14/05/2013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№125 (28064) 14 МАМЫР СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ќазаќстан – Тїркіменстан:

Серіктестіктіѕ соны серпіні

«Отанды қорғау антына адалмыз!» 3-бет Шағын қалалар: қиындығы мен тиімді ісі 4-бет Тұлға 5-бет Ел жолдарына ерен ықылас керек 6-бет

11 мамырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Маңғыстау облысына келді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Екі ел арасындағы өзара достықты, экономикалықəлеуметтік байланысты нығайту бағытында Астана қаласында басталған іс-шара киелі Маңғыстау жерінде жалғасты. Бағзыдан бауыр туған, бүгінгі тату көрші, сенімді серіктес екі елдің басшылары Қарақия ауданына қарасты Болашақ стансасына келді. Бұл күні кешеге дейін ұшқан құс, жортқан аң болмаса бауырын жайлай ел қонбаған құла түз болатын. Жапан даланың жұлдызы тəуелсіздік алған соң жарқырай жанды – бұл жер

Туыстыќ аясындаєы толымды істер 10 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті. Кездесу барысында əріптестіктің негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылды жандандырудың кең ауқымды мəселелері қозғалды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, отын-энергетикалық жəне транзиттік-көліктік, сондай-ақ мəдени-гуманитарлық серіктестік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық қырлары қарастырылды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Қос елдің президенттері мемлекеттік сапар аясында осыдан тұп-тура 6 жыл бұрын, яғни 2007 жылдың мамыр айында кездескен еді. Дəл сол жылы Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келсе, ал қыркүйек айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстанға арнайы жұмыс сапарымен барған болатын. Бұдан кейін мемлекет басшылары əртүрлі халықаралық шаралар аясында əлденеше мəрте кездесті. Ал Нұрсұлтан Назарбаев былтыр Ашғабадта өткен ТМД елдері мемлекет басшыларының саммитіне қатысып қайтты. Ақордадағы кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніне қуанышты екенін жеткізіп, Түркіменстанды жақын көрші, сенімді серіктес ретінде қарастыратынына, көршілес екі елдің мəдениет, тіл, дін жəне рухани салалардағы жақындығына тоқталды. Жоғары деңгейдегі бұл сапар достық жəне бауырластық

рухын нығайтуға тағы да бір серпін беретініне сенімдімін, деді Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Бір атап өтерлігі, бұл сапар екі елдің дипломатиялық қарымқатынас орнатқанына 20 жыл толған мерзіміне сəйкес келіп отыр. Осы жылдар аралығында қазақ-түркімен ынтымақтастығы жоғары деңгейге көтеріліп, əртүрлі салалар бойынша байланыстар нығайды деуге толық негіз бар. Мəселен, 2012 жылы қос мемлекет арасындағы тауар айналымы екі есеге өсіп, 345 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл сəйкесінше, 2011 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда, 90 пайызға артық. Атап айтқанда, экспорт 166 млн. АҚШ долларын, ал импорт 179 млн. АҚШ долларын құраған. Бүгінде Қазақстан түркімен жұртына күнбағыс, ұн, металл, ағаш өнімдерін экспорттайды. Ал Түркіменстаннан бізге негізінен минералды жəне химиялық өнімдер, тоқыма бұйымдары келеді. Көршілес мемлекеттер басшыларының кең ауқымды келіссөздері барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлге Рейханлы қаласындағы жарылыстардың салдарынан көптеген жанның қаза болып жəне зардап шеккеніне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. «Лаңкестіктің етек алуы бүгінгі күні баршамызға ортақ қауіпқатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын лаңкестіктің кез келген түрін барынша айыптайды», делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаның салдарынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының қасіреттеріне ортақтасып, шын ниеттен көңіл айтты. * * *

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Гүлфайрус Ысмайылованың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта кəсіби қылқалам шебері Гүлфайрус Мансұрқызы сурет өнеріндегі қайталанбас туындыларды, соның ішінде халқымыздың ұлы тұлғаларының портреттерін өмірге əкелгені атап өтілген. «Ол кино жəне театр өнерінің дамуына, сондай-ақ танымал опералар мен фильмдердің көркем безендірілуіне өлшеусіз үлес қосты. «Қыз Жібек», «Ботагөз» сияқты шоқтығы биік кинотуындыларда негізгі рөлдерде ойнап, елдің шексіз ықыласына бөленді. Оның қазақ өнеріне сіңірген еңбегі лайықты марапаттармен атап өтілді. Гүлфайрус Мансұрқызының еңбектері бейнелеу өнеріндегі баға жетпес рухани байлығымыз болып қала береді», делінген жеделхатта.

екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнағанының 20 жылдығына орайлас өткен бұл сапардың нышандық мəніне тоқтала келе, қос мемлекеттің ынтымақтастық əлеуетінің бұдан да жоғары екеніне сенім білдірді. Біздің елдеріміз ынтымақтастықтың саяси, саудаэкономикалық жəне мəдени-гуманитарлық бағыттарын одан əрі белсенді дамытуға ниеттестік танытып отыр. Қазақстан-Түркіменстан қарым-қатынастарының негізгі тіні сауда-экономикалық ықпалдастық болып табылады. Əлем экономикасындағы жағымсыз үрдістерге қарамастан, Қазақстан мен Түркі менстан арасындағы тауар ай налымында ілгерілеушілік, едəуір өсім байқалады. Бұл екі ел экономикасының əлеуеті жоғары екенін білдіреді. Мысалы, өткен жылдың қорытындысы бойынша, біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымының деңгейі 90 пайызға өсті жəне бұл – өте маңызды көрсеткіш, деді Қазақстан Президенті. Өз кезегінде Түркіменстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны жəне жоғары деңгейде қабылдағаны үшін ризашылығын білдірді. Бүгінде біз беделді халықаралық ұйымдар арқылы белсенді көпжақты ынтымақтастық жасап келеміз. Біздің сауда-экономи калық, көліктік, сондай-ақ байланыс пен коммуникация салаларындағы өзара іс-қимылымыз өте қарқынды дамуда. (Соңы 2-бетте).

бүйіріндегі қос елдің экономикасына серпін беретін, халықаралық дəрежедегі маңызы зор алтын дəліз екен. Бастауын 2007 жылы Теһранда Қазақстан, Түркіменстан жəне Иран президенттерінің «Өзен – Берекет – Горган» темір жол желісі құрылысы туралы декларацияға қол қоюынан, сол жылы Ашғабадта кездескен үш мемлекеттің үкімет басшыларының декларацияны жүзеге асыру жөнінде бекітілген келісімінен алған жұмыс қызу қарқынмен жүргізілді. Жалпы ұзындығы 700 шақырымды құрайтын Өзен – Қызылқия– Берекет – Этрек – Горган жаңа темір жолы Парсы шығанағына жеткізіп, Оңтүстік Азия, ОңтүстікШығыс Азия елдеріне жол

нəтижесінде Жаңаөзен қаласынан Түркіменстанмен шекараға дейін жаңа темір жол тартылып, жол бойынан атаулары Маңғыстаудың тарихы жəне табиғатымен үндес Бопай, Ақбөбек, Құрмаш, Бестөрткіл секілді жаңа бес бекет, екі станса пайда болды. Шекарамен шектес бой көтерген Болашақ стансасы – темір жол қызметіне қатысты бөлімшелерге арналған ғимараттары, 2 пəтерлі 85 тұрғын үйі, əрқайсысы 18 адамға лайықталған 14 вахталық жатақханасы, сондай-ақ 120 орындық балабақша мен 80 орындық мектебі, дəрігерлік амбулаториясы, санитарлықэпидемиологиялық стансасы, шекарашылар мен кеден қызметкерлері үшін ғимараттар салынған ауыл. Темір жол бойлай

тартылған құбыр арқылы сумен қамтамасыз етілген ауылдағы əлеуметтік-экономикалық серпін келешекте бұл маңайды шағын станса деңгейінен тірлігі қыж-қыж қайнаған, мыңдаған адам мекен еткен қалашық дəрежесіне көтеретіні осы бастан аңғарылып тұр. Яғни, өткен ғасырларда екі ел арасындағы талай тарихқа куə болған сары дала енді түлеген заманның талабына сай барыс-келістің, қарымқатынастың өткелі болмақ. Оған екі ел басшысының қатысуымен Болашақ-Серхетяка темір жолы ашылуының салтанатты қызығын бірге бөліскен қазақ, түрікмен халқы куə, оған екі елдің арасын жалғаған темір жол себеп... (Соңы 2-бетте).

Бейбіт ґмірдіѕ ќўнын арттырєан Жеѕіс Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Астанадағы «Отан қорғаушы» монументіне гүл шоқтарын қойып, 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгер-қазақстандықтарды бір сəт үнсіздікпен еске алды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Гүл шоқтарын қою рəсіміне қатысқан ресми делегация құрамында ҰОС ардагерлері, сонымен қатар, Қазақстан Президенті Əкімшілігі мен Қазақстан Үкіметінің, Қазақстан Парламентінің, орталық мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, «Нұр Отан» ХДП өкілдері болды. Кескілескен шайқас пен қан майданда қаза болған жауынгер-сарбаздар рухына тағзым етуге мыңдаған астаналықтар да келді.

Парламентаралыќ байланыстар басты назарда

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды дамытуға баса назар аударылды. Мəселен, Қазақстан Парламенті Сенатында Түркі менстан Парламентімен ынтымақтастық тобы жұмыс істейді. Кездесуге осы топтың мүшелері де қатысты. Жүздесушілер парламентаралық өзара іс-қимыл ынтымақтастықтың маңызды бағыты екенін атап өтті. Сауда-экономикалық, көліктранзиттік жəне басқа да салалардағы бірлескен жобаларды заңнамалық тұрғыда одан əрі қамтамасыз етудің қажеттілігі айтылды. Г.Бердімұхамедов заң

ашатын қақпа болмақ. Транзиттік жəне экспорттық əлеуетті арттырып, солтүстік пен оңтүстіктің жолын қолданыстағы магистральмен салыстырғанда 600 шақырымға тарта қашықтыққа қысқартатын, сыртқы базарға шығуға оң ықпалын тигізетін темір жолдың 470 шақырымы Түркіменстан, 80 шақырымы Иран мемлекеттерінің үстін басып өтсе, 146 шақырымы қазақ даласының үлесінде. Маңызы зор жолды салуға бауырлас үш ел ыждаһаттылықпен кірісті. Жолдың қазақстандық бөлігі құрылысына 65 миллиард теңге қаржы бөлінді, 2000-нан астам адам жұмылып, 800-ден астам техника кіріскен болатын. Жылдың төрт мезгілінде толас таппаған іс-қимыл

шығару жұмыстарының жəне парламентшілер арасындағы тəжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, Түркімен стан Мəжілісі Төр айымы ның атынан Қ.Мəмиді Ашғабадқа сапармен келуге шақырды. Кездесу барысында Қ.Мəми Түркіменстан Пре зидентіне Қа зақ стан Парламентінің құрылымы, өкілеті мен қызметі жəне заң шығару үдерістері туралы айтып берді. Сенат Төрағасы Түркіменстан бас шы сының мемлекеттік сапары Қазақстан мен Түркіменстанның ынтымақтастығын одан əрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Бұл күні Жеңістің 68 жылдығын атап өтуге молынан жиылған, бірбірін мерекемен құттықтаған қауымның көңілдері көтеріңкі көрінді. Ал сыңғырлаған орден-медальдарын кеудесіне таққан, адамзат тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыста дұшпандарына қасқая қарсы тұрған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері айрықша құрметке бөленді. Ресми рəсімнің соңында Қазақстанның Республикалық ұланының үрмелі аспаптар оркестрі еліміздің Əнұранын орындаса, бұдан кейін Құрметті

қарауыл ротасы Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының жəне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алдында салтанатпен сап түзеп өтті. Жеңіске жету жолында аянбай тер төккен ардагерлерді 9 мамыр күнімен құттықтаған Елбасы Н.Назарбаев соғыс ардагерлерінің құрметіне арнайы тігілген əскери шатырларға қарай өтті. Мұнда мерекелік шараға келген майдангерлерге құрмет көрсетіліп, олар дəстүрлі жауынгерлік дастарқаннан дəм татты. Сондайақ, оларға майдан тақырыбындағы театрландырылған көріністер мен музыкалық қойылымдар ұсынылды. Соғыс жылдарындағы əндер ардагерлердің көз алдарына өткен күндерді қайта оралтса, аға ұрпақтың өшпес ерлігіне

 Бəрекелді!

«Астана арландары» əлемдік серия жеѕімпазы! «Егемен Қазақстан».

Команданың осынау толағай табысқа қол жеткізгені ең соңғы, қосымша, негізгі жекпе-жектерден тыс шайқасты өткізіп, оны тамаша етіп аяқтаған Бағдат Əлімбековтің жеңісінен кейін ғана белгілі болды. Демек, WSB сериясының ең күшті ұрыс ұжымы деген атақты жеңіп алу біздің саңлақтарға оңайдан оңай келе салған жоқ. Ал екі күнге созылған айқастардың ақырғы нүктесін

(Соңы 2-бетте).

 Талап жəне тəртіп

Ақыры қол жетті! Үш жылғы төккен тер мен жұмсалған қаржының қарымы қайтты. Жігіттеріміз ерледі! «Астана арландары» елорданың «Сарыарқа» велотрегіндегі екі күн бойына шаршы алаңды шайқалтқан шайқастардың қорытындысы бойынша көптен көздеген кубогына қол жеткізді. Астана командасы Бүкілəлемдік бокс сериясының үшінші маусымдағы жеңімпазы атанды!

Серік ПІРНАЗАР,

қарыздар кейінгі ұрпақтың рухын көтерді. Мерекелік шара кезінде Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің мерекесі – 9 мамыр күнімен шын жүректен құттықтады. «Жеңістің болған кезі бізден алыстай берген сайын оның қадірі мен қасиеті өсе түседі. Соғысқа қатысқан ардагерлер азайып барады. Сондықтан оларға қолдан келгенше ешқандай қамқорлықты аямау керек. Бұл сұрапыл соғысқа 1 млн. 800 мың қазақстандық аттанып, солардың тең жартысы оралмады. Соғыс алаңдарында ерлікпен қаза тапты. Сондықтан, бірнеше буын қазақстандықтар бұл Жеңісті ешуақытта ұмытпайды.

əдемілеп қоя білген Б.Əлімбековтің бұл маусымдағы алғашқы адымы ақиқатында ақжолтай болды. Сол сияқты қолдан сусып шығып кетіп бара жатқан жеңістің шылбырын қайта тартып алған Руслан Мырзатаевтың ұтысында да нышандық мəн бар. Біз бұлардың жайына кейінірек тоқталып өтетін боламыз. Əзірге астаналықтарды жеңімпаз еткен кездесулер ретіне бір көз жүгіртіп өтейік. (Соңы 4-бетте).

«Бардак» Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».

Жақында «Нұр Отан» ХДП Алматы калалық филиалы жанындағы Жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесі генерал Рүстем Қайдаровтың төрағалық етуімен кезекті мəжілісін өткізді. Онда Алматы қаласы бойынша сот актілерін орындау департаментінің жұмысы қаралды. Аталған департаментте басшының тұрақтамауы (бір жылда үш бастық ауысқан), өткен жылы Қаржы полициясы тарапынан департаменттің 9 қызметкеріне қылмыстық істің қозғалуы, прокурорлық қадағалау актісімен 168 лауазымды тұлғаның тəртіптік жауапкершілікке тартылуы, 65 адамның жұмыстан босатылуы (оның ішінде жұмыс өтілі үш жылдан жоғары 46 сот орындаушы), бүгінгі күні 19 сот орындаушының орны бос тұрғаны қоғамдық кеңес отырысының негізгі тақырыбына айналды. (Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.