15022014

Page 1

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Онда үстіміздегі жылғы Жолдаудың тапсырмалары мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындаудың мəселелері қарастырылды.

№32 (28256) 15 АҚПАН СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

ЕЛ ДАМУЫНДАЄЫ МЕЖЕЛІ МІНДЕТТЕР – əлеуметтік-экономикалыќ тўраќтылыќтыѕ тўєыры

«Егемен Қазақстан».

Отырыс жұмысына Үкімет мүшелері, Парламент палаталарының төрағалары, мемлекеттік органдардың басшылары, Астана жəне Алматы қалалары мен облыстар əкімдері қатысты. Отырысты ашқан кіріспе сөзінде Н.Назарбаев бүгінгі күнгі əлемдік ахуалдың оңай еместігін атап өтті. Дағдарыстың салдары əлі де толығымен аяқталған жоқ. Экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейінде ұстап тұру үшін ішкісыртқы инвестицияларды тарту жолдарын қарастырып жəне ол үшін қандай резервтерді іске қосуымыз керек? Осы мəселелер бойынша пікірлер мен ұсыныстарды қарастыратын боламыз, деді Елбасы. Өткен жылдың қорытындысы жəне алдағы міндеттерді іске асырудың жолдары бойынша алғашқы баяндаманы ПремьерМинистр Серік Ахметов жасады. Одан əрі Ұлттық банк төрағасы, бірнеше министрліктер мен өңірлер басшылары сөйледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отырыс жұмысын қорытып, сондай-ақ, алдағы тұрған міндеттер мен өзгерістер туралы сөз сөйледі. Өткен жылғы Үкімет жұмысының қорытындысын айтатын болсақ, істеген жұмыстар мен қол жеткізген табыстар аз емес. Дүниежүзі əлі күнге дағдарыстың салдарынан арыла алмай жатқанда біздің экономикамыздың өсімі қанағаттанарлық деп айтуға болады. Бұл жұмыстарды атқарған Үкімет органдары мен барлық облыс, аудан, ауылдық округ əкім дері. Олардың еңбектері атап өтуге тұрарлық, дей келіп, Президент одан əрі Жолдауда алға қойылған міндеттерді қалай орындау керектігіне ойысты. Өткен жылдың қазан айында біз 9

айдың қорытындысын шығарып, күрделі мəселелерді талқыладық. Сол бойынша мен Үкіметке 33 тапсырма берген едім. Олардың барлығының да орындау мерзімі келсе де 11-і ғана, яғни 33 пайызы ғана іске асқан. Қалғандары сапасыз орындалып, бүгінгі күні əлі де іске асырылу үстінде. Соның ішінде, мысалға айтатын болсақ, «көлеңкелі экономика» бағытында ештеңе істелген жоқ. Бұл мəселені орындауды мен нақты Е.Досаевқа тапсырған едім. Осылай дей келіп, Президент Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың түсінік беруін талап етті. Бүгінгі күні біз бұл мəселемен тереңірек айналысудамыз. «Көлеңкелі экономика» бел алған экономиканың төрт түрлі саласын анықтадық. Олар: сауда, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік сатып алу жəне қаржы секторлары. Оларда «көлеңкелі экономика» деңгейі жуық шамамен 20 пайызға жеткен. Мемлекеттік сатып алуды бір орталықтан жүргізу ісі биылғы жылдың наурыз айынан басталады. Жасырын түрде шығарылатын алкоголь өнімдері, жанаржағармай түрлері анықталды. Біз оларға қарсы шаралар жоспарын іске асырудамыз. Келесі аптада бұл істердің қорытындысы да шығып қалар, деді ол. Президент «көлеңкелі экономикаға» қарсы күрестің мемлекет үшін маңызы зор екенін атап өтті. Өйткені, бұл заңсыз іспен миллионға жуық адамның айналысатыны, олардың мемлекеттік бюджетке салық төлемейтіндігі айтылды. Одан əрі Президент жергілікті өзін өзі басқару органдарын түсім көзімен қамтамасыз ету мəселесінің толық шешілмегеніне назар аударды. Үкімет пен Ұлттық банк мемлекет пен жекеменшік əріптестігін іске асыру жобасы

Телефон арќылы сґйлесті

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Əңгімелесу барысында екі мемлекеттің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттарын талқылады, сондай-ақ, сауда-экономикалық саладағы өзара ықпалдастықты жандандыру жолдарын айқындады. Бұдан бөлек, 2014 жылғы маусымда Түркияда өткізу жоспарланған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің алдағы саммитіне дайындық мəселелері сөз болды.

 Сүйінші!

Тўѕєыш медаль – ќолда! Оны бізге Денис Тен алып берді

Сүйінші, ағайын, сүйінші! Газетке енді қол қойылғалы жатқанда, сағат түнгі 01-ден жаңа ғана өте бергенде редакциядағы те ледидардың тікелей эфирі Сочиден тамаша сəтті көрсетті. Қазақ стан құрама ко мандасының үкілеген үміті – мəнерлеп сырға наушы Денис Тен бүкіл елге қуаныш сыйлады – ХХІІ Олимпия ойындарында тұңғыш медалімізге қолымызды жеткізді. Денис шын мəнінде мүмкін еместі мүмкін етті деудің ешқандай артығы жоқ. Иə, мұның алдындағы қысқа бағдарламада тоғызыншы орынға ғана тұрақ таған спортшымыз кеше еркін бағдарламада тамаша өнер көрсетіп, төрешілерден 171,04 балл алды. Сөйтіп, өзінің алдына жапониялық Юдзуру Ханю мен канадалық Патрик Чанды ғана салып, Олимпиада жүлдегері атанды. Денис Теннің қола медалі – Қазақстан спорты тари хындағы мəнерлеп сырғанаудан алынған алғашқы награда. Қуаныш құтты болсын!

бойынша даму институттарынан, зейнетақы қорларынан, қаржылық ұйымдардан қаражат тарту жөніндегі ұсыныс бойынша нақты нəтиже шығара алған жоқ. Ауыл шаруашылығы жөніндегі мəселелер де шешімін тапқан жоқ. Бұл тізімді одан əрі де жалғастыра беруге болады. Ал бұлардың бəрі де Жолдаудың сапалы түрде орындалуына қажетті маңызды мəселелер, деді Елбасы. Одан əрі Нұрсұлтан Əбішұлы Жолдаудың үстіміздегі жылы алға қойған жеті нақты міндеті

мен ұзақмерзімді жоспарларына тоқталып, олардың мінсіз орындалуы зор міндет екенін атап өтті. Осыдан кейін Президент үш күн бұрын ел халқын алаңдатқан маңызды мəселеге тоқталды. Бұл – теңгенің айырбас бағамын нақтылаған шара. Ол экономика өсімінің 6 пайыз болуына мүмкіндік береді. Ал бұл – алға қойылған мақсат пен міндеттерді орындауға қол жеткізудің ең негізгі көрсеткіші. Сондықтан оны алыпсатарлыққа

2014 жылдың 1 сәуірінен

к

е өм

» ң на ны ы ы з ы а р р р р ме р ла қ-Қ к қо ыла ысы ле ік қ іле еу я р л ы ы и т қ р е ті ә тт етш тк мет де нд мұр іріс ысш ека а ы е е м л м м з б н а у п м д у е а й е л и «С өн жұ ең а аз қы ст зе әл тө ат ік тт

к

айналдыруға тырысқандардың жолын кесу керек. Барлық айыр бас пункттері мен сауда нүктелерінің жұмысы қатаң бақылануы тиіс. Тəртіпті бұзғандар заң бойынша жазалансын, дей келіп, Президент ұнды бəлен қапшықтан сатып алып жатқандардың қылығының күлкілі екенін айтты. Бізде 20 млн. тонна астық бар, сондықтан ұн жетпей қалады деген дақпыртқа алданғандардың қылығы күлкілі. Барлық негізгі тамақтар бізде артығымен қорланған. Халықтың

Бүгінгі күннің басты жақсы жаңалығы

Президенттің тұрғындардың табыстарын қолдау жөніндегі 6 халықтық тапсырмасы Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін лауазымды азаматтық қызметкерлердің кесімді еңбекақысына ай сайынғы қосымша, 10% көлемінде 2014 жылдан зейнетақы төлемдерін 9%-ға және мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыруды есепке ала отырып, оларды тағы 5%-ға көбейту, яғни сәйкесінше 14% және 12%-ға дейін Атаулы әлеуметтік көмектер көлемін тағы 5%-ға арттыру және 12%-ға дейін жеткізу Студенттерге стипендияларды 10%-ға арттыру «Самұрық-Қазына» қорына енетін компаниялар өндірісінде жұмыс істейтіндердің еңбекақысын 10%-ға арттыру

Ірі тау-кен, металлургия, мұнай-газ секторындағы компанияларға өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбекақысын 10%-ға арттыру мәселесін қарастыру

Қазіргі заманғы даму институты дайындаған

Жақсыбай САМРАТ, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

алаңдауына еш негіз жоқ, деді Елбасы. Келесі кезекте Президент əлемдік экономика мен ішкі ахуалда қалыптасқан үрдісті ескере отырып, Үкімет пен Ұлттық банк макроэкономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін жеті бағыттағы алдын алу шараларын іске асыруы керектігін еске алды. Біріншіден, халықтың табыс табуын қолдау, екіншіден, кəсіпкерлікті дамытуға ынталандыру, үшіншіден, қаржы секторының тұрақтылығын арттыру, төртіншіден, экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту, бесіншіден, «көлеңкелі экономиканы» қысқарту, алтыншыдан, инвестициялық ахуалды жақсарту, жетіншіден, экономиканы əртараптандыруды белсендірек жүргізу, дей келіп, Елбасы одан əрі осы жеті бағыт бойынша нақты не жұмыстар істелуі керектігін атап өтті. Біріншіден, деді Президент, халықтың табысын қолдау үшін Үкімет негізгі тамақ жəне əлеуметтік маңызы бар тауарлардың, жанар-жағармай мен дəрі-дəрмектер бағасының тұрақты болуын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, өнімдердің тапшылығы болмауын жəне монополистердің тарифтерді негізсіз өсірмеуін қа дағалауы қажет. Халықты əлеу меттік қолдаудың кешенді шараларын қабылдау керек. Үстіміздегі жылдың 1 сəуірінен бастап мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазынашылық кəсіпорындарда қызмет ететін азаматтардың еңбекақыларына ай сайын 10 пайыздан үстеме төленуін қарастыруды тапсырамын. Азаматтық қызметкерлерге білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, мəде ниет, спорт жəне əлеуметтік қолдау саласының қызметкерлері жататынын ескертемін, деді Президент. Сонымен бірге, ол 2015

жылдың 1 шілдесінен бастап осы қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа моделін жасау туралы Жолдауда Үкіметке тапсырма бергенін еске салып өтті. Онда денсаулық сақтау жəне білім беру салалары қызметкерлерінің еңбекақысы – 29, əлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 40 пайызға дейін арттырылатыны көзделген. Ал енді 1 сəуірдегі қосымшаны қоса есеп тейтін болсақ, бұл сала қызмет керлерінің еңбекақысы 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 36дан 52 пайызға дейін артатын болады, деді Елбасы. Сонымен қатар, Президент үстіміздегі жылдың 1 қаңтарындағы өсімді қоса есептегенде, зейнетақы төлемдері – 14, ал мемлекеттік əлеуметтік төлемдер 12 пайызға дейін өсірілетінін жеткізді. Студенттердің стипендиясы 10 пайызға артатын болды. Бұл үшін Президент Үкіметке бюджетке қажетті түзетулер енгізуді, ал қажет болса қосымша қаражат көздерін табуды тапсырып, маңызды міндеттердің мін сіз орындалуы қа жеттігін ескертті. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қорына енетін компаниялардың өндіріспен тікелей айналысатын қызметкерлерінің еңбекақысын да 1 сəуірден бас тап арттыруды тапсырды. Өзінің сөзінде Елбасы тау-кен секторы мен металлургиялық кешеннің «Қазақмыс», «Арселор Миттал», «Қаз цинк», ЕNRC жəне мұнай-газ саласының ірі компанияларының басшыларына да өндірісте тікелей айналысатын қызметкерлерінің еңбекақысын 10 пайызға арттыру туралы ұсыныс жасағанын айтты. Басқа да аталмаған компания лар, орта бизнес те осы бастаманы қолдар деген үміттемін, деді Елбасы. (Соңы 2-3-беттерде).

 Мұратымыз – Мəңгілік Ел

Айтулы акция Шыєыстан бастау алды

Елімізде «Мəңгілік Ел» халықтық патриоттық акциясы алғаш рет Өскемен қаласындағы Жекпе-жек сарайында өтті.

Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Мəңгілік Ел» идеясын қолдауға арналған салтанатты іс-шараға облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, əлемге белгілі ақын Олжас Сүлейменов, КСРО жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, халық əртісі Асанəлі Əшімов, қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Əубəкіров, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орын басары Ералы Тоғжанов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы, Парламент депутаттары Сергей Плотников, Светлана Ферхо жəне Зухра Саяпова, «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров жəне «Қазцинк» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Азия авто» АҚ кəсіпорындарының ұжымдары, жоғары оқу орындарының студенттері, этнобірлестіктер жетекшілері қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында алғаш рет «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясын жариялады. Осы жайды өзек ете сөз сөйлеген өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Мəңгілік Ел – экономикасы қарышты, халқы білімді, мəдениетті, бірлігі жарасқан мемлекет болатынын, бұл қағиданың бəрі қазіргі Қазақстанға тəн екенін атап өтті. Облыс əкімі акция барысында Елбасы Жолдауын қолдауға арналған «Мəңгілік Ел» атты кітапты Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды. Құрметті меймандар қолтаңба қалдырған кітап Шығыс Қазақстан облысынан бастап бүкіл мемлекетімізді аралап, Ассамблея сессиясы кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырылмақ. (Соңы 5-бетте).

Бїгінгі нґмірде: «Ќазаќтыѕ «Ќара майоры» 6-бет

«Елден ерек жаралєан, Шыѕєа біткен шынарым»

7-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.