15/05/2013

Page 1

ДЕРЕК пен дəйек 327 500 000 000

Үстіміздегі жылдың үш айында өнеркəсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен осыншама теңгені құрады.

№126 (28065) 15 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Нақты көлемнің индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,2 пайыз болды. Өндіріс өсімі кен өндіру өнеркəсібінде жəне карьерлерде 12,9, өңдеу өнеркəсібінде 7,5, сумен жабдықтау, кəріз жүйесі, қалдықтарды жинау жəне бөлуде 23,5 пайызды құрады. Өткен үш айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 17,6 миллиард теңгеге жетті. Осы уақыт аралығында негізгі капиталға 60,2 миллиард теңге инвестиция салынды. Наурыз айының аяғында жұмыспен қамту органдарына 1,1 мың жұмыссыз тіркелді. Бұл еңбекке жарамды халықтың 0,2 пайызын құрайды. Облыста шағын жəне орта бизнес субъектілерінің саны 9064-ке жетіп, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,5 пайызға артқан.

АҚПАРАТТАР аєыны

 Өңір өмірі

Кґктем лебі

Ақтөбе облысы.

4 285 000 000

Облыста 2011-2012 жылдары «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға осыншама теңге бөлінген Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Тұрғын үй құрылысын жүргізу бойынша облыс еліміздегі үздік бестіктің қатарында тұр. Биыл облыс орталығында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 18 қабатты көп пəтерлі тұрғын үй құрылысы басталмақшы. Ал, осы уақытқа дейін қаладағы Усолка шағын ауданында бағдарлама барысында 215 пəтерлі 3 тұрғын үй салынды. Бұл күндері қалада 9 мыңдай адам үй кезегінде тұр. Сонымен қатар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі бойынша үй салуға 780 миллион теңге бөлініпті. Бұл қар жы облыс орталығында үш үйдің құрылысын бастауға бағыт талады. Жас отбасыларға арналған 3 үй бой көтереді. Егер бұл жоба-жоспарлар жылдың соңына дейін жүзеге асатын болса, биыл 1 мыңнан астам облыс орталығының тұрғындары пəтерлі болмақшы. ПАВЛОДАР.

200 000

«Есіл су» кəсіпорны осынша облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтып отыр. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Облыс тұрғындарының «Есіл су» мекемесінің қызметіне деген сұранысы жыл өткен сайын өсіп келеді. Биыл 3251 мың текше метр тіршілік нəрін жеткізуді міндеттеніп отыр. Бұл өткен жылға қарағанда көп. Бүгінде су құбырлары11ауданның 200-ден астам елді мекеніне тартылған. Бұдан тысқары, топтық су магистралдарына Қостанай облысының бірқатар ауылдары қосылған. Жалпы ұзындығы 2678 шақырымға жететін су құбырларының дені əбден ескірген. Былтыр 7 елді мекенге таза су жеткізілді. Булаев жəне Преснов топтық су құбырларына жаңғырту жүргізілді. Жаңа сорғы агрегаттары орнатылды. Оған 21 миллион теңге жұмсалды. Биыл əбден тозығы жеткен 10 шақырым су құбырлары бірінші кезекте қалпына келтірілмек. Булаев су магистралының 253 шақырымы жөнделетін болады. Солтүстік Қазақстан облысы.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Чистовское – бір кездері алтын астықты жайқалтып, төрт түлікті мыңғыртып өсірумен ғана емес, Кеңес одағының Батыры Семен Киреевпен, марқасқа академиктер Еренғайып Шайхутдиновпен, Зейнолла Молдахметовпен əй гі лі ауыл болатын. Өткен ғасыр дың аяғындағы əлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар бұл елді мекенді де айналып өткен жоқ. Тек іскер азамат, тəжірибелі басшы Анатолий Глушко осы аттас ЖШС құрып, өз қарамағына алғаннан кейін ғана өздерін жұртта қалғандай кейіпте сезінген тұрғындардың болашаққа деген берік сенімі пайда болып, өмірге деген құштарлықтары оянды. Қазір

Кеше өткен Үкімет отырысында жұрт көз тіккен үш мəселе қаралды. Олар – 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді нақтылау туралы жəне «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру барысы, сондайақ электр қуатын үнемдеу шаралары.

Їтір, нїктесі тəптіштелген їш мəселе Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Отырыстың күн тəртібімен таныстырған Премьер-Министр Серік Ахметов алғашқы мə селе бойынша Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа сөз берді. Сала жетекшісінің баяндамасына сүйенсек, нақтыланған заң жобасын жасауда 2012 жылғы ІЖӨ өсімінің нақты деректері мен ағымдағы жылдың 1-тоқсанындағы көр сеткіштер, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың назарындағы əлемдік экономика

 Мəссаған!

Ќўлдыќта ґткен кїндер Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Бөрлі ауданындағы Аңқаты разъезінде 51 жастағы əйел Гүлсім Хамитова мен оның 26 жастағы қызы жарты жыл уақыт бойы құлдықтың күйін кешкен. Олар бұған дейін осы аудандағы Богдановка ауылында тұрған. Тұрмысы төмен жандарға бір күні Нұрсұлу есімді əйел жолығып, əжептəуір табыс, қаражат табуға мүмкіндіктері бар екенін айтады. Іздегенге сұраған дегендей, олар жеке меншік иелері орналасқан разъезден бір-ақ шығады. Мұнда анасы мен қызы мал бағумен жəне басқа да қара жұмыстарды атқарумен айналысады. Əрине,

серіктестіктің иелігінде 16500 гектар егістік алқап бар. Ылғал сақтау технологиясын өн ді ріске енгізудің арқасында гек тар шығымдылығы 20 центнерден төмендеген емес. Жаңа техника сатып алуға жыл сайын шамамен 120-150 миллион теңге бөлінеді. Механикаландырылған қырманға астық тазалап, кепті ретін 3 қондырғы орнатылып, тəуліктік қуаттылығы 250 тоннаға арттырылды. Қырман алаңын асфальттауға 50 миллион теңгенің жұмсалуы агроқұрылымның табыстың тайқазанын тасытып, ырғақты жұмыс істеп келе жатқанын аңғартса керек. Тек былтырдың өзінде күніне 10 тонна жоғары сұрыпты ұн үгетін диірмен мен қыша майын өндіретін цех бой көтерді. Наубайхана іске қосылып, заманауи кулинарлық қондырғылармен жабдықталды.

бастапқыда бəрі де ойларынан шыққандай болады. Ал арада бір ай өткеннен кейін Дарғожиев есімді фермер олардың еңбектерін төлеп, үйлеріне қайтарудың орнына, екеуін құлдарша жұмсап, жоқ нəрседен ілік іздеп, ұрып-соғуды əдетке айналдыра бастайды. Əріберіден кейін фермер мен оның отбасы мүшелері қол жұмсағанды да місе тұтпай екеуін күрекпен соға бастайды. Тіпті, айыр ала жүгіріп шаншып жіберуден тайынбайды. Табыс табамыз деп келгендер бастарының аманында бұл жерден қашып кетуді ойластырып жүргенде фермердің ауласына полицейлер келе қалады. Сөйтіп, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бостандықтан заңсыз

мен дамудағы шикізат тауарлары бағасының көтерілу үрдістері толық ескерілген. Нақтыланған жаңа заң жобасы туралы қосымша сұрақтар туындамады. Сондықтан, бір ауыздан қабылданды. Бірқатар бас ты міндеттердің шешілуі 2013 жылға жасалған бюджеттің уақтылы қабылдануына байланысты екенін айтқан министр, əріптестерінің аталған заң жобасын осы айдың 17 жұлдызына дейін пысықтап үлгеруін Үкімет басшысынан сұрады. (Соңы 2-бетте).

айыру делінетін 126-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп мəлімдеді Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті, тергеу басқармасының бастығы Мағауия Құрмашев. Оның соңы немен тынды деген сауалға келсек, істің насырға шабатынын тез ұға қойған Дарғожиев құлдықта ұсталып келгендерге өтемақыларын артығымен төлеп құтылады. Ал аталған қылмыстық іс екі жақ ымыраласуға келгендіктен жабылды. Əйтсе де, құқық қорғаушылар тергеу амалдары кезінде жəбірленушілер Дарғожиевтер отбасы тарапынан зəбір мен қорлық көргендері жөнінде түсінік бергендерін мəлімдеп отыр. Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы.

– Алда көктемгі егіс секілді аса жауапты міндет тұр. Оған əзірлігіміз жақсы. Қазір жер өңдеуге байланысты агротехникалық шаралар ат қарылуда. Тұқым, жанаржағармай жеткілікті. 250 тонна минералды тыңайтқыш қоры бар. 2011 жылы өнімділікті 28 центнерден асырған едік. Биыл сол рекордтық көрсеткішті қайталауға серт етіп отырмыз. Бастапқыда мемлекеттің қаржылық қолдауына сүйендік. Бүгінде несиесіз жұмыс істейміз, – дейді ЖСШ директоры А. Глушко. Агроқұрылым мал шаруашы лы ғын өркендетуге де қызу атсалысып келеді. Қазір мұнда бір мыңдай қой, 500-ге жуық қазақтың ақ бас сиыры бағы ла ды. 600 басқа арналған мал бордақылау алаңын салуға жұмыла кіріскен. Бұл мақсат үшін шаруашылықтың өз қаржысына 100 бас

герефорд тұқымды тайынша сатып алынды. Соған орай, жемазықтық дақылдар алқабы ұлғайтылып, пішендеме, сүрлем əзірлеу жоспарланған. Алғашқы қадам жаман емес. Бордақылау алаңынан 50 бас мал жоғары қоңдылықпен ет комбинатына өткізілді. Осылайша, Елбасының тапсырмасына сəйкес ірі қара етінің экспорттық əлеуетін арттырудың жолдары жіті ойластырылған. Серіктестік жетекшісінің айтуынша, 300 адам жұмыспен қамтылып, орташа айлық жалақы 50 мың теңгені құрап отыр. Алда мақсаттар көп. Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев ауданы. ---------------------------------

Суреттерді түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.

Заѕ нормалары талќыланды

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мəмидің «Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабын, 61-бабының 3-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мəселелері бойынша басқа да бірқатар нормаларын ресми түсіндіру туралы» Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 15 қазандағы №5 нормативтік қаулысына түсіндірме беру туралы өтініші бойынша отырыс болды. Оның жұмысына Конституциялық Кеңес Төрағасы И.Рогов төрағалық етті. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Отырысқа Парламент Сенаты жəне Мəжілісінің депутаттары С.Ақылбай мен Р.Сəрпеков, Жоғарғы Соттың судьясы Г.Аққуова, Бас Прокурордың орынбасары Ж.Асанов, Əділет

министрлігінің жауапты хатшысы М.Бекетаев, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.Көмекбаев, Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің аппарат жетекшісі С.Темірболатов, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық

 Қаның қалай қайнамас?!

«Оны зор, мені ќор санасаѕ»...

Мамандарды алалаєан компанияларєа ќашан тоќтау ќойылады? Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Еліміздегі шетелдік компаниялар жұмысшыларына төленетін жалақыдағы алалау əр өңірлерге ғана тəн құбылыс болып отыр. Шетелдік кəсіпорындар тарапынан өзге елден келгендерді зор, жергілікті жұмысшыларды қор санау, басқаша айтқанда, олардың еңбегін алалап бағалау Атырау облысында да кездеседі. Өкінішке қарай, шетелдік жұмысшылар мен қазақстандықтардың жалақысындағы өрескел алалау тек биыл ғана анықталып отырған жоқ. Бұл бірнеше жылдан бері қайталанып, бүгінде үйреншікті үрдіске айналып барады. Сол себептен болар,

бұдан бір-екі ай бұрын мұнайлы Атырауда бір емес, шетелдіктердің қатысуымен жұмыс жасайтын бақандай 18 компанияда төленетін жалақыда алалау бар екенін прокуратура тексерісі анықтап берді. Бір таңданарлығы сол, көптеген шетелдік компаниялар мамандығы бірдей шетелдік пен қазақстандық жұмысшыға 11 есеге дейін айырмасы бар жалақы төлеп келген. Мəселен, «Экспертиз с.р.л.» филиалында сапа жөніндегі инженер жұмысына ша қырылған шетелдік маманға еңбек келісімшарты бойынша 28 күндік вах талық жұмыс əдісі мен 12 сағат тық жұмыс күні бойынша күніне 665 еуро мөлшерінде жалақы төлеу белгіленіпті. Сонда бұл

орталық жетекшісі В.Калюжный қатысты. Парламент Сенатының Төрағасы Конституциялық Кеңеске Пар ламенттің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық жəне заңға тəуелді деңгейде бекіту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау барысында туындаған мəселелерге байланысты өтініш жасады. Осы заң жобасына сəйкес мемлекеттік органдар міндеттерінің бір бөлігі заңнамалық реттеу саласынан алынып тасталады. (Соңы 2-бетте).

шетелдік маман 28 күндік вахталық жұмыстан кейін қолына 18 мың 628 еуроны шытырлатып санап алады екен. Осынша көлемдегі еуроны теңгемен есептеп көріңіз, сонда 3 миллион 700 мың теңгеден асады. Дəл осы шетелдіктің атқарған жұмысын орындайтын қазақстандық инженерге 341 мың теңгеден сəл асатын жалақы төлейді. Шетелдік инженер мен қазақстандық инженердің жалақысындағы айырмашылық 10 есеге жеткен жерде қандай əділдік бар? Бұл компаниядан «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед» филиалы қалысқысы келмепті. Шамасы қос компанияның бір-бірімен байланысы мықты болған болуы керек, мұнда да өзге елден келген жұмысшыға 28 күндік вахтаға күніне 665 фунт стерлинг мөлшерінде жалақы белгілепті. Алайда, бұл компания алдыңғысынан оза шауып, теңге бағамымен 28 күндік бір вахтада шетелдікке 4 миллион 400 мыңнан астам теңге төлеген. Бір вахтадағы жұмысы үшін миллиондаған теңге жалақы табатын шетелдік

 Еліміздегі негізгі астықты аймақтар егін егуді бастады. Осы қатарда Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының диқандары бар.  Биыл «ҚазАгро» холдингі 51 млрд. теңгені құрайтын 2,7 мың өтінішті қанағаттандырды. Мұның 44,5 млрд. теңгеге жуық қаржысы шаруашылықтарға бөлінді.  Үстіміздегі жылдың 4 айында 1,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың жалпы көлемінің 63 пайызы немесе 1,2 млн. шаршы метрі жеке тұр ғын үй құрылысының үлесіне тиесілі. Бұл өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыс тырғанда жеке тұрғын үй салу көлемінің 19 пайызға артқандығын көрсетеді.  «ҚазАгро» холдингі Алматының азық-түлік белдеуінде 38 жобаны қаржыландырды. Бүгінгі таңда оның инвестициялық қоржынында 198 млрд. теңгенің 275 жобасы бар.  Биыл Павлодар облысының экономикалық өсімі 6 пайызды құрайтын болады. Бұған қайта өңдеу кəсіпорындары өндірісінің артуы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ұлғаюы арқылы қол жеткізілмек.  Батыс Қазақстанда 191 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделіп отыр. Барлық қаржы көздері бойынша салынатын бұл нысандардағы республикалық бюджеттің үлесі 5,9 млрд. теңге болғалы тұр.  Атырауда Құрманғазының 190 жылдығына арналған кеш өтті. Өнер кешінде «Нарын» халық аспаптар оркестрі композитордың бірнеше күйін тамылжыта орындады.  Қарағанды облысында «Заңсыз келуші» жеделал дын алу шарасының алғашқы күні 238 адам жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, ҚР мемлекетінің шекарасын белгіленген құжаттарсыз жəне тиісті рұқсатынсыз заңсыз кесіп өткені үшін бір шетелдік азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

Бїгінгі нґмірде: Осы біз кімбіз? 3-бет Алыппен бірігудің ақиқаты 4-бет Айтылмай келген əңгіме 5-бет

атқарған жұмысқа тартылған қазақстандық жұмысшыға 28 күндік жұмысы үшін 382 мың теңгеден аса жалақы берілген. Арадағы айырма –11 есе! Міне, Атыраудағы маңдай тер төгілген адал еңбекті алалаудың көкесі! Мұны бір деп қоялық. Жалпы, Атыраудағы алалау тек жалақымен шектелсе, жақсы дейміз ғой. Жоқ, əзірге олай болмай тұрғаны өкіндіреді. Қазақ жеріндегі «қара алтыннан» қазына құрап жатқан шетелдік кəсіпорындар алалаудың өзге түрінен де қаражаяу еместігін аңғартып қалды. Мұны біз шетелдік мамандарды жұмысқа тартудағы өрескелдікке байланысты айтып отырмыз. Тағы дерекке жүгініп айтар болсақ, Атыраудағы «Синопек Қазақстан халықаралық мұнай сервис компаниясы» филиалында жəне «Синопек Қазақстан» серіктестігінде Қытай азаматтарының жұмысқа заңсыз тартылғанын дəлелдейтін факті анықталып отыр. (Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.