14052015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Мəѕгілік Елдіѕ биік мўраттары 2-бет

№89 (28567) 14 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

● Өңір өмірі

Далада да, ќалада да ќызу тірлік Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Елдің тұрмысын түзеп, тірлігіне тың серпін берген үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығы аяқталды. Осы кезеңде Жамбыл облысында 41 жобаның 33-і іске қосылды. Олардың жалпы сомасы 123,3 млрд. теңгені құрап, өңіріміздің 5 мыңға жуық тұрғынын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. – Жалпы, инновациялық жəне жоғары өнімді жобаларды енгізу арқылы біз əлеуметтік мəселелерді шешуге жəне өңірдің ішкі өңірлік өнімінің ұлғаюына мол мүмкіндік алдық, – дейді Жамбыл облыстық кəсіпкерлік жəне индустриялықинновациялық дамыту басқармасының басшысы Алмас Мадиев. – Мысалы, «Super Pharm» ЖШС шикізаттан дайын өнімге дейін өндіріс циклымен жұмыс істеуде. Ал, «Құрылыс-Полимер» ЖШС 20-ға жуық əртүрлі полимерден құрылыс материалдарын өндірсе, «Мыңарал Тас компани» ЖШС француздық технология бойынша, яғни цементті құрғақ тəсілмен алу өндірісін игерді. Сондай-ақ, «Talas Investment Company» ЖШС Қазақстанның химия өнеркəсібіндегі натрий цианидін өндіретін тұңғыш химиялық зауытты іске қосты. Осынау игі іске мемлекеттің қолдауы да өте зор. Атап айтсақ, Индустрияландыру картасына енген 41 жобаның 20-сы, яғни, əрбір екінші жоба мемлекеттен қаржылай көмек алған. Оларға барлығы 21,8 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілді. Өткен жылы жалпы құны 22,84 млрд. тенгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылып, 994 жаңа жұмыс орны ашылған болатын. «БиномСтройДеталь» ЖШС құны 500,0 млн. теңгені құрайтын жобаны қолға алып, 65 жаңа жұмыс орнын ашты. Дəл осылайша «Talas Investment Company» ЖШС – 491, «Vista International» ЖШС – 13, «Арайстроймаркет» ЖШС – 25, «Central Asia Gold Production» ЖШС – 150, «МыңАрал Компаниясы» ЖШС балық өндеу зауытының құрылысын қолға алып, 250 адамға жаңа жұмыс орындарын тауып берді. Бірінші бесжылдықтың аяқталуына орай Индустрияландыру картасынан барлығы 33 жоба шығарылды. Енді олардың орнын жаңа жобалар баспақ. Яғни, екінші бесжылдықта Жамбыл облысында жалпы құны 578,9

● Президент поштасынан

Жарќын жеѕісімен ќўттыќтады

Бангладеш Халық Республикасының Президенті Абдул Хамидтен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау жеделхаты келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Құттықтауда Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген басшылығы арқасында Қазақстан соңғы жиырма жылда əлеуметтікэкономикалық даму тұрғысынан зор табыстарға жеткені атап өтілген. «Бангладеш халқы Сіз дің ілкімді əрі сындарлы Көш басшы лығыңызға тəнті. Мен шын

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Заң жобалары бойынша баяндама жасаған Əділет министрі Берік Имашев «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын əзірлеу 2012 жылғы 30 қаңтардағы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бойынша қолға алынғандығымен бөлісті. Негізі, бұл қызмет түрін енгізу жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен еркіндігін, мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғаумен ұштасып жатыр. Жеке жəне заңды тұлғаларға детективтік қызметтер көрсету, оған тапсырыс берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жəне жеке детективтік қызметтің негізгі міндеттері заң жобасында жан-жақты көрініс

млрд. теңгені құрайтын 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Осының арқасында 5,2 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Биылдың өзінде 9 инвестициялық жоба қолға алынуда. – Осы тұста жобалардың қала – аудан дар ында іске асу статистикасына тоқталғым келеді, – дейді Алмас Өскенбайұлы. – Атап айтсақ, екінші бесжылдықтың Индустрияландыру картасына Тараз қаласынан 7 жоба, Қордай ауданынан 4 жоба, Шу ауданынан 3 жоба, Жамбыл, Талас аудандарынан – 2 жобадан, Байзақ, Жуалы, Т.Рысқұлов, Сарысу жəне Мойынқұм аудандарынан 1 жобадан енген. Яғни, бұл бағдарлама қаланың да, даланың да тірлігін жандандырып, өңір экономикасының дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

ниетіммен екі ел арасындағы қарым-қатынастар өзара тиімділік жағынан алдағы жылдары да нығая береді, ал біздер татулықты, ілгерілеу мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ, халықтарымыз дың бақ-берекесін арттыру үшін бірлесіп жұмыс істейтін боламыз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Жапонияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Масаеси Камохарамен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Жапо нияның Қазақстан үшін маңызды стратегиялық əріптес

екенін жеткізіп, екі елдің арасындағы саяси жəне əлеуметтікэкономикалық ынтымақтастықты одан əрі дамытуға Қазақстан жағы мүдделі екенін атап өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың 2008 жылдың мау сым айын да Жапонияға

жасаған сапарының нəтижесі стратегиялық серіктестікті нығайтуға ықпал еткендігі де айтылды. Сонымен қатар, Г.Əбді қалықова Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік жəне жеке секторларының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының қызметін жоғары бағалады. (Соңы 4-бетте).

 Кино

Экранда – Ќўнанбай Кґптен кїткен кґркем фильм ўлылар мекенінде кґрерменімен ќауышты

халықаралық деңгейде танылған мемлекеттік саясатының жарқын көрінісі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойған соң алыс жəне таяу шетелдерден келген түрлі ұлттың тағы 570 өкілі Қазақстан азаматы атанатын болады. Бұл күнгі комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды. ––––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

(Соңы 4-бетте).

Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Бїкілəлемдік əйелдер конференциясына шаќыру Жақсыбай САМРАТ,

тауып отыр екен. «Заңдылық; адамның жəне азаматтың, сондай-ақ, заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, конституциялық құрылысты, қоғамдық иман дылықты бұзуға жол бермеушілік; құпиялылық; лауазымды адамдардың жеке детективтік қызметке араласпауы қағидаттары бекітіледі», деді Берік Мəжитұлы. Министр, бұл ретте, жеке детективтік қызметке тапсырыс берушінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты детективтік қызметтер көрсету бойынша лицензиялау ұсынылғандығына да назар аударта кетті. Жалпы, заңдық құжатта жеке детективтің құқықтары мен міндеттері, лицензияны беру, тоқтата тұру немесе айыру көзделген.

Маќсат – жїйелі ўсыныстар əзірлеу

Жамбыл облысы.

«Егемен Қазақстан».

Өзінің сөзінде Г.Əбдіқалықова егемендік жылдары 956 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алғанын, оның басым көпшілігі соңғы жылдардың үлесіне тиетінін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Қазақстан азаматтығын алуға ниеттенген əлемнің əртүрлі елдеріндегі адамдар санының үздіксіз өсе түсуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық сындарлы, əлеуметтік тартымды жəне

Жалєан сґз жарєа жыєады 12-бет

Елімізде детективтік қызмет енді заңдық тұрғыдан реттелетін болады. Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі кезекті жалпы отырысында «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда қаралып, жан-жақты талқыға түсті.

Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдығымен Президент жанындағы Азаматтық мəселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Қазақстан азаматтығын алу жəне одан шығу мəселелері қаралды.

«Егемен Қазақстан».

Формулалар шешімін табады 6-бет

Детективтік ќызметке жол ашылады

Тїрлі ўлттыѕ 570 ґкілі Ќазаќстан азаматы атанады

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

Жеѕіс мерейі 3-бет

Жеңіс мерекесінен кейінгі апта қазақ киносының жеңісімен басталды. Қалың көрермен, киносүйер қауым көптен күткен «Құнанбай» көркем фильмі Абай ауданының орталығы – Қарауыл ауылы мен Семей қаласында салтанатты түрде тұсауын кесті. Алматыдан аталған фильмді түсірген режиссер əрі басты рөлде ойнаған актер Досхан Жолжақсынов бастаған бір топ өнер қайраткерлері Шыңғыстау бөктеріне арнайы келді. Естеріңізде болса, былтыр бас басылым бетінде «Құнанбай» фильмі түсіріле

бастады» деп сүйінші сұрап жазған болатынбыз. Енді сүйіншімізден сүйінішіміз алға озды. Фильмді көпшілікпен бірге біз де тағатсыздана тостық. Ұлттық бояуға қанық «Біржан сал» фильмінің режиссерінен сүбелі дүние күткеніміз анық. Бізді редакция басшылығы Семей өңіріне əдейі іссапарға жіберіп, «Құнанбай» фильміне Құнанбай елінің пікірін жұртшылыққа алдымен жеткізуді тапсырған болатын. (Соңы 5-бетте).

Құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын, қызметкерлердің этика сақтауы мен олардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі ұсыныстар əзірлеу жөніндегі отырыс жұмысына арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдарының, Президент Əкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Отырыс барысында кадрлық жұмыстың жай-күйі жəне оның тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Кадрларды іріктеу мен орналастыру жүйесін

жетілдіруге, оларды кəсіби оқытуға жəне азаматтардың мінез-құлық этикасының үлгісін əзірлеуге ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, қызметкерлердің мəртебесін көтеру, қызметкерлердің жəне құқық қорғау органдарының жұмысын бағалау критерийлерін өзгерту мəселелері де қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша, мемлекеттік органдарға ең үздік халықаралық тəжірибелерді жəне өз тəжірибесін ескере отырып, кадрлық жұмыстың тиімділігін, қызметкерлердің мінез-құлық этикасын арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуге тапсырма берілді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.