АҚПАРАТТАР аєыны №157 (28381) 14 ТАМЫЗ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Игілікті істерді атќару – басты маќсат Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Елбасы ќабылдады Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында С.Ахметов Қарулы Күштерді ұдайы жауынгерлік дайындықта ұстау жөніндегі жүйелі жұмыстар туралы баяндады, əскерлердің жауынгерлік шеберлігін арттыру, армияны қару-жарақтың заманауи үлгілерімен жəне əскери техникалармен жабдықтау мақсатында өткізілген ұйымдастырушылық жəне практикалық
іс-шаралар туралы əңгімеледі. Мемлекет басшысы елдің қорғаныс өнеркəсібі кешенін əрі қарай дамытудың маңыздылығына жəне жетекші халықаралық өндірушілермен əскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев оқ-дəрілерді қазақстандық кəсіпорындарда өндіру,
сондай-ақ қару-жарақтар мен əскери техникалар жеткізетін сенімді көздерді анықтау мəселелеріне мəн берді. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті министрлік қызметінің аспектілерін ықшам Үкімет құру жəне мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі міндеттерді ескере отырып қарастыруды тапсырды. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Телефон арќылы сґйлесті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əңгіме барысында екі елдің Президенттері Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкциялары мен оған РФ-ның қарымта шараларын, сондай-ақ олардың ықтимал салдарларын талқылады. Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал жөнінде пікір алмасылды.
Кеден одағына мүше мемлекеттер мен Украинаның кездесуін Беларусь Президенті А.Лукашенконың ұсынысына сəйкес биылғы тамыздың үшінші онкүндігінде өткізу мүмкіндігі құпталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысын
Таєайындаулар
Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне; Владимир Карпович Божко Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне; Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұрынғы атқарған қызметтерінен босатыла отырып: Аида Дəденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Денсаулық жəне əлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Бейбіт Бəкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Қуатжан Серікқазыұлы Уəлиев Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
Хроника
Серікбол Рахымқанұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Анатолий Григорьевич Дерновой Қазақстан Республикасы Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Бек Кəрімбекұлы Арпабаев Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Нұрлан Əбітқанұлы Əбді Қазақстан Республикасы Бəсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы қызметінен; Төлеген Төлеуханұлы Ысмайылов Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Бақытбек Зүбайраұлы Иманəлиев Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Қарлығаш Ғазизқызы Кəкен Қазақстан Республикасы Спорт жəне дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Рүстем Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Ерғазы Мейірғалиұлы Нұрғалиев Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Дəулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Əлеуметтікэкономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
В.Путин өзінің Əзербайжан жəне Армения Президенттерімен кез де су інің қорытындылары туралы хабар дар етті. Тараптардың қазіргі қиын дықтарды талқылап, Таулы-Қарабақ мəселесі жөніндегі ұстанымдарын жақындастырғаны атап өтілді. Соңында Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің екіжақты ынтымақтас тығының бірқатар мəселелерін талқылады.
«Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы – азаматтық бастамаларды талқылайтын жəне дамытатын заманауи алаңға айналып отыр. Кеше аталған қозғалыс мүшелері Орталық коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг өткізіп, құрылғалы бергі жарты жылда атқарылған жұмыстар барысын баян етті. Қозғалыс кеңесінің төрағасы Данат Жуминнің мəлімдеуінше, 6 ай ішінде «Қазақстан 2050» Стратегиясынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында 16 жоба іске қосылған. Қазір сол жобалардың 4-еуі аяқталып, 12-сі жүзеге асырылуда көрінеді. Бұл жобалар отандық экономиканы дамытуға, қоғамдағы біртұтастықты нығайтуға, білім беру сапасын арттыруға жəне аймақтарды дамытуға бағытталғандығы ерекше аталды. 2014 жылдың 6 тамызында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы да осы
салаларға баса назар аудартқан-ды. Осы тұрғыдан келгенде қозғалыс белсенділері əртүрлі əлеуметтік топтармен бірге жұмыс істеп келеді екен. Сондай-ақ, экологиялық проблемалардан бастап өндіріске дейінгі мəселелер көтеріліп, өзге де салаларда тың қадамдар жасалып жатқаны аталды. Үстіміздегі жылдың 1 тамызына дейінгі деректер бойынша қозғалыс жобаларына 140 мыңнан астам адам тартылса, жылдың соңына дейін олардың саны 300 мыңнан асады деп күтілуде. Д.Жумин қозғалыс жобаларын еріктілер тобы мен ұйымның белсенді мүшелері іске асырып келе жатқандығын ерекше атады. Оның айтуынша, бүгінгі таңдағы белсенділер саны 4000 адамды құраса, олардың қатары күн санап артып келе жатқаны байқалған. Қазіргі кезде қозғалыс мүшелерінің 80 пайызы 25 пен 40 жас аралығында, олардың арасында ғылым мен білім, денсаулық сақтау, отандық жəне шетелдік кəсіпорындар (Соңы 4-бетте).
Вице-министрлер таєайындалды
Үкіметтің қаулыларымен бірқатар министрліктерде вице-министрлер тағайындалды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Ұлттық экономика бірінші вицеминистрі болып Марат Құсайынов тағайындалды, Мəдина Əбілқасымова, Тимур Жақсылықов, Қайырбек Өскенбаев ұлттық экономика вице-министрлері болып тағайындалды. Инвестициялар жəне даму бірінші вице-министрі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды, Асқар Жұмағалиев, Альберт Рау жəне Ерлан Сағадиев вицеминистрлер болып тағайындалды. Энергетика бірінші вице-министрі болып Ұзақбай Қарабалин, вице-министрлер болып Талғат Ахсамбиев, Бақытжан Жақсалиев, Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды.
Қаржы министрлігінде Лена Кармазина вице-министр болып тағайындалды. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінде бірінші вице-министр болып Салидат Қайырбекова тағайындалды, Светлана Жақыпова, Дəулет Арғындықов, Серікбол Мусинов вице-министрлер болып тағайындалды. Мəдениет жəне спорт министрлігінде Марат Əзілханов, Асқар Бөрібаев жəне Тастанбек Есентаев вице-министрлер болып тағайындалды. Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ерлан Нысанбаев вице-министр болып тағайындалды.
Бїгінгі нґмірде: Алєа адымдаудыѕ алєышарты 3-бет
«Махаббат, ќызыќ мол жылдар... Біздікі ─ əлі сол жылдар!» 5-бет
Жазыќсыз соттаєанєа неге жаза жоќ?
Бїлдірген бїлдіре жаздады
6-бет
● Елімізде шығарылатын жеңіл көліктердің 50 пайызы Шы ғыс Қазақстанның үлесіне тиетін болады. Соңғы уақыттары аймақта машина құрылымы саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда мұнда «Азия Авто» АҚ жəне «СемАз» ЖШС сынды ірі кəсіпорындар осы бағытта жұмыс жасап жатыр. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, 2015 жылы автомобиль зауытының алғашқы желісі толық іске қосылады. ● Астанада жаңа оқу жылына 4 жаңа мектеп ашылады. Олардың қатарында математикалық бағыттағы физика-техникалық лицейі, инклюзивті дəрежелі жалпы гуманитарлық бағыттағы мектеп-гимназия, жалпы гуманитарлық бағыттағы мектеп-гимназия жəне мектеплицей бар. Бұл білім ордалары 4800 оқушыны қабылдай алады. ● Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері 13 мың азаматтың конс титуциялық құқығын қорғады. Осы қатарда 8 мың жұмысшыға тиесілі 650 млн. теңге жалақы қарыздарының төленуін қамтамасыз етті. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде «Еңбек биржа ЛТД компания сы» ЖШС 90,7 млн. теңге, «Фрак Джет» ЖШС 101,7 млн. теңге, «Құмкөл көлік қызметі» ЖШС 75,4 млн. теңге, «Орта Азия көлігі» ЖШС 66,7 млн. теңге борыштарын өтеді. ● Павлодарда алғаш рет «Ертіс өзені күні» тойланғалы отыр. Бұл туралы фестивальді өткізу бастама сын көтерген «Павлодарлық география үйі» қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Александр Вервекин хабарлады. Мерекені тойлау 6 қыркүйекте Əйтім ауылы маңындағы өзен жағалауынан басталады. Бұл жерде қайықтар керуені суға шығады. Павлодарға қайтар жолда қатысушылар өзен мен оның жағалауын қоқыстан тазартады. ● Шымкентте 100-ден аса студент тəртіп сақ шыларымен бірге жұмысқа кірісті. Бұл туралы хабарлаған қала əкімі аппараты баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлыбек Жеңісбек студенттердің полицейлермен бірге тұрғындарды жұрт тыныштығын күзетуге, қоғамдық орындарда тəртіптілік сақтауға үндейтінін мəлімдеді. ● Қарағанды облысында 28 адам «Нұр Отан» партиясының қатарынан шығарылды. Облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Оралды Төреғожиннің мəлімдеуінше, оларға мұндай шара сыбайлас жемқорлыққа ұрынғандары, партия тəртібін бұзғандары үшін қолданылған. «Биыл партияның 44 мүшесі партиялық жауапкершілікке тартылды, оның 28-і партия қата рынан шығарылды», – деді ол. Хабарлар «ҚазАқпарат», BNews.kz, Egemen.kz агенттіктері жəне облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша дайындалды.
10-бет
Ел тынысы: мың бір мысал
ТЇЙІСУ
Алматыда салынып жатќан «Сайран» мен «Мəскеу» метростансалары жерасты жолдарыныѕ арнасы бір-бірімен жалєасты Алматылықтар үшін алтын уақытты үнемдеп, жолды қысқартып, көлік кептелістерін азайтып, ауаны тазартуда септігі өлшеусіз метрополитен құрылысында қуанышты оқиғалар орын алуда. Амандық болса, желтоқсанның алғашқы күнінде «Сайран» мен «Мəскеу» стансалары қалалықтар игілігіне беріледі. Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Оған дейін, қазіргі уақытта аталмыш стансалардың құрылысы бекітілген кестеден қалмай жүргізіліп отыр. Сонымен межеленген уақытта Алматы метрополитенінде «Сайран – Мəскеу» стансалары жерасты жолдарының арнасын бір-бірімен жалғастыру жұмыстары мəреге жетті. Екі жақтап үңгіп келе жатқан метро жұмысшылары сейсенбі күні ортаны бөліп тұрған қарыс қадым топырақты опыра құлатып, бір бірлерімен қауышып, құрылысқа қарқын тілесіп жатты. Осылайша Алматы метросына «Мəскеу» стансасының сол жақ туннелі түйістірілді. Алматы метрополитенінің барлық
жұмыстарына куə болып келе жатқан қала əкімі Ахметжан Есімов жаңа стансалардың жұмыстарымен жете танысып: – Мен барлық стансалардың түйісуіне қатыстым. Өйткені, бұл үлкен оқиға, үлкен еңбек. Көктемде жерасты жолының оң жақ бөлігі түйістірілді. Бүгін сол жақ бөлігін түйістіру жүзеге асты. Негізгі ауыр жұмыс аяқталды. Осыдан кейін жерүсті жолын қалпына келтіруді қолға аламыз, – деді. Қала басшысы «Сайран», «Мəскеу» стансаларының құрылысы бекітіл ген уақытта жүзеге асып келе жатса да, шешілмеген түйткілді мəселелер əлі де бар екенін жасырмай отыр. (Соңы 4-бетте).