14062014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№116 (28340) 14 МАУСЫМ CЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Тау-кен металлургия кешенініѕ келешек кеѕістігі

Кеше Астанадағы Тəуелсіздік сарайында «V Astana Mining & Metallurgy» халықаралық тау-кен кеңесі өтті. Ондағы пленарлық мəжіліске Премьер-Министр Кəрім Мəсімов қатысып, конгресс қатысушыларын құттықтап сөз сөйледі. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, Венера ТҮГЕЛБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Конгресс тау-кен кешеніндегі мəселелерді шешуде маңызды халықаралық алаң болып табылды. Бүгін өткізіліп отырған форумның маңызы зор. Тау-кен металлургия кешені – көптеген елдердің экономикалық, əлеуметтік жəне технологиялық дамуын анықтайтын маңызды салалардың бірі. Қазақстан тау-кен өндірісіне қажетті жағдай жасайды. Қазақстанның тау-кен металлургия кешені – ел экономикасының маңызды бір бөлігі. Оның өнеркəсіптік өндірістегі үлесі 18 пайызды құрайды. Онда 300 мың адам жұмыс істеп жүр. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы тау-кен металлургия, геология жəне жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес табысты жұмыс істеуде. Кеңестің алдында тау-кен металлургия, геология жəне жер қойнауын пайдалану салаларында стратегиялық бағытты анықтау

жəне жүйе қалыптастыратын мекемелермен өзара байланыс орнату міндеті тұр. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында тау-кен металлургия саласында 50 жаңа өндіріс іске қосылған. 7 жоба биыл жүзеге асырылып болады, деді К.Мəсімов. Премьер-Министр индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында қара жəне түсті металлургияға басымдық берілетінін атап айтты. «Үкімет тау-кен металлургия өндірісін дамыту бойынша 2018 жылға дейін кешенді жоспарды жасап, бекітті. Еліміздің тау-кен металлургия кешеніне үлкен міндеттер қойылып отыр. Біз инвестициялық жағдайды жетілдіруге жəне дамытуға бар күшімізді саламыз», деді Үкімет басшысы. Оның айтуынша, соңғы 30 жыл ішінде əлемдік пайдалы қазбалар өндіру көлемі 1,5 есеге өскен. Онда Қазақстанның да үлесі бары екені анық.

Конгресс аясында экс-президентпен кездесті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Əділбек Жақсыбеков Бразилияда сапармен болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 2014 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Футбол федерациясының президенті Əділбек Жақсыбековтің Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) конгресінің 64-ші отырысына қатысуға байланысты Бразилияға жұмыс сапары шеңберінде, оның «Еңбекшілер партиясының» лидері, Латын Америкасының ең беделді жəне тəжірибелі саясаткері, Бразилия Федеративтік Республикасының

экс-президенті Лула да Силвамен кездесуі өтті. Жылы жəне достық жағдайда өткен кездесуде Ə.Жақсыбеков Лула да Силваға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың атынан оған мықты денсаулық пен қажымас қайрат, ағымдағы жылдың қазан айында өтуі жоспарланып отырған президенттік жəне парламенттік сайлауда биліктегі «Еңбекшілер партиясына» табыстар тіледі, сондай-ақ алдағы футболдан Əлем біріншілігінде Бразилияның ұлттық командасының чемпиондық атаққа ие болуына өз тілектестігін білдірді. Л.Силва, өз кезегінде, Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевты өзінің жақсы досы, Орталық Азия аймағында ғана емес, сондай-ақ, жалпы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер ішіндегі беделді мемлекет басшысы ретінде аса құрметтейтінін білдірді. Сонымен қатар, əлемнің көптеген мемлекеттері, оның ішінде Бразилия басшыларының қолдауына ие болған Елбасымыздың маңызды халықаралық бастамалары туралы айтып өтті. Сондай-ақ, ол соңғы жылдары экономикасы қарқынды даму үстіндегі Қазақстанға сапармен баруға дайын екенін мəлімдеп, Елбасына ең ыстық тілегін, ал Қазақстан халқына гүлдену мен өркендеу тілейтінін жеткізуді сұрады.

● Жасампаздық жемістері

Ќостанайдыѕ таєы бір даѕќы – Тойота!

(Соңы 4-бетте).

Тамыры – бір, маќсаты – айќын, болашаєы – ортаќ

Бакуде Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) 5-пленарлық отырысы өтіп, оған Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған парламенттік делегация қатысты.

Осыдан 5 жыл бұрын дəл осы Бакуде ТүркПА-ның алғашқы пленарлық отырысы өткен болатын. Құрамына Əзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан жəне Түркия елдері кіретін Парламенттік Ассамблея Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Осы уақыт аралығында ұйым түркілік бірлікті жақындастыру мен нығайтуда тиімді үнқатысу алаңына айналды. Кезекті пленарлық отырыс Ассамблеяның дамуына қа тысты жəне күн тəртібіндегі салмақ ты сауалдарды қамтыды. Маңызды шара басталмас бұрын төрт елдің парламенттік делегация жетекшілерін Əзер байжан Президенті Ильхам Əлиев қабылдады. Кездесуде Мəжі ліс Төрағасы Қабиболла Жақы пов «Туризм саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында Бодрумда өткен Түркі кеңесінің 4 саммитінің қорытындысы экономиканың аталған маңызды бағытын дамытуға серпін беретінін жеткізді.

Түркітілдес елдер іс-əре кетіндегі бірлік-берекеге айрықша назар аударылды. Ильхам Əлиев пен Қабиболла Жақыповтың атап өткеніндей, мұнай жəне газ тасымалдау бойынша бірлескен жобалар аясында инвестиция саласын, ауыл шаруашылығын, көлік жəне коммуникацияны дамыту екі ел арасындағы ықпалдастықты күшейтудің басым бағыттары болып табылады. ТүркПА жиыны ұйым төрағалығын Түркиядан Əзербайжанға өткізу рəсімінен басталды. Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Джемиль Чичек өз елі төрағалық еткен бір жыл ішін дегі жұмыс нəтижелеріне тоқталды. Сондай-ақ, халықаралық қарымқатынастар, əлеуметтік-мəдени, гуманитарлық, экономика, сауда жəне қаржы, сондай-ақ, құқықтық мəселелер жөніндегі комиссиялар 2013 жылы атқарылған жұмыстар бойынша өз есептерін тапсырды. (Соңы 6-бетте).

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

Тəуелсіз Қазақстанның экономикадағы интеграциялық қарымқатынастарының арқасында көшелерден жеңіл автокөліктің түр-түрін көреміз. Соның арасында əлемдік бренд болып есептелетін Тойотоның бəсі басым. Оның жол таңдамайтын жүр дектігі де, жолаушыны шаршатпайтын жұмсақтығы да, сəні де бөлек. Енді Тойота мін гісі келетіндер ешқайда алаңдамай, Қостанайға тартары анық. Əлем дік бренд көлік бұрын да ас тығымен, кенімен даңқы

төмендемеген өңірден шығатын болды! Осыдан аз ғана жыл бұрын Қостанай қаласының сырты болып есептелетін мидай дала қазір өндірісті ауданға айналған. Осында Кеңес Одағы кезінде басталып, тасталған дизель зауытының орнында «АгромашХолдинг» машина жасау зауыты орналасқан. Он да ғы «СарыарқаАвтопром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық базасында «Тойота Мотор Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Toyoto Fortuner көліктері толық циклін іске қосып, əлемдік брендке айналған машинаның

қазақстандық алғашқы данасының тұсаукесерін жасады. – Бүгінгі Тойота көліктерінің желісін іске қосу салтанаты үстінде осы жобаның оңайлықпен жүзеге аспағанын да еске салғым келеді. 2008 жылы Қазақстан мен Жапония мемлекеті арасында бұл жөнінде келісімге қол жетті. Содан кейінгі жылдары Тойота көліктерін Қазақстанда құрастыру бағытында жұмыстар біртіндеп жүргізіле берді. Өткен жылы ғана Жапония мен Қазақстан үкіметтері арасында бұл жөнінде меморандумға қол қойылған еді. Міне, бүгін үлкен жетістікке қол жеткізіп тұрмыз. Тойота көліктері

● Жағымды жаңалық

«Кїршім» паромы

кїллі ауданныѕ жїгімен жїзеді Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Алтай бауырындағы ауданның халқы үшін күрмеуі қиын мəселе болған өткел мəселесі бүгінде толық шешімін тапты. «Күршім» паромы өңір тұрғындарының ғана емес, ауданға асыққан қонақтардың да көңілінен шығып тұр. Дизельді паром былтыр толығымен күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілген еді. Биыл 6 сəуірде, айдындағы мұздың көбесі сөгіле бере маусымдық тасымал қызметін қайта жалғастырды. «Күршім» дизельді электроходының ерекшелігі де осында – Алтайда алты айға созылатын қыс аяғын күтпей, қалыңдығы 30 сантиметрге дейін жететін мұзды еркін бұзып жарады. Бір тасымалының өзінде 70-ке жуық автокөлікті алып өтуге қабілетті. 200 тоннаға дейін жүк көтереді. Ертістің ақ айдынына көрік берген еліміздегі

бірегей паромның қызметі өңір экономикасы үшін өте маңызды. Күршімдіктер ертеден паром қызметіне жүгінуге мəжбүр. Арғы жағалау мен бергі жағалауды жалғап тұрған паром 1964 жылы Ресейдің Түмен қаласында жасалған екен. 1968 жылы ол Солтүстік Мұзды мұхитты жағалай жүзіп, Ертіспен өрлеп, Бұқтырма су қоймасындағы өткелді қамтамасыз ету мақсатында Шығыс өңіріне жеткізілген. Содан бері бұл пароммен кəрі де, жас та, бəрі-бəрі əрі-бері қаншама рет қатынады десеңізші! Есебін ешкім дөп басып айта ал майды. Бізге аяны – жарты ғасыр қатынас құралы болды. Алайда, кез келген дүние тозады. «Енисей» есімін еншілеп, ен өзен ді еркін жүзген паромның да соңғы жылдары «ыңқыл-сыңқылы» көбейді. Бұрандасын іл далдалап түзеп қойып жүре беретін құрлықтың көлігі емес, бір ауылды көшіріп əкетуге қауқарлы

кеменің қауіпсіздігін ойламаса болмайды. Сын сағатта 55 жыл

жөндеу көрмеген паром өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың

біздің тұтынушыларды қуантып қана қоймайды, ел экономикасына сүбелі үлес қосатын болады, – деді өндірістік желіні салтанатты іске қосу рəсімінде сөз сөйлеген Өңірлік даму министрі Болат Жəмішев. Салтанатты рəсімге Toyoto Motor Corporation атынан оның басқарма төрағасы Такеши Учиямада мырза келіп қатысты. Қазақстанмен Жапонияның арасында достық, дипломатиялық қарым-қатынастар Тəуелсіздігіміздің елең-алаңында-ақ, нақтырақ айтсақ, 1992 жылы басталған болатын. (Соңы 3-бетте).

● Елімізде 2020 жылға дейін 45 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте таратылған хабарламада айтылған. Осы уақыт аралығында қалалардың 97 пайызы, ауылдық елді мекендердің 75 пайызы орталықтандырылған сумен жабдықталады. ● Қазақстан балансында алтынның 2 мың тонналық қоры бар. Кеше бұл туралы мəлімдеген Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі геология жəне жер қойнауын пайдалану комите тінің төрағасы Базарбай Нұра баев осыған қатысты кеніштердің 76 пайызы пайдаланылып жатқанын айтты. Бүгінде мемлекет балансында 321 алтын кен орны тіркелген. ● Қостанайда жыл соңына дейін металл илек зауыты қатарға қосы ла ды. Мұ ны жеткізген облыс тық кəсіпкерлік жəне индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім бас тығы Талғат Майшин жаңа өндірістің жобалық қуаттылығы жылына 15 мың тонна металл илектеу екенін атап өтті. Мұндағы ұсақ сортты металл өнімдері сегіз пеште шығарылады. ● Шымкент сахнасында əлем операсының жауһарлары орындалды. Оңтүстік Қазақстан облыстық опера жəне балет театры ұжымы ның көрермен назарына ұсынған туындылары қатарында «Қамар сұлу» операсы да болды. Дирижер Рүстем Рыс мағанбетов жетекшілік еткен симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен шебер атқарылған туындыны өнерсүйер қауым жылы қабылдады. ● Шығыс Қазақстан облысының бір топ жетім балалары Қара теңіз жағалауында демалады. Осы аймақтың елден тыс жерлерде тұратын 75 тумасы сыйға тартқан 157 жолдама-сертификатты бүл дір шіндерге Өскеменде өткен бірінші Жерлестер форумында облыс əкімі Бердібек Сапарбаев пен Ресей Федерациясы Ғылым, білім, мəдениет жəне ақпараттық саясат жөніндегі федерация кеңесі комитетінің төрайымы Зинаида Драгункина тапсырды. ● Көкшетауда денсаулық сақтау саласының үздіктері марапатқа ие болды. Дəрігерлердің төл мерекесі қарсаңында өткен салтанатты жиын ға қа тысқан Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин кеше медициналық мекемелер басшыларына 7 жаңа көліктің кілтін табыс етті. ● Павлодардың қоғамдық көліктеріне электронды жолақы төлемі жүйесі енгізілуде. Қаладағы үш ірі тасымалдаушы мекеме қызығушылық танытып отырған бұл жобаға «SMART CARD SYSTEM» ЖШС инвестиция құюды өз міндетіне алды. «ҚазАқпарат», 24KZ, Otyrar.kz, Alau.kz, Аltaynews.kz, Egemen.kz агенттіктері мен Павлодар облысы əкімдігі сайттары деректері бойынша дайындалды.

● Еркін елдің ертеңі шешімімен мемлекеттік меншікке қайтарылып, Бұқтырма су қоймасынан Зырян ауданының Первомай елді мекеніне жөндеуге жіберілді. Кеменің су мүжіген сауыры мен табанын инженерлер мен техниктер, сүңгуірлер əбден тексеріп, толық жөндеуден өткізді. Корпустық жұмыстар жүргізіліп, электр қозғалтқышы ауыстырылды. Паромды жөндеген «Гидросталь» ЖШС директоры Анатолий Синицынның айтуынша, жөндеу жұмыстары бір жылға созылды. Бұл уақытта толассыз жүре тін халықтың күні кішігірім баржаларға қарап қалды. Оның «құшағы» электроходтай кең емес. Сыймай қалған жұрт жағалауда орынға таласып, араздасып-ақ қалатын ыңғайсыз жағдай туа бастаған. Міне, күрмеулі мəселенің түйінін тарқатқан паромның пайдалануға берілу сəтінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев: «Күршім өңірінің тұрғындары үшін паромның қаншалықты өзекті екенін білемін. Сондықтан осы проблеманың оң шешім табуына барынша күш салдық. Су көлігі сіздердің игіліктеріңізге қызмет ететін болады», – деп қуантқаны есімізде. (Соңы 17-бетте).

Жас кеѕестіѕ кґшпелі отырысы Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

«Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қы ран дай күшті қанаты, Мен жастарға сенемін!». Мағжан айтқан осынау жырдың түбінде əрбір буынның үкілі арманы жатыр. Заман өзгерер. Өзгеше өңге енер. Адамдар түрлі техниканы меңгерер. Бірақ жастарға деген сенімі ақын сөзіндей болып қала бермек. Өйткені, жастар дегеніміз – болашақ. Президент жанында Жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Бұл – Елбасы жастар саясатын жіті бақылап, олардың мəселесін үнемі назарда ұстап отыр деген сөз. Міне, осы жас кеңестің көшпелі отырысы Қызылордада өтті. Кеңес төрағасы, Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Əбдірахымов бастаған жастар Сыр өңіріне арнайы келіп, аймақтағы жастар мəселесімен танысты, мəжіліс құрды. Жақсының жақсылығын айту парыз. Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысына əкім болып

тағайындалғаннан бастап жастарға ерекше көңіл бөлді. Əсіресе, олардың білім алуына бар жағдайды жасап жатыр. Айталық, былтыр əкім əлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға, маңдайы жарқырап тұрса да білім алуға шамасы келмейтін жастарға арнайы грант бөлді. Соның арқасында жүзден астам бала оқуға түсіп, білім жиып жатыр. Биыл бұл гранттың саны 300-ге жетіп отыр. Бұдан бөлек, осы жылы мектеп бітірген 153 түлек Мəскеу ұлттық технологиялар университетінде оқымақ. Түлектердің барлығы осы университеттің есебінен білім алады. Аймақта металлургиялық кластерді дамыту қолға алынды. Мына 153 бала осы саланың мамандары болып шықпақ. Бұл өзгенің есебінен өзімізге маман даярлаудың ең бір əдемі көрінісі деп білеміз. Жас кеңестің жұмысы шеңберінде Ғабидолла Əбдірахымов пен Қырымбек Көшербаев осы 153 түлекпен жолығып, сұхбат құрды. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
14062014 by Egemen - Issuu