Бїгінгі нґмірде:
№275 (28214) 14 ЖЕЛТОҚСАН СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Еѕ лайыќтыларєа – елдіѕ ерекше ќўрметі
Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Тəуелсіздік күні қарсаңында бір топ азаматқа мемлекеттік, қоғамдық жұмыстар мен ғылым мен өнерде қол жеткізген айрықша табыстары үшін Мемлекеттік сыйлықтар мен атақтар тапсырды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Елбасы Н.Назарбаев алдымен жиналғандарды еліміздің ең басты мерекесі – Тəуелсіздік күнімен құттықтады. Қазақта «Еңбегіне қарай құрметі» деген қанатты сөз бар. Қалыптасқан дəстүр бойынша мен бүгін – Қазақстанның ұлық мерекесінің қарсаңында елімізге айрықша еңбек сіңірген азаматтарға мемлекеттік марапаттар тапсырамын, дей келіп, Президент Мемлекеттік сыйлық мемлекеттің өсіп-өркендеуіне жан аямай үлес қосып жүрген азаматтарға берілетінін атап көрсетті. Оны жеке азаматтың ғана емес, тұтас еліміздің табысы деп санау керек. Бүгінгі бағындырған биіктеріңіз əр уақытта сіздер үшін баянды болсын. Осылай деген Елбасы Мемлекеттік сыйлық алған азаматтарды шын жүректен құттықтады. Одан əрі ол татулық пен тыныштықты басты байлығы деп санайтын елдің Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Бейбітшілік жəне прогресс
сыйлығы» бар екенін еске салып, 2013 жылғы сол сыйлық атақты ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовке тапсырылатынын айтты. О.Сүлейменов еліміздің мəдени-рухани өмірінің өсіп-өркендеуіне, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, Тəуелсіздік жылдарында халқымыз бірлігінің нығаюына, Қазақстандағы татулық пен тыныштықты дүниежүзіне паш етуге сүбелі үлес қосып келе жатқан айтулы азаматымыз, дей келіп, ол құрған «Невада-Семей» қозғалысының ядролық сынақ полигонын жабуға үлкен көмек көрсеткенін де атап өтті. Одан əрі Президент ғылым мен техника саласында берілетін Мемлекеттік сыйлықтар тапсырылатынына да тоқталды. Тəуелсіздікті тұғырлы етуге ғалымдарымыздың қосқан үлесі де қомақты, деді осы орайда Мемлекет басшысы. Соның ішінде сыйлық халықаралық деңгейдегі математикалық проблемаларды шешуге ұсынған ғылыми мəні зор еңбегі үшін Тынысбек Кəлменовке, қазіргі медицина саласындағы озық технологияларды енгізуге қол жеткізген Серік
Телефон арќылы сґйлесті
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Əңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелерін жəне желтоқсанның аяғында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Мəскеуде өтетін алдағы жоғары деңгейдегі кездесудің жайын талқылады. Бұған қоса, мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды, «Байқоңыр» ғарыш айлағын бірлесіп пайдалануды қоса қамтитын келісімдерінің табысты жəне толық орындалғанын, сондай-ақ, екі елдің əскеритехникалық ынтымақтастығының жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. Соңында Қазақстан Президенті Ресей Президентін Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысында жыл сайынғы Жолдауын табысты жариялауымен құттықтады.
Ақшолақов басқаратын «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының» ұжымына, маңызы зор ғылыми қолданбалы сала – картографиялау ісіндегі жемісті жұмыстары үшін осы саланың бір топ географ-ғалымдарына берілетінін жеткізді. Ел игілігі үшін тер төгіп, ізденістер арқылы зор жетістіктерге жеткен адамдар қашанда ерекше ілтипатқа лайық. Соның дəлелі – олардың елдің зор марапаттарына қол жеткізгендігі. Осылай дей келіп, Елбасы лайықтыларды наградтады. Өзіне Тұңғыш Президенттің «Бейбітшілік жəне прогресс сыйлығы» тапсырылғаннан кейін ақын Олжас Сүлейменов Елбасына өзіне көрсетілген құрмет үшін үлкен алғысын айтты. Мен Президенттің осы сыйлығында көрсетілген жұмыстарымды, Құдай бұйыртса, одан əрі де жалғастырамын, деді ол. Айта кетерлігі, «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» ұжымында Мемлекеттік сыйлыққа ие болғандар арасында бөлімше меңгерушілері Талғат Керімбаев, Ербол Махамбетов, Айса Нұрпейісов, Марат Рабандияров, Нұржан Рыскелдиев, Атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы үшін сыйлық алғандар қатарында «Парасат» АҚ география институтының директоры Ахметқали
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
Қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының əлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін: жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін Ералиев Абзал – «Абзал и К» толық серіктестігінің Жұмашұлы директоры, Қызылорда облысы Пя Юрий – «Кардиохирургия ұлттық ғылыми Владимирович орталығы» АҚ басқарма төрағасы Сауэр Иван – «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас Адамович директоры, Ақмола облысы. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 9 желтоқсан. № 707
Медеу, бас ғылыми қызметкер Фарида Акиянова, ғылыми-методикалық орталықтың жетекшісі Əлия Бейсенова, лаборатория жетекшісі Виктор Благовещенский, т.б. болды. Сонымен қатар, Елбасы Н.Назарбаев осы күні əдебиет пен көркемөнердің бір топ өкілдеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын берді. Олардың арасында əншілер Қарақат Əбілдина, Сембек Жұмағалиев, əртістер Нұрлан Əлімжанов, Венера Нығматулина, балетмейстер Əлила Əлішова, журналист Ерлан Бекхожин, жазушы Смағұл Елубаев, ақын Ұлықбек Есдəулет, дизайнер Тимур Сүлейменов жəне т.б. болды. Марапаттау рəсімі аяқталған соң Елбасы Н.Назарбаев оларды жоғары наградаларымен құттықтап, денсаулық жəне шығармашылық жаңа табыстар тіледі. Сонымен қатар, өзінің Жарлығымен Тəуелсіздік күні мерекесіне орай 1500-ден астам адамның марапат талғанын, оларға наградаларын Президенттің атынан жергілікті жерлер де əкімдер мен орталық органдардың басшылары тапсыратынын айтты. Баршаңыздың марапаттарыңыз құтты болсын, деді Елбасы сөзінің соңында. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
ХРОНИКА Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды; Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаев Қа зақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметі не та ғайындалды, ол Қазақ стан Республи ка сы Президенті Əкім шілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.
Ерен еѕбек еленді
Еліміздің Тəуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жар лығымен елдің əлеуметтік-эко номикалық жəне мəдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі жəне белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында мəдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, əскери қызметшілер, спортшылар, соғыс жəне еңбек ардагерлері бар. (Соңы 6-бетте).
Жасампаздыќ жолдауыныѕ жемісті жылдыєы 4-5-беттер Ќастерлі ќўндылыќ 7-бет Ўлт денсаулыєыныѕ тірегі – єылыми медицина 10-бет «Жас тўлпар» – жалын жїрек жастарєа 14-бет
ТƏУЕЛСІЗДІК ТАБАЛДЫРЫЄЫНДА Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен журналист Сауытбек Абдрахмановтың сұхбат кітабынан – Нұрсұлтан Əбішұлы, бүгінгі сұх бат Тəуелсіздікке дейінгі кезеңді түйіндеуге тиіс. Сіздің атыңызға алдын ала жазба түсіргенімде ендігі əңгімеңіз Тəуелсіздік қарсаңындағы кезеңге арналса, оның мəтіні газетте Тəуелсіздік күні қарсаңында жарияланса деп өтініш айтқаным сондықтан. Мұның алдындағы əңгімеңіздің негізінде жазылған «Сын сағаты соққанда» деп аталған тарауда сіздің республика басшылығына келеріңіздің алдындағы оқиғалар сөз болған. «Мен өзімді республика партия ұйымының басшысы етіп сайлаған пленумнан шыға сала, Алматының машина құрылысы зауытына барып, жұ мысшылармен кездестім. Менің бірінші хатшы болып сайланғанымды олар білген де жоқ. Сол арада өзім айттым. Сөйтіп, жаңа қызметіме алғашқы құттықтауды жұмысшы қауымынан алдым. Дəл сол күндері Қарағандыда шахтерлер ереуілі басталды. Дереу сонда баруға тура келді. Бұл жеке əңгіме», деген едіңіз. Тəуелсіздік қарсаңындағы кезең жайындағы сөзіңізді сол оқиғадан бастасаңыз деймін. – Қазақта «Басы қатты болса, аяғы тəтті болады» деген сөз бар ғой. Иə, жаңа қызметке кірісер-кіріспесте осындай жайсыз жағдаймен бетпе-бет келгенбіз. Қарағандының «Тентек» шахтасы бастап, басқалары қостап, бірнеше күн бойы көмір өндірілмей қалу қаупі төнді. Жалпы, ереуіл атаулы қай кезде де қауіпті. Ал сол кезде тіпті қатерлі болатын. Экономика ереуілдерді көтере алатындай жағдайда емес еді. Мұның бəрі Қазақстанда металлургия, машина жасау кəсіпорындары ассоциациясын құру идеясы туындаған кезден басталды. Ол уақытта қатып қалған қасаң қалыптарды бұзу оңайға түспейтін. Ол уақытта деймін, жалпы, қай заманда да, қай қоғамда да бұл оңай болмаған. Сол кездегі тəртіпті нығайту, ұйымшылдықты күшейту, тұтастай алғанда экономиканы басқаруды жақсарту жөніндегі біздің жұмысымыз реформа жолындағы қолдан жасалған кедергілерді алып тастауға бағытталған еді. ХІХ партия конференциясы мен КСРО халық депутаттары І съезінің шешімдері де соған міндеттейтін. Бірақ, Орталық қандай шаруаны да «жоғарыдан» айтылатын артықауыс ақылсыз жасауды кешіре алмады. Қарағанды шахтерлері ереуілге шығу арқылы, əрине, экономикалық тұрғыдан да, саяси тұрғыдан да тəуекелге, тіпті қауіпті қадамға барды. Едəуір шығынға ұшыратқанымен, ереуілдің əміршілəкімшіл жүйенің қатып-семіп қалған қағидаттарына əсер-ықпал жасайтындай моральдық күш-қуат бергенін, тұтастай алғанда түпкі мəні жағымды болғанын айту жөн. Осы арқылы жұмысшы табы қайта құруды сөз жүзінде емес, іс жүзінде қолдайтынын көрсетті, басталған жаңғыруларға ашық та, жасырын да түрде қарсылық білдіретіндерге қатаң ескерту жасады. Шахтерлер заң жүзінде бекітілген кəсіпорындар дербестігі нақты істе неге жоқ деп мəселені қабырғасынан қойды. Мен Қарағандыға барысымен қонақ
үйге де түспестен əуежайдан тіке орталық алаңға тарттым. Жаз кезі. Шыжыған ыстық күннің астында сағаттар бойы бетпе-бет сөйлестік. Қарағандыдағы ереуіл белгілі бір дəрежеде Кузбасс пен Донбасстағы кеншілер белсенділерімен жақын байланыс орнатудан да шыққан. Ондағы да, мұндағы да проблемалар ұқсас. Одақтық екі министрді сол күніақ Мəскеуден шақыртып алып, кеншілер алдында жауап бергіздік, қордаланып қалған мəселелерді шешу жөніндегі уəделерін алдық. Шахтерлер түптің-түбінде менің уəждеріммен келісті. Кейіннен республикадағы барлық қоғамдық бірлестіктердің басшыларымен бір жыл мерзімге ереуілдерге мораторий жариялау жөнінде уағдаластық жасалды. Мораторий шарты сақталды. Оның мерзімін ұзарту қажеттігі болған жоқ. Республикадағы жағдай тұрақты қалыпқа түсті. Шахтерлер ереуілінен біз көп тағылым алдық. Ең бастысы, ереуіл жұмысшылар экономикалық тетіктерді жаңғырту жө ніндегі жоғарыдан түсіп жатқан нұсқау-тапсырмаларды қабылдай алмай тынын көрсетіп берді. Мұның өзі кəдімгі бір қоңырау сияқты еді, біз Қарағандыдағы жағдайды реттемесек, ол ертең Павлодарда, бүрсігүні Өскеменде деген сияқты жалғасып кете баруы əбден мүмкін болатын. Сол тұста республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында сөйлеген сөзімде мен мұндай ереуілдердің тағы бір толқынына ел эконо микасы шыдас бере алмайды дегенді ашық айтқанмын. Ондай оқиғалар жалғасын тапқанда, экономикалық көрсеткіштердің төмендейтінін былай қойғанда, адамдардың əл-ауқатын жақсарту бағытында жаңа ғана қолға алынып жатқан шаруаларымыз жүзеге аспай қалатын еді. Абырой болғанда, шахтерлерге осыны түсіндіре білдік. Олардың талаптары қанағаттандырылысымен, ереуіл комитетінің жұмысқа шығу жөніндегі шешімі бірден-ақ орындалды. Қарағандыдағы ереуілден кейін халықпен етене болу, жұртшылықпен ашық сөйлесу, өзіміздің мүмкіндікпенақ шешіп тастауға болатын мəселелерді кейінге қалдырмау қажеттігі əркімге де анық көрінді. Шахтерлер ереуілі еш кеткен жоқ. Айлар бойы Орталықпен жүргізілген əңгіменің, келіссөздердің арқасында 1991 жылдың жазында, яғни Тəуелсіздікке дейін-ақ менің Көмір өнеркəсібі министрі Щадовпен, Металлургия министрі Сосковецпен, Радиоөнеркəсіп министрі Шимкомен кездесуімнің нəтижесі бойынша коммюникеге қол қойылды. Ол коммюнике кəсіпорындардың Қазақстан юрисдикциясына көшуін тиімді əрі қажетті деп таныды. Бұл нақты тəуелсіздікке жасалған нақты қадам еді. Қарағандыдағы ереуілдің бір тағылымы – кəсіподақ комитеттерінің рөлі əбден төмендеп кеткендігін көрсеткені. Шахтерлермен оншақты рет кездескенімде солардың арасынан бірде-біреуі жергілікті кəсіподақ басшылары туралы бір ауыз жылы пікір айтқан жоқ.
(Соңы 2-3-беттерде).
ЖАСАМПАЗДЫЌ ЖОЛДАУЫНЫЅ ЖЕМІСТІ ЖЫЛДЫЄЫ «Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз».
Бұл сөздердің айтылғанына дəл бүгін дəл бір жыл толып отыр. 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» аталатын тарихи Жолдауын жария еткен еді. Иə, Елбасымыздың мемлекеттің қалыптасу кезеңі табысты аяқталғанын, «Қазақстан-2030» Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалғанын мəлімдеп, жаңа, аса биік межені алға тартқан – «Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс» деп ұлы мақсатымызды айқындаған бұл Жолдауы – тарихи құжат. «Егемен Қазақстан» газеті Тəуелсіздік тойының қарсаңында «Қазақстан-2050» Стратегиясының алғашқы жылдығына айқарма бет арнап отыр.
---------------------------------------------------
Айқарма бет материалдарын газеттің 4-5-беттерінен оқи аласыздар.