15042014

Page 1

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Бахрейн Королі шейх Хамад бен Иса əл-Халифамен кездесті.

№72 (28296) 15 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

ЌАЗАЌСТАН – БАХРЕЙН:

Арамыз алыс болса да, араќатынас їзілмейді Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Мəртебелі мейманды қарсы алудың барлық ресми шаралары жасалған соң, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Бахрейн Королі Хамад бен Иса əл-Халифа екеуара кездесіп, екі мемлекеттің ынтымақтастығын дамытуға бағытталған мəселелерді талқылады. Одан кейін келіссөздер мемлекеттер басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты. Бахрейн Королі Хамад бен Иса əл-Халифа мырза, Сізді жəне делегация мүшелерін Қа зақ станға қош келдіңіздер деп шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген құрамдағы келіссөздердегі сөзінде. Сіздер мен біздер екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру үшін жұмыс істейміз. Сіз біздің елге кең ауқымды делегацияны бастап келдіңіз. Ол Сіздің көңіліңіздің Қазақстанға деген үлкен сенімі бар екенін көрсетеді. Жаңа өткен екеуара кездесуімізде бірқатар өзекті мəселелерді талқыладық. Бұдан кейін Н.Назарбаев Қазақстан мен Бахрейн қатынастарына тоқталды. Елбасының тоқталып өткеніндей, Қазақстан Бахрейн Корольдігін өзінің Араб елдеріндегі, Парсы шығанағындағы маңызды əріптестерінің бірі деп санайды. Бахрейннің тəуелсіздік күні де, Қазақстанның тəуелсіздік күні де 16 желтоқсанға келеді, деді Президент əрі қарай. Мемлекеттеріміздің экономикалық əлеуетінің халықаралық аренада беделді болуына жұмыс істейміз деген сенімдеміз. Қазақстан Президенті Бахрейн Корольдігінің даму қарқынын да атап өтті. Бахрейн тарихи тұрғыдан алғанда, қысқа мерзім ішінде ерекше дамыған индустриялы елдердің біріне айналды. Бұл Бахрейн Королі Хамад бен Иса əл-Халифаның елге істеген аса зор қызметі болып табылады. Бахрейннің экономикасы қарқынды дамып, жоғары деңгейге көтерілді. Сондай-ақ, Бахрейн

мұсылман əлеміндегі ірі қаржы орталығы саналады. Бахрейн Ислам банкингінің орталығы болып табылады, деді Н.Назарбаев осы жөнінде. Қазақстан да сіздердің ел сияқты тəуелсіздік алғаннан бері жедел қарқынмен дамып келеді. 1992 жылы біздің ішкі жалпы өнім 2,5 миллиард долларды құраған болса, 2013 жылы ол 220 миллиард долларға жетті. Бүгінде 2050 жылдарға дейінгі стратегияны

Ќылмыстыќ кодекс жобасы ќаралады

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мəжілісте мақұлданған заң жобаларын бөлу туралы Сенат бюросының қаулысына қол қойды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Атап айтқанда, палата комитеттері мен аппаратқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасы берілді. Бұл құжат бойынша Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитеті бас

комитет болып белгіленді. Бас комитетке Сенат комитеттерінің ұсыныстарын жинақтап қорыту жəне 2014 жылғы 26 мамырға дейін қорытынды əзірлеу тапсырылды. Конституциялық заңнама, сот

қабылдап, индустриялық-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асырып жатырмыз. Бірақ, екі ел арасындағы сауда айналымы əлі төменгі деңгейде деп санаймыз. Оның көлемі небəрі 1,5 миллион долларға жетеғабыл. Сіздің осы сапарыңыз бен біздің бүгінгі кездесуіміз болашақтағы ынтымақтастыққа, экономикалық қарымқатынасқа зор ықпалын тигізеді деп сенемін. Ал Бахрейн Королі Қазақстан

жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитеті, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына да бас комитет болып белгіленді. Қаржы жəне бюджет комитеті заңнамаға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасына бас комитет болып белгіленді.

тарапының сапар барысында көрсеткен ерек ше қонақжайлығына алғыс айта келіп, өзінің осы сапары екіжақты ынты мақтастықты дамытудың алғаш қы қадамы болатындығына сенім білдірді. Екеуара кездесуде атап өтке нім дей, екі мемлекет арасындағы қаты настарды дамытуға мүдделіміз, деді Бахрейн Королі. Бұл біздердің ортақ міндетіміз жəне мақсатымыз болып саналады. Біз өзара түсіністік туралы

меморандумдарға қол қойылғанына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Н.Назарбаев пен əл-Халифаның өзара жеке кездесуінде жəне мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерде екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығын нығайтуға ерекше мəн берілді. Бұл екі ел халықтарының жəне үкіметтерінің үдемелі ілгерілеуіне қолдау көрсету, халықаралық жəне аймақтық қауіп сіздікті күшейту, халықаралық қатынастарда тең құқықтық қағидаларын, серіктестік пен үнқа тысуды нығайту мақсатында ұлттар арасындағы достық пен өзара ынтымақтастықты барынша дамытудағы талпынысының айқын дəлелі болып табылады. Келіссөздер барысында саяси, экономикалық жəне гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мə селелері талқыланып, екі жақтың қызығушылығын тудыратын жаһандық жəне аймақтық мəселелер бойынша да пікір алмасылды. Тараптар, сондайақ, қол қойылған құжаттар ҚазақстанБахрейн қатынастарының жаңа белесін ашатынына, сауда-экономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастықтың дамитынына, гуманитарлық саладағы байланыстардың нығаюына жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар, екіжақты консультациялар арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жəне басқа да халықаралық жəне аймақтық ұйымдар аясында өзекті мəселелерді шешуде үнқатысу мен күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді. Тараптар терроризм мен экстремизмнің барлық түрлері мен көріністеріне айыптаушылық білдіріп, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа əрбір мемлекеттің қауіпсіздігіне қорқыныш төндіретін трансұлттық бірлескен қылмысқа, есірткінің заңсыз тасымалына, қару-жарақ пен басқа да қылмыс түрлеріне қарсы күресті күшейтуге шақырды. Бахрейн Корольдігі Қазақстан Республикасының жаһандық жəне

аймақтық өзекті мəселелерді шешудегі, бейбітшілік пен жаһандық серіктестік қағидаттарын жүйелі ұстануына қатысты белсенді орнын жоғары бағалап, Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі болу кандидатурасына қолдау білдіретінін қуаттады. Бұған қоса, тараптар сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Үкіметі мен Бахрейн Корольдігі Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңес жəне бірлескен комиссия құру туралы уағдаласты. Аталған үкіметаралық комиссияның мақсаты экономикалық серіктестіктің басым салаларын белгілеу, екі елдің мемлекеттік органдары мен жеке секторлары арасындағы байланыстарды дамытуға қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде қажетті құқықтық база құру болуы тиіс. Сонымен бірге, екі елдің ынтымақтастығының инвестиция, сауда, ауылшаруашылық, банк салаларына баса назар аударуға, екі елдің барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын, оның ішінде инвестиция салу үшін қарастырылатын жеңілдіктер мен шарттарды, көліктік-логистикалық мүмкіндіктер мен инвестициялық ынтымақтастықты қолдау үшін сауда режімдерін айқындауға, түрлі салалар бойынша мамандар арасында тəжірибе алмасу мəселелерін қарауға келісті. Бахрейн тарапы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы аясында штаб-пəтері Астанада орналасатын Азық-түлік қауіпсіздігі туралы ислам ұйымын құру туралы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасын жоғары бағалады жəне аталған Ұйымның толыққанды мүшесі болу ниетін растады. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық екі ел серіктестігінің басым бағыттарының бірі ретінде белгіленді. (Соңы 2-бетте).

Ешкім де ескерусіз ќалмайды Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Атбасарда су тасқынының орын алуына байланысты өңірге жұмыс сапарымен келді. Ол қала тұрғындарымен кездесіп, су шайған тұрғын үйлерде, көшелер мен көлік инфрақұрылымдарында болды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

– Маған облыс əкімдігінен берілген дерек бойынша 44 үй қалпына келтіруге жарамайды. Баспанасыз қалғандар үшін жаңа тұрғын

үйлер салынатын болады, зардап шеккен өзге азаматтарға комиссияның қорытынды шешімімен тиісті қаржы бөлінеді. Ешкім де назардан тыс қалмайды. Біз бұл жағдайларды тез арада шешуге тырысамыз. Мемлекет басшысы Атбасардағы жағдайды бақылауда ұстап отыр, – деді ол жұртшылықпен кездесуде. Бақытжан Сағынтаев Атбасардағы жедел штабта Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Ақмола облысының əкімі Қосман Айтмұхаметов, Қаржы, Көлік жəне коммуникация вице-министрлері Берік Шолпанқұлов, Мереке Пішембаев, Өңірлік даму министрлігінің комитет төрағасы Владислав Галлиев пен Қоршаған орта

жəне су ресурстары министрлігі комитет төрағасының міндетін атқарушы Болат Бекнияздың қаты суымен мəжіліс өткізді. Онда облыс əкімі Қосман Айтмұхаметов пен Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың ағымдағы жағдайларға қатысты есептері тыңдалды. –Тұрғындарға медициналық жəне психологиялық көмек көрсетілуде, –деді өңір басшысы Қ.Айтмұхаметов. – Аулалар мен көшелерді судан тазарту, тəртіпке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні эвакуациялық пунктте 19 адам тұрып жатыр. (Соңы 6-бетте).

Ќаржы дамуєа баєытталуы тиіс Кеше Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметiнде Премьер-Министрд1iң орынбасары – Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов баспасөз мəслихатын өткізді. Онда ел экономикасын дамыту шаралары сөз болды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ сессиясының қарсаңына орай əзірленген материалдарды 3-беттен оқисыздар.

Брифингке Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, «СамұрықҚазына» ҰƏҚ» АҚ-тың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, сондайақ «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев қатысып, журналистердің сан алуан сұрақтарына жауап берді. Ел экономикасының бірқалыпты дамуы туралы əңгімелеген вицепремьер, Елбасының тапсырмасы бойынша, экономикалық дамуды əртараптандыру шаралары негізді жалғасып жатқаны жөнінде айтты. Өз кезегінде, елімізде өткiзiлгелi отырған көлеңкелi экономикадағы қаражатты заңдастыру шарасы туралы да əңгімеледі. Бұл жолғы мүлiктiң заңдастырылуы да 20062007 жылдарда өткен шараға

ұқсас болады екен. Қазіргі күнде соның негiзiнде заң жобасы дайындалып жатқан көрінеді. «Ал жария етiлетiн ақшаға келетiн болсақ, ол табыс болып саналмайды. Сондықтан оған салық та салынбайды. Мұнымен бірге, жария еткен тұлғалар қылмыстық, əкiмшiлiк жəне тəртiптiк жауапкер шiлiкке де тартылмайды. Осы шара барысында жария етiлген қаражаттар туралы жеке ақпараттардың құпиялығы сақталады. Сондай-ақ, салықтық, қызметтiк материалдар да құпия күйінде қалады», дедi Үкімет басшысының орынбасары. Вице-премьердiң айтуына қарағанда, заңдастырылған қаражат екiншi деңгейлi банктерде орналастырылады. Жəне оған байланысты баламалы құралдар да ұсынылатын болады. Ол туралы, «Егер адамдар депозитке ақшаларын салғысы келмесе,

онда өзге құралдарды сатып алу құқығы берiледi. Атап айтқанда, Қазақстан экономикасына құя алады. Мəселен, мемлекеттiк құнды қағаздарды, екiншi деңгейлi банктердiң облигацияларын сатып ала алады. Бұлармен бірге, ұлттық компаниялардың, даму институттарының акцияларын, «Халықтық IPO» арқылы мемлекеттiк меншiктегi компа ниялардың бағалы қағаздарын алуына болады. Сондай-ақ, жекешелендiрудiң екiншi толқыны аясында мүлiктi жеке меншiгiне сатып алуына мүмкіндік жасалады», дедi Б.Сұлтанов. Ел азаматы ақшасын жоғарыда аталған құралдарға жұмсағысы келмесе, қаражатты депозиттен шешуiне ырық берілмек. Бiрақ банк ол сомадан 10 пайыздық алым алады екен. Бұл салық емес, қазақстандықтарды ел экономикасына инвестициялауға ынталандырудың бiр құралы көрінеді. Депозитте сақталса, ол банктiң қорын көбейтедi, егер мемлекеттiк нысандарға жұмсалса, ел экономикасының деңгейiн жоғарылататынын айтты,

вице-премьер. Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, заңдастыруды оңтайлы жүргізу мақсатында Үкiметте арнайы жұмыс тобы құрылыпты. Экономиканы жаңғырту мен əртараптандыруды қамтамасыз ету үшін осы жылдың 1 маусымына дейін 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі индус триялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын əзірлеу аяқталады. Сөйтіп, индус триялық-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мақсатына 150 млрд. теңге қаржы бөлінеді екен. «Жобалардың тізімі де осы жылдың 1 маусымына дейін жаса лып болады. Қолданыстағы келісімдерді сақтап қалу үшін жəне жаңа келісімдерді жасау бағы тында тиісті жұмыстар атқа рылады», деді ол туралы Е.Досаев. Бұған қоса, биыл ел эко но микасына Ұлттық қордан 500 млрд. теңге бөлінетін көрінеді. (Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.