Бүгінгі нөмірде:
№253 (28192) 14 ҚАРАША БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Болашаққа бағдар 2-бет Инвестор Вайзер түк бітірмей кетті 3-бет Біз араласпайтын сала жоқ 4-бет «Шаттық отаны» қалай өмірге келді? 5-бет
Өңір өмірі
Лаула, Зайсан алауы! Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Жылы жїзді жїздесу
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канада Сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы министрдің Қазақстанға сапарына ілтипатын білдіріп, оның екіжақты қарымқатынастарды дамытудағы маңызын атап өтті. – Қазақстан географиялық жəне климаттық өлшемдері жағынан, сондай-ақ, экономикалық құрылымы жөнінен көп жағдайда Канадаға ұқсас. Тəуелсіздік жылдары біз екіжақты қарымқатынастың белсенді дамуына мүдделі болдық. Мысалы, бізде ауыл шаруашылығы саласында өте қарқынды ынтымақтастық қалыптасып келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Канаданың сыртқы саясат ведомствосы басшысының сапары екі елдің түрлі салалардағы ықпалдастығын нығайтуға ықпал ететініне сенімін білдірді. Өз кезегінде Д.Бэрд қабылдау үшін алғыс айта келіп, өзінің Қазақстанда болуы екіжақты қарым-қатынасты одан əрі жақсартуға жаңа серпін беретінін айтты.
– Біз атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы шартқа қол қойы луын тағатсыз күтудеміз. Мен бұл ынтымақтастығымызды да мы тудың негізгі ұстынының бірі болады деп ойлаймын. Ауыл шаруашылығы саласында, оған жаңа технологияларды енгізу бағытында атқарылған жақсы жұмыстар бар. Біз сауда-экономикалық байланыстарды одан əрі дамытуға мүдделіміз. Сондай-ақ, саяси жəне дипломатиялық өзара ықпалдастыққа зор көңіл бөлеміз, – деді Д.Бэрд. Канада Сыртқы істер министрі Астанаға қатысты таңданысын білдіре келіп, жаңа елорданың құрылысы болашақ ұрпақ үшін лайықты мұра болатындай жарқын жетістік екенін атап өтті.
-----------------------------------------
Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңдық құжат талқыға салынды. Сондай-ақ, бұл күні депутаттар назарына ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты заң жобасы да ұсынылды.
Инвестициялыќ жобалар басымдыќќа ие Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бойынша негізгі баяндаманы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев жасады. Министрдің мəліметіне қарағанда, 790,6 млрд. теңгені құрайтын республикалық бюджеттің тапшылығы 80 млрд. теңгеге немесе ІЖӨ-ге қатысты 0,2%-ға төмендетілген. Биылғы жылдағы ішкі жалпы өнімнің номиналды көлемі 34 444,3 млрд. теңгені құрап, нақты өсімі жоспарланған 6 пайыздық деңгейде сақтала отырып 153,3 млрд. теңгеге жоғары болатыны анықталыпты. Экспорт көлемі 87 536,7 млн. АҚШ доллары болса, импорт 2 661,4 млн. АҚШ долларына ұлғайып, 53 834,0 млн. АҚШ долларын құрамақ. Сонымен, 2013 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 5 242,5 млрд. теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен (5 228,4 млрд. теңге) салыстырғанда 14,4 млрд. теңгеге ұлғайып отыр. Ал кірістердің болжамы (трансферттердің түсімін есепке алмағанда) 3 608,3 млрд. теңге немесе бекітілген көлемнен 20 млрд. теңгеге жоғары, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 6,9 млрд. теңгеге жəне салықтық емес түсімдер бойынша 13,1 млрд. теңгеге ұлғайған. Салықтық түсімдер 3 511,7 млрд. теңгені құрайды. Министр осы ретте корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 42 млрд. теңгеге азаю жағына нақтыланғандығын да ескерте
кетті. Оның басты себебі – металдар мен қатты пайдалы қазбаларға деген əлемдік бағаның төмендеуі. Жəне мұнайлық емес сектордың жалпы қосылған құнының өсу қарқыны 115,3-тен 114,6%ға төмендеуіне байланысты көрінеді. Республикалық бюджет шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 65,6 млрд. теңгеге төмендей отырып, 6 033,4 млрд. теңге сомасында көзделген. Бұдан басқа қысқартылған шығыстардың жалпы сомасынан жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер 23,8 млрд. теңге (17,7 млрд. теңге ағымдағы жəне 6,1 млрд. теңге дамуға) құрайтыны атап өтілді. Е.Досаев қосымша бюджет түсімдері мен бюджет тапшылығын 80 млрд. теңгеге (870,6 млрд. теңгеден 790,6 млрд. теңгеге дейін) азайту арқылы жалпы сомасы 100,0 млрд. теңге инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталатынын ерекше атады. Атап айтқанда, Жезқазған – Бейнеу теміржол желісін салуға 30,0 млрд. теңге; «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайтуға 30,0 млрд. теңге; ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындыққа 20,0 млрд. теңге жəне «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде Астана қаласының апатты жағдайдағы тұрғын үйін бұзу жөніндегі қанатқақты жобаны іске асыруға берілген «СамұрықҚазына» ҰƏАҚ» АҚ алдындағы кредитті қайтару жөніндегі міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау үшін 20,0 млрд. теңге бағытталатын болады. (Соңы 2-бетте).
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Жандары жайсаң, қойнауы қазынаға толы, табиғаты тамылжыған Зайсан өңірінде тарихи оқиға орын алды. Бұдан ширек ғасырдай бұрын «Сайханның» сапалы көмірін оңтүстік аудандар тұрғындары пайдаланып келсе, енді «Сарыбұлақтағы» көгілдір отын ел игілігіне жаратылатын болды. Зайсанның газын ұзақ жылдар зерттеген мамандар бұл өңірде 5 миллиард 200 миллион текше метр газ қоры бар екенін анықтап, құжаттармен бекітіп берген. Ал мұнайдың қоры əзірше 12,4 миллион тонна, ол əлі толық зерттеліп болған жоқ. Жоспар бойынша аудандағы 24 елді мекен газбен қамтылатын болса, оның 9-ы алғашқы кезекте газды тұтына бастамақ. «Тарбағатай мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылы құрылып, Зайсанның мұнайы мен газын игеруге алты жылда инвесторлар 39 миллиард 327,2 миллион теңге қаржы құйды. Серіктестіктің бас директоры Болат Еламановтың айтуынша, «Сарыбұлақ – Майқапшағай» газ құбыры магистралын тартуға 27,5 миллиард теңге жұмсалған. Оның ұзындығы – 92,5 шақырым. Құбыр арқылы жылына 0,6 миллиард текше метр көгілдір отын тұтынушыларға жетеді екен. Жұма күні Зайсанға облыс əкімі Б.Сапарбаев келіп, ең алдымен газды автоматты түрде бөліп тұратын станса жұмысымен танысты. Бұдан кейін орталық алаңда мемлекеттік рəміздер композициясының ашылуы мен «Алауды жағу» рəсімі болып өтті. Оған ауданның ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. «ҚазТрансГаз Аймақ»
жүргізген бірінші кезең жұмыстары ның сəтті аяқталуы нəтижесінде Зайсан жəне Тарба ғатай аудандарының елді мекендерін газдандыруға қажет технологиялық база жасақталғанын сенімді түрде айтуға болады. Бұл Шығыс Қазақстан облысының 2 ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көгілдір отынның келуі аймақтағы жұмыс істеп тұрған жəне алдағы уақытта ашылатын өндірістік кəсіпорындардың дамуына тың серпіліс береді. «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы Зайсанды газдандыру жұмыстарын іске асырумен қатар Шығыс Қазақстан өндірістік филиалын құрып, осы өңірде жаңа база құрды. Бұл «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы – тұрғындарды жəне кəсіпорындарды тауарлық
Əсерлі əѕгіме
біздің еліміздің осы уақыттар ішінде жеткен жетістіктеріне назар аударып, өз таңданысын жасырмады. Сөзін сабақтай келіп: – Бүкіл əлем Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан мемлекет екенін біледі. Сіздердің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау мəселесінде көшбасшы ретінде танымал, – деді. Тараптар халықаралық деңгейдегі мəселелер төңірегінде пікір алмаса келіп, Ауғанстандағы жағдайды реттеу жəне тұрақтылық орнату жайында да өз ойларын ортаға салды. Парламентаралық, соның ішінде екі палата арасында парламентаралық іс-қимылды
Бұдан кейін Мұнай жəне газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, Зайсан ауданының құрметті азаматы, жазушы Қалибек Алтыбаев сөз алып, тұрғындарды көгілдір отынның келуімен құттықтады. Айта кету керек, биылғы жазда көрші Қытайға да газ құбыры тартылған, еліміздің газын көрші мемлекет те тұтынбақ. Мердігер ұйым басшысы «Транс-Азия-контрактшейн» ЖШС-інің бас директоры Сүлеймен Атаниязов Зайсан газының болашағының зор екенін, аманшылық болса, мұнай бұлағы ағатын күннің де алыс емес екенін тілге тиек етті. Бұдан кейін орталық алаңдағы арнайы жабдықталған жерде алау жағылды. (Соңы 4-бетте).
Қазақстан судьяларының VІ съезі қарсаңында
Соны пікірлер, орныќты ойлар кїтіледі
Мəжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Канаданың Сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездесуі өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Нұрлан Нығматулин Канада Қазақстанның маңызды саяси жəне экономикалық əріптесі екенін баса айта келіп, аталған елмен ұзақ мерзімді жəне сындарлы қарым-қатынасты дамытудың қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, Мəжіліс Төр ағасы Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолында біздің еліміздің сауда-экономикалық салада, инвестициялық əріптестік, ауыл шаруашылығы, атом өнеркəсібі, сондай-ақ, инновация жəне «жасыл» технология бағыттарында ықпалдастықты күшейтуге ынталы екендігіне баса назар аударды. Джон Бэрд өз кезегінде
газбен қамтамасыз ету бойынша өз қызметін жүзеге асыра бастаған еліміздің тоғызыншы газдандырылған аймағы. – Зайсан ауданының тұрғындарын бүгінгі тарихи оқиғамен жəне келе жатқан ел Тəуелсіздігінің 22 жылдығымен құттықтаймын! Бұдан бұрын зайсандықтар «Сайханның» көмірін ширек ғасыр бойы тұтынып келсе, енді көгілдір газдың рахатын көрмек. Бүгінгі күні Зайсан қаласында газ құбырлары тартылып, нақтылы жұмыстардың жүргізілгенін көріп тұрмын, биыл қаланың 473 үйі газбен қамтылмақ. Оның ар жағында 24 елді мекен тұрғындары осы отын түрімен қамтылатын болады. Аудан жұртшылығын осы бір жарқын іспен құттықтаймын, игіліктеріңізге жаратыңыздар. Өмірлеріңіз гүлденіп, еліміздің даңқы арта берсін, – деді облыс əкімі Бердібек Сапарбаев.
Кеше Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев кезекті баспасөз конференциясында алдағы Қазақстан судьяларының VI съезіне қатысты бірқатар мəліметтерді ортаға салды. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».
нығайту жайы да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, қос мемлекеттің парламенттерінде құрылған ынтымақтастық жөніндегі топтардың да өзіндік ықпалы зор болмақ. Мəжіліс Төрағасы мен Канада Сыртқы істер министрі алдағы уақытта да пар ламентаралық байланыспен қатар, Қазақстан-Канада қатынасы одан əрі жан-жақты тереңдейтініне сенім білдірді.
Біздің еліміз бен қоғамда аса маңызды рөл атқаратын жəне жалпы құқықтық мемлекеттің негізін қалайтын сот жүйесіне мемлекет əрқашан назар аударып келеді, деді ол. Мемлекет басшысы үстіміздегі жылдың 6 қазанында Қайрат Мəмиді Жоғарғы Сот төрағалығына тағайындау барысында қазақстандық қазылардың кəсіби біліктілігін одан əрі арттырып, жалпы сот жүйесіндегі аса өзекті мəселелерді түбегейлі
шешу жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Қазақстанда 1996 жылдан бастап төрт жылда бір рет судьялар съезі өткізілуде. Онда сот жүйесіне қатысты өте маңызды шешімдер қабылданып тұрады. Алдағы 20 қарашада елордада Қазақстан судьяларының VI съезі болады. Осыған орай съездің күн тəртібі жəне осы уақытқа дейін атқарылған істер туралы сөз алған Судьялар одағының төрағасы Анатолий Смолин кеңінен əңгімелеп берді. (Соңы 12-бетте).