Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстың барлық өңірінде қалыптасқан жалпы қауіпті ахуал жаһандық тұрақтылыққа төнген қатер болып табылады жəне ШЫҰ жауапкершілігі аумағындағы жағдайға теріс ықпалын тигізеді.
№212 (28151) 14 ҚЫРКҮЙЕК СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Н.Ə.НАЗАРБАЕВ.
Ґѕірлік ќауіпсіздік ґзегі
Бішкекте Шанхай ынтымаќтастыќ ўйымыныѕ кезекті саммиті ґтті
Кеше Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті өтті. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Елбасының сапары мен екіжақты кездесулерін шетелдік БАҚ өкілдері барынша ықыласты насихаттады. Ал биыл бірқатар айтулы шараларды атқарған қырғыз елінде қабылданған Бішкек декларациясы қандай мəселеде болсын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мəмілесі бір екендігін іс жүзінде паш етті.
құрылымға қалай иек артпасын. Оның үстіне өзімен өзгелерді санастыра алатын ШЫҰ мемлекеттеріне алты бірдей ел бақылаушы ретінде бар ісіне араласып, оның ықпалын арттыруға мүдделі екендіктерін ашық білдіріп, қызметін жандандыруға септесіп отыр.
Ґѕірдегі тўраќтылыќ – ґсіп-ґркендеу кепілі
Сонымен, саммиттің регламенті бойынша төрағалық етуші елдің басшысы А.Атамбаев алғашқы сөзді Қазақстан Республикасының Президентіне берді. Ал Кеңестің шағын құрамда
өткен отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұйым бойынша серіктестерге ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясын əзірлеу идеясын қолдағандары үшін ризашылық білдірді. Ол аталған құжаттың негізін ШЫҰ форумы мен тараптардың жетекші сарапшыларын
тарта отырып дайындау қажеттігін, Ұйым қызметінің негізгі бағыттарының теңдестірілген қағидаттары орын алуы тиіс екенін атап өтті. Қазақстан Президенті ШЫҰ Бас хатшысының рөлін жəне Ұйым Хатшылығы қызметінің тиімділігін арттыру қажеттігін көлденең тартты.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан» – Бішкектен.
Саммитке ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов қатысты. Сонымен қатар, Кеңеске ШЫҰ жанындағы бақылаушы мəртебесіне ие мемлекеттердің жəне бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері келді. Бүгінгідей алмағайып заманда аймақтағы қауіпсіздіктің ең көкейкесті тақырыпқа айналғаны қашан?! Осы тұрғыдан келгенде, көңілі алаң жұртшылық Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастық алдында беделі зор, азуын көрсете алатын өзіндік алпауыттары бар
(Соңы 2-3-беттерде).
Жауапкершілік жїгі жеѕіл емес
Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысы əкімінен басталған жақсы үрдіс бұл аптада Ақмола облысымен жалғасты. Жақсы үрдіс демеске болмас. Себебі, Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Астанада апта сайын өтіп отыратын бұл баспасөз мəслихаты облыс əкімдерінің ел алдында есеп беруінен кем түспеді. Мəселен, əкімдер республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының алдында өз өңірінің өзекті мəселелерін сөз етіп, жеткен жетістігін жариялайды. Журналистер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап береді. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Орталық коммуникациялар қызметінің кешегі кезекті баспасөз мəслихатына Ақмола облысының əкімі Қосман Айтмұхаметов келді. Өткен аптадағы үрдіспен бұл жолы да журналистер брифинг басталмас бұрын «Қазмедиа» орталығында ұйымдастырылған аталған облыстың көр месімен танысып шықты. Сонан соң, əкім Қ.Аймұхаметовтің баяндамасы тыңдалды. Жиырма
Кеңестің кеңейтілген құрамда өткен отырысы аясында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ кеңістігіндегі жəне іргелес өңірлердегі тұрақтылық бейбітшілік пен өсіп-өркендеудің кепілі болып саналатынын атап көрсетті. Мемлекет басшысы өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті проблемасының бірі ретінде жаңа тарихи кезеңге енетін Ауғанстандағы жағдайды атады. – Кабулге ШЫҰ жанындағы бақылаушы мəртебесін ұсыну туралы шешім іс жүзіндегі экономикалық қадаммен қуатталуы қажет деп санаймын, – деді Н.Назарбаев. Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы жағдайға қатысты Қазақстан Президенті бұл проблеманы тек қана бейбіт жолмен, дипломатиялық құралдар арқылы шешуге болатынын мəлімдеді. Ол Алматыда өткен «5+1» пішініндегі келіссөздердің екі раунды бұл мəселеде оң серпіліске қол жеткізуге мүмкіндік бергенін жəне Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы жағдайды реттеуге барынша көмектесуге дайын екенін жеткізді. Қазақстан басшысы Сирияда химиялық қарудың қолданылғаны туралы хабарламаларға байланысты өз елінің айрықша алаңдаушылығын білдірді.
минуттық баяндамада Ақмола облысында Елбасының тапсырмасына сəйкес жүргізіліп жатқан жұмыстар, жалпы өңірдің тыныстіршілігі егжей-тегжейлі айтылды. Облыста жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, оның ішінде үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында қолға алынған жобалар жайы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының барысы, ауылшаруашылық саласының жетістіктері, облыстық
əлеуметтік салалар бойынша көрсеткіштер тілге тиек болды. Газетіміздің осы нөмірінде Қ.Аймұхаметовтің мақаласы қоса жарияланып отырғанын ескере келе, біз əкімнің баяндамасына егжей-тегжейлі тоқталмай-ақ, баспасөз мəслихатының екінші – сұрақ-жауап бөлімінде айтылған мəселелерге басымдық бергенді жөн көрдік.
----------------------------------------------------Ақмола облысына арналған айқарма бет материалдарын 4-5-беттерден оқисыздар.
Тосын табиғат
Кїн кїрт суытады
Таяудағы күндері Қазақстанның алты облы сында күн суытатын болады, деп хабарлады Tengrinews.kz «Казгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып. 15-17 қыркүйекке қараған түндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола жəне Павлодар облыстарында ауа температурасы 0-3 градусқа дейін төмендейді. Оның сыртында 16-17 қыркүйектің түнгі мезгілінде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде де күн суытады деген болжам бар.
Жағымды жаңалық Əлемнің 17 мың университеттерінің арасынан үздік университеттерді анықтайтын QS World University Rankings агенттігінің 2013/2014 жылғы рейтингінде қазақстандық жоғары оқу орындарының көшбасшысы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 66 сатыға көтеріліп 303-орынды иеленді. Бұл жоғары оқу орны байқауға 2009 жылдан бастап қатысып келеді. Содан бері университет екі жыл қатарынан əлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының арасынан көрінуде.
Їздіктер ќатарындаєы университет Осы QS World Univer sity Rankings агенттігі универ ситеттердің рейтингтерін анықтау барысында жұмыс берушілердің пікірлері, қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми еңбектеріне сілтеме жасау көрсеткіштері, университетте жүргізіліп жатқан ғылымизерттеу жұмыстарының жалпы деңгейі ескеріледі. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар
құрамының студенттер санына қатынасы деңгейі, басқа елдерден келген оқытушылар мен студенттер үлесі де бағаланады. Қазақстанның жетекші жоға ры оқу орындарының бірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тəуелсіз қазақстандық агенттігінің (IQAA-НКАОКО) ұлттық рейтингіне сəйкес 1-орынды
екі жыл қатарынан иеленді. Ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми орталықтар мен зертханаларды, біліктілікті жетілдіру институттары мен түрлі мемлекеттердің мəдени білім беру орталықтарын қамтыған оқу орны Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын «Қызмет көрсететін үздік кəсіпорын» аталымы бойынша алған болатын. Қазір университет 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын əзірлеу барысында өз міндетін анықтады. Елдің индустриялықинновациялық дамуына үлес қоссақ деген ниетпен «жасыл технология» немесе баламалы энергетиканы дамытуға арналған ғылыми зерттеулерге көңіл бөлуде. Күннен алатын электр энергиясы генерациясын жүзеге асыру жобасын Германия компанияларымен бірлесіп жасап жатыр. «Егемен-ақпарат».