15042015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Жолбасы

Маршал мемуарындаєы Мəденов 7-бет Ќазаќстан-Тїркия: тїбі бір туысќан елдер 8-бет «Адал» ма, «алал» ма? 10-бет

№68 (28546) 15 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Алда зор міндеттер тўр

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тоталь» компаниясының президенті Патрик Пуяннені қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ынтымақтастықты нығайту мəселелері,

сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Елбасы «Тоталь» компаниясы елімізде 1993 жылдан бастап жұмыс істейтініне, ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысып келе жатқанына тоқталды. – Алдымызда зор міндеттер тұр, соның бастыларының бірі Қашаған кенішін жəне компания жұмыс істейтін басқа да блоктарды игеру болып отыр. Қазақстанда «Тоталь» компаниясының қаты суымен Дəнекерлеу институты жұмыс істейді, күн энергетикасы саласындағы жобалар жү зеге асырылуда. Біз достық қарым-қатынастар мен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастық дəстүрін жалғастыратын боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Тоталь» компаниясының президенті шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аухалдың сақталуының маңыздылығын айта келіп, ынтымақтастық бұдан əрі дами береді деп үміттенетінін білдірді.

Ќауіпсіздік хатшыларыныѕ кезекті кездесуі Кеше Мəскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 10-шы кездесуі болып өтті. Күн тəртібіндегі негізгі мəселе терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл таныту саласындағы көп қырлы ынтымақтастық мəселелерін талқылау болды. Делегация басшыларының сөздерінен бөлек, ШЫҰ-ның Өңірлік антитеррорлық құрылымы басшысының 2014 жылдың екінші жартысындағы атқарылған жұмыс пен 2015 жылдың алғашқы жартысында атқарылатын жұмыс туралы баяндамасы тыңдалды. Сөз сөйлегендер өз мемле кет теріндегі тиісті органдар ШЫҰ шеңберінде жəне ұлттық деңгейде қабылдап жатқан шаралар, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымымен, трансшекаралық ұйымдасқан қылмыспен, киберқылмыспен, кибертерроризммен күрес туралы хабарлады. Қазақстан делегациясының басшысы, Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев өзінің сөзінде əріптестерін ШЫҰ-ны 2025 жылға дейінгі дамыту стратегиясының жобасын келісуді жеделдетуге шақырып, басты назарды діни экстремизм мен терроризм, əсіресе, жастар арасындағы экстремистік көзқарастар мен идеяларға қарсы тұрғыда қазіргіден де тығыз өзара іс-қимыл танытуға аударуға үндеді. Сондай-ақ, есірткі бизнесімен күрес саласында өзара іс-қимылды жетілдіру қажеттігін атап көрсетті. Н.Ермекбаев Қазақстанда биылғы жылдың маусым айына жоспарланып отырған ШЫҰға мүше елдер құтқарушылар қызметінің халықаралық оқужаттығулары төтенше жағдайлар жүйесін нығайтып, азаматтық қорғау саласын бекітуге айтарлықтай үлес қосатынына сенім білдірді. Қауіпсіздік кеңес хатшылары

 Тосын табиғат

+29!

Шыєыс ґѕірінде еріген ќар суы 10 елді мекенге ќауіп тґндірді

Мəскеу кездесулерінің ерекшелігі оның пленарлық отырысына ШЫҰ жанындағы байқаушы мемлекеттер – Ауғанстан, Үндістан, Иран, Моңғолия жəне Пəкістан елдерінің осындай құрылымдары басшыларын шақыру болды. Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары бойынша үнқатысуға жоғарыда аталған елдер өкілдерін тартуды есепке ала келгенде, осындай тəжірибені болашақта да жалғастыру ұтымдылық əкелетіні туралы пікірлер білдірілді. Бір күн бұрын аталған мəжіліске қатысушылар делегациясының басшыларын Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қабылдаған болатын. Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесу алаңдарында Н.Ермекбаевтың ауғанстандық, қырғызстандық, ресейлік жəне тəжікстандық əріптестерімен екі жақты консультациялар алмасулары өтті. «Егемен-ақпарат».

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Беларусь Республикасыныѕ Їкіметі арасындаєы реадмиссия туралы келісімді жəне Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Беларусь Республикасыныѕ Їкіметі арасындаєы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тəртібі туралы атќару хаттамасын ратификациялау туралы 2013 жылғы 4 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісім жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тəртібі туралы атқару хаттамасы ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Ќосымша серпін береді Елбасы Нұрсұлтан На зар баев Қазақстанның Түрік Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ж.Түймебаев Мемлекет басшысына Түркиямен арадағы екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен даму келешегі туралы баяндап, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл көрсеткіштерінің жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, Түрік Республи касының Президенті Р.Ердоған ның ал дағы мемлекеттік сапарының дайындығына

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ынтымаќтастыќ тереѕдей тїспек

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Тоталь» компаниясының басшысы Патрик Пуяннемен кездесті, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.

Əңгіме барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық жəне Қашаған кен орнын игеру жөніндегі жобаны жүзеге асыру мəселелері талқыланды. Сол сияқты тараптар Ақтөбе облысында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу барысын қарастырды. Бақытжан Сағынтаев «Тоталь» компаниясының Қазақстанда

дамуєа ќарќын ќосып, Мəѕгілік ел болуєа ўмтылайыќ Шымкенттегі сəулетті «Rixos» қонақ үйінің мəжіліс залында осындай тақырыппен Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Қазақстан саясаттанушылары конгресінің қатысуымен өңірлік сарапшылар форумы өтті. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Алға озып айтар болсақ, форум кейбір жиын дар дағы дай жадағай баяндама, жаттанды сөзден аулақ тың пікірлермен өрбіп, жұртшылықтың көкейіндегі күмəнді сұрақтарға мүм кіндігінше жауап беруімен есте қалды. Негізгі ұйымдастырушы Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық

зерттеулер институтының ди ректоры, модератор Ерлан Қариннің «біз кей бір мə селелерде ашық кетіп, кей бір жағдайларда бірбірімізден аулақтау жүруге тырысатындығымызбен мемлекеттік мүдде, ұлттық құндылық мəселелеріне келгенде бір қолдың саласындай бірігеміз», деуі біздегі орта буын саясаткерлер мен сарапшылардың идея баяндылығын байқатқан. Ерлан

Қарин Елбасының «Нұр Отан» партиясының съезінде «Бес институттық реформа» туралы айтқан мемлекеттік саясат бағдарламасынан өрбітіп, елімізде өткен президенттік бес сайлау науқанының тұсындағы негізгі өзекті мəселелерді саралап берді. 1991 жылғы сайлауда тəуелсіздікке қол жеткізумен қатар, Қазақстанның билік құрылымдарын құру, мемлекеттік бағытын айқындау тұспа-тұс келсе, кейінгі сайлауларда да елімізді бүгінгідей қуатты мемлекет қатарына жеткізген мəселелер кезең-кезеңімен талданған. (Соңы 2-бетте).

 Өңір өмірі

Отбасылыќ дəрігер əр їйге ќуаныш сыйлайды «Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық əл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол əке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы жəне біздің балаларымыздың бақыты». Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында əр отбасының аман-сау, бақытты болуында денсаулықтың да рөлі зор екенін баса айтқан болатын.

«Егемен Қазақстан».

(Соңы 4-бетте).

қатысты мəселелер талқыланды. Кездесу барысында бұл сапар қазақ-түрік ынтымақтастығын одан əрі нығайту жəне оның аясын кеңейту ісіне қосымша серпін беретіні атап өтілді. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 13 сəуір. №301-V ҚРЗ

Бес институттыќ реформа:

Думан АНАШ,

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Соңғы күндері Шығыс өңірінде ең жоғары жылы ауа температурасы тіркелді. «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, ауа температурасы Цельсий бағамының климаттық температура нормасынан 10-15 градусқа жоғарылады. Ираннан жылы ауа ағысының келуіне байланысты күн райы күрт жылынып, кей жерлерде температураның +29 градусқа дейін жетуі өңір жұртын əбігерге салды. Сəуірдің басында мұндай ауа райы бұрын-соңды болмапты. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, еріген қар суы Жарма, Ұлан, Абай, Бесқарағай, Бородулиха жəне Глубокое аудандарындағы 10 елді мекенге айтарлықтай қауіп төндірді. Еріген қар суының салдарынан 5 үй мен жиыны 240 ауланы қарғын су басты. Сондай-ақ, тасқын салдарынан республикалық дəрежедегі 3 автокөлік жолдарына нұқсан келді. «СемейҚайнар» автожолының 180 шақырымындағы Шаған өзенінің көпірін, «Өскемен – Семей» автожолының 84 шақырымындағы Қарасу өзенінің көпірін екпіндеп келген су бұзып кетті. Өскемен мен Семей арасындағы бағыттың 60-шы шақырымынан 152-ші шақырымы аралығындағы жол жабылды. «Қазақавтожол» РМК өңірлік филиалының мəліметінше, Қарасу өзеніндегі көпірді су алуы Привольное ауылына жақын жерде орналасқан жасанды су қоймасының бұзылуынан орын алған.

6-бет

Қазір медицина саласында күн сайын жаңалық. Өмірдің өзі соны талап етуде. Əйтеуір, ауыл халқы қашанда ақ халатты жандардың көмегіне өте зəру. Бұрын учаскелік терапевке жүктелетін жауапкершілік өте жоғары болатын. Олар өздеріне бекітілген отбасылардағы əрбір жанға тəулік бойы санитарлықмедициналық, емдік-консультациялық, оңалту жəне əлеуметтік көмек көрсетуі тиіс. Яғни, бір дəрігерге бірнеше қызметті атқару міндеттеледі. Нақтырақ айтсақ, науқастың көзі ауырса да, жүрегі ауырса да бастапқы медициналық көмекті көрсететін бір ғана маман. (Соңы 2-бетте).

20 жылдан астам уақыттан бері табысты жұмыс істеп келе жатқанын жəне ең ірі стратегиялық инвесторлардың бірі болып табылатынын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша əңгімелесуші тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан əрі тереңдетуге өз мүдделіліктерін білдірді.

АҚПАРАТТАР аєыны ● «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» көктемгі егіс науқанына 11 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді. Компанияның баспасөз қызметі атап көрсеткендей, құрылымға шаруалардан 1 600 өтінім түскен. Олардың ішін де əлеуметтік кəсіпкерлік кор порациялар кепілдігі бойынша жалпы сомасы 11,5 млрд. тең гені құрайтын 1 430 өтінім мақұлданған. ● Елімізде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 237 мың нан астам жұмыс орны құрылды. Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жоба аясындағы қолдау көрсетудің барлық шараларына 230 442 кəсіпкер тартылған. Айта кетейік, осы бағытта 2013 жылдан бері 5 млрд. 318 млн. теңге бөлінген. ● Астанада дəстүрлі экологиялық айлық басталды. Қалалық əкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, шара аясында 3 мыңнан астам кө шет отырғызылып, аудан көшелерінде, саябақтар мен бақтарда 45 мың ағаш əктеледі. ● Алматы өңірінде кəсіпкер жаңа ба лабақша аш ты. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында кəсіпкер Маржан Тұрлашеваның қолға алуымен бой көтерген жаңа жекеменшік балабақша 75 балаға арналған. ● Оңтүстік Қазақстанда биыл 806 мың гектар жерге егін егіледі. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, бұл – өткен жылмен салыстырғанда, 27 мың гектарға артық. ● Қостанай облысы Рудный қаласында электр энер гиясының тарифі 10 пайызға төмендеді. Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігінің (ССКӨБ) бас энергетигі Саид Гафаровтың сөзіне қарағанда, тарифтің арзандауы электр энергиясын Рудный қаласы мен Қашар кентіне жеткізуге Еуразиялық энергетикалық бірлестігі қорларын тарту есебінен мүмкін болған. ● Батыс Қазақстанда үш бірдей дене шы нық ты ру-сауық тыру кешені салы нып жатыр. Облыстық құры лыс бас қармасы бұл нысан дар Қаратөбе, Жымпиты ауылдарында жəне Орал қаласына қарасты Зачаган кентінде бой көтеріп келе жатқанын мəлімдеді. Оларға қажетті қаржы рес пуб ликалық бюджеттен қаралған. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 21-22 МАМЫР 2015


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.