Бүгінгі нөмірде: Көнекөз
9-бет
Қызыл өзен бойындағы қазақ əні 10-бет Қауіп қайдан демеңіз 11-бет 58,2 пайызы – қазақ! 14-бет
№148 (28087) 14 МАУСЫМ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Кґршілестік кґкжиегі кеѕейіп келеді Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ Ґзбекстанєа ресми сапары басталды Кеше кешқұрым Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Ташкент қаласына келді. Еліміз Мемлекет басшысын қаланың халықаралық əуежайында Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов күтіп алды. Бұдан кейін көліктер кортежі «Көксарай» резиденциясына қарай атбасын түзеді. Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан» – Ташкенттен.
Елбасының сапары барысы турасында еліміз оқырмандары назарына ақпарат жеткізуге бөлінген еліміз бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері осы жолғы жұмыс тəртібіне орай өзбек жеріне күнібұрын келді. Сол саптан орын алған біз де Ташкент тарапына бұдан екі күн бұрын жеткенбіз. Сонда келген бойда бірден байқалғаны – тасты қала тұрғындары басым бөлігінің өз елдеріне көршілес, туыстас, ағайындас Қазақ елінің Президенті келе жатқанын жақсы біліп отырғаны болды. Мұны бізге екі күннің ішінде қызмет көрсеткен жергілікті жүргізушілер де, мехмонханада жік-жапар болып уəзипалық еткен қызметшілер де, кітап дүкендері мен газет дүңгіршектерінде тұрған сатушылар да, тіпті көшелерде кездейсоқ ұшырасып қалған қаймана қауым да анық аңғартты. Осының бəрі мұндағы жамағаттың өз елдерінде болып жататын жаңалықтардың барлығына құлақ түріп жүретінімен бірге, бүгінде атағы айдай əлемге жақсы танылып қалған қоңсы қуатты мемлекеттің тұрпатына да назар аударып тұратынына көзімізді жеткізе түсті. Қарапайым халық өкілдері өздерінің осы кездесулерден оң нəтижелер күтетіндіктерін білдіріп бақты. Олардың барлығы да екі елдің дəйім шынайы достық рəуішіндегі сыйластықта болғанын қалайтындықтарын қапысыз жеткізіп жатты. Қазақ пен өзбектің əу бастан жанына жақын жай саналатын Ташкент ша һарына Қазақстан Президентінің
мəртебелі мейман ретінде келетіні туралы осы күндері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары да жарыса жария етісті. Солардың арасынан біз Өзбекстанның ресми басылымдарына алдымен қол создық. Міне, қолға бірінші іліккен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің, яғни Жоғарғы Мəжілісінің «Халқ сузи» газеті өзінің 12 маусым күнгі нөмірінің бірінші бетінің ең жоғары жағына «Қазақстан Президентінің Өзбекстанға сапары жөнінде» деген мазмұнда деген ресми ақпар жариялапты. Хабарда Ислам Каримовтің арнайы шақыруымен Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы 13 маусымда Ташкент қаласына келетіні жазылған. «Екі мемлекет басшылары өзара ынтымақтастықты тереңдету мəселелерін талқылап, аймақтық жəне халықаралық көкейкесті проблемалар жайында пікір алмасады. Кездесулер қорытындылары бойынша стратегиялық əріптестік туралы келісімге, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді жəне көп қырлы қарым-қатынастарды одан əрі дамытуға бағытталған бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылуы жоспарланып отыр», делінген хабарламада. Ал дəл осы байқатпаның астында «УзбекистонҚозоғистон: Муносабатлар кулами кен гаймоқда» деген ауқымды мақала орналасқан. Тəржімасында «ӨзбекстанҚазақстан: Қарым-қатынастар көлемі кеңеймекші» деген мағына беретін осынау жолдар бір оқығанда-ақ түсінікті көрініп, көңілімізге жылы ұялап тұра қалды. Ол бауырлас елдердің тəуелсіздіктен бергі жылдардағы өзара қарым-қатынастары жай-жағдаятын кеңінен сөз етеді.
Мемлекеттік «Жахон» ақпарат агенттігі арқылы таратылған мақаланың екінші бетте түйінделетін соңы: «Негізіне өзара түсіністік пен сенім жататын екі ел халықтары арасындағы тарихи жағынан қалыптасқан достық жəне туыстық байланыстар аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға ықпал жасайтын болады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алда тұрған Өзбекстан Республикасына ресми сапары достас елдер арасындағы жемісті əріптестікті одан əрі дамыту мен
Металлургтерден биік меже кїтіледі Астанада басталған Тау-кен металлургия кешені күндері аясында кеше Қазақстан тау-кен металлургия өнеркəсібі қызметкерлерінің IV съезі өтті. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Съезді Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев ашып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді. «Болашақта Қазақстанның таукен металлургия саласы өзінің даму қарқынын сақтап, еліміздің өсіп-өркендеуіне негіз болып қала береді деп сенемін. Меніңше, Үкімет пен ірі өндіріс компаниялары бүгінде тау-кен металлургия саласы жұмысшыларының əлеу меттік мəселелерін шешуге баса назар аударулары қажет. Оған кəсіби қауымдастықтар мен салаөлық бірлестіктер де белсенді
қатысуы тиіс. Үкіметпен арадағы диалогты үзбей, үнемі жаңа ұсыныстар жасап, идеялар айтып отырған жөн», делінген Елбасының құттықтауында. Президенттің құттықтау сөзінен соң Ə.Исекешев тау-кен саласын игеру бағытында елімізде атқарылып жатқан іс-шараларға қысқаша тоқталып өтті. Қазіргі уақытта Индустрияландыру картасында инвестиция көлемі 12 млрд. доллардан асатын 78 жоба бар. 78 жобаның 42-сі игеріліп, соның арқасында 12 жұмыс орны құрылған. Ал 36 жоба іске асырылу кезеңінде. Ə.Исекешевтің бағалауынша, бүгінгі таңда тау-кен металлургия кешенінің салалық бағдарламасы жақсы іске асырылып келеді. Осы
Жаѕартылатын энергия: заман талабына сай заѕды ќолдау Сенат Төрағасы Қайрат Мəмидің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында тоғыз мəселе қаралды. Депутаттар бұл жолы жаңартылатын энергия, көлік, мемлекет кепілдік берген заң көмегі жəне өзге де мəселелерді қамтыған заң жобаларын талқылады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мəселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді қарастыратын заң жобасы бойынша баяндаманы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров жасады. Заң жобасы жаңартылатын энергия көз дерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында əзірленіп отыр. Оны қабылдау инвесторларға салған қаражаттың қайтарымдылығы жағынан кепілдік береді жəне де жаңартылған энергия көздері
объектілерінен тарифтердің шамасы бойынша айқындылық енгізуге көмектеседі. Сондай-ақ, Қазақстанның жұмыс істеп тұрған энергия жүйесіне ықпалдастыра отырып, жаңартылатын энергия көздерінің ірі жобаларын іске асыру бойынша тəжірибе жинақтауға оң ықпалын тигізеді. Əйтсе де, министр мəлім еткендей, «жасыл» энергетика нысандары құрылысын салуға жер учаскелерін бөлу қиындығына байланысты бірнеше жоба іске аспай отыр. Ал жердің нысаналы мақсатын ауыстыру Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.
Алайда, заң жүзінде бұл мəселе қарастырылмағандықтан, оны өзгерту ұсынылып отыр. Бұдан басқа, тіркелген тарифті енгізу көзделген. Бұл мəселе өкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен жүргізіледі. Осы ретте министр жабдықтарды таңдау мен орналастырылу бойынша тиімділіктің болмауы мүмкіндігін алға тарта отырып, инвесторлардың мұндай жобаларына рұқсат бермеу тетігінің қарастырылғандығын да тілге тиек етті. Оның үстіне əлемнің ешбір елі тарифті жеке бекіту жүйесін қолданбайды. Осы ретте жаңартылатын қуат көзінен өндірілетін энергияға тіркелген тариф енгізілетінін де айта кеткен жөн. Тіркелген тарифті Үкімет 15 жылға бекітеді. Ал тариф көлемі ЖЭК түріне қарай əртүрлі болады. Сондай-ақ, Қаржы-есептеу орталығы құрылып, жаңартылатын
Жексембиннің «Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» деген мақаласын жариялады. Мемлекет басшысының ресми сапарының бағдарламасы кеше кешкілік Өзбек елі лидерінің Көксарай резиденциясынан басталды. Қазақстан басшысын ағайын халықтың риясыз көңілімен қарсы алған Өзбекстан Президенті Ислам Каримов кездесуде көршілес елдердің арасындағы сан қилы байланыстардың, екіжақты ынтымақтастықтың ойдағыдай дамып
–––––––––––––––––––––––
Мəселенің мəнісі
кешен жүйесін құратын кəсіпорындарды жетілдіру бойынша инвестиция ауқымы 1,7 трлн. теңге көлемінде жоспарланған. Мұнда қосымша құны жоғары болатын өнімдердің 20-ға жуық жаңа түрі игеріледі, бір жылда өнім өндірісі көлемі 600 млрд. теңгеге арттырылады. Сонымен қатар, əр кəсіпорынды бес жыл мерзімде жетілдіру бағдарламасы жасалған. Вицепремьердің айтуынша, жетілдіруді табысты жүзеге асырып жатқандар қатарында «Қазхром», «Қазцинк» кəсіпорындарын атауға болады. Ал керісінше, «Арселор Миттал» компанияларында жетілдіру онша сəтті емес. «Бұл компаниялар біздің металлургия кешенінің үлкен бөлігі екенін ескере отырып, оларды еңбек өнімділігінің, энергия тиімділігінің жаңа деңгейіне шығару қажет. (Соңы 10-бетте).
нығайта түсу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып береді», деген сөзбен тұжырымдалады. Дəл осы тақылеттес жарияланымдар «Узбекистон овози», «Тошкент оқшоми», «XXI аср» сынды белгілі де беделді газеттердің осы күнгі нөмірлері беттерінің де ең көрнекті жерлерінен орын алған. Ал кешегі кеңес өкіметінің əуелгі жылдарынан бері тоқтаусыз шығып келе жатқан ежелгі «Правда Востока» осы күні өзінің бірінші бетіне Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Бөрібай
келе жатқандығына көңіл толатындығын білдірді. Сауда-экономикалық қатынастардың қарқыны арта түсіп келеді. Бұл пікірді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қолдайтынын айтты. Сонымен бірге екі ел арасындағы ынтымақтастықтың əлеуеті əлі де толық іске қосылған деу қиын. Бұл орайда Өзбекстан тарапының əріптестіктің көкжиегін кеңейтуге дайындығын аңғартуы қуантады. Нұрсұлтан Назарбаевтың көршілес елге ресми сапарының аясында Өзбекстан Президенті И.Каримовпен келіссөздер жоспарланған. Мемлекет басшылары бұрын қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы туралы жəне мемлекетаралық түрлі ынтымақтастық бағыты мен екіжақты қарым-қатынасты дамыту мəселесін талқылайды. Келіссөздер нəтижесі бойынша екіжақты жəне үкіметаралық бірқатар келісімдерге де қол қойылады деп күтілуде. Негізгі бағдарлама бүгінге белгіленген. Мемлекет басшылары əуелі шағын құрамда, сосын кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, екіжақты құжаттарға қол қою рəсімі орын алады. Мұндай хаттамалық құжаттарға сондай-ақ екі елдің бірқатар өзара əріптес министрлері де қол қояды. Олардың арасында біздің елдің Мəдениет жəне ақпарат министрі де бар. Мəдениет демекші, бүгін мұнда мəдениетіміздің мерейін тасытатын тағы бір абыройлы іс-шара жүзеге асқалы отыр. Оның дайындығын біз Ташкентке келе сала көріп те үлгердік. Бұл жөнінде газеттің сенбідегі нөміріне жолдайтын мақаламызда жазамыз. Екі елдің қалың жұртшылығы күткендей, Ташкенттегі кездесулер келешекке қарай келелі керуен бастайтын кешенді кезең болмақ.
27 директор ќызметінен босатылды Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Республика бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру аяқталды. Қайбір жылғыдай емес, ың-шыңсыз өтті. Осыдан екі жыл бұрын Жаңақорғанда тест сұрақтары сатылып, аймақтың абыройы аймандай болып еді. Оған қарағанда, биыл шүкір. Дегенмен, тоқмейілситіндей ештеңе жоқ. ҰБТ-ға еліміздің 16 өңірі қатысқан. Қызылорда облысы осы 16 аймақ ішінде 11-ші орында тұр. Қуанатын жағдай емес, əрине. Бүгінде облыс бюджетінің 38 пайызы білім саласына бөлініп жатыр екен. Осындағы біліксіздікке алаңдаған Қырымбек Көшербаев бөлінген қаржының
энергия көздері стансаларынан электр қуатын сатып алумен айналысатыны да айтылды. Тағы бір жаңалық, атаулы көмек қазақстандық өндірушілерден 5 кВт ЖЭК қондырғысын сатып алған пайдаланушыға шығынның 50 пайызын мемлекет төлейтіндігі. Осы мақсатқа бюджетте бір жылға 800 миллион теңге қарастырылыпты. Бұл ауылдағы немесе фермерлік шаруашылықтағы шаруа адамына өте қолайлы болмақ. Депутаттар ми нистрге сұрақтар қойып, өздерінің пікірлерін де ортаға салды. Талқылау нəтижесінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мəселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді қарастыратын заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Сенаторлар сондай-ақ кейбір заңнамалық актілерге көлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады. (Соңы 10-бетте).
қайтарымы болуы керек деп отыр. «Облыс басшысы ретінде бюджет қаражатының тиімділігін қадағалау, оның қайтарымын талап ету – менің құқым», дейді əкім. Ал бөлінген қаржының қайтарымы көңіл көншітерліктей деп айта алмайсыз. Мəселен, биыл облыста ҰБТ-ға қатысқан бір бала 20-ақ балл жинаған. Оның сыртында 270 бала «екі» деген баға алған. Мұны аз десеңіз, 681 оқушы шекті баллды да жинай алмаған. – Бөлінген қаражат тиімсіз пайдаланылды деген қорытынды жасаймын. Мектептің жұмысын, оқу процесін ұйымдастыратын директор немен айналысып отыр? Тек адамдарды жұмысқа қабылдап, қаражатты игерумен бе? Мектеп директоры
өзінің ұстаз екенін ұмытқан. Той-томалақтан, құдалықтан қолы босамайтын, оқушыға да, оқытушыға да жағдай жасамайтын, не өзі сабақ бермейтін мектеп басшысының не керегі бар? Əдістемелік жұмыстарды, тексеру жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу Қызылорда облысында қалған! Республика бойынша жоғарғы санаттағы мұғалімдердің үлесі не себепті 5 есеге төмен? Ұстаздардың жоғарғы, 1-ші, 2-ші санатына үстемеге берілетін қаражат жылда республикалық бюджетке қайтарылуда. Тек 2012 жылы ғана бөлінген 128,0 миллион теңге игерілмеген. Мұнымен кім айналысты, бұған кім жауапты? – деді Қырымбек Елеуұлы. (Соңы 14-бетте).
Ынтымаќтастыќтыѕ жаѕа кезеѕі
Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған делегация Анкарада өткен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) жиындарына қатысып қайтты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
5 жыл бұрын Түркияда ТүркПА құру туралы тарихи келі сімге қол қойылған бола тын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Ассамблея қазіргі уақытта түркітілдес елдерді бір арнаға біріктіретін беделді ұйымға жəне аз уақытта, бірақ өте жауапты кезеңде бауырлас мемлекеттерді жақындастыруда, жалпы, мемлекетаралық байланысты дамытуда өзіндік орны бар бірлестікке айналды. Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Асылбек Жээнбеков: «Бұл ұйымның негізін қалаған Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. ТүркПА құру туралы шешім уақыт талабынан туындады.
Біз бірігуіміз керек. Əрине, əр мемлекеттің мүмкіндігі əрқилы. Бірақ, біздің бірге болуымыз, бірбірімізге көмектесу керектігіміз ешқандай дау тудырмайды», деген ойын ортаға салды. Əзербайжан Милли Меджлисінің төрағасы Октай Асадов та қырғызстандық əріптесінің пікіріне ортақтаса келіп, біздің парламенттердің ендігі мақсаты Ассамблеяны дамыту екенін атап көрсетті. Төрт елдің парламент өкілдері өздерінің 5 жылдық жұмыс қорытындыларын шығарып қана қоймай, болашаққа арналған маңызды жоспарларды да талқылады. (Соңы 10-бетте).
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде кейбір мемлекеттік университеттер қайта құрылатын болып ұйғарылды. Олар: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық инс титуты жəне Се мей мем лекеттік педа го гикалық институты. Ақтауда 18-19 маусым күндері ҚазақстанƏзербайжан бизнес-фору мы өткізіледі. Он да екі ел арасындағы əлеуметтік-эко но ми ка лық қа рым-қатынас мə се ле сі сөз болады. Тараптар маңызды жобаларды бірігіп атқаруға уағдаласады деп күтілуде. Биыл Қы зы лорда қа ласы кө ше ле рін жөндеуге рес пуб ли калық, жергілікті бюджеттен 5 млрд. 225 млн. теңге бө лінді. Осы ған орай, жалпы ұзын ды ғы 81 ша қы рымды құ райтын 73 көшеге қайта жаңғырту, күрделі жəне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 15 маусымнан бастап Астана мен Краснояр арасына тұрақты əуе қатынасы ашылады. Алғашқы рейс алдағы сенбіде Красноярдан Астанаға жасалады. Оңтүстік Қазақстан облысында жаңартылатын энергия көзін дамы ту мақсатымен «Ontustik Green Energy» кəсіп ор ны құрылады. Со ның не гізінде қуат к ө зін үнем деу ге қадам жасалғалы отыр. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.