14112015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №219 (28697) 14 ҚАРАША СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

● Өзгеріс өлшемі – өндіріс

Ќалбырдаєы ўлттыќ таєамдар тўтынушылар тарапынан їлкен сўранысќа ие Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Дағдарыс өзінің шеңгелі мен қылбұрауын қанша жерден салса да, өзінің стратегиялық міндетін жан-жақты ойластыра білген кəсіпорындардың ұпайы түгел болып қала бермек. Бұл өз кезегінде өнім сапасын жəне оның қауіпсіздігі мен бəсекеге қабілеттілігін одан əрі көтеру деген сөз. Сонымен бір мезгілде шығарылған өнімді өткізу жөніндегі рынок шеңберін сақтап қана қоймай, оны одан əрі ұлғайтуды көздеген кəсіпорындарға қандай дағдарыс та қауіп туғыза алмайды. Орал өңіріндегі ет-балық, құс жəне көкөніс түрлерін өңдейтін баламасы жоқ кəсіпорын «Кублейді» дəл осы қатарға қоса аламыз. Өйткені, қазіргі нағыз дағдарыс жағдайында да кəсіпорынның тынысы одан əрі кеңеймесе, тарыла қойған жоқ. Тұрақты даму жолын алға ұстай білген отандық компанияның еліміздегі та мақ өнеркəсібінің өркендеуіне, ұлттық асханамыздың өрісі өсуіне қосып отырған үлесі қомақты. Биыл мұндағы өнім өндіру үлесі өткен жылмен салыстырғанда 10-15 пайызға өскені осы сөзіміздің дəлелі. Бұлай болатын жөні де бар екен. Экономикалық-қаржылық тұрғыдан бір ызғар мен салқындықтың лебін алдын ала сезген «кублейліктер» өткен көктем мен жаз айларында өндірісті өркендетудің кең ауқымды бағдарламасын жасақ тап үлгеріпті. Соған сай техно логиялық желілер қайта жарақтандырылудан өткізіліпті. Осы арқылы зауыт конвейерінен бұған дейін тұтынушыларға жол тартқан қалбырдағы тағам түрлері одан

əрі көбейген. Осы тұста «Кублей» өнімдеріне алдын ала мұқият сұрыпталған табиғи шикізат негіз болатынын айта кеткен жөн. Бүгінде ұлттық тағам дарымыздың артықшылығы мен азықтық жұғымдылығына, адам ағзасына тигізетін оң əсеріне жəне оның экологиялық тұрғыдағы жо ғары сапалық қасиеттеріне Дү ниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер тұтынушыларының көздерін жеткізіп үлгере алмай жат қанымыз жасырын емес. (Соңы 2-бетте).

№887

Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-кұжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерінде: реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: « Өндірушілердің өздері өндірген бензинді 1. (авиациялық бензинді қоспағанда) жəне дизель 10 500 540 отынын көтерме саудада өткізуі »; реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын: « Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) жəне дизель отынын бөлшек саудада 3. 11 000 600 өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы »; реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын: « Осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында 6. көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі бо- 10 500 540 лып табылатын акцизделетін тауарларды беру ». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МƏСІМОВ.

Этносаралыќ татулыќ берекеге бастайды Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мəдениеті» II Халықаралық медиа-форумының қорытындысына арналған брифинг өтті. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Мəжіліс депутаты Ахмед Мурадов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Нəзипа Шанаи, Еу ропалық интеграция ор талығы ның директоры Юрий Шевцов (Беларусь Республикасы), «Əл-Арабия» телеарнасының жүргізушісі, саясаттанушы Хадж Басель (Сирия Араб Респуб ликасы), «Вести сегодня» газетінің шолушысы Владимир Решетов (Латвия) жəне журналист-саясаттанушы, ТМД елдері сарапшылары лигасының мүшесі Тофиг Аббасов (Əзербай жан) қатысқан бұл жиында ҚХА-ның «Бейбітшілік пен ке лі сім мəдениеті» II Халықаралық медиа-форумының маңыздылығы, онда қозғалған мəселелердің өзектілігі əңгіме арқауына айналды.

Бірінші кезекте сөз алған Мəжіліс депутаты Ахмед Мурадов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сəй кес, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында ауқымды шаралар атқарылғанына тоқталды. Оның айтуынша, Ассамблея құрылғалы бері халықпен, жергілікті атқарушы билікпен тығыз байланыс орнатып, нəтижелі жұмыс тар атқарған. Қазіргі таңда этносаралық татулықты жүзеге асыру бағытындағы қазақстандық модельдің қалыптасуы осы қоғамдық институттың жемісті қызметінің бір көрінісі. Сондай-ақ, депутат Ассамблеяның шетелдік əріптестерімен түсіністікпен жұмыс істеп отырғанын, Қытай, Оңтүстік Корея жəне Ресей сынды мемлекеттерге іссапарлар ұйымдастырылғанын атап өтті. (Соңы 2-бетте).

Бїгінгі нґмірде:

3-бет

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ел игілігі үшін аса маңызды шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы жəне Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырды. Конференцияға қатысушылардың негізгі мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасына сəйкес, 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарының мазмұны мен басым бағыттарын халыққа түсіндіру, реформада белгіленген шаралардың республика көлемінде жүзеге асырылу барысы жөнінде кеңінен

ақпарат беру, алда тұрған күрделі міндеттерді талқылау бол ғандықтан да алқалы жиынға қатысушылар бірден іске көшті. Жиналыс модераторы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Динар Нүкетаева алғашқы сөзді конференцияның құрметті қонағы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Əбдіқалықоваға берді. (Соңы 2-бетте).

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев тұрғын үй құрылысы жəне ТКШны дамыту мəселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

«Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Баянды болашаќ бастауы

Мемлекеттік хатшы Гїлшара Əбдіќалыќованыѕ ќатысуымен «100 наќты ќадам – халыќаралыќ реформалар жоспары» атты єылыми-тəжірибелік конференция ґтті

Назарда – тўрєын їй ќўрылысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 6 қараша

Гендерлік мəселе жəне ўлттыѕ ўйысуы

Алаѕдатќан ахуалдар мен кїрделенген кїмəндар 4-бет

Ќўндылыєына ќўнтты

ƏКЕ 5-бет

8-бет

Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» партиясының, депутаттар корпусының, «Бəйтерек» холдингінің, жергілікті атқару органдарының өкілдері қатысты. 2015 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы көлемі 7,1 млн. шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Қазірдің өзінде 7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Тұрғын үй құрылысына 586,6 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Республикалық бюджет пен Ұлттық қор қаржылары есебінен, атап айтқанда, жергілікті атқару органдарында кезекте тұрғандар үшін арендалық тұрғын үй құрылысы (жыл басынан бері 86 мың шаршы метр тұрғын үй пай далануға берілді), жас отбасылар үшін (57,4 мың шаршы метр), тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй (118,4 мың шаршы метр), «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ»

АҚ желісі бойынша тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Оның сыртында, «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру да тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған. 2015-2016 жылдары Ұлттық қор қаржылары есебінен 180 млрд. теңге мөлшерінде тұрғын үй құрылысын жəне қажетті инженерлік инфрақұрылымдар тартуға қосымша қаржыландыру жүзеге асырылатын болады. Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының əкімдеріне мемлекет қаржылары есебінен 2015 жылы іске қосылатын тұрғын үйдің жоспарланған көлемін қамтамасыз етуді, салынған жəне берілген пəтерлерді бөлу үшін кезектегілердің ішінен тізімді уақтылы қалыптастыру, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы нысандарына қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тартуды тездету жөнінде тапсырмалар берді.

● Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың жаңа кезеңі басталды. Бұл ортақ қолданыстағы нысандарды пайдалану жүйесін жақсартуға жəне «Нұрлы Жол» бағдарламасын аталмыш сала бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ● Ұлттық банк «М.Ғабдуллинге 100 жыл» жəне «ЕАЭО» ескерткіш монеталарын айналымға шығарады. Монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны дайындаған. ● Қазақстан жастары «Жасыл ел» бағдар ламасының 10 жылдығы ішінде 48 млн. көшет отырғызды. Осы уақыт аралығында жасақта 1629 жас аралығындағы 230 мың жас қызмет етті. ● «Қазатомөнеркəсіптің» 10 еншілес кəсіпорын кеңсесі Алматыдан уран өндірілетін аймақтарға қоныс аударды. Аталған шаралар еншілес кəсіпорындардың əкімшілік шығындарын қысқарту арқасында «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ қызметін оңтайландырып, тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. ● Оңтүстік Қазақстан облысы Бəйдібек ауданы Шаян ауылына табиғи газ жетті. Бүгін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырынан тартылатын «Шалдар» автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылды. ● Көкшетауда қаржы саласының үздіктері облыс əкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыс орталығындағы «Достар» мəдениет сарайында өткен басқосуға өңірдегі барлық қаржы саласының басшылары мен мамандары жиналды. ● Қостанай облысының əкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ арасында меморандум жасалды. Жергілікті билік жолды сапалы ұстауға арналған жол-құрылыс техникасын қамтамасыз ету мəселелерін бақылауға міндеттеме алды. ● Атырауда құны 3 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын фармацевтикалық зауыт салынады. Ол жоспарланған қуатына шыққаннан кейін 800 млн. таблетка, 3 млн. сықпа əртүрлі майлар, 20 млн.-ға жуық құты тамырға жіберілетін ерітінділер шығаратын болады. ● Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 6 мыңнан астам сəби дүние есігін ашты. 2015 жылғы 1 қазанда облыстың халық саны 569,7 мың адамды құрады, оның ішінде 247,4 мың адам қалалық жерде, 323,3 мың адам ауылдық жерде тұрады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

● Заманмен үндес заңғар басылым

Салиќалы маќалаларын ыждаєатпен оќимын Егемен еліміздің бас газеті ғой, бұны əзір үлкені бар, кішісі бар, қарты бар, жасы бар, өнерлі адамдар да, біздер де бұл газетке ерекше сыйластықпен қараймыз. Бұл газеттің артықшылығы сонда – бүкіл тереңдегі тарихымыздан тартып, бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының, еліміздің сан алуан ұлттардың басын біріктіріп, достық пен бірлігімізді өзге елге паш етіп отыр. Білгенге биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы дейтін керемет те ғажайып ұлы оқиға болды. Сонау Алтайдан Атырауға дейін, оңтүстіктен солтүстікке дейін Қазақ елінің жерінде Алаш бабамыздың аруағын, қас қағым сəттердің бəрін көтеріп, халқымыздың тари хындағы зор тұлғалардың рухын аспанға көтерді. Сондықтан да бұл газеттің құдірет-қасиеті, парасаттылығы менің ылғи жүрегімнен, ойымнан шығады. Біз енді өнер адамы болған соң, кемшіліктерімізді де, зор табыстарымызды да осы егемен газетіміздің бетінен көреміз. Қаншама өнер саласындағы біздің тұлғалы бабаларымыз да еске алу сəттерін кейінгі ұрпақтарымызға

то лығымен жеткізіп отырады. Дəл қа зір 550 жылдығымызға орай өткен мерекеде жерімізді де, көгімізді де, батырларымыздың қан төгіс қырғындарын шынайы етіп, рухын көтеріп жеткізген осы «Егемен Қазақстан». Басылым сонымен қатар, əдебиет саласынан да, саясаттан да əмбебап. Сонан соң, өте тиянақты, өте түсінікті етіп, қарапайым халқымның жүрегіне жеткізіп айтады. Мысалы, көршілеріміз жапон бар, қытай бар. Осы Қытайдағы ұлы халықтың дəстүрлеріне, еңбек сала сындағы, қытайдың: «Құлдай болып жұмыс істесең, пілдей боласың»

деген мақалы бар. Осы халықтың еңбекқорлығын, тайлы-таяғымен жанын сала жұмыс істейтін қасиеттерін біз осы «Егемен Қазақстан» газетінен оқып жүрміз. Сонан соң, жапон халқының басында үлкен қасірет болды ғой, 2011 жылы. Жер қозғалысы, атом электр стансасының күйреуі, теңіздің 40 метр аспанға көтеріледі. Осы тұста мыңдаған адамынан айырылған ел өзінің қайсарлығын көрсетті. Не деген салқынқанды, ұстамды халық. Ешкімге алақан жайған жоқ. Сонда газет бетінде осы жай бір бетке талдап жазылғанда, бас көтермей оқып шықтым. «Егеменде» осындай салиқалы танымдық мақалалар көп. Соның бəрін оқып шықсаңыз, көп нəрсеге үйренесіз, парасатты боласыз. Сол халықтың өте салмақты ел екеніне таң қаласыз. Енді айта берсек əңгіме көп, «Егемен Қазақстан» барлық саланы қамтиды. Сонан соң барлығынан құлағы түрік, хабардар. Сəбит ОРАЗБАЕВ, Қазақстанның халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

АЛМАТЫ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.