Бїгінгі нґмірде: Орындауда олќылыќтарєа жол берілмеуі тиіс Нарынќол №8 (28232) 15 ҚАҢТАР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Экспорт алынбас ќамал емес «Егемен Қазақстан».
Есік ашқан жыл да « Найдаров» үшін жағымды жаңалық ала келді. Үдемелі индустриялықинновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық үйлестіру кеңесінің отырысында «Тары өндірудің желісін іске қосу» жобасы қолданылып, құлашты кеңейтуге тағы бір қадам жасалды. Бұл жоба биыл, дəлірек айтқанда, қараша айында орындалуға тиіс. Онда көзделгендей, өсірілген дақылдардан бұдан былай қарай серіктестіктің өз күшімен ұн тартылып, дайын өнім ретінде сатып алушыларға тікелей ұсынылады. Мұныме н бірге, жылына 4 мың тонна тары, арпа, бұршақ жармасын дайындау ісі жолға қойылады. Сөйтіп, бұған дейін зығыр егу көлемін көбейтіп, күнбағыс өсіруді де ұлғайтқан шаруашылыққа жаңа пайдалы істі дамыту табысты есегелі тұр. – Астық өндірісімен ғана шұғылданып келген серіктестігі міздің əлемдік рынок сұраны сына орай дақылдардың əр түрін өсіруге көңіл бөлуі уақыт
талабы болып табылады. Соның арқасында Еуроодақ пен Азияның 16 еліне өнімдерімізді өткізуге мүмкіндік туды. Экспорт алынбас қамал емес екен. Күні кеше армандай көрінуші еді. Бастапқы мақсатымызға жеттік. Бұдан арғы міндет – өнімдерімізді одан сайын өтімді ете түсу, – дейді «Найдаров» жетекшісі Павел Лущак. Серіктестіктің егіншілікті де, еңбекті де ұтымды ұйымдастыра білудегі үлгілі ізденістері көп. Мəселен, 15 мың гектар егістік алқаптың 85 пайызы ылғалды ұзақ сақтау технологиясы бойынша егіледі. Жергілікті табиғат ерекшелігіне бейімделген зығырды өсіруді 4 есеге ұлғайту да жайдан-жай емес болды. Бұл шаруашылық рентабельділігін бидайға қарағанда 2,5 есеге көтеруге септігін бір тигізсе, өте өтімді өнім ретінде де танылды. Ол нег ізінен АҚШ тұтынушылары сұранысына ие. Осылайша, серіктестік аймақтағы ауылшаруашылық құрылымдары арасында басты эскпорттаушыға айналып келеді.
дамытудың келешегін талқылады. Қ.Тоқаев Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хат шылығының кезекті отырысы үстіміздегі жылғы 17-18
Ќолжетімді баспана ќымбаттай ма?
Баспана бағасы қымбаттағалы тұр. Əрине, бұрын да арзандығы шамалы болатын. Оған соңғы 12 жылда тұрғын үй бағасының 600 пайызға дейін өскені дəлел болар. Алайда, құны шарықтаған сайын алыстағы арманға айналған баспана жайын «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы аз да болса жақындатқандай еді. Бірақ қолымыз əлі жетіп үлгермеген қолжетімді үйдің де бағасы қымбаттауды қажет етіп отыр екен. Яғни «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында салынатын баспананың құны əрбір шаршы метрге 5-10 мың теңгеге артпақ. Бұл жөнінде кеше Үкімет отырысында Өңірлік даму министрі Болат Жəмішев ұсыныс айтты.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Ќолжетімдіге де ќол жетпей барады
Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде өткен Үкімет отырысында «Қолжетімді тұрғын
«А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларын жəне «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларына қосымшасын 5-беттен оқисыздар.
Қарағанды облысы.
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана жəне Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.
Ж ү з д е су ш іл е р Қ аз а қст а н Президенті Н.Ə.Назарбаевтың бастамасына сəйкес қазіргі замандағы ең өзекті мəселелер бойынша дінаралық үнқатысуды
«Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына сəйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған «А» корпусы мемлекеттік əкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік қызмет өткеру тəртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы №357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №15, 141-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тəртібі туралы ереже: мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын: «43-1. Тестілеу ресімдерін техникалық қамтамасыз етуді, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған деректер базасын сүйемелдеу мен əкімшілендіруді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін жинауды, өңдеу мен қорғауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға жүзеге асырады.»; 2) «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мəселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №17, 212-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін жəне өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау жəне қызметтен босату тəртібі туралы ереже: мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметіне жататын лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларында көзделген тəртіпте жоспарлы ротациялау шеңберінде жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметіне жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу ресіміне қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларында айқындалады.». 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 13 қаңтар. № 721 -----------------------------------------------
Бұдан төрт-бес жыл бұрын артылған өнімді өткізуге қиналушы серіктестіктің енді оны қайда да жөнелтуге жолы кең. Əсіресе, дəнді дақылдардың түр-түрін өсіруге, егіншілікті əртараптандыруға барынша бетбұрыс жасалудан бері сыртқы рынокта бəсекелестікте мысы басым бола түсіп отыр.
Митрополитпен кездесті
үй -2020» бағдарламасының орындалу барысы жайында баяндаған Б.Жəмішев оған бірқатар өзгерістер енгізу қажеттігін алға тартты. Министрдің айтуынша, бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйдің шаршы метрінің бүгінгі құны баспана құрылысына шын мəнінде жұмсалатын шығыстарға сəйкес келмейді. Мəселен,
3-бет Ќайта оралєан Кітап 6-бет Анасына бауырын бґліп берген... 7-бет
«А» корпусыныѕ мемлекеттік əкімшілік ќызметшілеріне ротация жїргізу ќаєидаларын бекіту жəне Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ кейбір жарлыќтарына толыќтырулар енгізу туралы
«Найдаров» ЖШС ґнімдерініѕ Еуроодаќ пен Азияныѕ 16 еліне ґтімділігімен бірге бəсекелестігі де ґсіп отыр
Айқын НЕСІПБАЙ,
назардан тыс ќалып барады
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ел тынысы: мың бір мысал
Өндірісті өңірдің астықты аймағы саналатын Осакаров ауданында бүгінде осы байлық көзі арқылы жетістіктерін шалқытушы шаруашылықтар қатары жылдан-жылға ұлғайып келеді. Осындай істі ілгері бастырушылардың ішінде «Найдаров» ЖШС алдымен көзге түседі.
2-бет
қыркүйекте болатыны жəне оның барысында 2015 жылғы Съездің өтетін нақты мерзімі анықталатыны туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Қ.Тоқаевтың Мəскеу жəне Бүкіл Ресей Патриар хы Кириллмен кездесуі үшін биылғы жылдың соңында Мəскеуге сапармен бару мүмкін дігі талқыланды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарында бағдарлама аясында үшінші санаттағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 90 мың теңгені құраса, ал мемлекеттік сараптаманың қорытындысында шаршы метрдің бағасы 117 мыңнан 134 мың теңгеге дейін жетеді. Яғни бекітілген деңгейден 30-50 пайызға жоғары. Осыған байланысты министрлік «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулардың жобасын əзірлеп, онда 4-санаттағы баспана құрылысында əр шаршы метр құнын 80-нен 90 мыңға дейін, ал 3-санат бойынша 90-нан 100 мың теңгеге дейін арттыру қарастырылды. Сонымен қатар, құрылыс корпорациясы бойынша 4-санатта 110-нан 115 мың теңгеге дейін жəне 3-санатта 120-дан 125 мың теңгеге дейін болмақ. Иə, осылайша, қолжетімді тұрғын үйдің де біртіндеп қымбаттау кезеңі басталғалы отырғандай. Бірде осы бағдарламамен тұрғын үйге қол жеткізуді жүзеге асыратын операторлардың бірі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен барып шарттарын сұрағанбыз, «алдымен 3 жылда бір бөлмелі пəтер үшін 500 мың жинаймын деп келісімшарт жасайсыз, онда айына 15-20 мың салып отырсаңыз болды деп көрсетілген. Бірақ үш жыл бойына өзіңізге керекті пəтердің жарты ақшасын жинауға тиіссіз, ол үшін айына 100 мың шамасында салып отыруыңыз керек, өзіңіз білесіз, 500 мың дегеніңіз біздің елде ешқашан ешқандай пəтердің жарты құны бола алмайды ғой», деген еді банктің кеңесшісі. (Соңы 2-бетте).
Дерек
ЖАСЫРЫН ЌАЛЄАН ЖƏДІГЕРЛІКТЕР Ўлы аќынныѕ суреті жəне екі кїйі туралы Қанша қаузасаң да тереңіне түгел бойлатпаған Абайдың біз білмейтін қырлары əлі де көп-ау. Ал ұлы ақынның біз білетін бейнесі қандай? Абай десе көз алдымызда оның кексе кезі – баршамыз білетін ортақ сурет көлбеңдейді. Абай барлық кезде осындай болмағаны аян ғой. Сонда ол кісі жас кезінде суретке түспеген бе? Жоқ, түскен екен. Оның дəлелі – Абайдың 1868 жылы Омбыда Кесслер деген неміс фотографы түсірген фотосы. Осыдан 44 жыл бұрын бір рет жарқ ете қалған ол фото белгісіз себептермен кейіннен баспасөзде, ақын туралы ғылыми басылымдарда қайтадан жарияланбай келген. Жақында жас Абайдың суреті ақынның «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» деген атпен «Білім» баспасынан шыққан жаңа кітапта басылды. Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
«Егемен Қазақстанның» жанашыр оқырмандарының бірі – «Білім» баспасының директоры, жазушы Жарылқасын Нұсқабайұлы əлі бояуы кеппеген жаңа кітапты беріп жіберген екен. Абайдың өлеңдері, аудармалары мен қарасөздері қайта құрастырылған кітаптың мұқабасында бізге «бейтаныс» əрі таныс сияқты көрінген келбет тұр. Абайдың кітабының сыртына кімнің суретін салған дегендей ой тыншытпаған соң
Жарылқасын ағамызға қайта хабарласып, «Аға, мұқабада тұрған фото қайдан шыққан?» деп сұрауға мəжбүр едік. Қос жаңалықтың көкесі осы жерден басталды. Абайдың күйлері туралы кейінірек баяндармыз. Ал біздің сауалымызға алдымен ақ жүрекпен жарқылдап күліп алған Жарылқасын ағамыз: «А-а-а, байқаған екенсіңдер ғой, əдейі беріп жіберіп едім, сендерді аңғара ма деп. Бұл – Абайдың жас кезінде түскен фотосы! Ал енді сендерден сүйінші сұрайын», деді. «Қалайша? Бұрын-соңды бұл
АҚПАРАТТАР аєыны Биыл еліміз өнеркəсіптік мақсатқа бекірені аулауды тоқтатады. Оның басты себебі, Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуімен байланысты болып тұр. Бұл шешім Ресей, Əзербайжан, Иран, Қазақстан мен Түркіменстан елдері арасында жүргізілген келіссөзге сəйкес қабылданды. Алматы қаласында физика жəне информатика пəндерінен X халықаралық Жəутіков олимпиадасының кезекті сынағы өткізілуде. Бұл жолы сайысқа əлемнің 17 елінен 57 команда келді. Қазылар құрамында 8 елдің ғалымдары бар. Оңтүстік Қазақстан облысында таусағыздан каучук алынды. Жергілікті ғалым Арыстанбек Ешібаев арнайы тұқымбақта өсірілген каучуктың өсіпжетілуін бес жыл бойы зерттеп, осындай
суретті неге көрмегенбіз? Оны кім түсірген? Бұл сурет қайда жатқан? Қазір қолыңызда сол фото бар ма?» деп сұрақтарды бастырмалатып бара жатыр едік, ағамыз онда қолында бар байлықты келіп көріңдер дегенге сайды. Осылайша, төмендегі сұхбат туды. – Жарылқасын аға, осыдан 146 жыл бұрын түсірілген Абайдың суреті бар екені сіздің есіңізге қайдан түсті? – Білім саласына тікелей қатысы бар «Білім» баспасында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп жүрмін ғой. Соның қабатында əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 30 жыл бойы дəріс беріп келемін. Оның үстіне жазушылығымыз, журналистігіміз бар болған соң, жаңалыққа құлағымыз түрік жүреді. Жақсы хабар тисе соны тапқымыз, тиянақтағымыз келіп тұратын дағды ғой бойға сіңген. Абайдың жас кезінде түскен суреті бар дегенді еміс-еміс еститінмін. Шығыс Қазақстан өңірінде Абай туралы шыққан кітаптарды жинақтап, елге таратып жүретін Бекен Шерубаев
нəтижеге қол жеткізді. Жағымды жаңалыққа Канаданың ғалымдары оң бағасын берді. Шығыс Қазақстан облысындағы Серебрянск бейорганикалық өнімдер зауытының жұмысы қайта жанданатын болды. Ол үшін облыс бюджетінен жəне «Қазинжиниринг» компаниясынан арнайы қаржы бөлінеді. Бұл зауыт бұған дейін өндіріске қажетті заттарды өндіріп келген. Ақмола облысында түрлі деңгейдегі əкімдер халық алдында есеп бере бастады. Тұрғындардан түскен сауалдардың басым бөлігі тұрғын үй мен коммуналдық салаға қатысты болды. Ол бойынша жергілікті билік өкілдері қозғалған мəселенің кезең-кезеңімен шешім табатынына сенім білдірді. Ақтөбе облысында 57 жер телімі мемлекетке қайтарылды. Жалпы, кадастрлік құны 3,7 млрд. теңге болатын жер телімдері біраз уақыт бос жатқан. Жергілікті сотта жер теліміне қатысты тағы 18 шағым қаралуда. Сонымен
деген ақсақал бар. Осы кісі екеуміз Абайдың келесі жинағын шығаруға ниеттеніп, əңгімелесіп отырып, «Ақынның жас кезінде түскен суреті бар дейді, сіз көрген жоқсыз ба?» деп қалғаны маған. «Мен көрген жоқпын, көрсем баяғыдан бері іздейтін едім» десем де, бұл қайдан шыққан əңгіме деп, осы сурет туралы біледі-ау деген жандардан сұрастыра бастадым. Сонда түрткілеп отырып білгенім, мүмкін о бастағы дерегі сонау 30-жылдардың қарсаңында Əлкей Марғұлан мен Мұхтар Əуезов екеуі Ленинградта оқып жүрген кезден басталған екен. Екеуі жолдас. Қазақ əдебиеті мен мəдениетінің жанашырлары Абай туралы əңгімелеспей тұрмайды. Əлекең сол баяғы ізденімпаздық, ғалымдық дағдысымен архивтерге түседі. Əр нəрсені түрткілеп жүріп, патша сарайларындағы альбомдарда сақталған фотоларды қарап отырады. Сол суреттердің астына латынша жазылған адамдардың есімдерінің ішінен «Құнанбай» дегенді көзі шалып қалады.
(Соңы 6-бетте).
қатар, 47 жер иесіне ескерту қағазы берілді. Батыс Қазақстан облысында бүгінгі күні 77120 ардагер тұрады. Соның 319-ы Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ендігі жерде жергілікті билік жеңілдікті пайдаланатын майдангерлермен бірге əлеуметтік көмекті қажет ететін басқа да азаматтарға Орал қаласындағы қоғамдық көліктерде тегін жүру мəселесін қарастыратын болды. Жақын арада еліміздегі мемлекеттік жоғары оқу орындарында бақылаушы кеңес құрылады. Бұл жаңа құрылымға 50-ден аса оқу орнын көшіру жоспарланған. Қазір Білім жəне ғылым министрлігі оның негізін қалайтын нормативтік базаны дайындау үстінде. Осы іс аяқталғаннан кейін ректор өз жұмысы мен жоспарын жаңадан құрылатын кеңес мүшелерімен ақылдасып, бекітетін болады. Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.