АҚПАРАТТАР аєыны №200 (28423) 14 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Астана əкімін ќабылдады
Өмірдің өзегі – өндіріс Өскемен титан-магний комбинаты жанындағы «Посук Титаниум» ЖШС зауытында титанның алғашқы құймасы алынды. Аталған зауыттың құрылысы 2011 жылы басталған болатын.
Титан Ґскеменде тўѕєыш рет 9,5 тонналыќ алып ќўйма ґндірілді Думан АНАШ,
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. И.Тасмағамбетов Мемлекет басшысын елорданың əлеуметтікэкономикалық дамуы, сондай-ақ, инвестициялық жобалар мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жөнінен хабардар етті. Қазақстан Президенті Астананың өз өзін қамтамасыз ету деңгейі өсіп келе жатқанына жəне оған жұмсалған қаражаттың айтарлықтай тиімділігі байқалатынына назар аударды. И.Тасмағамбетов инвестиция, құрылыс, қызмет
көр сету жəне сауда сияқты салалардың дамуында оң қарқын бар екенін айтты. Қала əкімі республикалық бюджеттен трансферттелетін қаржы көлемі шаһардың өз кірісінің молаюы есебінен азайып келе жатқанын да атап өтті. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Президент поштасынан
Еліміз жетістіктерін атап кґрсеткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Олимпиадалық спорт жəне спорт баршаға» 18-халықаралық ғылыми конгресіне қатысушылардан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президентінің атына жолдаған хатында түрлі шетелдердің өкілдері болып табылатын авторлар тəуелсіздік жылдары біздің ел экономика мен спортта зор жетістіктерге жеткенін атап өткен. «Сізді Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына қосылу жөніндегі биік мақсатының мерзімінен бұрын іске асуымен құттықтай отырып, экономикасы мен тұрмыс деңгейі ең жоғары 30 мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жаһандық бастаманың да табысты болатындығына сенім білдіреміз. Бұл жоспарлар спортта қазірдің өзінде ілгерілей орындалуда. Жалпыкомандалық есепте 12-орынды иеленген Қазақстан спортшыларының Лондонда өткен
жазғы Олимпия ойындарындағы зор табыстарына бүкіл əлем қол соқты», – делінген хатта. Конгреске қатысушылар еліміздің Алматыда 2017 жылы Универсиада өткізу үшін барлық жағдайды жасағанына да тоқталған. «Қазақстандағы спорт пен экономика дамуының жоғары қарқыны бізге Алматының 2022 жылы Қысқы Олимпия ойын дары ның астанасы болу құқығын иелену жолындағы күресі табысты болады деген болжам жасауға мүмкіндік береді», – деп жазады авторлар. Соңында 18-халықаралық ғылыми конгреске қатысушылар Мемлекет басшысына табыс тілеп, ойға алған барлық жоспарларының орын далуына тілектестік білдірген.
«Егемен Қазақстан».
Үш жылдың ішінде тұңғыш өнімін өндіріп үлгерген зауыт Оңтүстік Кореяның «POSCO» компаниясымен бірлескен кəсіпорын ретінде бой көтергені белгілі. Пештен шыққан бірінші құйманың салмағы 9,5 тоннаны құрайды. Алып құйма суытылған соң асыл металды кесуге арналған қондырғыда бөлшекте ліп, өндіріске жіберіледі. Бұл құймалар титан тақталар мен құбырлар жасауға пайдаланылады. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев өндірістегі озық құрылғының жұмысымен танысты. Шетелдік мамандардың айтуынша, кеннен таза металды іріктеп алу, оны арнайы
отырады. Мамандар өнімділігі жоғары үлкен пештің өзге елдерде жоқ екенін жеткізді. Бір данасының өзі он сағаттың ішінде құйылатын зауыт өнімі мұнай өңдеу саласында қолданылады. Бүгінде еуропалық елдер отандық өнімге зор қызығушылық танытып отыр. Жобаның жалпы құны 7 млрд. теңгеден астам қаражатты құрайды. Жылына 4 мың тоннадан астам титан прокатын шығаратын кəсіпорында жүзге жуық жұмыс орны құрылмақ. пеште балқыту, балқыған металл сұйығын қалыпқа құю жұмыстары автоматты түрде
Біртўтас іс-ќимыл ырєаєына пəрменді шаралар ќажет Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Негізінен, мұндай шараның өткізілуіне ата-аналар мен мұғалімдердің мектеп оқулықтарының жетіспейтіні жөніндегі көптеген өтініштері мен шағымдары түрткі болыпты. Вице-спикер бұл ретте проблема орталық жəне жергілікті билік деңгейлері тарапынан тұтас шаралар жүйесін қабылдауды талап ететінін алға тартып, бұл мəселелер бойынша 4 депутаттық сауал жолданғанын жеткізді. Сондықтан да барлық кемшіліктерді, олардың себептерін анықтау мақсатында
жəне оңтайлы іс-қимыл алгоритмін əзірлеу үшін осы мəселені Үкімет сағаты пішімінде тыңдау жөнінде шешім қабылданған. «Бұл бүгін осы отырысқа бірнеше орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың, сондайақ, нарық субъектілерінің өкілдерін шақыруымызға мүмкіндік берді. Біз мектеп оқулықтарының жетіспеу проблемасын шешу бойынша Үкіметпен де, əкімдіктермен де өзара келісілген шешімге келерміз деп үміттенеміз», деді Дариға Нұрсұлтанқызы министрге сөз бермес бұрын. (Соңы 2-бетте).
ӨСКЕМЕН. –––––––––––––
Суреттерді түсірген Есімхан ОРЫНБАЕВ.
Ынтымаќтастыќтыѕ ґзекті мəселелері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылғы 13 қазанда жұмыс бабындағы сапармен Мəскеуге келген болатын, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев пен Ресей Феде рациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесуі барысында Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығының өзекті мəселелері сөз болды. В.Матвиенконы Федерация Кеңесінің Төрайымы болып қайта сайлануымен құттықтаған Сенат Төрағасы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының зор əлеуеті бар екенін атап өтті. Палата басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау жөнінде екі ел парламентшілерінің сындарлы қадамын атап өтті. Қ.Тоқаев Қазақстан Парламентінің Сенаты 9 қазанда тарихи құжатты
ратификациялау туралы заңды қабылдағаны туралы хабардар етті. Жүздесушілер екі ел парламент терінің жоғары палаталары арасындағы өзара іс-қимыл мəселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Одақтастық қаты настарды нығайтуда Сенат пен Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның маңызы зор. Қарашада Санкт-Петербургте комиссияның алтыншы отырысы өтеді. Қ.Тоқаев пен В.Матвиенко көпжақты пішімдегі ынтымақтастық туралы пікір алмасты. Сенат Төрағасы биылғы 27-28 қарашада Санкт-Петербургте болатын ТМД ПАА Кеңесінің
отырысына қатысуды жоспарлап отырғаны туралы В.Матвиенконы хабардар етті. «Қазақстан Парламенті ТМД Парламентаралық Ассам блеясының қызметіне түгелдей қолдау білдіреді, алдағы уақытта ықпалдастықтың жаңа көрсеткіштеріне табысты түрде қол жеткізу жəне Достастық аясындағы көкейкесті міндеттерді шешу үшін ТМД-ға мүше мемлекеттер парламенттерімен өзара тығыз ісқимыл жүргізуге ниетті», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасының пікірінше, бұл Қазақстан Парламенті жұмысының аса маңызды бағыттарының бірі. Халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді талқылай келіп, палаталар басшылары көптеген халықаралық мəселелер бойынша екі ел парламенттерінің көзқарастары үйлесетінін қанағаттанғандықпен атап өтті. Сенат Төрағасы ЕҚЫҰ
Парламенттік Ассамблеясының Женевада өткен сессиясы туралы В.Матвиенконы хабардар ете келіп, онда Қ.Тоқаевтың украин шиеленісін беделді халықаралық ұйымдардың, ең алдымен, ЕҚЫҰ-ның жəрдемімен келіссөз үдерістері арқылы шешуге шақырғаны туралы айтты. Жүздесушілер Украинадағы жағдайды реттеуге бағытталған Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың күш-жігерін жоғары бағалады. Қ.Тоқаев зардап шеккен Украина халқына гуманитарлық көмек өте қажет екеніне жəне қазақстандық тарап оны көрсетуге əзір екеніне назар аударды. В.Матвиенко Қ.Тоқаевты 2015 жылы Мəскеуге ресми сапармен келуге шақырды. Шақыру ризашылықпен қабыл алынды. Кездесуге сенаторлар Жеңіс Нұрғалиев жəне Владимир Бобров қатысты.
Хабарлар Үкімет жəне облыстық əкімдіктер сайттарының деректері негізінде дайындалды.
Оймақтай ой Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ. Халық нақылы.
● Заманмен үндес заңғар басылым
Атамекен Мəжілісте палата Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен «Оқушыларды оқулықтармен жəне оқу-əдістемелік кешендер мен қамтамасыз ету проблемалары мен шешімдері туралы» деген тақырыпта Үкімет сағаты өтіп, депутаттар тарапынан қызу талқыға түсті.
жүзеге асырылады. Бұл жұмыс үдерісін тек бейнебақылау арқылы монитордан қадағалап
Еліміз бойынша соңғы бес жылда машина жасау саласына 1 млрд. еуро инвестиция тартылған. Инвестиция жəне даму министрі Əсет Исекешевтің айтуынша, 2008 жылы инвестиция көлемі шамамен 10 млрд. теңге болса, былтыр бұл көрсеткіш 48 млрд. теңгеге жеткен. Астанада Қазақ ұлттық өнер университетінде V халықаралық скрипкашылар конкурсы басталды. Əлем нің талай елінен жиналған скрипкашылардың басын қосқан шараны Мəдениет жəне спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Қатысушылар И.С.Бах, Н.Паг ан и н и , И . Б р амс, П . Ч ай ковский, Д.Шостакович сынды айтулы композиторлардың шығармаларын орындайды. Елорда тұрғындары өз үйлерін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мемлекеттік бағдарламасына ұсына алады. Қазіргі таңда бағдарламаға қа ты сушылардың тізімі жасалып жатыр. Астана қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасының хабарлауынша, бүгінге дейін 31 тұрғын үй күр де лі жөндеу жүргізу тізіміне енгізілді. Қарағанды облысында ірі компаниялар мен басқа да кəсіпкерлер 184,3 млрд. теңгеге сауда жасаған. Өнеркəсіп жəне индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Төлеген Игембаевтың сөзіне қарағанда, тауарлар мен қызмет көрсету салаларында қазақстандық қамту үлесі 121,9 млрд. теңгені құраған. Бұл – жалпы үлестің 66,1 пайызы. Қызылорда облысында «Денсаулық сақтау жол картасына» соңғы жылда 2,5 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірде атқарылған жұмыстардың арқасында жергілікті халықтың туберкулезбен ауыратындары 14 пайызға, ал жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққандар 7 пайызға азайған. Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Қазақ-диқан ауылына табиғи газ тартылды. Бұдан бөлек Талдыбұлақ тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді. Жалпы, Меркі ауданына 44 ауыл қарайды. Оның 25-і табиғи газбен қамтылған. Ал «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауданға қарасты ауылдардың басым бөлігі таза ауыз сумен қамтылған. Ақмола облысында құны 2 млрд. теңге тұратын құс фабрикасы салынды. Аталған кəсіпорынға 148 000 құс əкелінді. Қазіргі таңда онда 54 адам еңбек етеді. Атырау кеденшілері соңғы 9 айда бюджетке 302 млрд. теңге кіріс түсірді. Облыстық кедендік бақылау департаментінің мəліметіне қарағанда, бұл қаржы өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық.
Таєылымы мол, əсері ерекше Уаќытпен бірге адымдап этнографиялыќ автоэкспедицияны Ќызылжар ґѕірініѕ жастары да ќўшаќ жая ќарсы алып, ќимастыќпен шыєарып салды
Президент Нұрсұлтан Назарбаев маңғыстаулық жастармен кездескенде «Менің елім – Мəңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» атты акция аясында еліміздің барлық өңірін аралап өтуді ұйғарған бастаманы қолдап, ізгі патриоттық шараларға толы жаңашылдыққа тілектестік білдірген болатын. Содан бері мыңдаған шақырым жол жүріп, Қазақстанды мекендейтін халықтың достығын, мəдениетін, рухани құндылықтарын талмай насихаттап келе жатқан автомобиль шеруі жексенбі күні атбасын Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғ.Мүсірепов ауданына тіреді. Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының шекаралық түйіскен тұсында аудан əкімінің орынбасары Алтыншаш Тайшабаева бастаған делегация жорықшыларды гүл шоқтарымен қарсы алды. Шашу шашылып, қоңыр домбыраның үні күмбірлеп, əуелете əн шырқалды. Облыстық жастар саясаты
жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Алмагүл Рамазанова мен Алтыншаш Жұлдызбекқызы жалпыға ортақ татулық пен келісім құн дылық тарына негізделген акция солтүстікқазақстандықтар тарапынан да үлкен қолдау тауып отырғанын жеткізе келіп, ауданның көрікті жерлерімен алып жүрді. (Соңы 2-бетте).
«Егеменнің» шығармашылық ұжымы қандай да биік деңгейге лайықты деп сеніммен айта аламын. Мен өзім басты мамандығым инженер болғандықтан, негізінен инженерия мен инновация тақырыбындағы дүниелерге көбірек ден қойып жүремін. Бұл жөнінде бас басылым бетінде тұшымды материалдар жеткілікті. Айталық, бұдан екі жыл бұрын ЭКСПО-2017 тақырыбы жөнінде де газеттің қарапайым оқырмандарына дер кезінде шұғыл танымдық сүбелі дүние ұсынған басылымның жеделдігіне тəнтімін. Ал тікелей өз басыма қатысты айтсам, «Егемен Қазақстанның» бетінде анда-санда материалдарым жарияланып тұратыны бар. Бұл арада көзімнің тағы бір анық жеткені – бас басылым авторлық баяндаулар мен тұжырымдарға қиянат жасамайды. Автордың стилі мен өзіне тəн жазу мəнерін бұзбайды. Осылайша ол өзінің əр авторының бойына үлкен сенім
орнықтырып, бұдан əрі де басылыммен байланысын үзбеуі үшін қолайлы жағдай туғызады. Бүгінгі БАҚ өкілдеріне қойылатын талап жоғары əрі биік. Егер олар белгілі бір уақытқа дейін болған немесе болуы мүмкін оқиғаның алдында жүрмесе, өз тартымдылығын жоғалтады. Əрі мұндай ақпарат құралы ешкімді қызықтырмайтын болады. Бұл тұрғыда да «Егемен» ұсынып жүрген өнеге аз емес.
Мұндай жетістікке егемендіктер өздерін өздері қамшылау жəне өздерін өздері жетілдіру арқылы қол жеткізіп келеді деген ойдамын. Өйткені, бүгінде елімізде журналистердің біліктілігі мен шеберлігін жетілдіретін өзге құралдар мен тетіктер жоқтың қасы. Болған күннің өзінде де əр газет өкілінің түйсікшілдігі тайыз болса, оның бір де бірі жаңашылдыққа жаршы бола алмайды. Біздің Қазақстан ақпараттық жəне телекоммуникациялық университет ұжымының профессорлық оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар «Егеменнің» осындай биік өрісі мен өресі үшін де жыл сайын тұрақты түрде жазылып келеді. Алдағы жылы да олар осы деңгей ден төмендемейді. Ақсерік ƏЙТІМОВ, Батыс Қазақстан облыстық мəслихатының депутаты.
ОРАЛ.