Бїгінгі нґмірде: Заѕсыз їкім шыєарєан судья ґзіне ґзі їкім шыєарєанмен теѕ 3-бет Тастандыєа – тосќауыл 4-бет Əбілпейіз сўлтан 6-бет Еуроаймаќ пен Грекия: талмау тўс 7-бет
№132 (28610) 14 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
ЭКСПО-ны ойдаєыдай ґткізу – елімізге сын
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысы жөніндегі кеңеске қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету мен өткізудің бүкіл Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті. – Бұл – Қазақстанды, еліміздің мүмкіндіктерін бүкіл əлемге көрсететін
басты жоба. Құрылыстан басқа барлық мəселелер жөнінен артта қалу шы лық байқалады. Мəселен, арнаулы комиссардың бар екендігіне қарамастан, əлі күнге дейін көрмеге қанша мемлекеттің қаты сатыны белгісіз. Көрмені бізден кейін өткізетін басқа елдер қазірдің
өзінде қызу ақпараттық жұмыс жүргізіп жатыр, ал біз тым-тырыс отырмыз. Келушілерге қандай жағдай жасалатыны, көрмені өткізуден қандай пайда күтуге болатыны, қанша демеуші тартылатыны, еліміздің өзінен жəне шетелдерден қанша турист болатыны, қандай мəдени-көпшілік шаралар өтетіні туралы нақты мəлімет жоқ, – деді Қазақстан Президенті. Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев
Президент поштасынан
Аќ тілектер аєыны Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның туған күніне жəне Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар туралы хабарлады. Қазақстан Президенті атына халықаралық ұйымдар басшыларынан, еліміздің жəне шетелдердің зиялы қауым, саяси, ғылыми орта өкілдерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар əлі де келіп түсуде. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Р.Гасанов бүкіл түркі елдері үшін Қазақстан үздік үлгі жəне мақтаныш болып табылатынын атап өткен. «Түркі елдері Сіздің тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі əлемінің бірлігі мен дамуын қамтамасыз етудегі көшбасшылығыңызды мойындайды», – делінген жеделхатта. Өз кезегінде Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Я.Омероғлу мыңжылдықтар тоғысындағы қиын жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан болашаққа батыл қадамдар жасап, жоғары экономикалық жəне саяси мəртебеге жеткенін, сондай-ақ əлем елдері арасынан лайықты орын алғанын атап өткен. Қытайдың шетелдермен достық қоғамының төрағасы Л.Сяолинь Нұрсұлтан Назарбаевтың шебер басшылығы жəне қоғамдағы
беделі арқасында Қазақстан халқы зор нəтижелерге жеткеніне назар аударған. «Жібек жолының экономикалық белдеуі» аясында ҚазақстанҚытай байланыстары өзара тиімді жағдайда дами береді деп үміттенеміз. Өз тарапымнан мен бұл қарым-қатынастардың жаңа деңгейге көтерілуіне бар күш-жігерімді жұмсауға əзірмін», – деп жазады автор. Мемлекет басшысын АҚШ-тың бұрынғы конгрессмені Э.Фа леомаваега туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, күш-қуат, бақбереке жəне даналық тіледі. «Мен өзім жақсы көретін халықтың – Қазақстан халқының татулығы, ынтымақтастығы жəне тұ рақ тылығы жолында жасағаныңыздың барлығы үшін Сізге ризамын», – делінген құттықтауда. Қазақстанның Аланиядағы (Түркия) құрметті консулы А.Джебеджи ел астанасының қарышты дамуында Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері айрықша рөл атқарып отырғанына тоқталған. «Бүгінде Астана біздің халықтың ертеңгі күнге деген сенімін
АҚПАРАТТАР аєыны
● «Қазпошта» АҚ интернет-дүкендерге арналған API модулін іске қосты. Осы компанияның баспасөз хатшысы Байрам Əзизовтің айтуынша, модуль сəлемдемелерді онлайнрежімде үздіксіз қабылдайды. Жаңа қызмет автоматты түрде жаңартылып тұрады. ● Жыл соңына дейін Астанада 55 жабық, жылытылатын аялдама орнатылады. Жобаны жүзеге асырушы «Астана LRT» ЖШСнің хабарлауынша, жаңа үлгідегі аялдамаларда дəретхана да қарастырылған. Қоғамдық орынның ауданы 12,5 жəне 20 шаршы метр болады деп күтілуде. ● Биыл Алматыда 17 шақырым жылу құбыры ауыстырылады. Қазірдің өзінде
шешуін күткен бірқатар мəселеге назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы көрме нысандарының құрылысы бекітілген кестеге сəйкес жүргізіліп, 2016 жылғы тамыз-қыркүйекте аяқталатынын айтты. – Бұл ретте, техникалық сипаттағы түйткілдер көп, олар: мəселелерді шешудің созылуы жəне өзара келісілмегендігі, жұмыстың нашар ұйымдастырылуы. Жобалық-сметалық құжаттарды беру
кестесінен кешігудің негізгі себебі жобалауды басқару ісінің мүлде жоқтығы болып отыр. Негізгі құжаттаманың бөліктерін əзірлеу ісі қосарлы ұйымдар арасында бөлініске түскен. Көрме учаскесі маңындағы жер ресурстары тиімсіз пайдаланылуда. Бұдан бөлек, нысандар құрылысында бағаны тым өсіру орын алып отыр, бұл қаражаттың талан-таражға түсуіне соқтырады. Арнайы айтылуға тиіс жайттың бірі – қаржыландыру.
Еліміздің экспорттық тауарларының бағасы төмендеуін ескерсек, бюджетке қажетті қаражат толық түспей отыр. Сондықтан бізге «ЭКСПО» үшін де, Универсиада үшін де қатаң үнемдеуге тура келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-бетте). ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Достық дəнекері көр сетіп, оның ұмтылысы мен тілек-қалауының орындалуының кепілі бола отырып, уақыттан озып келеді», – деп жазады автор. Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Жұрынов Қазақстан халқы елдің жетістік тері бүкіл əлем үшін үлгіге айнал ғанын мақтаныш ететінін атап өткен. «Əлемнің барлық елдері біздің сүйікті Отанымыздың жыл дан жылға Сіздің дана басшы лы ғыңызбен өркендей отырып, нағыз «Мəңгілік Елге» айналып келе жатқанына тəнті болуда. Сіз тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Еуразия кеңістігінде татулық пен достық қарым-қатынастардың орнауы үшін қажымай еңбек етіп келесіз», – делінген хатта. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің игілігі жолындағы еңбегі, оның тұрғындары мен қазақстандықтардың бірлігіне, ынтымағына деген тұрақты қамқорлығы үшін алғыс айтқан, ең ізгі тілектермен өрілген құттықтаулар Астана қаласынан М.Қабдырахманұлынан, Алматы қаласынан Р.Рябиковадан, Оңтүстік Қазақстан облысынан Т.Дауылбаевтан, Атырау қаласынан Ə.Жолайдан, Ресей Федерациясы Томск қаласынан Н.Царскодан келіп түсті. Мемлекет басшысының атына құттықтау хаттары мен жеделхаттары əлі де келіп түсіп жатыр.
жұмыстың 48 пайызы аяқталды. «Алматы жылу жүйесі» ЖШС бас инженерінің орынбасары Серік Мұхамеджановтың сөзіне қарағанда, қаладағы 1 129 шақырым жылу магистралінің 65 пайызы тозған. ● Оңтүстік Қазақстанда соңғы алты айда 17 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі мəлімдеді. Жалпы, өңірдің 2015 жылға арналған кешенді жоспарына сəйкес, биыл осы мақсатта 5,518 млрд. теңге бөлініп, 40,7 мың адам жұмыспен қамтылатын болады. ● Қызылорда облысында гидрометаллургиялық зауыт салынатын болды. Бастама «Шалқия» кенішіндегі қорғасын, мырыш өндірісін одан əрі жетілдіру үшін қолға алынбақшы. Облыстық мəслихаттың кезекті сессиясында айтылғандай, жаңа
Ўлт жоспары талќыланєан халыќаралыќ жиын Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы жəне Ресей халықтары Ассамблеясы өкілдері бас қосты. Олар «100 нақты қадам» Ұлт жоспары: қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту міндеттері жəне тетіктері» атты тақырыпта сөз қозғады. Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
Қазақстан халқы Ас самблеясы, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясы жəне «Еуразия халық тары ның достастығы» автономды коммерциялық емес ұйы мы (Ресей Федерациясы) бірлесіп ұйымдастырған аталған дөң ге лек үстелге еліміздің
тарапынан Президент Əкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілдері, Парламент Мəжілісінің депутаттары, Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ сарапшылары, Президент жанын дағы Мемлекеттік басқару академиясының ғалымдары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері қатысты. Ал Ресей Федерациясынан
келген делегацияның құрамында Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Веналий Амелин, Орынбор облыстық Заң шығарушы жиналысының депутаттары, осы облыстың Қоғамдық палата мүшелері, «Еуразия халықтарының достастығы» АКҰ-ның ғалымдары мен сарапшылары, Орынбор мемлекеттік университеті Оңтүстік Орал этнографиясы мен тарихы жөніндегі ғылымизерттеу институтының (ҒЗИ), сондай-ақ, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері болды. (Соңы 2-бетте).
ЖАРЌЫРА, ЖАСТЫЌТЫЅ ЖАНАРТАУЫ! Ақыл – жан қуаты. Абай ҚҰНАНБАЕВ.
зауыт металлопрокат алуға мүмкіндік береді. ● Теміртауда тоқылмаған материалдарды қайта өңдейтін өндіріс орны ашылды. Жоба шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Ісін жаңадан бастаған кəсіпкер Əйгерім Қанатова осы бағдарлама бойынша мемлекеттен 3 млн. теңге грант алғанын айтты. ● Петропавлда 15 жас отбасы қоныс тойын тойлады. Бұл игі іс «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру негізінде жүзеге асты. Қала əкімі Марат Тасмағанбетовтің мəлімдеуінше, биыл Петропавлда 30 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
Ќазаќстандыќ студент спортшылардыѕ Универсиада жарыстарындаєы табысы айтарлыќтай Бүгін Корея Республикасының Кванджу қаласында XXVIII Бүкілəлемдік жазғы Универсиада салтанатты жағдайда жабылады. Шілденің 3-і күні сөреден шығып, 12 күн бойына Хангук жұртының стадиондарын дүбірге бөлеген бұл сайыстарда əлемнің 146 мемлекетінің 12 986 студенті спорттың 21 түрі бойынша 272 медальдар жиынтығын сарапқа салды.
Ўмтылыс
Осы сапта күш сынасқан Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 қола медаль жеңіп алып, өзінің 2007 жылы Бангкокта өткен Универсиададағы рекордын жаңартты. Соның нəтижесінде республика студенттері командасы бірінші рет мұндай байрақты бəсекеде үздік 11 мықтының қатарынан орын алып отыр. Қазақстан студент-спортшылар құрамасы аталмыш аламанға 95 адамнан тұратын жасақ болып аттанды. Олар «Таңғы таза ауа елінде» спорттың 11 түрі бойынша өздерінің бақтарын сынады. (Соңы 5-бетте).