14102015

Page 1

24 саєат №196 (28674) 14 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ќауіпсіздік Кеѕесініѕ отырысы ґтті Мўєалім беделі біліктілігіне байланысты Отырыста Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ, əлемде қалыптасқан геосаяси ахуал талқыланды. Алғашқы мəселе бойынша Пре мьер-Министрдің бірінші орын басары Б.Сағынтаев сөз сөйле ді. Талқылауға Үкімет пен «Ата мекен» ұлттық кəсіпкерлер палата сының мүшелері қатысты. Мемлекет басшысы интеграциялық бірлестіктің əлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік

бермей отырған əлемдік нарықтағы қолайсыз конъюнктура мен өзге де сыртқы жағдайларға қарамастан, ЕАЭО-ның болашағы жарқын екенін айтты. Мемлекетаралық кооперацияны жолға қойып, экспортты ұлғайту үшін Қазақстан бизнесінің алдынан зор мүмкіндіктер ашылып отыр. Сонымен қатар, Қазақстанның əлеуметтік экономикалық дамуына жəне жалпы ЕАЭО-ның қызметіне теріс ықпалдар əсерін мейлінше азайту жөнінде шаралар қабылдау қажет.

«ЕАЭО – тек экономикалық бір лестік, ол экономика жəне сырт қы сауда аясында дамуға тиіс» деген Қазақстанның нақты ұстанымы атап өтілді. Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қорғау мен қолдау, олардың тауарлары мен қызметтерінің бəсекеге қабілеттілігін ЕАЭО-ға мүше елдермен қатар өңірлік ауқымда да арттыру жөніндегі шараларды əзірлеуге айрықша назар аударды. Талқылау барысында ЕАЭОға мүше барлық мемлекеттің кəсіпкерлері үшін тең жəне əділ бəсекелестікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, барлық елдің санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитарлық жəне ветеринарлық

ба қылау шараларын сақтау қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында күн тəртібіндегі өзекті халықаралық мəселелер, Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуал талқыланды. Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер мен тəуекелдердің алдын алу шараларын дер кезінде дайындау мақсатымен əлемде жəне өңірде болып жатқан үдерістерді жіті бақылау қажеттігін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша, Қазақстан Президенті Үкіметке бірқатар тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылауды Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратына жүктеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

А.А.Айымбетовке «Халыќ ќаћарманы» атаєын беру туралы

А.А.Айымбетовке «Ќазаќстанныѕ єарышкер-ўшќышы» ќўрметті атаєын беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан. №102

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Космонавтиканы дамытуға сіңірген еңбегі, «Союз ТМА16М» ғарыш кемесінде ұшу бағдарламасын табысты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан. №103

Єарышты шарлап ќайтќан жыр Биылғы жылы 2 қыркүйекте ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшу сапарына орай қазақ ақындарының батыр ұланымызға арнап жазған өлеңдерін аға басылым «Егемен Қазақстан» газеті бетінен оқып, халқымыздың қуанышқа ортақтасып жатқанын біліп, ауызбіршілігіне риза болып қалдым. Жалпы, ғарышкерлердің ғарышқа ұшу сапарының тұрақты куəгерлері байқоңырлықтар үшін де Айдынның ғарышқа ұшуы бұл жолы ерекше болғаны рас. Сол куəгерлердің бірі мен де батыр ұланымызға арнап төрт шумақ өлең жазғанмын. Бұл өлеңнің өзге өлеңдерден өзгешелігі – Айдынмен бірге ғарышты шарлап қайтқандығында. Өлеңнің ғарышқа ұшуына Ресей Федерациясы Ғарыш агенттігінің рұқсаты керек болғандықтан тосын қиындықтардың кездескені рас. Сондықтан бұл іске осы өңірдегі ұлтжанды азаматтардың бірі – Аэроғарыш комитетінің Байқоңыр ғарыш айлағында орналасқан «Инфракос» республикалық мем лекеттік кəсіп орын басшысы Əжмолдаев Мағауия Əділжанұлының көп көмегі тигенін айта кетуім керек. Өлең 2015 жы лы 5 қыркүйекте ғарыштағы Халықаралық ғарыш стансасында тіркелген жəне өлеңнің ғарышта болғаны Халықаралық ғарыш стансасы МКС – ISS мөрлерімен, сондай-ақ, ғарышкер А.Айымбетовтің қолымен куəландырылған. Ана тілімізде жазылған барша қазағы мыз дың Батыр ұлына деген тілегі ға рыш та бо лып қайтуы кейінгі жастардың пат риоттық сезімін жаңа бір биіктерге көтеруге септігін тигізер деген оймен ел газеті «Егемен Қазақстанға» жолдап отырмын. Қуандық ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ. Байқоңыр қаласы.

Сәт сапар! Байқоңыр – бұл ғарыштың баспалдағы, Ұласқан құс жолына аспандағы. Адамзат тарихында осы жерден, Жұлдызға Ұлы жорық басталғанды. Бетке алып көк аспанды зымырандар, Ғарышқа сапар шекті талай жылдар. Тəуелсіздік байрағын жұлдыздарға Жеткізді Талғатымдай Батыр ұлдар. Көк бөрінің ұрпағы, Қазақ – атым, Ежелден ер халық деп саналатын. Қасиетті Құранды айға апардық Ардақтап аталардың аманатын. Бүгін той, Байқоңырда ұлан-асыр, Ғарышқа Қазақ ұшып бара жатыр! Талғаттай ағалардың жолын берсін Сапарың сəтті болсын, Айдын-батыр!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіповті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында А.Сəрінжіпов Мемлекет басшысына білім беру жүйесінің дамуы жəне жаңа оқу жылына орай жүргізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады. Қазақстан Президенті əлемдік экономикадағы дағдарысқа жəне бюджет шығыстарын азайтудың мəжбүрліктен туған шараларына қарамастан, білім беру саласына бөлінетін қаражаттың қыс қартылмайтынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев мектепке дейінгі мекемелер инфрақұрылымын мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі негізінде дамыту қажеттігін де атап көрсетті. Мемлекет басшысы мұғалім мəртебесін көтерудің жəне еңбекақы өсімін оның біліктілік деңгейімен сəйкестендірудің маңыздылығын айтты. Қазақстан Президенті орта білім саласында Назарбаев зияткерлік мектептерінің тəжірибесі негізіндегі жаңартылған білім беру үдерісіне көшкен жөн екеніне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев кадр даярлау мəселесіне жұмыс берушінің араласу аясын кеңейту мəселесін техникалық жəне кəсіптік білім беру дің негізгі бағыты ретінде атап өтті. Сонымен қатар, ғылым сала сын дағы зерттеулер нəтижесін өндіріске енгізу ісіне

ден қойылу керек тігі айтылды. А.Сəрінжіпов оқу үдерісін ұйымдастырудың қазіргі ахуалы жөнінде баяндап берді. – Биыл елде 7,5 мыңнан астам мектеп 2,6 миллион оқушыға есігін ашты. Бірінші сыныпқа 345 мың оқушы барды, бұл былтырғы оқу жылына қарағанда 15 мыңға артық. 2015 жылы 173 мектеп пайдалануға берілді, 250 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Барлық мектеп оқулықпен қамтамасыз етілді, – деді Білім жəне ғылым министрі. А.Сəрінжіпов балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламасымен қамтылуы 84 пайызға жеткенін, бес жыл бұрын бұл көрсеткіш небəрі 30 пайыз болғанын айтты. Сондай-ақ, педагогтардың білімін жетілдіру жəне экономика үшін қажетті мамандар даярлау мəселесі де қарастырылды. – Соңғы екі жылда 123 мың мұғалім түрлі білім жетілдіру курстарынан өтті. Биылдан бастап озық 10 колледж бен 10 жоғары оқу орнында мақсатты түрде индустрияландыру бағдарламасы үшін кадр даярлау ісі қолға алынды, – деді А.Сəрінжіпов. Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

––––––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

● Мəселенің мəнісі

Жанармай жыры диќандардыѕ бас ауруына айналды Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Күзгі жиын-терін бел ортасынан асты. Ар жағында құлағы қылтиып көктемгі дала жұмыстары тұр. «Қыс шанаңды жазда сайла» дегендей, көктемде мол өнімнен дəмең болса қырау түскен күздің соңғы күндерінде жеріңді жыртып ал.

Бүгінгі нөмірде:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Айтуға оңай. Қиын болып жатқан себебі, тракторлардың жанар-жағармайы күрт қымбаттап кетті. Ал, алқапты үлкен соқамен дыр-дыр айырса аяққаптай кеудесі бір сырылдамайтын К-700 сияқты алып трактор солярканы бөшкелеп қылқ-қылқ ішеді. Шөлін бас, жемісіңді же. (Соңы 5-бетте).

 Иран парламенті елдің ядролық бағдарламасын мақұлдады. Құжатқа 161 депутат қолдап дауыс берсе, 59-ы қарсылық танытқан жəне 13-і қалыс қалған. Енді Иран 5 жыл бойы уранды 3,67 пайыздан артық көрсеткіш бойынша байытпайтын болады. Есесіне Тегераннан санкциялар алынып тасталады.  АҚШ-тың əскерикөлік ұшақтары Сирия оппозициясына «Ислам мемлекеті» делінген қарулы топпен күресу үшін 50 тонна оқ-дəрі жеткізді. Бұл туралы Пентагон өкілі полковник Стив Уоррен хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, оқ-дəрілер п арашютп ен тасталған.  Индонезия астанасы Джакартада будда орталығын полиция күзетке алып отыр. Өйткені, аталған ғимарат жанында екі жарылғыш құрылғы іске қосылған екен. Бұған «Ислам мемлекеті» делінетін қарулы жасақтың содырлары кінəлі деп танылып отыр.  Малайзияда контртеррорлық іс-қимылға қатысы бар деген күдікпен 92 адам тұтқынға алынған. Осылайша, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде радикалды исламшыларға қарсы күрес күшейе түсуде. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары да жанжақты жүргізілуде көрінеді. Алдағы жылдың қаңтар айында аталған елде АСЕАН-ға мүше сегіз елдің қатысуымен мəслихат ұйымдастыру да көзделіп отыр.  Қытайда аса ірі мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Ли Чуньчэн түрмеге қамалды. Оған 14 миллион юань (135 миллион рубль) көлемінде пара алды деген айып тағылуда. Енді ол 16 жылын түрмеде өткізетін болады. Бұл туралы «Ассошиэйтед Пресс» агенттігі хабарлады.  АҚШ президенті Барак Обама Сирияға қатыс ты Ресейдің стратегиясын сын тезіне алды. Оның сөзіне қарағанда, Ресей дұрыс саясат ұстанып отырған жоқ. Асад билікте тұрған кезде елде жағдай жақсармайды. Ал «Ислам мемлекеті» делінген топты жеңу үшін мемлекеттердің күш біріктіргені жөн болар еді.  АҚШ прези денттігінен үміткер Хиллари Клинтоннан журналистер: «Сіз неге ешқашан терлемейсіз?» деп сұраған кезде, сұраққа ол да қалжыңмен жауап қайтарған. АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы мұндай ерекшелігін өзінің адам емес, робот екендігімен түсіндірген. «Мен Калифорния штатындағы Пало-Альто қаласындағы гараждардың бірінде құрастырылыппын», депті Х.Клинтон.  Ресейдің Дамаскідегі елшілігі минометтен атқыланды. Бұл жөнінде дипломатиялық өкілдіктің қызметкері хабарлады. Сирия астанасындағы Ресей елшілігінің аумағына 2 мина келіп түскен. Дипломатиялық миссия қызметкерлерінің арасында зардап шеккендер жоқ. Алайда, айтарлықтай материалдық шығын келіпті. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.

Ислам ҚАБЫШҰЛЫ:

АРМАНЫМЫЗ БІР, Алыстаєан АСУЫМЫЗ БИІК алып тау 5-6-беттер

10-бет

¨ажылы ты ÁÅÊÇÀÒ абылдануы

13-14-беттер

7-бет

15-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.