-бет

№67 (28545) 14 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

● Индустрия игілігі

Ґндірістен ґрлеген ґзгеріс Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Иран – Ќазаќстан їшін жаќын серіктес ел Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Рес публикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан Президенті біздің ел Иранды жақын саяси жəне экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын, түрлі қиындықтарға қарамастан, қарым-қатынасымыз əрдайым жақсы дамып келгенін айтты. – Мен Иранның барлық мемлекет басшыларымен өзара сенісіп жұмыс істедім. Қазіргі Президент Х.Руханимен біз өткен жылы төрт рет кездестік. Елдеріміздің арасында ынтымақтастық үшін мол əлеует бар. Ұлы Жібек жолын жаңғырту аясында көп жұмыстар атқарылуда. Қазақстаннан Парсы шығанағына баратын теміржол экономикалық байланыстарды нығайтуға үлес қосады. Сондайақ, елдеріміздің арасында Каспий теңізі бойынша да өзара ықпалдас тық жолға қойылған, сол арқылы бұл мəселе де өз шешімін табуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев М.Зарифті Иран сыртқы

саясатының жемісті жұмысы арқылы қол жеткен Лозаннада өткен келіссөздер нəтижесімен құттықтады. – Бұл мəселені шешу үшін Қазақстан да күш-жігер жұмсады. Бəлкім, əлі барлық мəселе шешілмеген болар, бірақ келіссөз қорытындысы болашақтан зор үміт күттіреді, – деді Қазақстан Президенті. М.Зариф Елбасына Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Руханидің сəлемін жеткізді. Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа «алтылық» елдерімен Иранның ядролық мəселесі бойынша келіссөздер өткізуге көмектескені үшін айрықша ризашылығын білдірді. М.Зариф екі ел арасындағы қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін атап өтті. – Қазақстан мен Иран – ортақ тарихи жəне мəдени байланыстары бар достас мемлекеттер. Елдеріміздің арасында көптеген

Елбасыныѕ апталыќ кестесі Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.

Бүгін Мемлекет басшысы мен «Тоталь» компаниясының пре зиденті Патрик Пуянненің кездесуі жоспарланған. 16 сəуірде Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның келіссөздері өтетін болады. Сапар аясында екі мемлекет басшыларының Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысуы көзделген.

Əріптестік əлеуеті жоєары

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивен Туллды қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев БҰҰ-мен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы сая сатындағы басым бағыт болып табылатынын жəне осы ерекше əрі баламасыз ұйымның 70 жылдығын лайықты мерекелеудің маңыздылығын атап өтті. С.Тулл Сенат Төрағасын БҰҰның 70 жылдығына жоспарланған шаралар туралы хабардар етіп, БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы қызметімен жəне 2016-2020 жылдардағы кезеңде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы даму мақсатындағы Əріп тестіктің рамалық бағдарламасымен таныстырды. Құжат

ұлттық басымдықтар негізінде жəне елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен реформаларды қолдауды мақсат еткен БҰҰның Қазақстандағы қызметінің келешек жоспары болып табылады. Жүздесушілер, сондай-ақ, Қазақстанда БҰҰ-ның Аймақтық хабын құруға байланысты мəселелерді талқылады. Қ.Тоқаевтың пікірінше, БҰҰ жүйесінің жұмысына Қазақстанның білікті жас мамандарын тарту қажет жəне осы маңызды істе БҰҰ Даму бағдарламасы пайдалы рөл атқара алады.

халықаралық жəне өңірлік мəселелерге қатысты көзқарас жақындығы бар. Президент Х.Руханидің Қазақстанға сапарынан бері ел деріміздің сауда-экономика саласындағы өзара ықпалдастық деңгейі айтарлықтай өсті. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың Иранға жауап сапары экономикалық қарым-қатынастарға жаңа серпін береді деп үміттенеміз, – деді Мохаммад Джавад Зариф. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстан мен Иранның бірқатар салаларда ынтымақтастықты дамыту перспективалары зор екеніне тоқталды. – Бізде шикізат жəне пайдалы қазбалар транзитіне, өнеркəсіп пен жол құрылысына байланысты одан əрі ынтымақтасуға жақсы негіз бар. Иран осы жəне басқа салаларда Қазақстанмен ынтымақтастықты бұдан əрі тереңдете түсуге ниетті. Біз Қазақстанмен қарым-қатынастарымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен нығая беретініне сенімдіміз, – деді Иран Сыртқы істер министрі.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген сөз бар емес пе. Қазіргі мəнермен жеткізсек құтты инвестор келсе, игілік те бірге келеді деуге болар. Қарқаралыдан əрі қарай Дегелең тауларына ұластас кең даладағы дүбірлі еңбек екпіні арқасында жергілікті тұрғындар тұрмысында өркен жайған өзгерістерге байланысты айтып отырмыз мұны. Күні кеше ғана дағдылы шаруадан басқа іс аз, бұйығы тіршілік кешудегі өңір өмірінің қыз-қыз қайнап сала беруі соған дəлел. Бұған əсер етуші не делінгенде, үлкен өндірістің бұл жақта да жаңғырып, қиян түкпірдегі ел іші тынысын дүр сілкінтуін айтар едік. Теректі ауылы аумағынан кен қазбасы табылып, оны игеруге «Алтайполиметалл» ЖШС кірісуі жол да əкеліп, жарық та жарқыратып, жұрттың келешекке сенімін де серпілтіп, күнненкүнге жағымды жаңарулармен жалғасып, өлке шырайын жайнатып жатыр. Индустрияландыру бағдарламасына еніп, қысқа мерзімде ісін бастаған жаңа таукен комбинаты осының бəрінің басты тірегі мен берекесі. Бұған дейін санаулы үй қалып, болашағы бұлдырлау күйге ұшыраған шағын ауыл Теректіні қайтып оралушылардың өзі тануы қиын қазір. Жарыса сап түзеген 50 коттедждің қатары мұнымен шектелмейтіндігі байқалады. Кəдімгідей қалалық сəулеттік жөнжобамен салынудағы спорттық кешен, тұрмыстық қызмет көрсету үйі, дүкен, медициналық пункт, монша шамалы уақыттан соң жапан түздегі кент келбетін тіпті келістіре түсетіндігі білінеді. Серіктестіктің əлеуметтік жəне жалпы мəселелер жөніндегі директоры Азамат Мұқановтың ең алдымен айтары да тұрғындардың алаңсыз еңбек етуіне , өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасалу мəселесі. Атап өтілген іс-шаралар солардың бастауы болса, бұл бағытта кезең-кезеңімен атқарылар жұмыстар ауқымы кеңейе бермек көрінеді. Өйткені, сырттан

Ќаперге алар мəселелер бар Кеше Үкімет үйінде ПремьерМинистрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен білім беру саласын дамыту бойынша селекторлық мəжіліс өткізілді, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. Мəжіліске орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Күн тəртібінде ҰБТ пішімін жетілдіру аспектілерін, білім беру мекемелерін оқулықтармен толықтай қамтамасыз ету, колледж жəне ЖООның түлектерін жұмыспен қамту мəселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жалпы міндетті мемлекеттік стандарттарды енгізу тетіктері жəне «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында экономика салаларына кадрларды даярлау бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар талқыланды. Мəжіліс соңында Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев орталық атқарушы органдардың басшыларына жергілікті органдармен өзара байланыстың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар беріп, Елбасының тапсырмаларын уақтылы əрі сапалы орындау қажеттілігіне назар аударды. Əсіресе, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру – күн тəртібінің басты мəселесі екендігі атап өтілді. «Оқу бағдарламаларын əзірлеуге жұмыс берушілер мен Ұлттық кəсіпкерлер палатасы қатысуы қажет», – деді Б. Сапарбаев. Вице-премьер 2014 жылғы ҰБТ-ның ұйымдастырылуын, оқушылардың оқулықтармен нашар қамтамасыз етілгенін жəне колледж, жоғары оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтамасыз етілу мəселелерін қатаң сынға алды. Б.Сапарбаев БҒМ жəне басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде жоғарыда аталған мəселелерді шешу бойынша кешенді шараларды қабылдау бойынша тапсырма берді.

шақырылып, тұрақтауы қиындау болушыларға қарағанда жергілікті жастарды ұжым ұйытқысы ету үшін жарасты тұрмыстық ахуал қалыптастырудың маңызы зор саналады. Қалыптасудағы негізгі күш те солар. Ауылдың жəне айналасындағы елді мекендердің 120 тұрғыны бұл күнде комбинат еңбеккерлерінің негізін құрап отыр. Бұлар алдын ала арнаулы кəсіп меңгертілген мамандар. Серіктестіктің өз ынтасымен 250 шақырымдағы Екібастұздан тікелей электр желісі тартылуы, өндіріске де, тұрмысқа да ыңғайлы шара болды. – Мен осы аймақтағы Қарағайлы кен байыту комбинатының жабылуына байланысты жұмыссыз қалып едім. Теректіден жаңа өндірістің ашылуы тілеуімізден шықты. Мамандығым инженер əрі іс тəжірибем мол болғандықтан жұмысқа қабылдану үмітім орындалды. Қазір бас механикпін. Отбасымды көшіріп алдым. Ыстық суы да, ауыз суы да үзілмейтін, жылу тартылған коттеджіміз тұрмысқа қолайлы. Мекенімізде ашылғалы отырған əлеуметтік

нысандардың біріне келіншегімнің жұмысқа орналасуына мүмкіндігі бар. Балаларымыздың оқып, тəрбие алуына еш алаңдауымыз жоқ. Осыны көріп-естуші жастардың жан-жақтан келуі көп. Ауылдық өңірге үлкен өзгеріс енгізген өндірістің дамуына лайықты үлес қосу бізге де мерей – дейді Айдар Айтбаев. Балалар демекші, оларға қамқорлық құшағы, əсіресе, кең.

Наурызда мектептің 92 оқушысының бəріне бір-бірден велосипед сыйлануы ізгі ниет көрінісі. Кешегі ауылдан бүгінде кентке айналған алыстағы Теректінің тереңге жайылған тынысы осындай. Қарағанды облысы. ––––––––––––

Суреттерді түсірген Валерий ПЕТУХОВ.

 Сақтансаң – сақтайды

ТАСЌЫНЄА – ТОСЌЫН

ќоюдыѕ тас тїйін əзірлік шаралары пысыќталып, су басуы ыќтимал елді мекендердіѕ тўрєындарын ќауіпсіз жерлерге кґшіру жолдары ќарастырылды Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Биыл қардың мол түсуі, сəуір айының күрт жылынуы жəне орташа температурасы нормадан жоғары болуы өңірде 18 елді мекенді, республикалық жəне облыстық маңыздағы 300-ге жуық жол учаскелерін су басып қалу қаупін тудырып отыр. Сергеев пен Сілеті су қоймалары лықа толып тұр. Осыған байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко мен облыс əкімі Ерік Сұлтанов су тасқынынан зардап шегетін елді мекендерді ұшақпен аралап, апаттық құтқару жұмыстарын жүргізумен айналысатын жедел топтардың дайындығын тексерді. Вице-министр төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда тұрғындарға барлық көмекті көрсету міндеті қойылып отырғанын, Үкімет тарапынан тиісті жағдайлар жасалғанын атап көрсетті.

 Еркін елдің ертеңі

Жанартау

Жас єалымдардыѕ ізденістері жемісті болуда Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Елімізде Тəуелсіздіктің көк туы желбірегелі бері ғылым мен білім саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл саланың болашаққа бағыт-бағдары айқындалды. Елбасы ғалымдармен кездескен сайын ғылымға жастарды тарту мəселесін

ұдайы көтеріп келеді. Таланттылар мен дарындылардың білім алуына, озық технологияны шешуіне мемлекет тарапынан жасалынып жатқан игі іс-шаралар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық жəне экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші жəне қоғамның жемісті дамуының кепілі. Сондықтан да білім мен ғылымдағы қолдау негізінен жастарға бағытталған.

Теріскейдегі үш облыста құтқару топтарын күшейту мақсатымен 1500-дей кəсіби маман жұмылдырылған. 200 техника бірлігі, 50 жүзу құралдары, авариялық-құтқару автомобильдері, мотопомпалық техникалар бөлінген. Тікұшақтар аттандырылған. Төтенше жағдайлар комитетінің судан құтқару, өрт сөндіру қызметтері сақадай-сай дайындық үстінде. Ерік Сұлтанов дəрі-дəрмектің біржарым айлық қоры жасалғанын, жолдарды, бөгеттерді су шаюдың алдын алу, оқшаулау, ауылдар мен нысандарды су басуына жол бермес үшін құрылыс, инертті материалдар қоры, ыдысқаптар, жанар-жағармай қоры жасақталғанын жеткізді. Облыс аумағында орналасқан 25 гидротехникалық имараттар техникалық тексерістен өткен. Тасқынның өтуін бақылаумен 14 метеостанса мен осынша гидрологиялық қосын айналысады.

(Соңы 8-бетте).

Бұл саладағы басты мəселе – ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың қабілетінің əрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасау керек. Себебі, баланың мүмкіндігін толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет. Еліміздің əлемдік өркениет үлгісінде дамуы – білім беру саласында қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушы мен студенттердің шығармашылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте дамыған отыз елдің қатарына ене отырып жан-жақты, ақыл-ой өрісін кемелденген жастарды тəрбиелеу мəселесін шешу қажеттігін қойып отыр.

(Соңы 12-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
14042015 by Egemen - Issuu