14082015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№154 (28632) 14 ТАМЫЗ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Кабель

Еркін елдің ертеңі

Атырауда оныѕ талшыќты-оптикалыќ тїрі шыєарыла бастады Бұрын Атырау дегенде алдымен мұнай-газ өнеркəсібінің өркендеуі ойға оралушы еді. Шетел инвесторлары да, шағын жəне орта бизнес өкілдері де жобаларын осы саламен байланыстыруға ұмтылатын. Соңғы кезде үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында жаңа өнімдерді шығаруға көңіл бөліне бастады.

Енді аз күнде жазғы демалыстың қызығына тоймаған балалар сөмкелерін асынып алып мектепке қарай томпаңдап кетіп бара жатады. Ата-аналар балаларын мектепке дайындап, керек-жарағын алып, оқу құралдарын түгендеуде. Жаңа оқу жылына білім мекемелері де жан-жақты əзірленуде. Ал аймақтардағы білім басқармалары жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясын пысықтап жатыр.

«Мектепке жол»: керек те ќажет акция Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Сондай өнімнің бірі – талшықты-оптикалық кабель. Мұнайлы өңірде бұрын болмаған жобаны «Бизнестің жол картасы» өңірлік индустрияландыру картасы аясында іске асыруға бет бұрған «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС бас директоры Семен Хванның айтуынша, басты мақсат – телекоммуникация, транспорт, құрылыс жəне мұнай-газ саласына қажетті талшықты-оптикалық кабель шығару өндірісін игеру. Жаңа өнімді шығаруды бастаған зауыт құрылысына 715 миллион теңге салыныпты. Жалпы құны 1 миллионнан аса АҚШ долларын құрайтын технология Қытайдан сатып алынған. «Біз ондаған миллион долларға бағаланған еуропалық технологияны сатып алуға тəуекел етпедік. Себебі, бұл саладағы жұмысты енді бастадық. Дегенмен, зауытымыздағы қытайлық технологиямен 5 жыл бойы үздіксіз өнім шығаруға əбден болады. Мұнда ең бастысы – сапалы шикізат болса, өнім де соған сəйкес келеді» деген бас директордың пікірінше, қазір мұнда жергілікті мамандар жұмысқа қабылдануда. Соның бірі – Аслан Мұханғалиев Атырау политехникалық колледжінің түлегі. Ол қазір операторлық кəсіпті үйренуші ретінде үш айлық сынақ мерзімімен жұмыс жасайды. Оған 50000 теңге жалақы төленіп отыр. Сынақ мерзімінен кейін жалақысы 70000-80000 теңге аралығында болмақ екен. Зауыттың қуаты – жылына бір ауысыммен 4500 шақырымдық, ал үш ауысыммен 11000 шақырымдық созылатын оптикалық кабель шығару. Сонымен бірге, мұнда 2017 жылы мыс қосылған кабель шығаратын қосымша екі цехты

Баќытым да, баєдарым да – Ата Заѕ! 3-бет Баланыѕ маѕдайынан сипасаѕ, кїн кїліп тўрады 4-бет «Білетініѕ – бір, білмейтініѕ – мыѕ да бір...» 7-бет Керекудегі ќымызмўрындыќ 8-бет

іске қосу көзделіп отыр. «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС бас директоры Семен Хванның айтуынша, біздің елімізде мұндай өнімге сұраныс өте жоғары. Жаңа өнімнің негізгі тұтынушысы «Қазақтелеком» болғалы отыр. Қазір осы компаниямен 3 миллиард теңгеден астам қаржыға екі жылдық келісім жасалыпты. – Біз бұдан өзге Алма ТВ, «Қазтранском» жəне құрылыс индустриясындағы компанияларға

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

да өнімімізді ұсынуды ойластырып отырмыз. Өйткені, біздің өнімімізге сұраныс бар. Олай дейтінім, кабельдің де қолдануға болатын шектеулі мерзімі бар, оны белгілі бір уақыттан кейін ауыстыру қажет. Оған қоса қазіргі уақытта интернет, байланыс, жылдамдық секілді жаңаша талапқа сай мыс қосылған кабельдерді талшықтыоптикалық түріне алмастыру кезеңі келді, – дейді серіктестіктің бас директоры С.Хван.

Оның мəлім еткеніндей, жаңа өніммен еліміздегі сұраныстың 25-30 пайызын қамтамасыз ету жоспарланыпты. Мұның да өзіндік себебі бар. «Біріншіден, Атыраудағы зауытта шығарылған кабель түрлерінің өзіндік құны Ресейдегі өндірушілердікінен ерекшеленбейді. Екіншіден, зауыттың өз электр энергиясы бар. Үшіншіден, еліміздегі салық жүйесі Ресейдегіден əлдеқайда көңілге қонымды. Демек, біз олармен бəсекелес бола аламыз. Тіпті, бізде Қытайдағы кабель өндірушілермен де жарысатындай мүмкіндігіміз мол» деп есептейтін кəсіпорын басшысы жұмысқа тек жергілікті тұрғындарды алуды көздеп отыр. Мұнда барлығы 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Сол себептен, Атырау политехникалық колледжімен дуалды оқыту əдісін қолдану үшін меморандумға қол қойылды. Енді Атырау мұнай жəне газ институтымен де осындай меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Ал «Қазақтелеком» АҚ Атырау

Дала диќандары

Бақшашы Рауль

Жеделхатта химия зауытындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны жəне зардап шеккені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, жеке өзінің жəне барша Қазақстан халқының атынан ҚХР Төрағасына, сондай-ақ, қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Соңында Қазақстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Суреттерді түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Зайсан ауданы егін, бау-бақша өсіруге қолайлы. Маңырақ жоталарынан Сауыр, Сайқан тауларына ұласатын күнгей жақтағы биік заңғарлардың етегін басып отырған зайсандықтар мұздықтардан ағып шыққан тұнық өзендердің ырысын шайқалтпай, маңдай терімен кəдеге жаратуда. Аудан əкімі Алмас Оңдақановтың айтуынша, Зайсанда əр ауыл егістіктің белгілі бір түріне маманданған. Мəселен, Қаратал, Сарытерек ауылдары жеміс-жидек өсірсе, Кеңсай, Жарсу ауылдары бау-бақшамен, Қарабұлақ ауылы тары шаруашылығымен айналысады. Жақында ауданға жұмыс сапарымыздың барысында сол диқандардың бірқатарымен алқапта кездесіп, əңгімелескен едік. «Егемен Қазақстан».

Елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Тяньцзинь қаласындағы химия зауытында болған жарылысқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

АТЫРАУ. –––––––––––––

Ауыл – алтын бесік

Думан АНАШ,

Ќытай басшысына кґѕіл айтты

облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Ерсайын Дүйсемəлиевтің айтуынша, талшықты-оптикалық кабель шығару жоғары технологияға жатады. Мұндай өндірісті іске қосу оңай емес. Кабель шығаруға сапалы шикізат қажет, онсыз өнімге тұтынушы табу қиынға соғады. Бұрын жергілікті байланысшылар кабельдерді Қарағанды облысындағы осындай зауыттан сатып алған екен. Енді оны Атыраудан сатып алудың тиімділігін қарастыруда. Жақсылығы сол, Атыраудағы сатып алынған кабельді тасымалдау үшін қосымша қаржы жұмсалмайды. Атырауда шығарыла бастаған жаңа өнімнің сапалы болатындығына сала мамандары мол үміт артып отыр. Тұтынушысы да мол боларына сенеді.

Рауль Мəжитов – Кеңсай ауылының тұрғыны, «Ринат» шаруа қожалығының жетекшісі. Жол жиегіндегі жап-жасыл бау-бақшасы Зайсан қаласын бетке алған жолаушының жанарына бірден шалынады. Мал да өсіреді, егін де егеді. 80 бас ірі қара, 20-ға жуық жылқы, 50-дей ұсақ мал бағып, 120 гектар алқапқа егістік егіп отыр. Оның ішінде əрқайсысы 11 гектардан картоп пен бақша өнімдері (орамжапырақ, сəбіз, сарымсақ, қияр, қызанақ, т.б.) болса, 30 гектары – жоңышқа. Жоңышқа ның жартысы – тұқым дық, жартысы – мал азығы. Рауль дің əкесі Рафқат та диқан болыпты. Əке жолын жалғастырған жігіт бау-бақшаны нарықтық қатынастар басталған тоқсаныншы жылдары қолға алды.

(Соңы 2-бетте).

Бұрнағы күні облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Онда «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өтетін «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының басталғанын жəне осы бағытта атқарылатын жұмыстар жайын əңгімеледі. Қайырымдылық акциясының мақсаты белгілі. Аз қамтылған жəне көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-ананың қам қорлығынсыз қалған оқушыларды жаңа оқу жылына дайындап, олардың түрлі себептердің салдарынан мектепке бара алмай қалуының алдын алу. Онсыз да жастайынан тағдырдың теперішін аз көрмеген бала қатарластары бар керегін сайлап, мектепке кетіп бара жатқанда ол жоқшылықтың кесірінен білім ала алмай жатса, əділетті ме?! Сондықтан бұл акцияның өте үлкен сауапты іс екеніне шүбə келтірмейміз. – Облыста дəстүрлі түрде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Ең алдымен, балалардың тізімі əзірленеді. Рейд жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, балаларға көмек көрсету бойынша аудандарда да «Балаға мейірім сыйла», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Балаларды мектепке дайындаймыз» атты қайырымдылық акциялар белсенді түрде өтетін болады. Ал шалғай елді мекендерде мектеп формасы мен құралжабдықтарының жылжымалы жəрмеңкелері ұйымдастырылып, сенім телефондары мен жедел байланыс желілері үздіксіз жұмыс жасайды. Мəселен, өткен жылы облыс бойынша 24 мың көп балалы жəне аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсетіліп, қажетті оқу жабдықтарымен қамтамасыз

етілген болатын. Қайырымдылық акциясы барысында атқарылған жұмыстар сараланып, нəтижесін анықтау негізінде əлеуметтік зерттеулер мен сауалдамалар жүргізіледі, – дейді Бақытжан Сайлыбаев. Мəселенің мəнісін жанжақты тарқатуға келген қалалық ішкі істер басқармасы ювеналды бөлімінің капитаны, полиция майоры Гүлнəр Дүйсенова былай дейді: – Аз қамтылған отбасы балаларын анықтап, əлеуметтік көмек көрсетеміз. Бізде 14 əкімшілік учаскелік пункт бар. Олар өздеріне бекітілген аумақты қатаң бақы лайды. Сондықтан əрбір отбасының жайы белгілі. Мəселен, əкесі істі болған, ал жары 7 баласын жалғыз өзі жетілдіріп отырған отбасы бар. Оның төртеуі мектепке барады. Осы отбасының балаларына мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіп отырмыз. Міне, осындай отбасылармен жұмыс жасаймыз. Жəне де шара барысында басқарма басшысы биыл ғы оқу жылында 14 білім беру ошағы жаңа нысанға көшірі летінін, ал оқулық жайы толық шешілгендігін жеткізді. Оқулыққа деген тиісті қаражат бөлініп, тек енді кейбір аудандарға жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, биылғы жаңа оқу жылында өңірде 16009 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды екен. Айта кетерлігі, қазіргі таңда облыс бойынша толық емес отбасыларда – 10564, қолайсыз отбасыларда – 472, көпбалалы шаңырақта – 20802 жəне тұрмысы төмен отбасыларында 15065 мектеп жасындағы балғын тəрбиеленеді. Брифинг соңында білім басқармасының басшысы мемлекеттік мекеме, бизнес-құрылымдарды жəне үкіметтік емес ұйымдарды акцияға белсенді қатысуға шақырды. Қызылорда облысы.

АҚПАРАТТАР аєыны

 Қазақстанда алғашқы 7 айда бөлшек сауда көлемі 2,9 пайызға өсіп, сомасы 3 трлн. 328 млрд. теңгеге жетті. Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің хабарлауынша, осы жылдың қаңтар-шілде айларында сауда кəсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2014 жылдың сəйкес мерзімімен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеп, 1 трлн. 772 млрд. теңгені құраған.  Қазақстандықтар маусым айында төлем карталары арқылы 22,9 млн. транзакция жасады. Ұлттық банктің статистикалық мəліметтеріне сүйенсек, бұл өткен жылғы маусым айындағы көрсеткіштен 10,2 пайызға көп. Бір айда жасалған транзакциялардың көлемі 687,4 млрд. теңге болды.  Биыл Астанада жылу құбырларын жаңартуға 533 млн. 933 мың теңге қарастырылып отыр. «Астана-Теплотранзит» АҚ өндірістік қызметінің жетекшісі Мəжит Шонаевтың айтуынша, ол жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Компания жыл сайын елордада екі еселенген 13-14 шақырым жылу құбырларын алмастырып келеді.  Алматы облысындағы «Амиран» сүт зауытында 247 жұмыс орны ашылды. Кəсіпорында 2015 жылдың 4 айы ішінде 315,2 тонна сүт өңделіп, 203,8 млн. теңгеге 394 тонна өнім өндірілді. Жалпы, өндіріс орны жылына 1 500 тонна балаларға арналған сүт өнімдерін дайындауға арналған.  Шымкентте табысы төмен 600-ден астам отбасыға атаулы əлеуметтік көмек көрсетілді. Қала əкімі Дархан Сатыбалдының айтуына қарағанда, осы мақсатта 19,1 млн. теңге жұмсалған. Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 447,5 млн. теңге жəрдемақы жəне 674 отбасыға 22,3 млн. теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленді.  Қостанай облысында соңғы бес жылда 4,4 мың ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Облыс əкімінің орынбасары Базыл Жақыповтың мəлімдеуінше, оған 46 млрд. теңге жұмсалған. Биылдың өзінде өңірде 206 трактор, 74 комбайн, 40 егіс кешені, 90 тұқым сепкіш жəне 220 дана өзге де техника сатып алынған.  Батыс Қазақстанда биыл республикалық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстау үшін 600 млн. теңге бөлінді. «Қазақавтожолдың» батысқазақстандық филиалы директорының міндетін атқарушы Бауыржан Темірханов мұндай жолдың көлемі өңірде 1 287 шақырымды құрайтынын жеткізді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.